Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет61/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   116

177 
 
ресурстың  IP-адресін  алды.  Браузер  не  істеуі  керек?  Ол  сол  
серверден  бірдеңе  сұрау  керек.  Қашықтағы  серверге  ресурстың 
сұранысымен пакет жіберіледі (енді IP-адрес белгілі). 
WWW-серверлерінің  бағдарламаларының  ішінде  ең  танымал 
UNIX операциялық жүйесінде жұмыс істейтін, Apache бағдарламасы. 
Бағдарлама  үндістердің  тайпасының атымен аталған  емес,  A  PAtCH 
sErver  -  аббревиатурасы  бойынша  аталған.  patch-  файлдардан 
(модульдерден)  жиналатын  сервер.  Apache  тікелей  сіздің 
сұраныстарыңызға  жауап  берумен  айналысады,  файлдарды, 
суреттерді жəне құжаттың html-кодының өзін береді. Apache — бұл 
WWW-сервер.  Басқа  кең  таралған  Web-сервер  Internet  Information 
Server болып табылады. 
9.2.3. 
Интернеттің сервистері 
WWW.  Қазіргі  кезде  Интернеттің  World  Wide  Web  (WWW) 
немесе жай веб (Web) деп аталатын бөлігі ерекше  тез дамып келеді. 
Дүниежүзілік  өрмек  –  бұл  гипермəтіндік  сілтемелер  жүйесіне 
негізделген Интернеттің сервисі; бұл дүниежүзілік ақпарат қоймасы, 
мұнда  ақпараттық 
обьектілер 
гипермəтіннің 
құрылымымен 
байланысқан.  WWW  –  де  мəтіндік,  графикалық,  видео  жəне  аудио 
форматтарда ұсынылатын ақпарат сақталады. 
WWW аббревиатурасы бүгін көпшілік үшін Интернет символына 
айналды.  Бірақ,  ауқымды  компьютерлік  желісі  1991  жылы  Тим 
Бернерс-Ли  өзінің  бірінші  Web-түйінін  жүктегенге  дейін  ерте  пайда 
болған. 
Қызықты мәлімет 
Интернетті  құрудың  ресми  уақыты  1969  жылғы  29  қазан  болып 
саналады.  Бұл  күні  ARPANet-  тің  500  шақырымға  қашықтыққа 
алыстатылған  алғашқы  екі  түйіні  өзара  байланысты.  Байланыс,  өз 
кезегінде,  BBN  компаниясы  1969  жылы  қыркүйектің  1-де  тарихта 
компьютерлер арасында телефон желісі арқылы (модем) байланысты 
қамтамасыз  ететін  тұңғыш  құрылғы  жасап  шығаруының  арқасында 
мүмкін болды. 
1980  жылға  дейін  ARPANet  түйіндері  бірнеше  ондаған  санына 
дейін  жетті,  электрондық  пошта  жұмыс  істей  бастады.  1990  жылға 
қарай əлі күнге дейін қолданылып келе жатқан TCP/IP қос хаттамасы 
жəне  DNS  (Domain  Name  System)  –  домендік  аттар  жүйесі 
қабылданды. 
WWW –дың құрушысы Тим Бернерс-Ли болып есептеледі. Оның 
еңбегі  əлемдік  қоғамдастықпен  лайықты  бағаланды.  2004  жылдың 
жазында  ол  Финляндияда  Millennium  Technology  Prize  дың  1 
млн.евро  көлемінде  марапатталды.  Ол  үшін,  2004  жыл  адамзат 
алдында оның еңбегін мойындаған жыл болды. Мысалы, 16 шілдеде 


178 
 
Ұлыбританияның 
ханшайымы 
Елизавета 
II 
оны 
Британ 
империясының  Командор  Орденіне  қабылдады.  Бұған  дейін  2003 
жылы  «Интернеттің  дамуына  қосқан  үлесі»  үшін  Елизавета  II  оған 
осы Орденнің офицері атағын сыйлады. 
Тим  Бернерс-Ли  гипермəтінді  ойлап  тапты  деген  пікір 
қалыптасқан. Алайда, бұл дұрыс емес. Гипермəтін идеясы Вэннивер 
Бушқа  тиесілі.  Сонау  1945  жылы  «Біз  ойланып  отырғанда» 
мақаласында, ол, World Wide Web –тың концептуалды прототипі деп 
атауға  болатын  Memex  құрылғысын  сипаттады.  Гипермəтін  –  бұл 
өлшемсіз  мəтін,  беттердің  анық  көрінетін  жиынтығы    жəне 
сілтемелер арқылы берілген олардың анық емес көпшілігі. 
Шындығында,  гипермəтін  идеясы  Вэннивер  Бушқа  да  тиесілі 
емес.  Белгілі  нақты  гипермəтіндердің  біріншісі  бұл  кітаптардың 
көптеген  жиынтығын  құрайтын  –  Библия  (арасында,  бір  –  бірімен 
сонша  логикалық  байланыспайтын  да).  Христиандықтың  сонау  ерте 
дəуірінде Библияның барлық ктітаптары шағын тарауларға бөлінген, 
ал əр тараудың ішінде əр абзац нөмірленген болатын. 
Тим  Бернерс-Ли  ғылыми  құжаттардың  гипермəтінін  құрғысы 
келді. Оның адамзат алдындағы еңбегі - желілер арасындағы алмасу 
хаттамалары  жəне  домендік  аттар  қызметі  бар,  ауқымды 
компьютерлік  желінің  негізінде  ыңғайлы  гипермəтін  құруға 
мүмкіндік беретін технологиясын құрумен өлшенеді. Бұл гипермəтін 
World  Wide  Web  деп,  ал  оны  құруға  мүмкіндік  берген  механизмнің 
өзі  –  гипермəтін  белгілерінің  тілі  HyperText  Markup    Language 
(HTML) деп аталды. 
WWW  —  Интернетке  тікелей  қосылуды  талап  ететін  тікелей 
қолжеткізу сервисі. Егер Web-бет көп графика немесе басқа мəтіндік 
емес ақпараттан тұрса, онда жедел байланыс желісі талап етіледі. 
WWW  –  де  жұмыс  үшін  істеу  үшін  арнайы  қарап  шығу 
бағдарламасы  –  браузер  қажет.  Html-құжаттарымен  жұмыс  істейтін 
бірінші  браузер  –  Mosaic,  тек  мəтін  шығаратын  болған 
(бағдарламаның авторы - Марк Андриссен, Netscape Communications 
– ның болашақ негізін салушы). 
Қызықты мәлімет 
1993  жылы  NCSA  (National  Center    for    Supercomputing 
Application)  қызметкерлері  Марк  Андриссен  жəне  Эрик    Бина,  
Mosaic  деп  аталған  бірінші  браузер  құрастырып  шығарады.  Осы 
жылы Ақ Үй өзінің жеке сайтын ашады, инетрнетте бес жүзінші сайт 
жəне миллионыншы қолданушы пайда болады. 
Қолданушылар арасында Microsoft фирмасының Internet Explorer 
(9.5 - сурет), Netscape фирмасының Netscape Navigator, Mozilla (9.6  - 
сурет) браузерлері кең танымалдылыққа ие. 


179 
 
 
9.5.- сурет Internet Explorer браузері 
 
Браузерлер  арасында  үлкен  айырмашылық  жоқ,  өйткені,  əр 
браузерда  орнатылған  электрондық  поштасы,  топтар  жаңалықтарын 
қолдайтын клиент – бағдарламасы бар; екеуі де сөйлеуді жəне басқа 
дыбыстарды  тыңдау,  қозғалмалы  суреттерді  қарау,  қалааралық 
байланысты қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие. 
9.6 – сурет. Mozilla браузері 
 
 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау