136
• ақ
паратты апаттық жағдайлардан қорғау;
• аппаратураның ішкі монтаждауына, байланыс сымдарына жəне
басқарудың технологиялық органдарына қолжетімділікті бақылау;
• ақпаратқа қолжетімділікті ажырату жəне бақылау;
• ақпаратты таситын сигналдардың жалған сəулесінен жəне
кедергілерінен қорғау;
• қолданушылардың
,
техникалық
құралдардың,
ақпарат
тасымалдауыштардың жəне құжаттардың идентификациясы мен
аутентификациясы.
Қолданушылардың
идентификациясы.
Қолданушы,
ақпараттық жүйеге санкцияланған қолжетуде өзін идентификациялау
қажет, ал жүйе идентификацияның шынайылылығын тексеру керек
(аутентификация жасау керек).
Идентификация
(сәйкестендіру)
–
есептеуіш
жүйеге
қолжетімділікті жүзеге асыратын қандай да бір обьектіге немесе
субьектіге бірегей ат (логин), үлгі немесе сандық көрсеткішті беру.
Шынайылылықты орнату (аутентификация), көрсетілген обьект
(субьект) шындығында сол екендігін тексеруді білдіреді. Есептеуіш
жүйесінде обьектінің (субьектінің) идентификациясының жəне
шынайылылықты орнатудың соңғы мақсаты – тексеру нəтижесінің
оң жағдайында, ақпаратты шектеулі қолдануға қол жеткізу, ал
тексеру нəтижесінің кері жағдайында қолжетімділікті болдырмау
(бас тарту).
Ақпараттық
жүйеде
идентификация
обьектісі
жəне
шынайылылықты орнату обьектілері төмендегілер болуы мүмкін:
• адам (оператор, қолданушы, лауазымды тұлға)
• техникалық құрал (терминал, дисплей, ЭВМ)
• құжаттар;
• ақпарат тасымалдауыштар (дискілер, магнитттік ленталар жəне
т.б.
• дисплейдегі, электрондық тақтадағы ақпарат жəне т.б.
Шынайылылықты орнату адаммен, аппараттық құрылғымен,
бағдарламамен, есептеу жүйесімен жəне т.б.
жүзеге асырылуы
мүмкін
Сақталатын берілгендердің маңыздылығы мен құпиялылық
деңгейіне байланысты идентификация мен аутентификация
процедуралары қиындығы əр түрлі болуы мүмкін.
Берілгендермен пайдалануға рұқасат етілген операциялар спектрі
қолданушының мəртебесіне байланысты болғанда, əкімшілік
қызметкер қолданушының паспортына қажетті мəліметтерді енгізеді.
Кейбір жүйелерде, мұндай паспорт үшін, қолданушының өзі, жүйеге
тіркелу кезінде енгізеді.
Қолданушының кез келген идентификация процедурасы логин
мен парольды енгізуді білдіреді. Парольды қолданушының өзі
таңдайды немесе əкімшілік қызметкер тағайындайды. Пароль оңай