Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет101/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   116

298 
 
Сонымен қатар, берілгендерді сұрыптауды жасауға болады, мысалы, өсу 
реті бойынша. 
Жаңаруға  арналған  сұраныс  кесте  өрістерінде  есептеулер  жүргізуге 
мүмкіндік береді. Үнсіз келісім бойынша таңдаумен сұраныс құрылады. 
Есептеулерді  ұйымдастыру  үшін,  Конструктор  режимінде  сұраныс 
түрін  (Сұраныс/Жаңару)  өзгерту  керек  жəне  пайда  болған  «Жаңару» 
жолының  сəйкес  өрісіне  есептеу  формуласын  енгізу  керек.  Мысалы, 
тауардың  құнын  есептеуде,  Бағасы  жəне  Саны  өрістері  бар  болғанда, 
Барлығы  өрісіне  [Бағасы]*[Саны]  формуласын  енгізу  керек.  Өрістер 
атаулары төртбұрыш жақшаға алынатынына назар аударыңыз. Формула 
сандар мен стандартты функциялардан тұруы мүмкін. 
Таңдаумен  сұраныс  құру  барысында  өрістің  сомалық  мəнін  есептеу 
үшін,  топтық  операцияларды  беріңіз  (Көрініс/Топтық  операциялар)  
жəне  Sum  сəйкес  функциясын  таңдаңыз.  Дəл  осылай,  орташа  мəнді 
(Avg)  есептеу  жəне  минималды  жəне  максималды мəндерін  (Min,  Max) 
таңдау жүзеге асырылады. 
 
 
12.4.3. 
Формалар 
 
Microsoft  Access-тің  үшінші  маңызды  обьектісі  формалар  болады. 
Қолданушы МҚБЖ-мен формалар арқылы байланыс жасайды жəне бұл 
кезде бағдарлама, іс жүзінде, қандай жұмыс орындап жатқанын білмеуі 
де  мүмкін.  Ендеше,  қолданушылық  формасы  қаншалықты  сəтті 
жобаланған болса, МҚБЖ-ін құру соншалықты ыңғайлы болады. 
Microsoft  Access-гі  формалар  екі  негізгі  функцияларды  орындайды: 
біріншіден,  қолданушыға  нақты  МҚБЖ-да  сақталатын  берілгендермен 
жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді;  екіншіден,  МҚБЖ-нің  əр  түрлі 
дискретті  модульдерін  бірге  байланыстыруға  мүмкіндік  береді, 
белгіленген  жұмыс  үшін,  оларды  біртұтас  аяқталған  құралға 
айналдырады. 
Microsoft  Access  қабылданған ережелерге  сəйкес,  барлық  формалар, 
олар  неге  қатысты  болса  да,  құрылады,  редактрленеді  жəне  Microsoft 
Access  –  тың  жұмыс  аймағындағы  Форма  ішкі  терезесінде  ғана 
сақталады. 
Жаңа  форманы  құрастыру  үрдісі  көп  жағынан  жаңа  сұранысты 
немесе  кестені  құрастыру  үрдісін  еске  түсіреді.  Бəрі  Құру  экрандық 
батырмасын  басудан  басталады.  Microsoft  Access  МҚБЖ-сі  алдағы 
жұмысты максималды жеңілдетуге жəне қолданушыдан қара жұмыстың 
көп  бөлігін  алып  тастауға  бағытталған  кезекті  шебер  бағдарламасын 
бірден  жүктейді  (12.15-сурет).  Шебер  –  бағдарламаларын  қолдану 
Microsoft  Access  МҚБЖ-ін  тек  кəсіби  мамандар  үшін  ғана    емес, 
сонымен қатар, қолданушылар үшін де қолжетімді қылады. 


299 
 
 
12.15.-сурет. Форма құру жəне берілгендер көздерін таңдау 
нұсқасы 
 
Пайда  болған  форма  құру  шеберінің  міндеті  –  нақты    қандай 
форманы  құру  күтілуде  жəне  болашақта  ол  қандай  берілгендермен 
жұмыс  істейтінін  анықтау.  Шебердің  жұмыс  терезесі  екі  компоненттен 
тұрады:  форманың  өзінің  мүмкін  болатын  нұсқаларының  тізімі  жəне 
ашылатын тізіммен өрістің төменгі жағында орналасқан нұсқасы. Онда 
жұмыс  нəтижесі  алдағы  уақытта  қай  кестеге  немесе  сұранысқа 
сүйенетінін көрсету керек. 
Форма  өзінде  нақты  берілгендері  бар  обьектілермен  ғана  жұмыс 
істейді. Мұндай обьектілер Microsoft Access-те екеу: кесте мен сұраныс. 
Ендеше, 
форма 
кесте, 
сұраныс 
немесе 
олардың 
белгілі 
комбинациясының  негізінде  құрылады.  Соңғы  нұсқасында  күрделі 
формалар қолданылады. 
Microsoft  Access  бұл  тізімге  автоматты  түрде,  бұл  МҚБЖ-де  бар, 
барлық  кестелер  мен  сұраныстардың  аттарын  қосады.  Бір  жағынан  бұл 
ыңғайлы,  себебі,  қажетті  обьектіні  іздеу  үшін,  көмекші  операциялар 
санын  азайтады,  бірақ,  басқа  жағынан  бұл  кестелер  мен    сұраныс 
аттарын қоюға ерекше талаптарды қояды, себебі, ашылатын тізімде тек 
аттары  ғана  келтіріледі,  ал  бұл  кесте  ме  əлде  сұраныс  па  
нақтыланбайды. 
Берілгендер  көздерін  таңдаған  соң,  шеберге  алдағы  операциялар 
реттілігін  көрсету  керек,  себебі,  əр  түрлі  типті  формалар  үшін,  оның 
шамалы айырмашылығы болады. Барлығы мүмкін болатын тоғыз нұсқа 
бар. 
Конструктор нұсқасын белсенді ету белгілі жұмыс дағдысын талап 
ететін,  форманы  толығымен  қолмен  жасайтын  модульге  ауысуға  
əкеледі. 
Формалар шебері нұсқасы жеткілікті күрделі емес нəтиже алу талап 
етілген  жағдайда  қолданылады,  бірақ  келесі  типтік  шешімдердің 
нұсқаларының  арасында  ол  жоқ.  Формалар  шебері  жеткілікті  кең 
аумақта  эксперимент жасауға  мүмкіндік береді,  тіпті  артқа  бір немесе 


300 
 
бірнеше кезеңдерге қайтуға, алайда, бұл жағдайда өзіне бүкіл қара 
жұмысты алады. 
Баған  бойынша  автоформа  нұсқасы,  Microsoft  Excel-де  сіз 
мəліметтер  қоры  ретінде  кестелерді  көрсету  режимін  қосқан  кездегі 
электрондық кестелер мен құрылатын форманы еске түсіреді. Шебер 
берілгендер  көздері  болып  қызмет  көрсететін,  тірек  кестесіне 
сұрақтар қояды, ондағы бар өрістердің тізімін алады жəне өз бетінше 
экран  формасын  құрады.  Экран  формасында  барлық  өрістер 
бағанмен бірінің астында бірі орналасқан жəне олар тірек кестесінде 
немесе  сұраныста  қалай  орналасса,  сол  ретпен  жүреді.  Мұндай 
шешімдердің  қажеттілігі  өте  жиі  туындайды,  сондықтан, 
құрастырушылар  бұл  нұсқаны  стандарттауға  шешім  қабылдаған 
жəне арнайы шебер ойлап тапқан. 
Дəл  осылай  ленталық  форма  нұсқасы  пайда  болды.  Оның 
жұмысының  нəтижесі  -  форма  болады,  сыртынан  ең  қарапайым 
кестеге  ұқсас,  бірақ  стильді  безендірілген.  Бұл  нұсқаны  экранға 
таңдау-сұраныс  жұмысының  қорытындыларын  шығару  үшін, 
қолданған  ыңғайлы.  Нəтижесінде,  кез  келген  кестеде  болатындай 
белгілі бір түрде өзара байланысқан берілгендердің саны шығады. 
Кестелік автоформа нұсқасын белсенді ету форманы кесте 
түрінде құруға əкеледі. Бұл нұсқаны тəуелді формалардың құру 
барысында қолданады, соңынан, олар басқа формаларға орнатылады. 
Автоформа:қорытынды кесте жəне Автоформа:қорытынды 
диаграмма  қорытынды кесте жəне диаграмма режимінде  автоматты 
түрде форманы құруға əкеледі. 
Диаграмма  нұсқасы  нақты  цифрлардың  өзі  емес  жалпы  түрі 
маңызды  болатын  жағдайларға  арналған.  Оны  диаграмма  түрінде 
қорытынды  түрін  көрнекі  түрде  көрсету  қажет  болғанда  қолданады, 
əсіресе оны иллюстрация түрінде берілуі аса маңызды болса. 
Қорытынды  кесте  нұсқасы  –  бұл  Microsoft  Office  қолданбалы 
пакетінің  əр  түрлі  компоненттерінің  өзара  тығыз  əрекеттесуінің 
көрнекі  түрде  жүзеге  асырылуы  болып  табылады.  Анықтаманың 
өзінен  көрінетіндей,  кез  келген  МҚБЖ  –  сі,  ең  алдымен  ақпаратты 
жинақтауға 
жəне 
онымен 
тез 
жұмыс 
істеуге 
арналған. 
Сараптамашылар  үшін,  барлық  жерде  де  тек  қорытынды  ақпарат 
шешімді  мəнге  ие  болады,  бірақ,  ол  максималды  ыңғайлы 
ұйымдастырылған  болғаны  жақсы.  Бұл  сипаттағы  ең  көрнекі  жəне 
жиі  қолданылатын  шешім  қорытынды  кесте  болып  табылады. 
Қолданушыны  МҚБЖ-нен  электрондық  кестеге  берілгендерді 
экспорттаудың  жəне  олардың  кейіннен  өңделуінің  соншалықты 
созылмалы  процедурасынан  босату  үшін,  Microsoft  Access  –  те 
қорытынды  кесте  нұсқасы  қарастырылған.  Оны  қолданудың 
нəтижесінде,  барлық  аралық  қадамдарды  айналып  өтіп,  кестеден 
немесе  сұраныстан  бірден  Microsoft  Excel    форматындағы 
қорытынды кесте пайда болады, бұл өте ыңғайлы. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау