Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет9/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   116

2

 
ақпараттың жоғалуы сөзсіз, сондықтан, дыбыс жазудың сапасы 
əдетте  тым  қанағаттанарлық  болмайды  жəне  қарапайым 
электромузыкалық  құралдардың  дыбыс  сапасына    сəйкес 
келеді. 
Кестелік  –  толқындық  синтез  әдісі  (Wave-Table)  –  қазіргі 
техниканың  даму  деңгейіне  өте  жақсы  сəйкес  келеді.    Алдын 
ала  дайындалған  кестелерде  көптеген  түрлі  музыкалық 
құралдарға  арналған  дыбыстардың  үлгілері  сақталады. 
Техникада  мұндай  үлгілерді  сэмплами  деп  атайды.  Сандық 
кодтар  құралдың  типін,  оның  моделінің  нөмірін,  тонның 
жоғарылығын,  дыбыстың  ұзақтығы мен  интенсивтілігін,  оның 
өзгеру динамикасын, дыбысталу болып жатқан ортаның кейбір 
параметрлерін,  дыбыстардың  ерекшеліктерін    сипаттайтын 
басқа да параметрлерді білдіреді. 
Бұл  əдісті  қолданғанда  дыбыс  сапасы  өте  жоғары  жəне 
нағыз музыкалық құралдардың дыбыс сапасына жақын болады. 
 
1.6. 
Ақпараттық үрдістер және АТ-технологиялар 
 
Ақпараттық  үрдістер.  «Ақпарат,  ақпараттық  технологиялар 
туралы жəне ақпаратты қорғау туралы» 27.07.2006 жылғы № 149-ФЗ 
Федералдық  заңда  ақпараттық  үрдістер  мен  ақпараттық  жүйелер 
туралы ұғымға анықтама беріледі. 
Ақпараттық  үрдістер  –  ақпаратты  жинау,  өңдеу,  жинақтау, 
сақтау, іздеу жəне тарату үрдістері. 
Ақпараттық жүйе – мəліметтер қорындағы ақпараттың жəне ол 
ақпаратты  өңдеуді  қамтамасыз  ететін  ақпараттық  технологиялар  
жəне техникалық құралдар жиынтығы. 
Түрлі  ақпараттық  үрдістер  əр  түрлі  құрылғылар  мен 
технологияларды  қолдануы  мүмкін  болғандықтан,  ақпараттық 
жүйелерді  құрастырған  кезде,  ақпараттық  үрдістерді  бір  -  бірінен 
ажыратып  жəне  оларды  жекелей  сипаттап  отыру  қажет.  Мысалы, 
бастапқы  ақпаратты  жинау  үшін  құжаттар,  əр  түрлі  техникалық 
құрылғылар  (датчиктер),  компьютерлік  экрандық  формалар 
қолданылуы  мүмкін.  Берілгендерді  компьютерлік  өңдеуде,  қазіргі 
дербес  компьютерлерде  саны  оншақты  (орталық,  графикалық, 
принтерлік жəне т.б.) процессорлар қолданылады. 
Ақпаратты  сақтау  қағазда  құжат  түрінде,  сонымен    қатар 
магнитті,  оптикалық  жəне  басқа  тасымалдауыштарды  қолдану 
арқылы  электронды  түрде  бола  алады.  Ақпаратты  тасымалдайтын 
жəне  оны  сақтайтын  дискеттер,  дискілер,  флэш-жадылар,  сонымен 
қатар  компьютерлік   желілер  жəне   байланыс  желілері   ақпаратты 


26 
 
жіберуге де қолданылады. 
«Ақпараттық  технология»  туралы  ұғым.  Кез  келген 
ақпараттық үрдістер тіркеу, жинау, жіберу, сақтау, өңдеу, ақпаратты 
беру  жəне  басқару  шешімдер  қабылдайтын  процедураларды 
атқарады.  Ақпараттық  технологиялар  (гректің  techne  –  өнер, 
шеберлік,  білік)  –  əр  түрлі  ақпараттық  жүйелерде  бұл 
процедураларды іске асыратын құралдар мен əдістерді ұсынады. 
Әдетте,  технология  түсінігі  өндірісте  қолданылады  жəне 
материалдарды  өңдеу  тəсілдерінің  өзара  байланыс  жүйесі  жəне 
өндірістік  үрдісте  өнімді  дайындау  тəсілдерінің  жүйесі  ретінде 
анықталады.  Ақпараттық  технологиялардың  ерекшелігі  -  бастапқы 
да,  соңғы  да  еңбек  өнімі  ақпарат  болып  табылады,  ал  еңбек  құралы 
компьютерлік техника жəне телекоммуникация құралдары. 
Ақпаратпен 
операциялар 
орындауда 
есептеуіш 
техника 
құралдарын  қолданумен  байланысты  «Ақпараттық  технология» 
термині  соңғы кездері кең таралды. 
Ақпараттық  технологиялар  –  үрдістер,  ақпаратты    іздеу, 
жинақтау,  сақтау,  өңдеу,  ұсыну,  тарату  жəне  мүндай  үрдістер  мен 
əдістерді іске асыру тəсілдері. 
Ақпараттық  технология  мақсаты  –  соңында  анализ  жасау  үшін 
ақпарат  шығару  жəне  соның  негізінде  қандай  да  бір  іс  –  əрекетті 
орындауға шешім қабылдау. 
Ақпараттық  технологиялар  аппараттық  құралдарға  жəне 
бағдарламалық  өнімдерге  негізделеді.  Аппараттық  құралдар  тірек 
технологияларының  қатарына  жатады,  яғни  оларды  адам  іс  – 
əрекетінің кез келген саласында қолдануға болады. 
Ақпараттық  ресурстар  –  қоғамдық  өндірісте  жəне  басқаруда 
пайдаланылатын  адам  іс  –  əрекетінің  тəжірибелік  үрдісінде  
алынатын  мəліметтер.  Ақпараттық  ресурстарды  іске  асыру  үрдісі 
өндіру,  тарату,  сақтау  жəне  қолдану  фазаларынан  жинақталады. 
Қажетті  ақпараттық  ресуртарды  жедел  қолдану  өнімнің  көлемін 
көбейтуге жəне оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 
Сонымен,  ақпараттық  технология  компьютерде  сақталған 
берілгендермен,  əр  түрлі  операцияларды  орындауда  нақты 
регламенттелген  ережелерден  тұрады,  ал  ақпараттық  жүйе  – 
компьютерлер,  компьютерлік  желілер,  бағдарламалық  өнімдер, 
мəліметтер қоры, əр түрлі техникалық жəне бағдарламалық байланыс 
құралдары  жəне  қызмет  көрсететін  персонал    теңқұқықты 
элементтері бар орта болады. 
Ақпараттық  жүйенің жұмыс  істеуі  оған  негізделген ақпараттық 


2

 
технологияны білмейінше мүмкін емес, ал ақпараттық технология 
ақпараттық жүйе саласынан тыс бола алады. 
Ақпараттық  технология  түрлері.  Автоматтандыру  деңгейіне 
қарай  қолмен  атқарылған,  автоматтандырылған  жəне  автоматтық 
ақпараттық технологияларды бөліп қарастыруға болады. 
Ақпаратты  жинау,  өңдеу  жəне  жіберу  процедуралары  қолмен 
атқарылған  ақпараттық  технологиялар  алғашқы  болып  табылады. 
Ұзақ уақыт өзінің баяу дамуымен олар қоғамды қанағаттандырды. 
Қазіргі  қоғам  мен  бизнестің  даму  деңгейі  ақпараттық 
технологияларға  жаңа  талаптар  қояды,  соның  ішінде,  ақпаратты 
жіберу  жылдамдығы,  уақытылы  жеткізілуі,  сонымен  қатар  оның 
шынайылылығы мен өзектілігінің сақталуы жатады. 
Ақпаратпен жұмыс істеуде жаңа технологиялардың пайда болуы 
ең  əуелі  компьютерлік  технологияларды  қолданумен  байланысты. 
Басқару 
жүйелерінде 
автоматтандырылған 
ақпараттық  
технологиялар  кең  таралған,  оларда  ақпаратты  жинау,  өңдеу  жəне 
жіберу автоматты түрде жүргізіледі, ал шешімді адам қабылдайды. 
Автоматтандырылған  ақпараттық  технологияларда  ақпаратты, 
тіркеу 
жəне 
өңдеу 
технологиялық 
процедуралары 
толық 
автоматтандырылған,  технологиялық  үрдісті  басқару  да  автоматты 
түрде  жүргізіледі.  Әдетте,  мұндай  автоматты  ақпараттық 
технологиялар өндірістік жүйелерде қолданылады. 
Ақпараттық 
технологияларды 
қолдану 
салалары. 
Ақпараттандыру  бірте  –  бірте  өркениеттің  негізгі  діңі,  негізі  жəне 
технологиялық іргетасы болып қалыптасты. 
Неліктен  біз  қазір  ақпараттандыру  туралы  өркениет  дамуының 
ерекше факторы ретінде айтамыз? Себебі, қоғам өмірінде ақпараттық 
үрдістердің  рөлі  барған  сайын  өсіп  келеді.  Бүгінде,  ақпарат 
адамзаттың 
стратегиялық 
ресурсына 
айналды, 
қолданыста 
азаймайды,  керісінше  көбейе  беретін  жалғыз  ресурс    болып 
табылады. 
Адам іс – əрекетін қолдау жүйелері ақпараттық технологияларды 
қолдану  салалары  (басқару,  коммерциялық,  өндірістік),  тұтыну 
электроникасы  жəне  əр  түрлі  қызмет  көрсету  (байланыс,  көңіл 
көтеру) болып табылады 
Қазіргі  ақпараттық  технологияларды  қолданудың  маңызды 
салалары  кеңседегі  іс  жүргізу,  экономикалық  жəне  статистикалық 
есптеулер,  жобалық  –  конструкторлық  жұмыстар,  баспа  қызметі, 
компьютерлік жаттықтырушылар, технологиялық үрдістерді басқару 
жəне  компьютерлік  желілерді  қолдану  негізінде ұйымдастырылған 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау