3
1
«нағыз» көпміндеттілікпен, MS-DOS-пен толық сəйкесетін OS/2
(Operating System 2) операциялық жүйесін, сонымен қатар, MS-DOS
4.0 графикалық интерфейсі бар нұсқасын да құрастыра бастады.
1989 жылы Intel компаниясы 386 процессордан, 387
математикалық сопроцессорынан жəне кэштың кіріктірілген
бақылаушысынан (386 – шы сопроцессормен салыстырғанда
өнімділіг 2,5 есе жоғары) тұратын 80486 процессорын шығарады.
1991 жылы - MS-DOS 5.0 құрамына DOS қабықшасының
жақсартылған нұсқасы қосылды.
1992 жылы Intel компаниясы i586 (өнімділігі 486-ға қарағанда 2,5
есе жоғары) процессорын шығарады. IBM OS/2 жүйесін дамытады.
Windows пайда болып, кең танымал бола бастайды.
1992 жылы - MS-DOS 6 нұсқасы шығарылды. «Мультимедиа»
ұғымы пайда болды. Компакт – дискілерге арналған дисковод,
дыбыстық тақшалар жəне колонкалар жаңа дербес компьютерлердің
стандартты құрылғылары бола бастады.
1994 жылы – Intel компаниясы 100 МГц жиілікпен бірінші
процессор шығарды. Compaq компаниясы компьютер шығаратын ірі
өндіруші болып қалыптаса бастады.
1995 жылы – Microsoft компаниясы Windows 95 (шартты атауы
«Chicago») шығарды. Өзіне тəн ерекшелігі – 32-разрядты
архитектурасы.
1997 жылы – микропроцессордың жиілігі 200 МГц-тен асады.
CD-ROM-дискжетектері мен Интернетке қосылу компьютерлердің
стандартты жабдығы болып есептеледі.
1998 жылы – процессордың жиілігі 450 МГц –тен асып,
қарқынды өсе бастайды. Аналық тақшаның жиілігі 100 МГц-ке
жетеді. Мультимедиялық жабдықтар мен Интернетке қосылу жаңа
дербес компьютерлердің (ДК) стандарты болып қалыптасады. USB
(Universal Serial Bus) шинасы пайда болады. Windows 98 көптеген
жаңа дербес компьютерлер үшін стандартты операциялық жүйеге
айналады.
1999 жылы – AMD компаниясы Intel компаниясының Pentium III
микросхемасының өнімділігінен асатын, Athlon микросхемаларын
шығарады.
2000 жылы – Microsoft компаниясымен жаңа Windows Me жəне
Windows 2000 операциялық жүйелерінің құрылуы.
2001 жылы – Microsoft компаниясымен, DOS –тан бөлек,
Windows ХР бірінші ОЖ-нің құрастырылуы.
2007 жылы – Microsoft компаниясымен Windows Vista-ның
құрылуы.
2009 жылы – Microsoft компаниясы Windows 7 операциялық
жүйесін шығарады.
32
Бақылау сұрақтары
1. «Ақпарат» ұғымына анықтама беріңіз.
2. Ақпарат оны тасымалдауышта қандай түрде ұсынылады?
3. Ақпарат тасымалдауыштардың қандай түрлерін білесіз?
4. Ақпаратты кодтаудың мəні неде?
5. Неліктен ақпаратты өңдеуде кодтау қолданылады?
6. Мəтін символдарын қалай кодтайды?
7. Суреттерді қалай кодтайды?
8. Дыбыстарды қалай кодтайды?
9. Негізгі ақпараттық үрдістерді атаңыз.
10. Ақпараттық үрдістердің орындалуын қамтамасыз ететін
құралдарды атаңыз.
11. Ақпараттың əр түрлі қасиеттерін білдіретін мысалдарды келтіріңіз.
12. «Ақпараттық технология» терминін түсіндіріңіз
13. Қазіргі ақпараттық технологиялардың ерекшеліктері неде?
14. Ақпараттық технологияларды қолданудың қандай салаларын
білесіз?
15. Есептеуіш техникасы дамуының негізгі кезеңдерін атаңыз.
3
3
2
Т а р а у
АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Адамзат өркениетінің басында, 4 000 жылдай бұрын, сауда
келісімдерін іске асыруға мүмкіндік беретін, астрономиялық
циклдарды есепке алатын жəне басқа есептеулерді жүргізетін
біршама күрделі санау жүйелері ойлап табылды. Бірнеше мыңдаған
жылдардан кейін бірінші қолмен есептеу құралдары пайда болды.
Қазіргі кезде күрделі есептеу тапсырмаларын шешуді жəне басқа да
көптеген операцияларды, олар санмен байланыссыз болса да
орындау, компьютердің көмегінсіз елестету мүмкін емес.
Әуелде есептеуіш техника сандық есептеулерге арналып
шығарылды, алайда, олардың басқа да ақпарат түрлерін өңдей
алатындығы анықталды. Қазір компьютерлердің көмегімен сандық
есептеулер ғана жүргізілмейді, сонымен қатар баспаға кітаптар
əзірленеді, суреттер, кинофильмдер, музыкалық шығармалар
құрастырылады, заводтарды жəне космос кемелерін басқару жүзеге
асырылады.
Өңдеудің компьютерлік технологиялары тек сандық түрде
көрсетуге болатын ақпаратқа қолданылады. Сонымен қатар,
компьютер ақпараттың қажетті түрін сандық формадан жəне
керісінше, түрлендіруге арналған құралдармен қамтамасыз етілуі
тиіс.
Бүгіндері компьютерлер адам қолданатын ақпараттың көптеген
түрлерін - мəтінді, сандарды жəне мəліметтер қорларын (реттелген
сандық ақпараттың үлкен массивтері), графиктерді, түстерді,
дыбыстарды өңдейтін əмбебап құралға айналды.
2.1.
Компьютер — ақпараттық технологияның негізі
Компьютерлерді қолдану салалары. Егер жер шарындағы
халықтың бəрін алдын ала есептеу техникаларына оқып – үйретіп,
есептеулерге отырғызса, онда олар
қазіргі компьютерлер
орындайтын есептеулердің жүзден бір бөлігін де орындай алмайды.
Есептеу техникасы математика, кибернетика, физика, химия,
биология, материалтану жəне ғылымның көптеген басқа да
салаларында ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындауды мейлінше
тездетті. Ол өндірісті автоматтандыру саласында, есепке алу жəне
бақылау жүйелерін ұйымдастыруда, жоспарлау жəне басқару
саласында сапалы серпіліс жасауға мүмкіндік ашты.
Алайда, компьютерлік техника тек қана есептеулерге ғана
қолданылмайды. Компьютерлер жобалау жəне конструкторлау
Достарыңызбен бөлісу: |