Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет85/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. Қазақ қоғамының әлеуметтік стратификациясының сипатын анықтаңыз. 
2. Дәстүрлі қазақ қоғамы жөніндегі тұжырымдамаларға баға беріңіз. 
3. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік үдерістердің ерекшелігі қандай? 
4. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік қақтығыстарды шешу жолдарын 
талдаңыз.
5. Дәстүрлі қоғамдағы әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
§­5.­Әлеуметтік­топтар­мен­категориялар
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастар жүйесі өзіне дейінгі далалық 
өңірде өмір сүрген әскери-потестарлық құрылымдардан жалғасын тапты. 
Бұл жүйеде генеалогиялық принципке негізделген әлеуметтік топтарға 
бөліну бағыты болған. Қазақ
­
қоғамының әлеуметтік құрылымын ғасырлар 
бойы қалыптасқан рулық-тайпалық бірлестіктер арасындағы өзара қаты-
настық, бірнеше сатылы құқықтық артықшылықтарына сүйенген жеке ин-
дивидтердің билігіне сәйкес, тайпалық, әулеттік тегіне қарай анықталатын 
жиынтық құрады. Хандық дәуірде қазақ қоғамы өзара тығыз байланыста 
болған, ұйымдастырылған иерархиялық әлеуметтік құрылымнан тұрды. 
Қазақ қоғамын құрайтын индивидтердің экономикалық артықшылығынан 
басқа, қоғамдағы атқаратын саяси қызметі мен міндеттері, құқықтық бел-
гілері бойынша мәртебесіне сәйкес әлеуметтік құрылымды біріктірді.
Қазақ қоғамының әлеуметтік бөлінуі көптеген зерттеулерде беріл ген - 
дей біріне-бірі қарама-қарсы топтардың жиынтығын құрады деген тұжы-
рымнан алшақтау қажет. Қазақ қоғамының әлеуметтік топтары бір-бірін 
толықтыратын, қалыптасқан қоғам ішінде атқаратын нақты қызметі бар 
санаттардан тұрды. Себебі бұлардың әлеуметтік ерекшелігі қоғам ішіндегі 
әдет түріндегі құқық арқылы анықталып отырды. Олардың арасында эко - 
номикалық тәуелділігі әр түрлі топтар болды. Осыған қарамастан, әр топ-
тың әдеттеріндегі құқықтық артықшылықтары айқын сақталды. Қазақ 
қоғамының әлеуметтік бөлінуіне тән ерекшелік индивидтердің «ақсүйек» 
және «қарасүйек» дейтіндерге саралануы болды. «Ақсүйек» санатын әу-
леттік және шығу тегіне қарай ерекшеленетін, сырттан ешкімді өткізбейтін 
индивидтердің жабық әлеуметтік тобы құрады. Оған төрелер, сайидтар


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
260
және қожалар енді. Бұлар қоғамдық қатынастар құрылымында саяси және
құқықтық белгілері арқылы анықталды. Қазақ қоғамында «ақсүйек» терми-
нінің қалыптасуын қазақ хандығының тарихының алғашқы жылдарына 
жатқызуға болады.
Қазақ қоғамындағы индивидтердің ашық әлеуметтік тобын құрайтын-
дар қатарына билер, батырлар, ақсақалдар жатты. Бұлардың қоғамдық 
қаты настардағы құқықтық ерекшелігі атқаратын саяси қызметімен сара-
ланды. Мұнда генеологиялық принцип іске аспады. Бұл әлеуметтік топқа 
қо ғам мүшесінің жеке басының қасиеттері арқылы ене алды. Ал бұлардың 
билігіне тәуелді қазақ қауымы да осы қоғамдық құрылыстың жүйесін 
құрады. Көптеген зерттеулерде «қара сүйек», «қара халық», «қарашы» де-
ген атаулармен, яғни Шыңғыс ұрпағына жатпайтын барлық қазақтарды
осы лай береді. Шындығында, бұл атаулардың барлығы дерлік қазақ қауы-
мына тән ұғым деп айта алмаймыз. Олардың шығуына байланысты алда 
тоқталып өтеміз.
Қазақ мемлекетінің тарихи қалыптасу кезеңінен бастап билік жүйесін-
дегі құқық Шыңғыс ұрпағынан тараған жошылықтардың қолында болды. 
Көшпелі қазақ қоғамындағы билікке, оның ішінде, мемлекеттік билікке көз-
қарас өзінің дүниетанымдық мөлдірлігімен және пәктігімен ерекшеленеді. 
Шыңғыс ұрпақтарының билігін мойындамау қазақ қоғамында бейәдеп іс 
ретінде қабылданды. Қазақ қоғамында оларды төрелер деп атады.
Төрелер – бұлар Шыңғыс ұрпағынан тараған қазақ қоғамының би леу-
шілері, қазақ қауымының рулық-тайпалық құрамына енбей, өздері тар - 
мақтарға бөлінбеген. Шыңғыс ұрпағынан тарағандарды төре немесе «сұл-
тан» деп атаған. «Сұлтан» атауы бастапқыда жинақталған түсінікті, билеп-
төстеу, үстемдік, үкім жүргізушілік, сонымен қатар мемлекет ұғымын 
білдірді. Алғашқы болып жеке адамға қатысты мемлекет билеушісіне 
«сұлтан» деген атақ Осман империясында берілді. Қазақстан мен Орталық 
Азияда «сұлтан» атауы әр Шыңғыс ұрпағының мүшелеріне XV ғасырда 
тағылды деген пікір бар. Сұлтан атауымен қатар билікте жоқ әр Шыңғыс 
ұрпағына «оғлан» немесе «төре» терминдері қолданылды. «Төре» атауы 
көне түркі тілінде ханзада деген түсінікті береді деп көрсетеді В.В. Рад-
лов. Көне ұйғыр тілінде де бұл атау осы мағынаны көрсетеді. Төрелерді 
жіктеп және олардың тарихын зерттеуде Құрбанғали Халидидің еңбегінің 
орны ерекше. Оның 1910 жылы жарық көрген «Тауарих-и хамса-ии шар-
ки» (Шығыстың бес тарихы) атты құнды еңбегінде Қазақ хандарын ақ тулы, 
қызыл тулы төре деп атайды. Сонымен қатар осы еңбекте төре атауының 
төркініне қатысты бірнеше пікір береді. «Төре» сөзі өз кезінде Шыңғыс 
ханның заңдар жинағының атауы болып кейінірек оның ұрпақтарының лау-
азымына айналды деп көрсетеді. Оның тағы бір түсіндіруінше, «төре» сөзі 
парсы тілінен аударғанда дүре соғып жазалауды білдіреді. Төрелер қазақтың 
әдеттік құқығы бойынша барлық дене жазалауынан босатылғандықтан, 
оладың өздері ғана жазалай алатын артықшылығын көрсетуі мүмкін. Төре, 
бұл ханның туыстары билігі ханнан төмен тұратындарды атайды. Төренің 
лауазымды білдіретіндігі сөзсіз. XVІІ-XVІІІ ғасырларда төре атауы жал-


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
261
пы қолында билігі бар көрнекті лауазымды адамдарды, соның ішінде 
шенеуніктерді, сот мүшелерін атауға қолданыла басталды. Төренің жал-
пы түсінігі түркілерде үйдегі жоғарғы, басты орынды көрсетеді. Шыңғыс 
ұрпақтарын түркілер «төре» деп жалпы атады.
Сұлтандар мемлекеттік басқару ісін және ұлыстық басқаруды жүзеге 
асырды. Осының нәтижесінде әрбір беделді сұлтан ұлыстағы басқару 
жүйесін өз қолына жинастырды. Ұлыстағы билік сұлтанға әскери-саяси 
үстемдігін және жайылым мен су құдықтарын иелену құқын берді. Әрбір 
ұлыс сұлтаны ұлыста билік жүргізу және әскерін басқару мүддесіне ие бо-
луы жеке мұрагерлік жүйеде іске аспады. Ұлыс сұлтанын сайлау құқығы 
ханның қолында болды. Қазақ қоғамындағы сұлтандардың жалпы Шыңғыс 
ұрпақтарының басқа қоғам мүшелерінен айырмашылығын заңдастырылған 
жүйеде жасаған әр түрлі әлеуметтік топтардың қылмыстары үшін алатын 
жазаларының ерекшелігімен айқындалады. Осыған орай «Жеті жарғының» 
бабында «халықтың ханы, сұлтаны қастандықпен өлтірілсе, олардың әр-
қайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін» немесе «Сұлтанды, 
қожаны балағаттағаны үшін тоғыз айыбын төлейді» делінген. Осы заңдағы 
қоғам мүшелеріне қолданылатын жазаның әркелкілігі оның міндеттерінің 
қоғамдағы алатын орнынан шығып отырған. Сұлтандар ешқандай жазаға 
тартылмаған. Сұлтандардың басқа қоғам мүшелерінің алдындағы тағы бір 
артықшылығы олар дене жазалауынан және билер сотынан босатылды. 
Шыңғыс ұрпақтарын хан немесе жоғары сұлтан ғана жазаға тарта алды. 
Сұлтандардың қол астындағылар оларды есімдерімен атауға құқысы бол-
мады. Сұлтандардың артықшылығы әсіресе халық жиналысында және 
басқа болатын тойларда оларды ақ киіз үстіне отырғызып құрметтеуге тиіс 
болғандығынан көруге болады. Осылайша, «Жеті жарғы» бойынша қазақ 
қоғамында «төре» әлеуметтік топты құрайтындығын анық көруге болады. 
«Жеті жарғыда» сұлтандардың ерекше жағдайы атап көрсетілді, мыса-
лы, сұлтанды өлтіргені үшін кұн мөлшерін қарапайым қазақтың құнынан 
гөрі жеті есе артық белгіледі. Сұлтандардың осы артықшылық жайын 
көрсететін тағы бір жағдай, бұлар Тәукенің заңы бойынша барлық азат 
қазақтардың ханға төлейтін міндетті алым-салықтарынан босатылған. Мы-
салы, әрбір қару асынған қауым мүшесі (сұлтандардан басқа) ханға және 
халық билеушілеріне жыл сайын барлық мүлігінің 20 бөлігіндей салық 
төлеуі тиіс делінген. Дегенмен, осындай артықшылықтары бола тұрса да, 
ханның саяси билігі даланың билеуші өкілдеріне тәуелді болған.
Сұлтандар өзінің құқықтық жағдайымен қазақ қоғамында ерекшеленді. 
Сонымен қатар олардың құқықтық артықшылығы ұрпақтан-ұрпаққа жал-
ғасып отырды. Сұлтандардың саяси құқықтары: мемлекеттік билік жүргізу; 
жергілікті билікке қатысуы; ұлыстық жер иелену болды.
Қазақ хандығының ішкі өміріндегі кейбір мәселелер бізге әлі күнге 
дейін беймәлім. Мысалы біз сұлтандардың қай жерде білім алғандыңғы 
жөнінде мағлұматтар жоқ. Деректерде сақталған аз ғана мәліметтер қазақ 
сұлтандарының білімі болғандығын көрсетеді. Фазлаллах ибн Рузби-
хан Исфаханидің «Бұхар мейманының кітабы» атты еңбегінде қазақ ақ-


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
262
сүйектерінің бір бөлігі балаларын мектепке беретін деп қызықты мағлұмат 
қалдырған. Қазақ сұлтандарының алған білім дәрежесі туралы нақты дерек-
тер 
сақталмаған. Бірақ кейбір деректерде Хафиз-и Таныштың айтуынша, 
Шығай хан өлең шығарады десе, халық есінде Тәуке хан батыр ғана емес, 
алғыр-шешендік қабілеті болғандығы сақталған.
Деректерде Шыңғыс хан ұрпақтарының қазақ даласында көп болғаны 
айтылады. Мұхаммед Аваздың жазбасында Тәуекел хан мен қазақтар-
дың 120 сұлтаны келгендігі туралы айтылады. Қадырғали Жалайырдың
айтуынша, қазақ сұлтандарының көп әйелдері және көп балалары болған-
дығы мәлім. Мысалы, Шығай ханның он үш баласы болғандығы белгілі 
болса, Тәуке ханның қазақ халқының ауызша тарихында сегіз баласының 
аты аталады.
Қазақ қоғамындағы «ақсүйектер» қатарына жататын тағы бір топ «қо - 
жалар» еді. Қожалар – Мұхамед пайғамбардың ұрпақтары саналатын қа-
зақ қоғамында ерекше орын алғанымен, олардың билік жүйесіндегі әре-
кеттері қазақ жерінің отырықшы аудандарында ғана ерекше болды. Қожа-
лар әлеуметтік жағынан дін өкілдері болғандықтан қазақтардың рухани 
өмірінде алатын орны айырықша. Сонымен қатар олар емдеу ісімен айна-
лысып, исламның негізгі қағидаларын сақтаушылар болды.
Олардың биліктегі үстемдігі Орта Азия мемлекеттерінде ерекше бол-
ды. Мысалы, Шығыс Түркістаннан Жәңгір ханға келген елшісі Жүніс қожа
болды. Қожалар Қазақстанның оңтүстігін, Сыр бойын, Орта Азия мемлекет-
терімен шекаралас жерлерді мекендеді. Қожалардың билігі Түркістан қа-
лаларында елеулі болғандығын мына үзінді дәлелдейді: «Түркістан ескі 
астаналық қала. Онда сарттар тұрады. Бұл қаланы қожалар басқарады. 
Қожалар Сырдың төменгі ағысында қоныстанған».
Зерттеулерде қазақ арасындағы бұл әлеуметтік топтың өкілдерін «асыл-
сүйек» деп те атаған. Енді осы қожалардың шығу тегіне қысқаша сипатта-
ма беру арқылы олардың қазақ қоғамына ену кезеңі және атқарған рухани 
қызметін ашуға болады. Қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территориясына 
алғашқы арабтардың арасынан ислам дінін тарату үшін келеді. VІІІ ғасыр-
дың бірінші жартысынан басталған Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін 
арабтардың жаулап алуының әсері халифаттың қол астында болған жерлердің 
этни калық, әлеуметтік және діни-мәдени үдерістерінде өз ізін қалдырды. 
Араб тардың Орта Азия мен Қазақстанда мұсылман дінін тарату нәтижесінде 
суб этникалық топтар – қожалар пайда болды. Сайидтармен салыстырғанда 
қо жалардың шығу тегінде ортақтық жоқ. Қазақстан территориясындағы 
қожа лар – Әзірет Әлі, Әзіреті Омар және Әзіреті Әбубәкірден тараған 
ұрпақтар. Қазақстан территориясында мұсылман дінін насихаттау Ысқақ 
баба (Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауылы төңірегіндегі Баба Ата), 
Әбдірахим баб (Тараздағы Әулие Ата) және Әбдіжамил баб (Сыр өңірі) 
көне Үзгенттегі Қорасан Ата есімдерімен тығыз байланысты. Қожалар – 
қазақ руына сіңісіп кеткен субэтникалық топ. «Қожалар» қазақ арасындағы 
субэтникалық топ қана емес, әлеуметтік топты да құрады. Олардың қазақ
қоғамындағы ерекше құқығы «Жеті жарғыда» айқын берілген. «Жеті жар-


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
263
ғы» баптарында қожаларға берілген артықшылықтарға арнайы тоқталып 
өткен. Осы заңның үшінші бабында «кімде-кім қожаны өлтірсе, олардың 
әрқайсысы үшін жеті кісінің мөлшерінде кұн төленсін». Немесе «қожаны 
балағаттағаны үшін малдың түрінен кұн салынсын» делінген, қол жұмсаса 
тоғыз айыбын төлеуге тиіс болды. Қожалар өзінің әлеуметтік тобын ғасырлар 
бойы сырттан ешкімді қабылдамай жабық жағдайда ұстады. Олар некелік 
қатынасты өз арасынан шығармауды көздеді. Бұл міндетті ХХ ғасырдың 
соңында да Қазақстанның қожалар тығыз орналасқан жерлерінде мейлінше 
орындауға тырысты.
Қожалар салықтан босатылған және оларға сұлтандардың ғана үстем-
дігі жүрді. Қожалардың саяси билігі қазақтардың ішінде болмады. Олар
ХІХ ғасырдың басында ру билеушісі ретінде көріне бастады. Жалпы қо-
жалардың қазақ арасындағы әдеттік-құқықтық артықшылығы олардың 
саяси биліктегі беделін күшейтпеді. Мұның басты себебі қожалардың 
қазақ қоғамындағы дәстүрлі өмірімен тікелей байланысты болды. Бірақ 
қожалардың жағдайы Қазақстанның барлық жерінде бірдей болған жоқ.
Олар – әлеуметтік-территориялық топ өкілдері. Себебі Түркістан қалала-
рын дағы қожалардың жағдайы осы өңірдегі саяси билікпен байланысып 
жатты. Мұнда олар – жер иесі, қала билеушілері және басқа статусы бар 
әлеуметтік топ болды. Бүкіл Орта Азиядағы сияқты бұл өңірде де мұсылман 
дінбасыларының қала мен ауыл өміріне жасаған ықпалы жер пайдаланудағы 
дінбасыларының үлес салмағының мейлінше жоғары болуына негізделді. 
Мұсылман дінінің шонжарлары (шейх, әл-ислам, садр әл-ислам, қазилар, 
молдалар, мутавиллилер) бір билеушіні екіншісі ауыстырған кезде өз 
иеліктерінен айырылып қалмауы үшін аймақтағы билікке кезекті үміткерге 
барынша қолдау жасап, жергілікті халықты оған бағынуға көндіріп отырды. 
Олар өзбек ханы немесе қазақ ханы болсын, әрбір жаңа билеушіден ежелгі 
вакфтық жерлерге растайтын грамоталар алып отырды. Түркістан жази-
расында вакфтар суармалы жерлердің едәуір көп учаскелері болды және 
олар жер иеленудің ірі категориясына жататын. Оларға салық салынбайды 
Жергілікті мұсылман дінбасылары билік еткен вакфтық жерлерден басқа са-
тып алу арқылы да, түрлі адамдар негізінен хандар тарапынан сыйға тарту 
арқылы да жиналған едәуір жер көлемін меншік иесі құқығымен иеленді. 
Мұсылман дінбасыларының жер иеленуі Түркістан өңірінде жеке меншік 
түрінің қалыптасуына ықпалын тигізді. Сондықтан мұндағы қожалардың 
әлеуметтік мүдделері ерекше жағдайда болды. Олар бір жағынан ел би-
леушісі, жер иеленуші тағы да басқа қоғамның санаттарын құрды.
Мұсылман әлемінде Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатима мен төр-
тінші халиф Алидің ұрпақтарын сайидтар деп атайды. Сайидтардың қо-
жалармен салыстырғанда мемлекеттің ең жоғарғы билеуші санаттарының 
рухани сұраныстарын қанағаттандырып, олардың алдында мәртебесі жо-
ғары болды. Сонымен қатар сайидтар мұсылмандардың сана-сезімінде 
әулиелерге теңелді. Олар мұсылмандардың діни үлгісін құрады. Олар өлім
жазасына тартылмады. Олар мемлекеттің жоғарғы билеушілерінің кеңес-
шісі болды. Ислам діні мемлекеттік дәрежеге көтерілген тұста сайид-


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
264
тар билік үшін күрес жүргізіп отырды. Алтын Орданың ханы Азиздің іс-
әрекетін сынап, оны дұрыс жолға салған Махмұд сайид туралы «Мунтахаб 
ат-таварих-и Муини» атты деректен белгілі. ХVІІІ ғасырдың бірінші ши-
регінде Әбілқайыр ханға еріп отбасымен Түркістаннан Батыс Қазақстанға 
көшкендігіне баса назар аударады. Қазақ қоғамындағы сайидтардың ала-
тын орнына жан-жақты талдау жасайды. Сайидтар өздеріне әйелді кезкел-
ген қоғамның топтарынан алған, бірақ қыздарын өзге қоғам топтарының 
мүшелеріне беруге аса құштар болмаған. Себебі оның күйеуінің қандай 
әлеуметтік топ мүшесі болғанына қарамастан ол сайидтарға тән барлық 
құқықтарды, артықшылықтарды иеленген. Шыңғыс ұрпақтары өздерінің 
билігін күшейту мақсатында, кей жағдайда күштеп сайидтардың қыздарын 
әйелдікке алып, өздерінің титулдарына мұсылман әлемінде қасиетті 
«сайидті» қосып отырған. Қожалардың сайидтардан айырмашылығы, олар-
дың Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы ретінде қоғамдағы алатын орны 
әдеттік-құқықтық нормалардан жоғары және тыс қаралды. 
Соңғы орта ғасырларда қазақ қоғамының мәртебесі ашық меритокра- 
тия арқылы билікке келеген топтар болды. Оларға билер, батырлар, жырау-
лар, мырзалар, ақсақалдар жатты. Бұлар қазақ қоғамындағы саяси-әлеумет-
тік топ жиынтығы болып саналды. Бұл кезең Шыңғыс тұқымынан тара- 
ған ақсүйектермен қатар қазақ қауымының ішінен шыққан дала билеуші-
лері билікке қол жеткізуімен ерекшеленеді. Әлеуметтік жіктелудің алғаш- 
қы бастамасы хандықтағы билік бөлінісі, бұл ру атақты адамдарының өкіл-
дері би, батыр, мырза сияқты дала ақсүйектерінің биліктегі өз мүдделерін қа-
лыптастыруда болып отыр. 
Дала ақсүйектерінің көрнекті тобы «билер» болды. Би атағы қазақ қо-
ғамында ертеден, Дешті Қыпшақ дәуірінен бұрын кең қолданылған. «Би» 
атағының шығуын түркі дәуіріндегі «бек» атағының өзгеріске ұшыраған 
ұғымы болып табылды. Түркі тіліндегі «бек» атауы моңғолдарда нойон, 
араб-парсылардағы «әмір» түсініктерімен қатар. Бұл атау бұрын Алтын 
Орда құра-мында болып келген бірқатар түркі халықтарында да кездеседі. 
Осыған орай Өзбек хан (1312-1340) мұсылман дініне кірген нойондарды 
айырып білу үшін оларға «бек» деген түркі атағын бергенін атап кеткен 
жөн. «Би» атауының «бек» ұғымымен мағыналас болуы оның әлеуметтік 
жағынан алып қарағанда қоғамдық топ болғандығында. «Бек» термині «би» 
түсінігімен мағыналас екендігін В.В. Бартольд та көрсетіп кеткен. «Мұндай 
хакидтердің немесе бектердің, қазақша айтқанда билердің көбі дұрысында, 
ханға да, аталықтарға да бағынған». Қазақ қоғамындағы билердің орны,
олардың жеке басындағы қасиеттеріне байланысты болғандығын Ш. Уәли - 
хановтың мына бір үзіндісі дәлелдей түседі: «Би атану үшін қазақ халқы
алдында шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң жораны білетіндігін шешен-
дігімен танытатын болған». Сонымен қатар Ш. Уәлиханов билер өзінің 
жағдайы жағынан Шыңғыс тұқымынан кем болған жоқ деп көрсетеді. Би-
лер саяси аренаға шыққан алғашқы кездерде олар негізінен өз тайпаларының 
өкілдері болған деп көрсетті. Барлық жағдайларда болсын «би» атағы ру ара-
сынан шыққан түрлі қоғамдық істерді шешудің тәжірибесі арқылы тапқан жеке 


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
265
басының беделдігіне байланысты болды. «Би» атауының шығуына байланыс- 
ты Д`Андренің жазбаларынан үзінді келтіруге болады: ««Би» сөзінің қыр-
ғыздардың өз тіліндегі мағынасының еш артықшылығы жоқ. Ордалықтардың 
айтуынша «би» араб әрпіндегі екінші дыбыс бий болса, ханнан (сұлтан – 
билеушіден) кейін ол билікте екінші орын алады», – деп көрсетеді. 
XVІІ ғасыр соңы XVІІІ ғасырдың басындағы хандықтағы ішкі жағдай 
Тәуке ханның сұлтандар үстемдігінің хандықтағы оппозициялық күш 
ретінде ішкі ыдырату үдерісін тоқтату барысында билер мен батырлар би-
лігін күшейте түседі. Билер, әдетте, халық кеңесінің құрамына еніп, көбіне 
хан саясатына әсер етіп те отырған. XVІІ ғасыр соңы XVІІІ ғасыр басындағы 
«билер» ру басшыларынан хандық биліктің негізгі тірегі сот қызметін 
атқарушы, қажеттілік туғанда елшіліктерді басқарып барған. Мәселен, Қаз 
дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек қалмақтарға елші болып барған 
болса, орыс жеріне Қабай би бастаған елшіліктерді атап кету керек. 
Қазақ билеріне тән қасиет олар бейнелеп сөйлеу немесе оның клас-
си калық түрі жұмбақтап сөйлеу өнерін еркін игерген еді. Л. Баллюзек өз
еңбегінде «билердің» орнын өте жоғары дәріптеп келтіреді: «Би – өз хал-
қының тірі шежіресі, заңын көп білетін заңгері болып қана қоймай, ше-
шендігі, суырып салма сөз өнерін жетік білетін, халқымен біте қайнасып, 
тұрмысына да, әдет-ғұрпына білгір болған саясаткер».
XVІІІ ғасырда хандықта саяси билік үшін билер мен сұлтандар арасын-
да күресте күшейе түседі. Көшпелі қауымның сұлтандарға қарағанда үстем 
әлеуметтік тобы – билердің құқықтық-экономикалық артықшылықтарының 
орныққан кезеңі еді. «Билер» хан және сұлтандармен қатар сот істерін шешіп, 
табысты бөлісуге қатынасты. «Би» атағын тек «қара халықтан» шыққандар 
ғана иелене алатындығын Ш. Уәлиханов атап өтеді. «Билер кеңесі» өзінің 
мемлекеттік статусы бойынша ханның билігін жіктеу құқығына ие болған 
көшпелі қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігіне сай қалыптасқан ұлы даланың 
сол кездегі парламент және жоғарғы сот органы, ханның ішкі және сыртқы 
саясат мәселелері бойынша шешім қабылдануы «билер кеңесінің» құптауын 
талап еткен. Қазақы санадағы құқықтық принцип нормаларының туындауы 
үлгілі сөздің, аталы сөздің өмірге келуімен байланыстыра қарастырылуы 
тегін емес еді. Бұл шындық қияс кете қоймайтын түсінік еді. Себебі, 
шын мәнінде, қазақ қоғамында билер сотының шешімдері прецендентік 
орын алды және осы шешімдер халық арасында құқықтық қағида жарғы 
есебінде қабылданып бағаланды. Мұның көрнекті дәлелі билер кеңесінде 
қабылданған «Жеті жарғы» заңын атауға болады.
Орта ғасырларда «мырза» атағы жиі кездесті. Бұл атақтың қазақ 
қо ғамында жайылуы ноғай ордасының құрамындағы кейбір рулардың 
кіруіне байланысты болуы мүмкін. «Мырза» атағы қазақ қоғамындағы 
көрнекті беделді адамдарға тағылғандығы орыс жеріне елшілікке 
барған Сары мен Келдей мырзалардың орыс-қазақ қақтығыстары үшін 
кепілдікке алынғанын, олардың руластарының наразылығын тудырғанын 
Тәуке ордасында болған Тауша мерген өзінің жауабында хабарлайды. 
Сонымен қатар «мырза» атауы жалпы алғанда қазақтарда тұрмыстық 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
266
жағдайда құрметті кісілерге қатысты айтылғандығын ауыз әдебиетінен 
кездестіреміз.
Қазақ хандығының сыртқы және ішкі саяси жағдайында «батырлар» 
тобынан шыққан билеушілердің рөлі ерекше болды. Хандықтың сыртқы 
қорғаныс қызметі батырлардың ел ішіндегі негізгі функциясы болды. «Ба-
тыр» би түсінігімен салыстырғанда сұлтандар да, хандар да ие бола ала-
тын атақ болып саналады. «Батыр» түсінігі қазақтың ауызша тарихында 
және тұрмыс салтында жиі қолданылып, кеңінен тараған. Біз қарастырып 
отырған кезеңде бұл түсінік жеке қоғамдық топтың атауына айналғандығын 
қарасақ, бұл әлеуметтік мағынасында белгілі заңды ретте белгілі тарихи 
бағытта қолданылғандығы көзге түседі. Батырлар хан кеңесінде маңызды 
рөл атқарған. Батырлар туралы қазақтардың жоңғарларға қарсы ерлік күресі 
кезеңінде қалған мағлұматтар көп. Батырлар жиі ру басшылары болды. 
Елшіліктерді басқарып отырған. 
Кеңес тарихнамасындағы зерттеулерде «би» лауазым иесі, ал «батыр» –
атақ иесі. Батыр әлеуметтік емес, тұрмыстық жағдайда қолданылуында күмән 
жоқ деп келтіріледі. Батырлар туралы революцияға дейінгі авторлар оларды 
өлген соң жерлегенде ерекше көңіл бөлініп, үнемі еске алып отырады делінген.
Батырлар қазақ қоғамындағы жаңа қалыптасқан әлеуметтік топ емес, 
түркі дәуірінде, моңғол кезеңінде олардың саяси, экономикалық өзге қоғам 
мүшелерінен артықшылықтары болды. Оның бірден-бір айғағы – қазақ 
халқының құнды эпостық жырлары.
Қазақ хандығының тұсынан олардың әлеуметтік топ ретінде қарасты-
руға болады. Батырларды әлеуметтік топ ретінде көрсету үшін олардың 
қазақ қоғамында алатын орнын – жерге, малға қандай қатысы болғанды - 
ғын ашу керек. Біз қарастырып отырған кезеңде би, батырлардың эконо-
микалық жағдайы қолында малы көптігімен ғана айқындалып қоймайды, 
мұның үстіне қоғамдық жерді билеуге еріктілігімен сипатталады.
«Батыр институтының» тарихи бастаулары ертеден басталады. Ру 
ішіндегі өзінің батылдығымен көзге түсіп, сол рудың билеушісіне айналу 
үнемі жер үшін болып тұратын қақтығыстардың нәтижесінен туындады. 
«Батыр» көшпелі қоғамның тірегі және хандық биліктің тұтқасы десек те 
болады. Өйткені көшпелі қоғамның бір ерекшелігі – оның билеушілері 
хан ғана емес батыр атағына да ие болуы керек. Сондықтан болар қазақ 
хандарының басым бөлігі «батыр» атағын алған. 
Көшпелі қазақ қоғамында биліктің тұтқасын берік ұстау үшін батырлық-
ты, ержүректілікті қажет етті. Сондықтан да қазақтың хандарының беделі 
ерлігімен танылды. Бұл ойымызды XVІІІ ғасырда қазақтар өз хандарынан 
«ерлігімен айрықша көзге түсуді талап етті» деген А.И. Левшиннің сөздері де 
дәлелдей түседі. Хандықтың нақты тірегі батырлар, оларсыз хандықтың өмір 
сүруі мүмкін емес. Хан соғыс кезінде жасақтардың қолбасшысы болған. 
Сонымен, қазақ қоғамында Шыңғыс ұрпақтарымен қатар «ұлттық 
аристократия» әлеуметтік элитасын құрайтын «би», «батырлар», «мырза» 
әлеуметтік топтарының қоғамдағы ара салмағы қоғам ішіндегі құқықтық 
қатынастар арқылы реттеліп отырды. Қазақ қоғамының биліктегі бөлініс 
өзара нақты қызметтермен шектеліп өзара жіктелді. 


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
267
Қазақ қоғамындағы «бай» терминіне тоқталып өткен жөн. Шығыс-
танушы-түркітанушылар «бай» сөзі «бек», «бей», «бег» сөздерінің аталуы-
нан шыққандығын көрсетеді. Бірақ «би» және «бай» әлеуметтік мағынасы 
әр түрлі. Бай ұғымын әлеуметтік топ ретінде қарау өте қиын. Өйткені оның 
жалпы тұрмыстық атауы кеңінен қолданылған. Көптеген қазақ, өзбек, ұйғыр, 
түркімен, татарларда «бай» – күйеу мағынасын, ал «қатын» – жұбайы дегенді 
білдіреді. Түркі халықтарының арасында осы күнге дейін жеке адамдардың 
бір-бірімен сөйлесуінде өзінің атына бай сөзін қолдану сақталған.
Зерттеушілер «бай» әлеуметтік тобы XІX ғасырда қалыптасты деп 
көрсетеді. Бірақ халық ауыз әдебиетінде «бай» атауымен байланысты 
аңыз-әңгімелер жиі кездеседі, мұнда оларды дәулет иесі ретінде көрсетеді. 
Мұсылман деректерінің ішінде Жувейниде қарақытайлардың уәзірі Махмұд 
байдың есімін әлеуметтік санатын көрсетуде қолданғаны жөнінде В.В. Бар-
тольд көрсетеді. Ибн Рузбихан байға әрбір көп малы және мүлкі, оның ішінде 
«арбалы үйі» бар «ықпалды адамды» жатқызады. Дала елі үшін байлықтың 
негізгі тірегі мал болды. ХIХ ғасырдың орыс зерттеулерінде қазақтар 
байлықты үйір жылқы, отар қой немесе ірі қара малдың басымен есептейтінін 
айтып өтеді. Шындығында қазақ қоғамындағы айырбас, салық, құн төлеу, 
салт-дәстүрлерге қатысты кәделердің барлығы мал басымен іске асты. 
Көшпелі қазақтарда байлар қоғамның едәуір басым бөлігі болды. Алай-
да бұл арада байлардың ерекше тегі болмаған, сұлтандар арасында да, би-
лер арасында да, қатардағы көшпелілер арасында да байлар болғанын ерек-
ше ескерте кеткен жөн. Басқаша, айтқанда байлардың қоғамда әлеуметтік 
жағынан біртектес тобы болған жоқ. Сөз жоқ, материалдық игіліктің 
молдылығы зор пайда келтіріп қоғамдағы беделді айқындап отырды. Со-
лай бола тұрса да, ерекше саяси құқықтар дәулеттің мол болуымен байла-
ныстырылмады. Жекелеген байлардың орны олардың тегімен байланыс-
ты айқындалады. Мысалы, әлдебір сұлтанның экономикалық жағынан, 
тіпті қайыршы болуы да мүмкін еді, бірақ ол заң бойынша қоғамның сол 
әлеуметтік тобына үнемі бірлесіп иеленуіне берілетін барлық құқықтар мен 
артықшылықтарды пайдалана алатын.
Байлардың әлеуметтік топ ретінде екі ерекшелігі болды: біріншісі –
экономикалық, екіншісі – саяси. Ол ең алдымен өзінің байлығы арқылы та-
нымал болып, одан кейін саяси билікке ұмтылды.
Қазақ қауымындағы саяси билігімен ерекше «ақсақалды» әлеуметтік 
топ. Ортағасырлық деректерге сүйенсек ақсақалдар қазақ қоғамының
саяси өмірінде маңызды орын алған. Көп жағдайда олар ру арасындағы 
араздықтарды шешетін, татуластыратын істерді шешкен деп көрсетіледі. 
В.В. Бартольдтің анықтамасы бойынша, «ақсақалдар» дегеніміз – «іс жүзін-
де белгілі бір заңдық өкіметтілігі жоқ, жасына, байлығына және бұрын 
сіңірген еңбегіне қарай құрметке бөленген ақсақалдар». Ақсақал әлеуметтік 
категорияны жасына қарай белгіленген әлеуметтік топ болғандығына тоқ-
талған жөн. Біз қазақ қоғамын әлеуметтік санаттарға бөлуде адамның өмі-
рінің жас мөлшеріне қарай оларға нақты міндеттер мен құқықтар берілетіне 
баса назар аударғымыз келеді. 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
268
Қазақ қоғамының ішкі құрылымын зерттеуде ондағы әлеуметтік жіктелу 
бағыттары айқын көзге түседі. Жоғарыда аталып кеткендей, қазақ қауымы 
«ақсүйектер» тобына жатпайтын түсініктермен белгіленді: қарашы, қара 
халық, қарапайым халық, бұқара сияқты т.б. «Қарашы» атауы мағынасы 
жағынан – құқылы, басы бос, жеке меншік иелігі бар адам. Әрбір көшпелі
қауым мүшесінің өз еркі өзінде болғандығы белгілі. Бірақ оның барлық 
құқықтық талаптары ру атынан жүргізілді. Қазақтарда жиі кездесетін «қара-
шы» деген атау моңғолдың «хорачу» деген сөзімен тектес келеді. Қара сүйек, 
қара халық, қарапайым халық атаулары орыс жазбаларында пайдаланыл - 
ған. Ал бұқара атауы өзбек, қырғыз халықтарында жиі қолданылады.
Қазақ қоғамындағы «қарашылардың» әлеуметтік топ болуы туралы 
түсініктер біркелкі болмағандығын көруге болады. Қазақтардың Тәуке хан 
тұсында егіншілікпен таныс болуы, олардың қалаларда қоныстанғандығын 
орыс елшілерінің мәліметтерінде айтылады. Қазақ ордасының 32-ден астам 
қалалары бар және мұндағы тұрақтайтындар бидай, арпа, тары өсіретіндігін, 
бұл қалаларда ұсталардың тұратындығын хабарлайды. Міне, осы қала 
тұрғындары көшпелі қоғамнан бөлініп қалған кедейленген малшылар бо-
луы керек. Экономикалық реттеу оларды көшпелі мал шаруашылығынан 
бөліп, басқа жер игеріп, сауда айырбасымен айналысуға итермеледі. Осын - 
дай жағдайда қала тұрғындары сауданың дамуына өз үлестерін айырықша 
қосты. Қазақ халқының шаруашылығының географиялық факторлардың 
басымдылығы нәтижесінде шаруашылығы бірыңғай болмады. Қазақ жері-
нің оңтүстігінде орналасқан кентті аймақтарда, соның ішінде, Түркістан 
аймағындағы отырықшы егіншілік кеңінен дамыған болатын. Сыр өңірін-
дегі елді мекендерде шаруашылық қызметтің белгілі бір түрінің айқын 
межеленбегенін атап өткен жөн.
XVІІ-XVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамындағы негізгі деректер рудың 
атақты адамдарының (билер, батырлар, т.б.) қандай топқа жататындығын 
жеткілікті түрде, дәл белгілеуге мүмкіншілік берсе, қарапайым қазақтардың 
ішіндегі өзара жіктелу аса көзге түспейді. Негізгі дерек тұрғысынан пайда-
ланып отырған «Жеті жарғыда» қарапайым, жай халықтың жіктелуіне бай-
ланысты баптар кездеспейді. Расында, кейінірек XVІІІ ғасырдың ортасынан 
қазақ қоғамының төменгі тобының бөлінуіне орай орыс зерттеушілерінің 
еңбектерінде нақты айтылады. Бұларды құрайтындар – жатақтар өз алды-
на шаруашылық жүргізген, бірақ көшуге шамасы келмей, шаруашылықтың 
отырықшы түрлеріне ауысқан. Тарихнамада бұл терминнің қалыптасуын 
ХІХ ғасырға жатқызады. Алайда IХ-Х ғасырларды қимақтар арасында 
жатақтардың («ятук») болғандығы туралы тарихшы Б.Б. Кумековтің берген 
түсінігі бойынша көз жеткізуге болады.
Өздігінен шаруашылық жүргізуге мүмкіншілігі жоқ қазақтар тобы «қоң-
сылар» деп аталған. Көшпелі ауылдарда «қоңсы» атауының кеңінен тараған 
кезеңі ретінде С. Толыбеков ХХ ғасырларды көрсетеді. «Қоңсы» терминінің 
шығуына байланысты, көшпелі, түркі тайпаларындағы тәуелді адамды «қоң - 
сы» деп атағанын көрсетеді. Тереңірек қарастыра келсек, «қоңсы» атауын
XVІІ-XVІІІ ғасырлардағы әлеуметтік топ қатарына жатқыза алмаймыз. 


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
269
«Қоңсы» терминінің өзі түркі тілінде жаңа жерге орналасқан тұрақты атаған. 
Осыған орай қазақ халқы «қонысың құтты болсын» деген құттықтау сөздерді 
жаңа үй иесіне айтады. ХІХ ғасырда барлық көшпелі қазақ қауымынан 
бөлініп қалған топтардың бірігуі (қоңсы, жатақ) егінші әлеуметтік топтық 
қалыптасуын тудырды. Олардың ортақ шаруашылығының түрі жердің иеле-
ну формасындағы тәуелділіктің жаңа түрін қалыптастырған болатын. Жерді 
пайдалану жер иеленуші мен егінші арасында келісім арқылы жүзеге асты. 
Егіншілердің қоғамдық орнын ХІХ ғасырдың 40-жылдарында Орынбордың 
шығысындағы қазақтардың арасында болып келген П. Небольсин: «Егінші 
қырғыз – бұл өз бетімен егін егетін немесе егіншілікпен айналысатын бай 
қырғыздың қол астында жұмыс істейді», – деп көрсетеді.
Қазақ қоғамындағы тағы бір әлеуметтік топ ретінде «төлеңгіттерді» 
қарастыруға болады. «Төлеңгіт» институтының алғашқы қалыптасуы 
кезеңінде оларды хан, сұлтанның әскери қызметтегі адамдары құрады. Олар 
өздерінің ертеден қалыптасқан функциясы сұлтандардың оқ қағары, әскери 
жасағын құрады. Олар өздерінің рулық, ұран таңбаларынан бас тарту ке-
рек болды. Ш. Уәлиханов оларды тәуелді категорияға жатқызды. Сұлтандар 
сенімді төлеңгіттерден қарулы жасақ ұстап отырған. Төлеңгіттер өздерінің 
төрелеріне тәуелді болды, оларды қорғауға әрқашан әзір тұрды. 
XVІІ ғасыр соңы – XVІІІ ғасыр басында қазақ жерінде екі жақты сау-
да айырбасы қалыптасты. Біріншісі ертеден Орта Азия елдеріне өз өнімдері: 
малды, етті, жүнді, сонымен қатар тұтқынға түскендерді, тұтқындарды 
құлдыққа сату арқылы жүрді. Екінші сауда жолы орыс өкіметімен тығыз бай-
ланысты болды. Бұл сауда байланысының өсуі қазақ қоғамындағы әлеуметтік 
жіктелуіне жағдай туғызып отырды. Көшпелі қазақ қоғамында «ақсүйектер», 
«жай қара халық», «бай және кедейлермен» қатар бас бостандығы жоқ, еріксіз 
құлдар болды. «Құл» атауының шығуы Қазақ халқының қалыптасуынан 
бұрын басталды. Мұның басты дәлелі – ертедегі деректерде құл-күң тер-
миндерінің кездесуі. Қазақ хандығы құрылғаннан бері қазақ қоғамында құл 
да, күң де болған. Оның көріністерін тарихи аңыздар, эпостық жырлар, мақал-
мәтелдерден кездестіруге болады. Мысалы, эпостық жырлардың ішіндегі 
«Қобыланды батырды» алатын болсақ, соңғы зерттеулерге қарағанда «құл», 
«күң» термині эпос бойынша 13 рет, «кедей» 6, «қараша» 3, «нөкер» 8 рет 
қайталанады. Салыстырып қарағанда, «құл», «күң», ертеден көшпелі қоғамда 
қалыптасқан еріксіз адамдардың тобы болған.
Қазақ хандығы тұсында қазақтардың өзін құлдық шалмаған болатын.
Құлдар құрамын соғыс барысында қолға түскен қалмақтар, орыстар құра-
ды. Олар мал күтумен, қорғасын қорыту, оқ-дәріні даярлау қызметтерін 
атқарады. Сондықтан да орыс үкіметі тұтқындарын қайтаруға барынша
тырысқан. 1692-1695 ж. Василий Кобяков, 1694 жылы Федор Скибин ел-
шілігінің басты мақсаты тұтқындарды қайтару болды.
Қазақтарда сатып алынған құлдарын немесе тұтқынға түскен құлдарын 
қалың малға қосып, сыйға тартуға құқы болды. Бірақ қазақтарда өздерінен 
«құл» болмайды. Өйткені бұл өз халқын сыйламағаны деген Крафттан 
берілген үзінді дәлелдей түседі. Қазақ қоғамындағы құлдықтың қандай 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
270
дәрежеде тарағандығын айту қиын болғанымен, олардың жағдайының қан-
дай деңгейде екендігін «Жеті жарғы» заң жүйесінен анық көруге болады. 
Олар ешқандай құқығы жоқ әлеуметтік топ ретінде сипатталады. Олардың 
жасаған әрекеттері үшін қожайыны жауапты болды. Құл қожасының басы-
байлы меншігіне айналды. Қазақ қоғамында құлдардың еңбегін пайдалану 
тиімсіз болғандықтан, көбінесе тұтқынға түскендерді Бұқара, Хиуа базар-
ларында сатып немесе айырбастау арқылы пайда көрген. Сондықтан бо-
лар қазақтар көршілеріне шабуыл жасаған уақытта ер адамдарды тұтқынға 
алмаған. Құлдардың басым бөлігін әйелдер, балалар құрады.
Сонымен, дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы бір текті 
болмады. Бұл қоғамда, ең алдымен, генеалогиялық, екіншіден құқықтық, 
үшіншіден, жеке басының қасиеттерімен ерекшеленетін сипатына қарай 
топтастыруға болатын әлеуметтік құрылымды айқын көреміз. Олар ғасырлар 
бойы өзара қайшылыққа келмеді. Қарапайым халық ішінде де жіктелу бол-
ды. Бұл жіктелудің сипаты өзгеше болды. Олардың қазақ қоғамындағы 
генеалогиялық әлеуметтік топтардан үлкен айырмашылығы болды. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау