Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет90/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   116

266 
 
форматтарды  қолданушы  өзі  қояды.  Формат/Ұяшықтар/Сан  ішкі 
терезесінде  Пайыздық  форматын  немесе  құралдар  панелінен 
батырмасын  
 таңдап алып, қолданайық. 
Пайыздық  форматын  қоюда  оны  пайыздардың  сандық  мəні 
терілгенге  дейін  енгізу  керек.  Егер,  бұл  ережені  ұстанбаса  жəне  əуелі 
сандарды  енгізсе,  онда  терілген  сан  100-ге  көбейтіледі,  себебі,  пайыз  - 
санның жүзден бір бөлігі. 
Енді  сыйақыны  есептеу  үшін,  D4  ұяшығындағы  формуланы 
(=C4*0,17)  өзгерту  керек.  егер  бұрын  біз  С4  ұяшығындағы  жалақының 
мəнін  0,17-ге  көбейтсек,  енді  пайыздың  мəні  белгіленген  0,17  санын  
С15 ұяшығының адресіне ауыстырамыз. 
Формуланы  өзгерту  үшін,  тышқанды  екі  рет  шертумен  немесе  [F2] 
пернесімен басу арқылы алдын ала D4 ұяшығының адресін белсенді етіп 
қоямыз. 
Нəтижесінде  D4  ұяшығында  формула  пайда  болады.  0,17  санын 
өшіріп, одан кейін курсорды С15 ұяшығына орнатамыз жəне абсолюттік 
адрестеу  үшін  [F4]  пернесін  басамыз.  Бұл  жағдайда,  D4  ұяшығындағы 
формула =C4*$C$15 түріне ауысады (11.24- суретті қараңыз). 
«$» белгісін пернетақтадан қолмен теруге болады. 
Енді, толтыру маркерін тышқанмен ілестіріп алып, бұл формуланы 
баған  бойымен  төменге  көшіреміз.  Бұл  бағанның  формулалары  енді 
қандай  болады?  Әр  ұяшықтағы  формуладағы  жалақы  мəнінің  ағымдық 
салыстырмалы адресі ұяшықтың абсолютті адресіне $C$15 көбейтілген. 
Әрекеттерді  орындағаннан  кейін,  біз  кестеде  сыйақының  дəл 
осындай сандық мəндерін аламыз жəне бұрынғыдай есептеудің сыртқы 
нəтижелері  түк  те  өзгерген  жоқ.  Олар  өзгеруі  тиісті  емес  еді,  себебі, 
сыйақы пайызының мəнін біз өзгерткен жоқпыз, тек есептеу əдісін ғана 
өзгерттік. 
Абсолютті адрестелудің артықшылығына көз жеткізу үшін, сыйақы 
пайызының мəнін 17 санынан кез келген санға өзгертіңіз, мысалы 25-ке, 
енді не болатынын көріңіз. 
Ендеше,  С15  ұяшығындағы  17  санын  өшіреміз  де,  орнына  жаңа  25 
мəнін енгіземіз. Бірден D, E, F жəне G. бағандарындағы формулалардың 
қайта  есептелуі  жүреді.  Бұл  əлсін  –  əлсін  өзгеріп  тұратын 
берілгендермен  ұяшықтарды  абсолютті  адрестеуде  ұсынылған  əдістің 
артықшылығының жақсы дəлелі болып табылады. 
Ұяшыққа  ат  беру.  Excel  бағдарламасында  қолданушы  жұмысының 
ыңғайлылығы  үшін,  жеке  ұяшықтарға  немесе  диапазондарға  ат  беру 
мүмкіндігі  бар,  оларды,  болашақта  формулаларды  қарапайым  адрестермен 
қатар  қолдануға  болады.  Себебі,  Excel  бағдарламасында  аттар  абсолюттік 
сілтемелер  түрінде  қолданылады,  яғни,  абсолютті  адрестеудің  көптүрлілігі 
болып табылады, ол формулаларды көшіруде ыңғайлы. 
Атауларды  беру  барысында,  атаулар  əріптерден  (соның  ішінде    орыс 
тілі  алфавитімен),  сандардан,  нүктелерден  жəне  асты  сызылған 
символдардан  тұру мүмкіндігін есте ұстаған жөн. 


267 
 
 
11.25 -сурет. Ұяшыққа ат беру 
 
Атаудағы  бірінші  белгі  əріп  немесе  астын  сызу  белгісі  болу  
керек.  Атаулар  ұяшықтарға  сілтемелер  сияқты  түрде  бола  алмайды, 
мысалы,  «Z$100»  немесе  «R1C1».  Атауда  бір  сөзден  артық  болуы 
мүмкін,  бірақ  бос  орындар  рұқсат  етілмейді.  Атауда  255  белгіге  
дейін  болуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда,  бас  əріптер  жəне  кіші  əріптер 
бірдей қабылданады. 
Сыйақы  пайызының  саны  орналасқан  С15  ұяшығына  «Пайыз» 
деген ат беріңіз. 
Курсорды  С15  ұяшығына  орнатыңыз  жəне  Қою  мəзірінде 
Атауы/Беру... командасын таңдаңыз (11.25 - сурет). 
Ашылған  терезеге  «Пайыз»  ұяшығының  атын  енгізіңіз  де,  ОК 
батырмасын басыңыз. 
Енді,  есептеу  жүргізу  үшін,  D4  ұяшығына  =С4*Пайыз 
формуласын енгізу жеткілікті. 
Формулаға  ұяшық  атауын  қою  үшін,  атаулар  тізімінен  керекті 
атты таңдап алып, Қою/Атауы/Қою командалары арқылы қолдануға 
болады.  Атауын  өшіру  үшін,  оны  тізімнен  таңдап  алып,  Өшіру 
батырмасын басу керек. 
 
Ұяшықтарды абсолютті адрестеу барысында жиі 
кездесетін сұрақтар 
 
Қолданушылардың ең жиі қойылатын сұрақтарына мамандардың 
жауабын келтіреміз. 
Сұрақ   1.   Абсолюттік   адрестеуді   қалай   қысқаша   сипаттауға 


268 
 
болады? 
Жауап.  Формуладағы  ұяшықтың  абсолютті  адресі  əрқашан 
белгілі  бір  орында  орналасқан  ұяшыққа  сілтеме  жасайды.  Формула 
орналасқан ұяшық позициясын өзгерту барсында абсолюттік сілтеме 
өзгермейді.  Жол  бойымен  жəне  баған  бойымен  формуланы  көшіру 
барысында абсолюттік сілтеме –өзгермейді. 
Сұрақ 2. Формуланы енгізген кезде кейбір ұяшықтарға абсолютті 
адрестеу  жасауды ұмытпау үшін не істеу керек? 
Жауап.  Ұяшыққа  ат  беруге  болады  (Excel  бағдарламасында 
атаулар абсолюттік адрестеудің бір түрі болып табылады ғой) немесе 
ұяшыққа  формуланы  енгізгенде  назар  аудару  үшін,  оған  түрлі  түсті 
фон орнатуға болады. 
Басқа  да  еске  салу  тəсілін  қолдануға  болады  –  ескерту  қою, 
себебі,  ол  ұяшыққа  байланысты  жəне  бұл  ұяшықтағы  сақталатын 
мəліметке  тəуелсіз  қандай  да  бір  ескерту.  Ескертулер  өз  -  өзіне 
бірдеңе  жайлы  еске  салу  үшін  өте  ыңғайлы.  Ескертуді  орнату  үшін, 
бір ұяшықты арнайы бөлу керек; Қою мəзірінен Ескерту командасын 
таңдау  керек;  ескерту  мəтінін  тиісті  өріске  енгізу  қажет  (11.26- 
сурет).  Мəтінді  енгізіп  болған  соң  тышқанның  батырмасын 
ескертуден тыс аумаққа басу керек. 
Сұрақ 3Ұяшыққа ат беруді қалай тез қою болады? 
Жауап.  Ұяшыққа  тез  ат  беру  үшін,  оны  белгілеп,  формула 
жолының сол жақ бөлігіндегі атау өрісіне көрсеткішті орнату керек, 
ұяшық адресін өшіріп, атауын енгізу қажет. 
Сұрақ 4. Аралас адрестеу дегеніміз не? 
Жауап.  Аралас  адрес  не  абсолюттік  бағаннан,  не  салыстырмалы 
жолдан  тұрады  немесе  абсолюттік  жолдан  жəне  салыстырмалы 
бағаннан  тұрады.  Бағандардың  абсолюттік  сілтемесі  $A1,  $B1  жəне 
т.б.  түріне  өзгереді.  Формула  орналасқан  ұяшықтың  позициясы 
өзгергенде,  салыстырмалы  сілтеме  өзгереді,  ал  абсолюттік  сілтеме 
өзгермейді.  Формуланы  жол  бойымен  жəне  баған  бойымен 
көшіргенде,  салыстырмалы  сілтеме  автоматты  түрде  өзгереді,  ал 
абсолютті сілтеме өзгермейді. 
Сұрақ  5.  Егер  ұяшықтарға  атау  берілсе,  формулаларды  енгізу 
əдісі өзгере ме? 
 
 
11.26 -сурет. Ескертулерді ұяшығында орнату 
 
 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау