Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет44/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   116

127 
 
технологиясы қарқынды алмастырып келеді. 
DVD  (Digital  Versatile  Disk  –  əмбебап  сандық  диск)  –  бұл 
компьютерлік  компакт  –  дискілер  мен  тұрмыстық  электроникада 
қолданылатын  VHS  стандартты  магнитті  ленталарды  ауыстыруға 
арналған  дискілердің  жаңа  түрі.  DVD-дискілері  компьютерлік 
компакт  –  дискілермен  (CD-ROM)  салыстырғанда,  үлкен 
сиымдылыққа  ие  жəне  видеобейнелердің  жəне  дыбыстың  біршама 
сапалы жіберілуін қамтамасыз етеді. 
Қызықты мәлімет 
DVD  (Digital  Versatile  Disk  —сандық  көп  мақсатты  диск) 
стандарты  1995  жылы  Mitsubishi,  Philips,  Sony,  Toshiba,  JVC  жəне 
басқа  да  ірі  компаниялардың  күшімен  пайда  болды.  Бұл  диск  түрі 
бейнефильмдерді  жазуға  жиі  қолданылғандықтан,  оны  сандық 
видеодиск - Digital Video Disk деп атай бастады. 
DVD  –  да  қысқа  толқынды  лазер  қолданылады.  Бұл  жазу 
тығыздығын  айтарлықтай  көбейтуге  мүмкіндік  берді.  Бұдан  басқа, 
DVD  ақпаратты  жазудың  екі  қабатты  мүмкіндігін  білдіреді,  яғни, 
компакт  –  дискінің  бетінде  бір  қабат  болады,  оның  үстіне  тағы  бір 
қабат  (жартылай  мөлдір)  жүргізіледі.  Бірінші  қабат  екіншінің 
арасынан қатарласа оқылады. 
DVD-ROM – да (DVD-дискінің компьютерлік нұсқасы) - 4,3 –тен 
17  Гбайт-қа  дейінгі  ақпарат  сияды  (CD-ROM  —  ға  тек  650  Мбайт). 
Жүйеде  MPEG  дискжетек  декодерінің  арнайы  тақшасы  болғанда, 
онда  DVD-ROM  –  ды  компьютер  экранында  DVD-  Video 
дискілерінде  жазылған  кинофильмдерді  шығару  үшін  қолдануға 
болады.  DVD-ROM  дискжетектері  қарапайым  компьютерлік  жəне 
дыбыстық компакт – дискілер оқуға қабілетті. 
DVD- дискілердің бес түрі бар: 
•  DVD5  —  бір  қабатты  біржақты  диск,  сиымдылығы  4,7  Гбайт 
немесе  2 сағаттық видео; 
•  DVD9  —  екі  қабатты  бір  жақты  диск,  сиымдылығы  8,5  Гбайт 
немесе 4 сағаттық видео; 
•  DVD10 — бір қабатты екі жақты диск, сиымдылығы 9,4 Гбайт 
немесе 4,5 сағаттық видео; 
•  DVD14  —  екі  жақты  диск  (бір  жағында  екі  қабат,  екінші 
жағында  бір  қабат)  сиымдылығы  13,24  Гбайт  немесе  6,5  сағаттық 
видео; 
•  DVD18  —екі  қабатты  екі  жақты  диск,  сиымдылығы  17  Гбайт 
немесе 8 сағатқа жуық видео. 
DVD18  диск  құны  өте  жоғары  болғандықтан  жəне  дайындау 
технологиясының күрделілігіне байланысты аз таралған. DVD5 жəне 
DVD9 дискілері өте кең таралған. 


128 
 
DVD-дискілерде  қазір  тек  фильмдерді  ғана  емес,  сонымен  қатар, 
музыканы  да  (DVD-Audio  деп  аталатын)  жəне  бағдарламалар  жинағын 
да табуға болады. 
Магнитті 
лентадағы 
жинақтауыштар 
 
(стриммерлер). 
Ақпараттың  үлкен  көлемін  резервтік  көшіру  үшін  стример  (tape  
streamer)  қолданылады.  Тасымалдауыш  ретінде  магниттік  лентасының 
сиымдылығы 8 ... 12 гбайт жəне шағын кассеталар қолданылады. 
Ақпаратты  жазу  алдында  автоматты  түрде  тығыздауға  мүмкіндік 
беретін аппараттық сығу құралдары жəне оны оқыған соң қайта қалпына 
келтіретіндіктен, стримерлер ақпараттың үлкен көлемін сығылған күйде 
жазуға  мүмкіндік  береді.  Стримерлердің  кемшілігіне  жазудың,  іздеудің 
жəне ақпаратты оқудың төмен жылдамдығы жатады. 
Флеш  –  брелоктар.  USB-интерфейсімен  (USB-брелоктар)  флеш  – 
жады  құрылғылары  жəне  USB  -  қосқышы  бар  флеш  –  жады  картасы 
ыңғайлы  құрал  болып  табылады,  алайда,  олардың  құны  өте  жоғары. 
Олар  қолданушылар  арасында  кең  танымалдылыққа  ие,  себебі  олар 
шағын  жəне  салыстырмалы  түрде  үлкен  сиымдылыққа  ие  (64  Мбайт  - 
тан 8 Гбайт – қа дейін). 
Ақпаратты  сақтау  сенімділігі.  Сандық  тасымалдауыштар 
зақымдалуға  бейім.  Магнитті  немесе  оптикалық  дискілердегі 
берілгендердің  1  битін  жоғалтудың  өзі  файлды  оқуға  мүмкіндік 
бермейді, яғни, берілгендердің үлкен көлемі жоғалуына əкеліп соғады. 
CD  жəне DVD дискілері  механикалық  зақымдануға бірдей  сезімтал. 
Алайда,  жазудың  жоғары  тығыздығынан    DVD-дискіде    жоғалулар 
едəуір көп болады. 
Сандық тасымалдауыштар 100 жыл бұрын пайда болды, сондықтан, 
адамзатта  оларды  сақтаудың  мыңжылдық  тəжірибесі  əлі  жоқ.  Алайда, 
ақпараттың 
сақталуын 
зерттеуші 
мамандар 
оптикалық 
тасымалдауыштар  дұрыс  сақталған  жағдайда,  жүздеген  жылдар  бойы 
ақпаратты  сақтауға  қабілетті,  ал  магнитті  тасымалдауыштар  он  шақты 
жыл сақтай алады деп есептейді. 
 
7.4. 
Дискілерде ақпаратты орналастыру 
Винчестердің логикалық құрылымы. Қатқыл дискінің физикалық 
форматталуы 
өндірушілермен 
орындалады 
жəне 
магнитті 
пластиналардың беттерін жолдар мен секторларға бөледі. 
Жолдар – бұл магниттік беттерде оқу – жазу ұштарымен жазылатын 
концентрлік  шеңберлер.  Жолдар  нөлден  ортаға  қарай  бағытталып 
нөмірленеді. 
Жодар  өз  кезегінде,  белгілі  ақпарат  мөлшерін  құрайтын, секторлар 
деп  аталатын  шағын  аймақтарға  бөлінеді.  Сектордың  кəдімгі  мөлшері 
512 байтты құрайды. 
Қатқыл  дискінің  минималды  адрестелетін  элементі  құрамында 
бірнеше    секторы    орналасқан    кластер    болады.    Кластер   өлшемі 


129 
 
қолданылатын  FAT  кестесінің  типіне  жəне  қатқыл  дискінің 
сиымдылығына тəуелді. 
Логикалық  форматтау.  Физикалық  форматталған    қатқыл    диск 
жаңа  дискіні  қолдану  алдында  логикалық  форматталған  болу  керек. 
Дискіде қызметтік ақпаратты сақтау үшін, бұл құрылғымен жұмыс істеу 
үшін, операциялық жүйеге қажетті белгілі бөлігі резервтелуі керек. Бұл 
аймақтардың  құру  жəне  толтырылу  үрдісі  логикалық  форматтау  деп 
аталады. Іс жүзінде кез келген қатқыл дискіде басты жүктеуші секторы, 
FAT (File Allocation Table) файлдарының орналасу кестесі жəне түбірлік 
каталог бар. 
Логикалық  форматтау  дискіде  файлдық  жүйені  орналастырумен 
байланысты;  бұл  жағдайда,  түрлі  операциялық  жүйелер  əр  түрлі 
файлдық жүйелерді FAT 16, FAT 32, N
T
F
S
, LinuxExt қолдана алады. 
Барлық  файлдық  жүйелер  берілгендерді  сақтау  жəне  басқаруға 
арналған  қажетті  құрылымдардан  тұрады.  Бұл  құрылымдар,  əдетте, 
операциялық  жүйенің  жүктеуші  жазбасынан,  бумалардан  жəне 
файлдардан құрылады. 
Файлдық жүйе келесі негізгі функциялардан тұрады: 
• 
бос жəне бос емес орындарды, сонымен қатаре нашар секторларды 
қадағалау; 
• 
бумалар мен файлдарды қолдау; 
• 
дискіде файлдардың физикалық орналасуын бақылау. 
Windows  95/98/ME  операциялық  жүйелерімен  FAT  16  файлдық 
жүйесі  кең  қолданылады.  Ол  Windows  NT/2000/XP  операциялық 
жүйелерімен  де  қолданыла алады.  FAT16  файлдық  жүйесі  128  секторы 
көлеміндей 65 536 кластерді адрестей алады, сондықтан, көлемі 4 Гбайт- 
қа жуық дискілер үшін қолданылады. FAT 16 файлдық жүйесінің басты 
ерекшеліктері  файлдар  жəне  кластерлерді  бөліп  орналастыратын  кесте 
болып  табылады.  Кластер  -  FAT  16  –  да  ақпаратты  сақтаудың 
минималды бірлігі. Бір кластерде секторлардың белгіленген саны, екінің 
қабаттылық  дəрежесі  бар.  FAT  қай  кластерлер  бос,  қайсысы  бос  емес, 
қайсысы нашар екендігі туралы ақпаратты сақтайды, сонымен қатар, қай 
файлдар қай кластерлерде сақталатындығын анықтайды. 
FAT  16  файлдық  жүйесі  4  Гбайт  –  қа  жететін  максималды  өлшемі, 
максималды  кластерлері  (65525)  жəне  кластердің  максималды  өлшемі 
бар. 
FAT  16  файлдық  жүйесінде  түбірлі  бумасы  бар,  бірақ,    басқа 
файлдық  жүйелерден  айырмашылығы  -  ол  арнайы  орында 
орналастырылады жəне оның шектелген бөлімі болады. 
FAT 32 файлдық жүйесі үлкен көлемді дискілер үшін қолданылады, 
өйткені,  4  млрд  –  тан  астам  4  Кбайт  көлемі  бар  кластерлерді  адрестей 
алады.  FAT  32  –  нің  FAT  16  –  дан  басты  айырмашылығы  -  28  –  - 
разрядты  кластер  нөмірлері  жəне  өлшеммен  шектелмейтін  түбірлі 
буманың біршама икемді ұйымдастырылуы. 
FAT 32 пайда болу себебі үлкен қатқыл дискілерді (8 Гбайт – тан 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау