Жасөспірімдік кезеңдегі суицидтік әрекет себептері
Суицид ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама бар. Суицид- ауру немесе өзін-өзі өлтіру деген мағына береді. Жалпы суицидке ұшырағандардың орташа жас шамасы 14-17 жас аралығында. Өзін-өзі өлтіруге итермелейтін себептер арасындағы басымдары: белгілі әрекет жасағаны үшін ата-анадан қорқыныш, қылмыстық жауапкершілік алдындағы қорқыныш, мектепте жасаған бұзақылығы үшін мұғалімнен қорқу. Толық емес отбасыларда суицид жағдайы жиірек болады. Сонымен қатар өзін-өзі өлімге қиғандардың көпшілігі ұлдар болып келеді. Жасөспірім кезеңдегі суицидтік әрекеттердің себептерін бірнеше топқа біріктіруге болады.
Суицидке барудың психологиялық факторлары:
Көңіл-күйдің төмендігі
Аутоагрессияға бейімділігі.
Өзін-өзі қабылдаудағы негативизм.
Әрбір баланың мінезі жүре қалыптасады.
Суицид
|
|
Демонстрация
Манипуляция
|
Тығырыққа тірелу
|
Топтық ерекшелікке байланысты
|
Жасөспірім бұл қадамға ренжіткендерді жазалау үшін барады
|
Кейбір тұрмыстық жағдайлардың шығар жол жоқ деп қабылдауы
|
Түрлі топтардың құрамына ену арқылы, түрлі көзқарастарға илану
|
Отбасында өгей әкенің пайда болуы т.б
|
Үстемдік көрсету арқылы көп көлемде ақша талап ету
|
Діни секталардың құрамына ену т.б
|
Кейбір кездерде әр түрлі оқиғаға бала жүрегімен беріледі, өзінше қайғырады, содан барып түрліше мінез көрсететін кездері болады.
Әке-шешенің айырылысуынан, үлкендердің өз уайымы өздерінде болады, бұл балаға кері әсерін тигізеді, бала осы уақытта кез-келген нәрсені жүрегіне жақын қабылдайды.
Жақын адамын жоғалту: бала өзіне жақын адамды жоғалтқандықтан мінезі өзгеріп, уайым пайда болады.
Отбасына жаңа сәби келген кезде, балада қызғаныш пайда болады.Отбасындағы кері көзқарас: ұрсу, соғу,жәбірлеу, намысына тиетін сөз айту, баланың өзін басқа баладан кем сезінуі.
Тәуекелге баратын жасөспірімдер:
«Қиын» жасөспірімдер:
а) ата-анасынң қарауынсыз қалған балалар;
ә) мүгедек балалар;
б) физикалық және психикалық даму кеңістігі бар балалар
в) тез ренжігіш;
г) колонияларда тәрбиеленген балалар
Өзін-өзі бағалауы төмен балалар:
а) тез ренжігіш;
ә) депрессияға жеңіл түсетін балалар
Көріп отырғанымыздай, суицидтік әрекеттер тамыры тереңге кеткен әр түрлі әлеуметтік жағдайлардан болатыны белгілі. Сондықтан осындай балаларға жекелей жұмыс, педагогикалық әдістеме керек.
Суицидтің алдын-алу мақсатында жүргізілетін негізгі жұмыстар:
Әлеуметтік педагог және оқушы арасында сенім қалыптастыру;
Оқушы отбасымен үнемі тығыз байланысты болу;
Баланың балалық шағын қорғау үрдістерін іске қосу;
Әлеуметтік қорғау туралы мағлұматтармен танысу;
Оқушыға жеке кеңес беру (құпия түрде көмек беру)
Психодиагностикалық жұмыстар жүргізу ( суицидтік әрекеттерді, көңіл-күйді, ойды анықтау мақсатында);
«Сенім телефоны» немесе «Сенім жәшігінің» жұмыс істеуі.
Әлеуметтік педагог жұмысындағы оң маңызды әдістер, яғни, әңгімелесу, бақылау, сауалнама, тест, сұхбаттасу және түрлі тақырыпта (суицид вирусы т.б) семинар, тренингтер арқылы суицидтік әрекет пен ойларды зерттеуге болады.
Әрине, бұл әдістер мен тренингтерді баланың жас ерекшеліктеріне қарай қолданған абзал.
Қазіргі кезде қоғамда көптеген мәселелер бар..Соңғы жылдары өз-өзіне қол салу жөнінде адам баласын алаңдатарлық мәліметтер айтыла бастады. Биылғы жылдың басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде әр секунд сайын бір адам өлетінін хабарлады. Ғалымдардың есебінше, дүние жүзінде жалпы өлім көрсеткіші бойынша өзін-өзі құрбандыққа шалу бірінші орынға бет бұрды. Жыл сайын бір миллион адам өз-өзіне қол салады. Бұл тұрғыдан Қазақстан да құралақан емес. 2005-2007 жылдары 750 жасөспірім өзін-өзі өлімге қиған, ал 1146 жасөспірім осындай әрекет жасамақшы болған. «Адамның өзіне-өзі қол жұмсап, өмірін қиюын» ғылымда «суицид» дейді. Тағы бір синонимдік мағынасы «қасақана өз өмірін қию».
Суицид жасөспірімдер арасында көп кездеседі.
Суицид - өз-өзіне қол жұмсау актісі. Бұл кезде адамның өмір, бақыт деген ең жоғарғы ой-пікірлері жоғалады. Қазіргі таңда өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы бір жақты поталогиялық тұрғыдан қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез құлқы.
Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр.
Суицид жасөспірімдер арасында көп кездеседі.Жасөспірімдер арасындағы суицидтік іс әрекетке талпынғандарға А.Е.Личко зерттеу жүргізген. Олардың орташа жас шамасы 14-17 жас аралығында.
Ал,13 жастан кеш балалардың көбі суицидтік іс әрекет танытпайды. Себебі: бұл кезде оларда өзіндік идентификация дамымайды. Сондықтан олардың өз-өзіне деген қатыгездік жағдай жасауы қорқынышты және ауыртпалы болып көрінеді.
Бұл мәселе әр түрлі аурулардан қайтыс болған адамдардан кейін екінші орын алады. Бірақ осы өз-өзіне қол жұмсайтындардың әрекетінің жартысы ғана өліммен аяқталған. Ер балалар қыз балаларға қарағанда өз-өзіне екі есе көп жұмсайды. Бақылаулар бойынша суицидтің белсенділігінің белгілі циклдері бар. Дюркгеим бойынша көктемнен жазға және күзден қысқа өту циклі кезінде көп байқалады. Өзіне өзі қол салу негізі үш топқы бөлінеді: нағыз, демонстративтік, жасырын.
Нағыз суицид – қашанда жабырқау дағдарыс жағдай немесе өмірден баз кешу жайлы ой, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады.
Демонстративті суицид - өлуге деген ниетпен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс құралы болады, көмекке шақырады.
Жасырын суицид - өзіне өзі қол салу мінез қылығының бір түрі. Көп жағдайда бұл мінез құлық тәуекелге негізделіп, өмірден өтуден гөрі өліммен ойнауға көбірек ұқсайды. Мұндай адамдар өмірден өтудің ашық түрін таңдамай суицидтік шартты мінез- құлықты қалайды. Бұларға: автомобиль жүргізудің қауіпті түрі, спорттың экстрималды қауіпті түрімен айналысу, әсері күшті есірткілерді пайдалану, ішімдікті қолданумен, сондай-ақ өзін-өзі оқшаулау да жатады.
Жеткіншектердің өзін-өзі өлтіру себептері мыналар болып табылады:
Көбінде отбасы нашар түратындардың балалары. Мұндай жанұяларда ата-аналар арасында үрыс- керіс жиі болып тұрады. Осындай жағдайда ата-аналар мен балалар арасында түсініспеушілік қалыптасады. Өз-өздеріне қол жұмсағандардың көбі ересек адамдардың бірде-біреуіне жақын жылылық сезімін сезбейтіндігін айтады. Бұл кезде жасөспірімдер сөйлесіп, құпиясын айтуы үшін адам таппайды. Сөйтіп баланың эмоцияналды жағдайы нашарлайды.
Махаббат объектісі жоғалғанда да жеткіншектердің сезімтал болуына әкеледі.
Баланың кішкене кезінде ата-анасын жоғалтуы. Ол жүрегінде қалып қояды. Осыдан кейін бала стреске түседі. Кейін депрессияға түсіп өзін-өзі өлтіруі мүмкін.
Көп кездесетін себептердің бірі- депрессия. Бұл кезде адам шаршаңқы, көңілсіз, ойланғыш болып келеді. Оның өмірге деген қызығушылығы азаяды, мәселені шешу үшін шешім қабылдау қиынға түседі.
Енді бір кездесетін себептердің бірі- нашақорлық, ішімдік. Жасөспірім нашақорлық немесе ішімдік қолданған кезде, өзін-өзі өлтіру қаупі жоғары болады. Бұл жағдайда кейбірі өзін-өзі өлтірмекші емес, тек аяқ асты пайда болған стимулдар әсерінен жасауы мүмкін.
Енді біреуі өз эмоцияларын қадағалай алмайтындар. Олар бұл өмірден кеткенде ғана жаны тынышталып рахаттанады деп ойлайтындар.
Кейбіреулерінде ол ауру ретінде болады. Олар галлюцинациямен зардап шегеді, бұл кезде оларға біреудің дауысы өзі-өзін өлтіруді бұйырады.
Қазір техниканың қарыштап дамыған заманы екендігі қай-қайсымызға да белгілі. Олардың ішінде компьютері бар, қалта телефоны бар, құлаққа салып тыңдайтын музыкасы бар, радиосы бар, үйіміздегі басқа да осы тәрізді құрылғылар-бәрі-бәрі белгілі бір мөлшерде электромагнитті толқындарды таратады. Сондықтан мұның барлығын бір мезгілде қатар қолданудың адам психикасына зиян екендігін жан-жақты білімі бар, көкірегі ояу жандар сезеді, біледі Бірақ бұл тұрмысқа дендеп үлгерді. Ал, ғылымдардың зерттеуі толқындар күшейген кезде мида депрессия болып, адам қалыпты күйінен адасып, өзіне де, өзгеге де түсініксіз тірлікке көшетіндігін көрсетеді. Сірә, әлемде соңғы кезде өзіне-өзі қол жұмсаудың көбею себептерінің бірі осы да шығар.
Жасөспірім кезеңде суицидтік мінез құлықтың кейбір өзгешеліктері болады. Жасөспірімдер арасында ересектерге қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың азғана бөлігі өздерінің мақсатына жетеді. Яғни бұл өз проблемасына назар аударту және көмекке шақыру болып табылады. Жасөспірімдердің тек 10 пайызы ғана шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жанайқай.
Суицидтік мінез құлық жас айырмасына да қатысты болады. Мысалы: өмірдің кризистік кезеңдері, жастық шақ және кәріліктің басталуы т.б.
Жалпы зерттеулердің көрсетуінше өзін-өзі өлтірудің көп бөлігі 40 пен 65 жас аралығында жасалады екен. Негізінен бұл жасқа келгенде суицидтік әрекетке итермелейтін факторлар: ажырасу, жақын адамын жоғалту, жұмыстан шығып қалу, қаржылай кризис, жанұяда баласының қайтыс болуы және т.б. жатады. Ал кәрілік жаста мынадый маңызды әлеуметтік психологиялық мәселелермен беттеседі. Жалғыздық, қызмет бабының аяқталуы, мүмкіндігін жоғалту, жолдастарынан, жанұясынан бөліну сонымен қатар депрессия шаршағандық пен үмітсіздікпен ұштасып жатады.
Сонымен қатар елдің экономикалық жағдайына да арақатынасының бар екені жалпы заңдылық.Мысалға айта кетсек, кенеттен банкротқа ұшырау суицидтік әрекетке барудың бірден бір жолы.
Жан күйзелісіне шыдай алмау, жағдайдан шығудың жолын таппау, үмітсіздікке бой алдыру мен жеке басының дағдарысы, проблемаларға байланып қалу осының бәрі айналып келгенде таңдауды тарылтып, өзіне-өзі қол салуға итермелейді.
Бұндай жағдайлардың алдын алу үшін адамның өмірге, өмір сүруге деген құштарлығын ояту керек.Қандай да бір қиын жағдайларда бір-бірімізге қол созып, жағдайдың мәнісін түсініп қол ұшын беру.Өмірге деген іңкәрлікті сезіну керек.
Еліміздегі суицидті тоқтатудың бірден-бір жолы-халқымызға Имандылықты жеткізу. Мектеп қабырғаларында тәрбие сағаты ретінде болса да діни танымдық, имандылық сабағы өткізілсе, балалар Аллаһқа, имандылықтың не екенін түсініп, бұдан басқа да күнәлардан тыйылар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |