122
бағдарламаларының, құрылғыларды тестілеу жұмысын басқару
бағдарламаларын жазады.
Flash BIOS. Әр компьютерде негізгі енгізу – шығару
командалары жазылған микросхемасы болады. Мұндай жады
қайтадан бағдарламаланатын тұрақты (Flash Memory) деп аталады.
BIOS модулі (Basic Input/Output System — енгізу – шығарудың
базалық жүйесі) бұл – флеш – жадының маңызды микросхемасы.
BIOS - та компьютерді қосқаннан кейін, құрылғыларды автоматты
тестілеу жəне жедел жадыға операциялық жүйені жүктеу
бағдарламалары бар.
Комппьютерді қосқаннан кейін процессор BIOS – та сақталған
микробағдарламаларды оқып, оны орындай бастайды. Бəрінен
бұрын, компьютердің негізгі құрылғыларының - процессордың,
бейнеадаптердің, жедел жадының, реттелген жəне қатарлас
орналасқан порттардың, дискжетектердің, қатқыл диск жəне
пернетақтаның бақылауыштарын жұмысқа қабілеттілігін тексеретін
POST (Power On Self Test) тестілеу бағдарламасы орындала
бастайды:
Ақаулықтар анықталған жағдайда, қысқа жəне ұзын дыбыс
сигналдары ретімен беріледі, бейнеадаптер тексерілгеннен кейін,
тестілеу үрдісі монитордың экранында көрінеді.
POST - тестілеу сəтті аяқталғаннан кейін, BIOS операциялық
жүйенің Master Boot – жүктеуші – бағдарламасын іздеуге кіріседі.
BIOS – тың қазіргі нұсқалары операциялық жүйені иілгіш жəне
қатқыл дискілерден ғана емес, сонымен қатар, CD-ROM, ZIP жəне
LS-120 дискжетектерінен де жүктеуге мүмкіндік береді. Егер,
жүктеуші – бағдарлама табылса, ол жедел жадыға орналастырылады
жəне операциялық жүйеден файлдарды жүктеу үрдісін бастайды.
Құрылғылардың жəне бағдарламалық қамтамасыз етудің тұрақты
жаңартылуын ескере отырып, аналық тақшаның ең неғұрлым
жетілдірілген тақшаларында BIOS ақпаратын қайта бағдарламалау
мүмкіндігі қарастырылған.
CMOS - жады (CMOS RAM). Бұл жады компьютердің
конфигурациясы жəне құрылғыларының құрамы жəне оның жұмыс
режимдері туралы ақпаратты сақтау үшін қолданылады. CMOS RAM
төмен жылдамдықты əрекетке ие жəне батарейкадан энергияны аз
тұтынады. CMOS – тың ішкі мазмұны BIOS – та орналасқан арнайы
бағдарлама Setup –пен (Setup — орнату) өзгереді.
Бейнежады (VRAM). Бейнежады (VRAM) – бұл кодталған
бейнелер сақталатын жедел еске сақтау құрылғысының (ЖЕСҚ) бір
түрі. VRAM - ның ішкі мазмұны процессорға да, мониторға да
қолжетімді, сондықтан, экрандағы бейнелер жадыдағы видео
берілгендердің жаңартылуымен қатар өзгереді.
123
7.3.
Ақпаратты сақтау және жіберу құралдары
Әдетте ақпаратты сақтау деп ұзақ уақытқа сақталуы немесе
сыртқы жадыны айтады.
Сыртқы жадының барлық түрі ақпарат алмасу үшін арналмаған
(мысалы, сыртқы жады деп аталғанмен, винчестер қажет болмаса,
жүйелік блоктан шығарылмайды). Ақпаратты сақтау құралдарының
барлығын қарастырайық: қатқыл (ҚМДЖ) жəне иілгіш (ИМДЖ)
магниттік дискілердегі жинақтауыштар, CD-ROM жəне DVD-ROM –
оптикалық жинақтауыштар, магниттік лентадағы жинақтауыштар
(стримерлер) жəне флеш – брелоктар.
Қатқыл диск. Қатқыл диск (винчестер) (HDD — Hard Disk
Drive) – бұл компьютердің ақпараттық базасының қоймасы. Ол
ақпаратты – бағдарламаларды жəне берілгендерді тұрақты сақтау
үшін қолданылады. Бұл неғұрлым кең таралған үлкен сиымдылыққа
ие еске сақтау құрылғысы. Ондағы ақпарат материалдың магниттік
қасиеттеріне негізделеді. Винчестерлер өте үлкен сиымдылыққа ие.
Неғұрлым кең таралған винчестерлердің сиымдылығы 60... 120
Гбайт.
Қызықты мәлімет
1973 жылы IBM фирмасы 16 Кбайт-қа дейін ақпарат сақтай
алатын, бірінші қатқыл дискіні құрастырды. Ол 30 жолдан тұрды,
олардың əрқайсысы 30 секторға бөлінгендіктен əуелде оған 30/30
деген екіұшты атау берілді. 30/30 калибрлі автоматтық
винтовкалардың аналогына сай, мұндай қатқыл дискілер
«винчестер» деген екінші атқа ие болды.
Жадының барлық түрінің ішінде жалғыз сол ғана ақпаратты
өңдеу үрдісінде қолданылады.
Қазіргі винчестер шпиндель осіне орнатылған бір немесе бірнеше
дискілерден тұрады (жинақтауыштар). Шпиндель арнайы
қозғалтқыш арқылы қозғалысқа түседі. Қозғалтқыштың айналу
жылдамдығы 4 500, 5 400, 7 200 тіпті 10 000 айн/мин –қа жетеді.
Дискілердің өздері, оларға магниттік қабат жалатылған, жоғары
дəлдікпен өңделген пластиналардан тұрады. Дискілердің саны əр
түрлі болуы мүмкін (бірден беске дейін жəне одан да көп), жұмыс
бетінің саны сəйкесінше 2 есе артық болады. Кейде, шеткі
дискілердің немесе олардың біреуінің сыртқы беттері берілгендерді
сақтауға қолданылмайды.
Винчестерді
құрастыру
кезінде
дискілердің
бетіне
концентрациялы шеңберлер формасында қалдықты магниттілік
аймақ қалыптастырады. Магниттік жолдар дегеніміз осы.
Дискілердің барлық жұмыс беттерінде бір – бірінің үстінде
орналасқан мұндай жолдардың жиынтығын цилиндр деп атайды.
Қатқыл дискіге ақпаратты жазатын негізгі бірлік болып табылатын,
124
барлық концентрациялық жолдар доғаларға – секторларға бөлінген.
Бақылаушы тасымалдауышқа қызметтік ақпаратты жазу
барысында болатын, секторларға жəне олардың нөмірленуіне
дискінің цилиндрларының орналасуын анықтайтын операция -
физикалық немесе төмен деңгейлі форматтау деп аталады.
Сонымен қатар, форматтау кезінде дискілердің бетіндегі ақауы бар
секторлар таңбаланады.
Кез келген жинақтауыштың ең маңызды бөлігі оқу – жазу
ұштары болып табылады. Винчестерде магниттік ұштардың саны
жұмыс беттерінің санына тең. Винчестердің дискілері үздіксіз
айналады. Диск айналу кезінде, оның үстінде ауа қабаты
қалыптасады. Дискінің үстіндегі ауа қабаты ұштың 0,5 мкм
биіктігінде тұрып қалу үшін, ауа жастығын қамтамасыз етеді.
Винчестерлер сиымдылық, берілгендерге қолжеткізудің орташа
уақыты, айналу жылдамдығы, берілгендерді жіберу жылдамдығы,
кэш – жады көлемі, тоқтаусыз жұмыстың орташа уақыты сияқты
параметрлермен сипатталады.
Винчестердің
сиымдылығы
форматтауға
дейін
жəне
форматтаудан кейін көрсетілуі мүмкін. Форматтаудан кейін диск
сиымдылығы біршама аз болады. Сиымдылық мегабайттармен
өлшенеді.
Қолжеткізудің орташа жылдамдығы уақыт аралығын анықтайды,
бұл уақыт аралығында тасымалдаушы қажетті берілгендерді табады.
Әдетте, бұл қажетті жолға ұштарды бағыттау үшін қажет уақыт
аралығының қосындысы жəне қажетті секторды күту. Сондықтан,
бұл параметрлерді миллисекундтармен өлшенетін, іздеу уақыты
жəне латенттілік (кешіктіру) уақыты деп атайды.
Дискілердің айналу жылдамдығы (бір минуттағы айналым
өлшемі) диск магниттік ұшына қажетті сектормен бұрылуын талап
ететін латенттілік уақытына əсер тетеді.
Қызықты мәлімет
Дискілер өте үлкен жылдамдықпен айналатындықтан (5 400... 15
000 айн/мин), олар винчестердің ішінде ауаның біршама қозғалысын
тудырады. Мұндай жағдайларда диск ұштары өнімдірек жəне
сенімділеу жұмыс атқару үшін, оларға қанатқа ұқсас өзіндік форма
беріледі.
Қатқыл дискінің (килобайттармен өлшенетін) кэш – жадысының
(ішкі буфердің) көлемі оның өнімділігіне айтарлықтай əсер ете
алады.
Иілгіш диск (дискжетектер мен дискеттер). Иілгіш дискілер
(дискеттер, floppy-disk) бұл компьютерлер арасында берілгендерді
тасымалдау құралы. Олар құжаттар мен бағдарламаларды бір
компьютерден екінші компьютерге тасымалдауға, сол сияқты,
компьютерде тұрақты түрде қолданылмайтын ақпаратты сақтауға
Достарыңызбен бөлісу: |