213
Сырт келбетін өзгерту (Видоизменения) тобында белгіленген мəтін
фрагменті үшін,
сызып тастауды, жоғарғы жəне төменгі индекстерді,
бас əріптерді, жасырын (терілмейтін) мəтін мəртебесін орнатуға болады.
Интервал ішкі терезесі символдардың белгіленген реттілігі
арасындағы қашықтықты өзгертуді, жолдың ортасына қатысты мəтінді
көтеруге немесе түсіруге мүмкіндік береді.
Анимация ішкі терезесінде оңай эффектілердің көмегімен мəтінді
безендіруге мүмкіндік беретін анимация нұсқаларын беруге болады:
жанып – сөнуді, жүгірме рамкасы, фейерверкте жəне т.б. əрине басып
шығару кезінде, бұл эффектілер шығарылмайды, ал компьютердің
экранында бұлай безендірілген мəтін жарасымды көрінеді.
Мəтіннің белгіленген бөлігін форматтауды жүргізе отырып, бұл
форматты құжаттың басқа бөліктеріне көшіруге болады.
Бұл үшін форматталған мəтін фрагментін белгілеп алып, стандартты
құралдар панеліндегі
қылқалам бейнеленген батырманы басу керек.
Бұл батырма
Үлгі бойынша формат деп аталады
. Нəтижесінде, тышқан
көрсеткісі қылқалам формасына өтеді. тышқанның сол жақ батырмасын
басып тұрып мəтін бойымен орын ауыстыра отырып, сіз таңдалған
форматты басқа фрагменттерге көшіресіз. Әдеттегі жұмысқа көшу үшін
[Esc] пернесін басыңыз.
Мәтін абзацтарын форматтау. Абзацты форматтау келесі
параметрлерді өзгертуге мүмкіндік береді:
•
абзацтың бірінші
жолын жылжыту ;
•
абзац жолдарын түзету (сол жақ жəне оң жақ бойынша, ортасы
жəне ені бойынша)
•
беттегі абзацтың ені жəне орналасуы;
•
жоларалық интервал жəне жақын орналасқан абзацтардың ара
қашықтығы.
Форматтау құралдар панелінде төрт таңдау батырмалары бар
оның əрбіреуі абзац жолдарын түзету тəсілдерінің бірін
анықтайды (сол жақтан оң жаққа қарай).
•
абзац шекарасының сол жағы бойынша түзету;
•
ортасы бойынша түзету;
•
абзац шекарасының оң жағы бойынша түзету;
•
құжаттың ені бойынша түзету.
Құжаттың ені бойынша түзетуде сөздер арасының аралығы аздап
ұлғаяды.
Абзацты форматтау үшін курсорды таңдаған абзацқа орнату қажет,
содан соң түзету тəсілін таңдау үшін, қажетті батырманы басу керек.
Абзацтың бірінші жолында жылжытуды орнату үшін, тышқанмен
көлденең сызғыштағы жоғарғы маркерді (үшбұрыш) оң жаққа тасып
апарыңыз (10.9 - сурет).