Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



жүктеу 457,37 Kb.
Pdf просмотр
бет47/77
Дата11.06.2022
өлшемі457,37 Kb.
#38900
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

бүгін, биыл, қазір, əлі, бұрын, 
баяғыда, бұрын-соңды, 
т.б. Морфологиялық құрамы жағынан негізгі, 
туынды, күрделі болып келеді.
Мекен үстеулері іс-əрекеттің бағытын, жүзеге асу орнын, мекенін 
білдіреді. Мысалы: 
жоғары, төмен, əрі, бері, ілгері, əрі-бері, жол-
шыбай, жол-жөнекей, 
т.б.
Мөлшер үстеулері қимылдың, амалдың, іс-əрекеттің шама-
сын, мөлшерін, теңдік, кемдік дəрежесін білдіреді. Мысалы:
 біраз, 
бірталай, бірқыдыру, сонша, мұнша, бірен-саран, анағұрлым,
т.б. 
Мөлшер үстеулері қимылмен қатар заттың да сындық белгісінің 
мөлшерін білдіреді Мысалы: 
соншама ақылды адам, мұншама қиын 
есеп, анағұрлым биік жер,
т.б. 
Амал-əрекеттің, қимылдың болу не болмау себебін немесе салда-
рын білдіретін үстеулер себеп-салдар үстеулері деп аталады. Себеп-
салдар үстеулері морфологиялық құрамы жағынан, негізінен, барыс 
жəне шығыс септігі жалғауларының көнеленуінен жасалған туынды 
түбірлі сөздерден тұрады. Мысалы: 
босқа, текке, бекерге, лажсыз-
дан, шарасыздан, амалсыздан,
т.б. Грамматикалық тұлғасы жағынан 
түрленбейді.
Қимылдың, іс-əрекеттің жүзеге асу амалын, тəсілін, жасалу 
жолын, сынын білдіретін үстеулер сын-бейне үстеулері деп атала-
ды. Мысалы: 
бірден, дереу, өзінше, қапыда, қолма-қол, ретімен, 
тікелей, құр босқа, үнемі, өздігінен,
т.б. Үстеулердің мағыналық 
топтарының ішінде сан жағынан көп, морфологиялық құрамы ал-
уан түрлі болуына қарамастан, сын-бейне үстеулері грамматикалық 
өзгеріске түспейді, түрленбейді. Сын-бейне үстеулерінің құрамында


102
негізгі үстеулермен бірге, септік жалғауларының көнеленуі, бірігу, 
қосарлану, тіркесу арқылы жасалған туынды үстеулер де молынан 
кездеседі.
Үстеудің мағыналық топтарының ішінде бірде күшейту (я ұл-
ғайту), бірде күшейтпелі деп аталатын күшейту үстеулері қимыл, 
əрекетпен қатар заттың да əртүрлі белгісін, сапасын, мөлшерін, 
көлемін күшейтіп не бəсеңдетіп көрсетеді. А. Ысқақовтың жіктемесі 
бойынша күшейту үстеулеріне 
ең, əбден, ылғи, кілең, сəл, өңкей, 
тіпті, тым, нақ, нағыз, нық, əнтек, мүлдем, дəл, керемет, қабағат, 
мейлінше, сонша, төтенше, жөнсіз, орасан, ерен, аса, өте,
т.б. 
үстеулер жатады. Ал Н. Оралбай 
мейлінше, əбден, ылғи, кілең, өңкей, 
сəл, төтенше, жөнсіз, ретсіз, соншалық, мұншалық, айрықша, 
барынша, пəрменінше, оншалықты, соншалықты, мұншалықты 
тəрізді 
сөздерді күшейту үстеулері ретінде көрсетеді. Бұл топтас-
тыруларда кейбір мөлшер үстеулері 
(сонша, соншалық, соншама

мен сын-бейне үстеулері де (
төтенше, жөнсіз, мейлінше
) күшейту 
үстеулерінің қатарында қарастырылған. Қимыл мен заттың белгісінің 
белгісін білдіру жағынан күшейту үстеулері мен мөлшер үстеулері 
ұқсас болып келеді. Мысалы: 
сонша қиын есеп – тіпті қиын есеп, 
анағұрлым жеңіл жұмыс – тіпті жеңіл жұмыс,
т.б. Үстеудің бұл 
топтарының арасындағы осындай ұқсастық кейде олардың аражігін 
анықтауда қиындық тудырады. Сол сияқты күшейту үстеулерінің 
қызметі белгіні, сапаны күшейтіп немесе солғындатып көрсету бол-
са, жоғарыда келтірілген сөздердің мағынасында күшейтуден гөрі 
мөлшер немесе сын-бейне мəні айқын көрінеді. Сондықтан мұндай 
сөздер күшейту үстеулеріне жатпайды. Күшейту үстеулерінің 
қатарындағы
 ең, тым, нақ 
деген сөздерді А. Байтұрсынов нықтаулық 
үстеулері деп қарастырса, Қ. Жұбанов бұл сөздердің сөйлемде өз ал-
дына мүше бола алмай, тек басқа бір түбір сөзге, онсыз да мүше 
болып тұрған сөзге қосылып қана жүре алатынын, сол себепті олар-
ды сөйлемге мүше бола алатын сөз таптарымен теңестіруге болмай-
тынын айтып, үстеу категориясына жатқызбайды. Бұл тұжырым 
кейіннен Н. Оралбайдың еңбегінде дамытылып, ғалым 
өте, тым, ең 
тəрізді сөздерді көмекші сөздердің бір түрі – күшейткіш көмекшілер 
ретінде қарастырады.
Үстеудің мағыналық топтарының ішінде сан жағынан өте аз сөзді 
қамтитыны – мақсат үстеулері. Мақсат үстеулері қимылдың, амал-
əрекеттің қандай мақсатпен жүзеге асатынын немесе аспайтынын 
білдіреді. Мысалы: 
əдейі келді, қасақана істеді, жорта сөйледі, 
т.б. 


103
Топтау үстеулері қимылдың, амалдың, əрекеттің топтық сипа-
тын білдіреді. Мысалы: 
аздап, екеулеп, топ-тобымен, бір-бірлеп, 
аз-аздан, үшеулеп, 
т.б. Морфологиялық құрамы жағынан топтау 
үстеулері тек туынды түбір сөздерден құралады. 
Үстеулер əр уақытта өздері пысықтайтын сөздерінің алдында 
тұрып, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Пысықтауыш-
пен қатар үстеулер сөйлемде бастауыш, анықтауыш, толықтауыш 
жəне баяндауыш қызметін де атқарады. Бұндай синтаксистік қыз мет 
үстеудің барлық түріне бірдей тəн емес. Мəселен, мақсат, себеп- сал-
дар, топтау, мезгіл үстеулері анықтауыш қызметінде жұмсалмайды. 
Ал мезгіл, мөлшер үстеулері заттануға бейім болғандықтан, ба-
стауыш қызметін де атқарады. Сөйлемде пысықтауыштан да басқа 
сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалуы үстеудің мағыналық 
топтарының етістіктен басқа да сөз таптарымен тіркесімділігіне 
байланысты. Алайда бұл тұрғыдан да олардың сипаты бірдей емес. 

жүктеу 457,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау