130
көп) қолдаудың қажеттілігінің туындауынан.
FAT 32
файлдық
жүйесінің максималды өлшемі 2 Тбайт – ты құрайды.
Windows NT/2000/XP үшін, кластер өлшемі дискінің өлшеміне
тəуелсіз болатын NTFS файлдық жүйесі негізгі болып табылады. NTFS
файлдық жүйесі Windows NT/2000/XP – дің негізгі файлдық жүйесі
болып табылады. FAT сияқты, NTFS кластерлерді файлдарды сақтау
үшін қолданады, бірақ, кластердің өлшемі бөлімнің өлшеміне
байланысты болмайды. NTFS – файлдар атын сақтау үшін, Unicode
қолданылатын 64 – разрядты файлдық жүйе. Ол ақаулықтардан
қорғалған,
сонымен қатар, сығу мен шифрлауды қолдайды.
LinuxExt2 файлдық жүйесі Linux операциялық жүйесінде
қолданылады.
Қатқыл дискіге бір уақытта бірнеше операциялық жүйелер
орнатылуы мүмкін. Бұл үшін, қатқыл диск бөлімдерге бөліну керек,
яғни, дискідегі тəуелсіз аймақтар, олардың əрбіреуінде өзіндік файлдық
жүйесі құрылуы мүмкін.
Қатқыл дискіге операциялық жүйені орнату алдында, іс əрекеттің
реті төмендегідей болу керек: дискіні бөлімдерге бөлу жəне əр бөлімді
өз операциялық жүйесі бойынша логикалық форматтау.
Ең бірінші сектордағы қатқыл дискіні бөлімдерге бөлу туралы
ақпаратты сақтау үшін, арнайы орын – бөлімдер кестесі бөлінген. Ол
төрт жазбадан жəне бөлім туралы келесі хабарламадан тұрады:
мəртебесі, типі,
бастауыш сектордың нөмірі, секторлардағы өлшем.
Дискіні бөлімдерге бөлу үшін, FDISK утилитасын, ал логикалық
форматтау үшін, FORMAT утилитасын қолдануға болады. Олар
Windows операциялық жүйесінің барлық нұсқаларының құрамына
кіреді. Дегенмен, арнайы дискілік утилиталарды қолдану əлдеқайда
ыңғайлы, мысалы, Acronis OS Selector жүктеу менеджері. Acronis OS
Selector құрамына қатқыл дискілерді бөлімдерге бөлуге жəне оларды
форматтауға мүмкіндік беретін дискілердің əкімшілігі (администратор)
кіреді.
Файлдық жүйенің каталогы мен кестесі кез келген дискілік
тасымалдауышта, форматтау үрдісінде автоматты түрде құрылады.
Каталог – бұл дискіде орналасу орнын көрсететін файлдардың
анықтамасы. Каталогтарды ұйымдастырудың иерархиялық құрылымы
ең кең таралған. Автоматты құрылған каталогты
түбірлік деп айту
келісілген. Онда файлдардың толық аты, сонымен қатар, олардың
сипаттамалары сақталған: құрудың күні мен уақыты, көлемі (байттарда)
жəне арнайы атрибуттары.
Операциялық жүйе каталогта файлды, оның толық атымен іздеуді
жүзеге асырады. Бұл бір каталогта немесе каталог астында бірдей толық
атымен екі түрлі файл орналаса алмайтынын білдіреді. Алайда, əр түрлі
каталогтарда немесе каталог астыларында сəйкесетін толық аттары бар
файлдар немесе еншілес каталог астылары болуы мүмкін. Бірақ, бұл
жағдайда керекті файлды біржақты көрсетуге файлдың аты жеткіліксіз.