уақытша, адамша, көйлекшең, қаперсіз
т.б.), сын
есімдерден (
бұрынғыша, ескіше, кеңінен
т.б.), сан есімдерден (
екеу-
100
леп, бір-бірлеп,
т.б.), есімдіктерден (
мұнша, сонша, менше,
т.б.),
етістіктерден (
ептеп, өлердей, айлап-жылдап,
т.б.) ауысқан сөздер
ретінде топтастыруға болады. Қазіргі тілдегі үстеулердің басым бөлігі
делексикалану, лексикалану жəне грамматикалану тəсілі арқылы
жасалған сөздерден құралады. Делексикалану арқылы жасалған
үстеулер қатарында дыбыстық не мағыналық өзгерістерге ұшыраған
сөздер бар. Мысалы,
бүгін, биыл, түнеугүні,
т.б. Лексикалық тəсіл
арқылы жасалған үстеулер ешқандай дыбыстық өзгеріске түспей,
сол қалпында белгілі бір үстеу мағынасында қолданылады. Мысалы,
біраз, небір,
т.б. Ал грамматикалық тəсіл арқылы жасалған үстеулер
бұл екі тəсіл арқылы жасалған үстеулерден сан жағынан анағұрлым
көп кездеседі. Мысалы,
бірлі-жарым, бірен-саран, қайта-қайта,
т.б.
Қазақ тілінде үстеулер морфологиялық құрамына қарай негізгі
жəне туынды болып бөлінеді. Негізгі үстеулерге морфемалық
құрамы жағынан бөлшектенбей, тек белгілі бір тұлғада ғана
қалыптасқан сөздер жатады. Мысалы:
қазір, енді, əрі, бері, əдейі, ке-
нет,
т.б. А. Ысқақов негізгі үстеулерге тəн мынадай ерекшеліктерді
бөліп көрсетеді: 1) негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай катего-
риясы жасалады:
бұрынырақ, əрірек, тым бұрын,
т.б.; 2) олардың
кейбіреулері қосарланып та, плеоназм жолымен қабаттаса да
қолданылады:
құр босқа, құр бекер, тектен-тек,
т.б.; 3) негізгі
үстеулерден қосымшалар арқылы да, қосарлану арқылы да,
басқа сөздермен тіркесіп те туынды үстеулер жасала береді:
əрі-
бері, əдейілеп, кейіннен, бұрын-соңды,
т.б. Ал туынды үстеулерге
басқа сөз таптарынан синтетикалық, аналитикалық жəне лексика-
семантикалық тəсілдер арқылы жасалған сөздер жатады. Басқа
сөз таптарынан қосымшалар арқылы жасалған туынды үстеулер
жалаң туынды үстеулер, бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалған
үстеулер күрделі туынды үстеулер деп аталады. Туынды үстеулердің
қосымшалар арқылы жасалуында септік жалғауларының көнеленуі
нəтижесінде үстеуге ауысқан сөздер де бар. Бұл жағдайда адверби-
алдану құбылысының маңызы зор. Адвербиум – латын сөзі – сөздің
үстеу тобына өтуі. Қ. Жұбанов бұл ұғымды орыстың «наречиесі»
латынның адвербиум, гректің епирремма дегендерінің тура аударма-
сы, етістікке байланысты сөздер болғандықтан, адвербиум епиррем-
ма «етістіктің жанындағы деген сөз» деп түсіндіреді.
Семантикалық сипаты жағынан үстеу сөздер бірнеше топқа
бөлінеді. Үстеудің мағыналық ерекшелігіне қатысты көзқарастарды
екіге бөлуге болады. Біріншісі – үстеу сөздердің мағыналық топ-
101
тарының сан жағынан түрліше анықталуы, екіншісі – кейбір
мағыналық топтарының атауына, қызметіне қатысты. Біріншісі,
яғни үстеулердің мағыналық топтарын сан жағынан анықтауда,
А. Байтұрсынов оның төмендегідей бес түрін көрсетеді: 1) нықтаулық,
2) сынаулық, 3) өлшеулік, 4) мезгілдік, 5) мекендік, Ғ. Əбуханов та
оны бес түрге бөледі: 1) мезгіл, 2) мекен, 3) бейнелік (сын-қимыл),
4) мөлшерлік, 5) күшейткіш үстеулері. Ғалымдар А. Ысқақов,
Н. Орал бай үстеулерді мезгіл, мекен, мөлшер, сын (я бейне), күшейту
(я ұлғайту), мақсат, себеп-салдар, топтау (я бөлу) үстеулері деп сегіз
топқа бөледі. «Қазақ грамматикасында» да осы топтастыру негізге
алынады. Бұл топтар морфологиялық құрамы, жасалу тəсілдері,
сөйлемдегі орын тəртібі, қызметі жағынан бір-бірінен ерекшеленеді.
Мезгіл үстеулері қимылдың, іс-əрекеттің жүзеге асу-аспау
уақытын, мезгілін білдіреді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |