Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет83/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. ХV-ХVІІІ ғ. қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы.
2. Көшпелі мал шаруашылығын сипаттауға арналған ортағасырлық деректер 
мен зерттеу еңбектерімен жұмыс істеу.
3. Егін шаруашылығы туралы ортағасырлық жазба деректердің мағлұматтарын 
топтастыру, талдау.
4. Мал шаруашылығының түрлері.
§­3.­Кәсіпшілігі,­қолөнері
Қазақ халқының тіршілікті қамтамассыз ету мәдениеті көп жағынан 
халық кәсіпшілігі мен қолөнері арқылы анықталады. Кез келген өндіруші 
шаруашылық, мал шаруашылығы немесе егіншілік өз қолөнер кәсіпшілігінің 
бұйымдарынсыз дамуы мүмкін емес: мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат 
әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар мен т.б., егіншілік үшін 
жерді жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін 
құралдар мен т.б. қажет. Сондықтан қазақтар арасында әр түрлі салалар 
бойынша мамандар: ағаш өңдеушілер, темір ұсталар, тері илеушілер, тас 
қалаушылар және т.б. болған. Қолөнер кәсіпшілігі дене күшін жұмсауды 
қажет етеді, сондықтан мұнымен әдетте еркектер айналысты. 
Ұсталық пен зергерлік өнер әр түрлі металдардан сан алуан үй бұйымда-
ры, сәндік әшекейлер жасаумен байланысты. Қазақстан жерінде мыс, жез, 
темір және күміс сияқты металдардан бұйымдар жасау ісі өте көне замандар-
дан басталады. Содан бері ұсталар мен зергерлер ісінде сан қилы жағдайларға 
байланысты даму және тоқырау кезеңдер де болды. Соған қарамай, ұсталар 
мен зергерлердің дәстүрлі өнері біздің заманымызға дейін жетіп отыр.


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
250
Көшпелі өмір жағдайында қазақ ұсталары мен зергерлерінің арнайы 
дүкендері болмаған. Кейде ескі киіз үйде немесе қысы-жазы ездері тұратын 
тұрғын үйлерде жұмыс істеген. Жаздыгүні есік алдындағы үй көлеңкесінде 
немесе әдейі жасалатын лапастар мен күркелерде отырып, ұсталық құрды.
Үй кәсіпшілігі әрбір отбасының тіршілігіне қажетті заттармен белгілі
бір дәрежеде қамтамассыз етіп отырды: әр алуан киім түрлері, үйдегі өнді-
рістің едәуір бөлігін құраған – тұрғын үйдің ішкі жасауының бұйымдары 
және т.б. Тұрмыстық заттарды жасау шыдамдылықты және эстетикалық 
талғамды қажет етеді.
Қазақтардың халықтық кәсіпшілігі мен қолөнерінің өз ерекшеліктері 
бол ды және олар халықтың шаруашылық қызметі мен тұрмыс салтының 
нәтижесінде қалыптасты. Халықтың басым белігі мал шаруашылығымен 
айналысты, оның негізінде жайылымды маусым сайын алмастырып отыру 
принципі жатты, мұның өзі көшпелі тұрмыс салтына себеп болды.
Көшпелінің шаруашылығы тұтынуға қажетті бұйымдарды өзі өндіретін 
сипатта болды және халықтық кәсіпшілік оның негізгі бөлігін құрады. 
Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйым-
дарының алатын орны ерекше. Көшпелі мал шаруашылығымен немесе 
жартылай отырықшылққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымы-
ның күнделікті тұрмысына қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың түрі 
сан алуан. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін 
бұйым дарына қарай «үйші», «ерші», «арбашы», «ұста» деп даралады. Ал, 
бұл шеберлердің әрқайсысы өзінің негізгі кәсібінен басқа да уақ-түйек 
бұйымдар түрлерін жасай білді. Әсіресе «ұста» атанаған шеберлер үй 
бұйым дарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі металл және 
сүйек өңдеу ісімен да айналысты. 
Ер-тұрман (ат әбзелдері) – қазақ халқының арасында ер-тұрман салт атқа 
мініп жүру үшін жасалған. Ер-тұрманды жасау тек халық ішінен шыққан 
шеберлердің қолынан келетін іс. 
Іскерлік өнерге қарай шеберлердің 
біреулері ердің соқа басын жасай-
тын болса, екіншілері ағаштан ер
шауып, былғарыдан, киізден, то-
қым тігіп, қоладан үзеңгі құйып, 
темірге күміс, алтын жалатып жә-
не сүйектен нақыштап, асыл та-
стан көздер орнатып, ер-тоқымды 
түгелдей жасаған. Ер-тұрман жа-
сау мен оны күнделікті өмірде пайдалану – қазақ халқының әлеуметтік-
экономикалық қарым-қатынас мәселелерімен тығыз байланысты.
Айыл – атқа ерді бекітуге керекті жабдық. Айыл қайыстан, былғарыдан 
екі қабатталып қыйылып жасалады, ұзындығы 150-160 см, ені 8 см. 
Айылдың төс айыл /тартпа деп те аталады/ және шап айылға бөлінеді. Шап 
айыл төс айылға қарағанда ұзындау болады. Шап айыл жалаң ердің үстінен, 
ал төс айыл аткөрпенің үстінен тартылады. Сол сияқты ат дорба, ат тарақ, 


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
251
ауыздық, ашамай, белдік, бұғалық, делбе, доға, ершік, жабу, желдік, жүген, 
кісен, қамшы, таға, үзеңгі және т.б. заттар жасалынды. 
Көркем қолөнер ең алдымен шаруашылықта, тұрмыста қолдану үшін 
жасалады. Кез келген заттың әшекей-өрнегі оның сынын келтіру мен 
өтімділігін, тұрмыста қолайлылығын арттыруды мақсат етіп жасалынған. 
Көркем қолөнерге қазақ шеберлері темір, мыс, қола, алтын, күміс, қалайы, 
киіз, ағаш, мүйіз, сүйек, тері мен былғарыны пайдаланған. Олар жасалған 
материалына қарай бөлінеді. Зергерлер соққан білекке салатын, саусақтарға 
киетін, құлаққа, омырауға тағатын білезік, жүзік, сақина, алқа, моншақ, 
шашқа тағатын шолпы, шашпен қоса өрілетін шашбау сәндік бұйым ғана 
емес, халықтың биік эстетикалық талғамынан шыққан нағыз өнер туынды-
лары болып саналады. Бір ғана білезіктің жасалуына қарай – алтын білезік, 
күміс білезік, топсалы білезік, құйма білезік, қос білезік, т.б. атаулары 
бар. Алтыннан, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған, күміс шынжыр 
арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік – «бес білезік» қолөнердің 
сирек кездесетін туындысына жатады.
Қазақтың қолданбалы өнер туындыларының өзіндік ерекшеліктері көш-
пелі, жартылай көшпелі және отырықшы (Жетісуда, Оңтүстік Қазақстанда) 
өмір салтының өзгешеліктерімен тығыз байланысты. Барлық бұйымдар тез 
құрастырып, тез жинап алатын, тасымалдауға жеңіл, сынбайтын материалдан 
(тері, жүн, мал сүйектері, ағаш пен металл) әзірленді. Қазақтар табиғи ортада 
қоян-қолтық өмір сүре отырып, көркемдік жарасымдылығы мен көңіл жады-
ратар әсемдігі ғажап үй-іші әлемін жасай алған. Бояуларының әр түрлілігі 
және ою-өрнектерінің ырғақты байлығы қазақ әйелдерінің дизайнерлік ше-
берлігімен де, киіз ішіндегі үнемі құбылып тұратын жарықтың түсу мүм-
кіндіктермен де сәнді синтез құрған. Үй ішінің ішкі көрінісінен әлемді көр-
кем бейнелеуге деген ұмтылыс байқалады. Мысалға, шаңырақтан төмен 
қа рай төгіліп тұрған түрлі-түсті баулар жұлдыздарға теңестірілсе, ұзын бас-
құрлар мен үзікбаулар бетіндегі тынымсыз қимылға толы өрнектер жұлдызды 
аспанды – Құс жолын еске түсіреді, қабырғалардағы кілемдер мен түскиіздер 
жұпар иісі аңқыған гүлді алқап үй ішіне орнағандай әсер береді.
Орта ғасырда табиғи бояғыштар пайдаланылған, кейін анилинді бояу-
лар қолданыла бастаған.
Қолданбалы шығармашылықтың ең көп тараған түрі киіз басу болды. 
Қазақтар киізді тұрмыс қажеттеріне пайдалану жөнінен ғажап тапқырлық
пен шеберлік танытқан. Тығыз етіп басылған ақ және қоңыр киізбен үй 
сүйегінің сыртын жапқан, оны еденге төсеген, кілемдер, шаруашылыққа 
қажетті дорбалар, қаптамалардан бастап жайнамаз, дастархан, ерлердің 
сырт киімдері мен бас киімдеріне шейінгі неше түрлі бұйымдарды киізден 
әзірлеген. Материал ретінде қойдың күзгі қырқымдағы жүні пайдаланыл-
ды. Техникалық мүмкіндіктер мен аймақтарға байланысты киізден жасала- 
тын бұйымдардың көркемдік ерекшеліктері әр түрлі болды. Ою киізбен 
бірге басылатын көлемі үлкен «текеметтер» түсіне жұмсақ бояулар тән. 
Нәзік гүл шоқтары композициялық шешімі жағынан да, көз есебімен ғана
орналастырылған оюлық шудалар қалыңдығының әр түрлілігімен де то-


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
252
лысып, баий түседі. Егер Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан теке - 
меттерінде негізінен қарама-қарсы ақ-қара түстер басым болса, республи-
каның оңтүстік облыстарында ашық бояулы түстер көбірек кездеседі, ал Батыс 
Қазақстан тұрғындарының бұйымдарында бәсеңдетілген полихромды қара
түс жиірек пайдаланылады. Олар көбіне түркмен киіздеріне ұқсас келеді.
Дайын киізден құрама жапсырмалар (мозайка) түрінде әзірленетін 
«сырмақ» түріндегі кілемшелердің сипаттамасы басқаша. Солтүстік, Ор-
та лық және Шығыс Қазақстанда қырғыздар үлгісіндегі сырмақтар кең 
тараған. Кейбір сырмақтарға ақ-қара түстердің графикалық сызықтары мен 
ою-өрнектің кестелік нақыштары тән, ал енді біреулері полихромды анық 
өрнектермен ерекше көзге түседі. Әсіресе аралас техникамен әзірленген 
кілемдер салтанатты көрінеді, олар құрама жапсырмалар түсті кестелер-
мен немесе барқыт, шұға, сәтен, т.б. түрлі еспе жіптер қималарымен әдемі
үйлестік тапқан. Текеметтегі сияқты мұнда да ою фриз түрінде құрылады, 
орталық және жиектемелер айқындала түседі, кейде мүліктің орта тұсы 
мен шеттерінің айырмашылықтарына көп көңіл бөлінбейді. Барлық тоқы-
машалақ жұмыстарды әйелдер атқарды. Ал металды, ағашты, теріні өңдеу 
еркектердің үлесіне тиді. Тұрмыстық заттарды қолданбалы өнер туынды-
ларына айналдырған негізгі көркемдік құралдар ретінде жағымды мәні бар 
түс пен көптеген оюларды танимыз. Шығармашылық бейнелеудің жетекші 
түріне айналған ою өнерінде өсімдіктер, жануарлар, космогониялық, гео-
метриялық тұрмыстық әуендер көрініс тапты. 
Теріден: саба, мес, торсық, шарық, шоқай, тұлып, етік, көрік, оймақ, 
аба, көне т.б. жасаған.
Киізден: текемет, сырмақ, туырлық, үзік, түндік, тұскиіз, киіз қалпақ, 
киіз байпақ, кебене, ат кежім, тоқым т.б. жасалған. Ағаштан: шелек, төсек, 
күбі, керсен, шөміш, асадал (ыдыс-аяқ қоятын шкаф), саптыаяқ, тостаған, 
тегене, жағлан, кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, ер, келі, келсап, адал 
бақан, құрық, кебеже, арба, күйме, шана, піспек т.б. жасалды.
Темірден: балға, балта, ауыздық, шот, сапы, айыр, төс, таға, кісен, кет-
пен, күрек, қақпан, қайла, тесе, пышақ, бәкі, мылтық, орақ, атауыз, тістеуік, 
шымшық тұмсық, іскенже, кепсер, шығыршық құрсау, т.б.
Алтын-күмістен: шолпы, шашбау, жүзік, білезік, алқа, сырға, қапсырма, 
өңір жиек, шекелік, үкі аяқ, салпыншақ, тұмарша, бойтұмар, түйреуіш, үзбе-
түйреуіш, түйме, кемер, бөлдік, т.б.
Сүйек өңдеу қалалардағы дәстүрлі қолөнердің бірі болған. Үй жа-
нуарлары мен жабайы аңдардың мүйіздері мен сүйектері өңдеу материа-
лы ретінде пайдаланылды. Кәрі жіліктен біз бен тескіштер жасалынды. 
Мүйізден: қамшы сабы, шамдал, шақша, пышақ, қанжар сабы, сырнай, 
қарықтық, сабаутіс және т.б.
Асыл тастардан: ақық, лағыл, сапфир, зүбәржат, гәуһар, асыл опал-
сыңғыр, алмас, перуза, айтас, күнтас және т.б. Қайыс, таспадан: жүген, 
шылбыр, айыл, құйысқан, ноқта, тартпа және т.б. 
Мал шаруашылығы үшін қолданылатын қамшыларды екінің бірі жа-
сай алмады, оны арнайы сол жұмыспен айналысатын өрімші ғана жасады. 


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
253
Қамшының екі түрі болған: 3-4 өрімнен өрілетін шыбыртқы қамшы және 
4-тен көп өрімнен өрілетін дойыр қамшы. Дойыр қамшы өрімдерінің саны 
кей кезде 24-ке дейін жеткен. Шыбыртқы қамшы ат үстінде жүрген кезде 
қолданылса, дойыр қамшы аң аулаған кезде қолданылды. Дойырдың басы 
қатты келген, онымен аңдарды ұрғанда қабырғасын сындырып жіберген.
Сонымен қатар малшы қазақтар бишікті қолданды. Бишіктің сабы 
қысқа, ал жібі ұзын келеді. Жібі қайыстан жасалады, ол мықты, әрі өрілген 
болуы керек. Кей жерлерде сап-таяқтың орнына маралдың білек сүйегінен 
жасалған сап қолданылады. 
Археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде сырғалардың, біле-
зіктердің сынықтары мен тұтас үлгілері де табылды. Ерекше өciмдік тәрізді 
eтіп өpнeктeлiп соғылып, безендірілген білезіктердің ұштары кейде жылан 
басы сияқты жасалынған. Күмістен жүзіктер, сырғалар соғылған. Жүзіктің 
бетіне жылан өлтіріп жатқан адамның бейнесі ойып жасалынса, кейде та-
стармен безендірілген. Зергерлер кәсібінде түрлі-түсті асыл тастарды: сер-
долик, яшма, көк тас, жұзақ, агат, серпентин, мөлдіртасты кең пайдаланған. 
Асыл тастар моншақ пен жүзіктердің көздерін дайындау үшін сондай-ақ 
жүзіктердің өздерін өңдейтін материал ретінде қолданылған.
Зергер шеберлері әр түрлі техникалық тәсілдерді: қақтау, құю, соғу, 
қалыптау, оймалау, қаптап ширату, ал тын жалату, күміс ойып орнату әдіс-
терін білген және қолданған. Олар күміс және қола сымдар дайындау мен 
түрлі-түсті тастарды қыру мен тегістеу, тесу әдісін жетік меңгерген.
Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік 
бұйымдар жасады. Әсіресе күмістен соғылатын көптеген сәндік бұйымдар 
– сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, қолтықша, 
тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тана, тіс шұқығыш 
ертеден-ақ кең тараған заттар. Сондай-ақ ерлерге арналған – кемер белбеу, 
кісе, ер-тұрмандарының күмістелген, алтынданған әшекейлердің неше 
түр лісі өте әдемі жасалды. Ал жағлан, кебеже, сандық, асадал, төсағаш, 
адалбақан, піспек, тегене, ожау сияқты үй жиһаздары мен ыдыс-аяқ бетіне 
орнатылатын күмістелген әшекейлер мен түрлі түсті шыныдан не бол-
маса асыл тастардан орнатылған көздері бар заттарды кез келген үйден 
кездестіруге болатын еді. Қару-жарақ беттерін күмістеу сияқты істермен де 
айналысты. Жоғарыда көрсетілген сәндік бұйымдар, негізінен, орыс неме-
се қытай күмісінен жасалды. Шетелдермен сауданың дамуына байланысты 
қазақ даласына жайылған Ресейдің күміс және алтын ақшасы, қытайдың 
қой тұяқ, тай тұяқ жамбылары іскерлердің қолына түсісімен, олардан сан 
түрлі сәндік бұйымдар жасалды. Күмісті, әсіресе алтынды, асыл тастар-
ды, көбінесе, сәндік бұйымдар жасатушылардың өздерітауып берді. Кейбір 
қала маңында мекендейтін зергерлер өз күмісінен де сәндік бұйымдар жа-
сап сататын болған.
Халық шеберлері сәндік күміс бұйымдарды жасауда көптеген зергерлік 
тәсілдерді қолдана білді. Соның ішінде, ең кең жайылған тәсілдер: отқа 
қыздырып соғу, балқытылған металды қалыпқа құю, кептеу, тыныкелеу, 
қаралау, темір бетіне күміс шабу, сымкәптеу, сіркелеу, жұқа күміс әше-


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
254
кейлердің астынан бедерлі қадаубастармен батыра ұрып бедерлеу, бізбен 
безеу, күмістеу, алтындау, дәнекерлеу, оймалау, асыл тастардан көздер орна-
ту және тағы басқалары.
Шыныдан ыдыс және әшекей заттар (моншақтар, салпыншақтар) жа-
салған. Сонымен қатар шыныдан саптыаяқ, тостаған, бокал, құты сияқты 
тұрмыста қажетті заттар дайындалған. Көбінесе шыны түсі ақ және жасыл 
болып келген. Шыны моншақтар көгілдір немесе көк түсті жұмсақ масса-
дан дайындалған.
Орта ғасырларда қала қолөнершілері шеберханаларда қыш-құмыра 
жа сау ісін деерекше дамытқан болатын. Қыш-құмыра махалласының (ше-
берханасы) арнайы өндірістік бөлігінде тандыр мен қыш-құмыра пештері, 
станоктар орналасты. XVІ-XVІI ғ. қыш-құмыра кәсіпшілігінің техноло-
гиясында біршама өзгерістер болды. Онда құмыра ыдыстарды жасау-
да сілтілі құймалар пайдаланылды. Өрнектер кобольттың, марганец, на-
трий, калий, мырыштың тотығын бояу ретінде пайдаланылып салынды. 
Қыш-құмыралардың пішіні мен суреттері ерекше өзгеріп, оны бояу мен 
безендірудің түрлі әдістері қолданылды.
Бұл кезеңде тас өңдеу ісі де біршама ілгері дамыды. Қазба жұмыста-
рының нәтижесінде құмтас пен граниттен жасалынған қол диірмендері 
көптеп табылған. Пішіні мен көлемі әр түрліқайрақ тастар, үккіштер, ірі 
және ұсақ келсаптар жасалынған. 
Орта ғасырларда тоқымашылық, әсіресе кілем тоқу, теріден бұйымдар 
жасау ісі де дамыған. Өкінішке орай, қазба жұмыстарының нәтижесінде 
олардың аз мөлшердегі қиындылары ғана сақталынған.Кесте тоқу қазақ 
қыздарының аса құштарлықпен орындайтын өнері болды. Кесте жібекке, 
матаға түсірілді. Жастық тыстары, сүлгінің шеттері, аяққап, қоржын, әйел 
бас киімдері мен орамалдары, көйлектер кестелеп тігілді. 
Қорыта келгенде XV-XVІІI ғ. қазақ халқының кәсіпшілігі мен қол-
өнері жан-жақты және жоғары дәрежеде дамып, халықтың сұранысын қа-
нағаттандырып отырған. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау