Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет12/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   116

34 
 
технологиясын  жаңа,  жоғары  деңгейге  көтеруге  көмектесті.  Олар 
ақпараттық анықтамалық жəне диспетчерлік жұмыста қолданылады. 
Ақпараттық технологиялар білім беру, денсаулық сақтау салаларына, 
сонымен қатар, өнер мен спортқа да енді. 
Өндірістің,  ғылымның  немесе  қызмет  көрсетудің  кез  келген 
саласында  компьютерлер  адамның  еңбегін  жеңілдетеді  жəне  оның 
өнімділігін көтереді. 
Компьютерлердің  танымалдылығының  себептері.  Дербес 
компьютерлердің  танымалдылығының  бұлайша  шапшаң  өсуінің 
себептері  неде?  Алғашқы  себептерінің  бірі  -  олардың  құнының 
жоғары еместігі, сонымен қатар: 
•  бағдарламалармен  диалаогтык  жəне  интерактивтік  өзара 
байланысы, 
олардың 
ыңғайлы 
интерфейсімен 
(мəзір, 
пиктограммалар,  əрқашанда  қолжетімді  нақты  көмек  т.б.) 
қаматамасыз етілген қолданудың қарапайымдылығы; 
•  компьютердің  шынайы  дербестігі,  яғни,  аралықсыз  жəне 
шектеулерсіз өзара қатынас мүмкіндігі; 
•  ақпаратты 
өңдеудегі 
салыстырмалы 
түрдегі 
жоғары 
мүмкіндіктері  (есептеу  жылдамдығы  секундына  бірнеше  миллион 
операцияларды  құрайды,  жедел  жадының  жəне  сыртқы  ақпарат 
тасымалдауыштарының үлкен көлемі); 
•  компьютер  компоненттерінің  интеграциясына  негізделген 
жөндеудің мүмкіндігі жəне қарапайымдылығы; 
•  компьютерді  қолдану  ерекшеліктеріне  кеңейту  жəне  бейімделу 
мүмкіндігі,  бір  компьютер  əр  түрлі  сыртқы  құрылғылармен жəне  əр 
түрлі бағдарламалармен жабдықталуы мүмкін болған жағдайда; 
•  адам  іс  –  əрекетінің  барлық  саласын  қамтитын  бағдарламалық 
қамтамасыз етудің болуы; 
•  жаңа  бағдарламаларды  құрастыратын  мықты  жүйелердің 
болуы; 
Сонымен,  дербес  компьютер  орасан  зор  технологиялық 
мүмкіндіктерге ие болады. Бұған қарамастан дербес компьютер адам 
баласының миы емес. Бұл өзінің еңбегін жеңілдетуге жəне табиғатқа 
билігін күшейтуге адам баласы ойлап тапқан тағы да бір құрал, тағы 
бір  құрылғы.  Компьютер  электр  кернеуінің  импульстарына  асқан 
жылдамдықпен жауап беретін өте маңызды қасиетке ие. 
Ақиқат  өмірден  келіп  түсетін  əр  түрлі  ақпаратты  нөлдіктер  мен 
бірліктердің  реттілігіне  түрлендіру  тəсілін  тапқан,  компьютердің 
электронды 
сызбаларына 
түсінікті, 
қатаң 
математика 
заңдылықтарына  бағынбайтын,  өмірдің  барлық  көп  жақтарын  қатаң 
математика тіліне аударатын шынайы ұлылық - адам бойында, оның 
кереметтілігінде. 


3

 
2.2. 
Ақпаратты өңдеудің негізгі сатылары 
Қазіргі  компьютер  көптеген  компоненттерден  құралған,  бірнеше 
шақырым сымдармен жалғастырылған біршама күрделі құрал болып 
табылады. Ол қалта калькуляторы атқаратын ақпарат өңдеудің 3 іс – 
əрекетін  орындайды:  енгізу,  өңдеу  жəне  шығару.  Компьютердің  кез 
келген  құрылғысы  осы  үрдістің  үш  кезеңінің  біреуінде  (кейде 
екеуінде) жұмыс істейді. 
Ақпаратты өңдеудің бірінші кезеңі – бұл ақпаратты компьютерге 
енгізу,  яғни  компьютер  процессорына  сыртқы  ортадан  мəліметтерді 
жіберудің кез келген тəсілі. Берілгендер процессорға келіп түсуі тиіс, 
басқа жағдайда оған өңдейтін ақпарат болмайды. 
Компьютердің  «жүрегі»  берілгендерді  өңдейтін  құрылғы  болып 
табылады.  Есептеу  үрдісінде  ақпаратты  өңдеу  екінші  кезеңі  болып 
табылады.  Алғашында  компьютерлер  коммерциялық  жұмысқа 
арналған болатын. Оларды зеріктіретін сандарды «ұнтақтауға» жəне 
үлкен  көлемді  берілгендерді  сақтау  құралдары  ретінде  құрастырған. 
Қазіргі кезе компьютердің қызметі кеңейді – ол оқыту, көңіл көтеру, 
шаруашылық  жүргізу,  ақпаратты  өңдеу  құралы.  Аз  уақытта  біз 
компьютерсіз  өмір  сүргенімізді  ұмытамыз.  Тіпті  сіз  өзіңіз 
компьютерді 
қолданбасаңыз 
да,микропроцессорлар 
бəрібір 
механикалық  жəне  электрондық  құрылғыларда,  мысалы  қазіргі 
кейбір  автомобильдерде, сізге жұмыс істейді. 
Егер 
процессордан 
өңделген 
ақпаратты 
ала 
алмасақ 
құрылғыларды  енгізуде  жəне  берілгендерді  өңдеуде  қандай  пайда 
бар? Ақпаратты шығару-ақпаратты өңдеудің үшінші кезеңі. 
Қандай  да  бір  қосымшаны  жүктеп  (ойын,  мəтіндік  процессор, 
электрондық  кесте  немесе  мəліметтер  қорын  басқару    жүйесін)    сіз 
бұл компьютерде ақпаратты енгізу, өңдеу жəне шығарудың белсенді 
қатысушысына  айналасыз.  Түрлі  бағдарламалардың  жұмысы 
барысында ақпаратты өңдеудің негізгі кезеңдерін қарастырайық. 
Мәтіндік процессор: 
•  енгізу-сіз енгізіп отырған сөздер; 
•  өңдеу-мəтінді  форматтау  (абзацтарға  бөлу,шрифт  таңдау  жəне 
т.б.); 
•  шығару-мəтінді қайтадан пайдалануға сақтау немесе оны басып 
шығару. 
Электрондық кесте: 
•  енгізу-сіз  енгізетін  немесе  импорттайтын  сандар  (мысалы 
сауда-саттық көлемі); 
•  өңдеу-берілгендерге бір не бірнеше формулаларды қолдану; 


36 
 
•  есептеу нəтижелерін сандық немесе графикалық түрде көрсету. 
Мәліметтер қоры: 
•  енгізу-берілгендер формаларын толтыру; 
•  мəліметтер қорындағы жазбаларды сұрыптау жəне сақтау; 
•  шығару-белгілі  қағидалар  бойынша  таңдап алынған жазбалары 
бар есеп. 
Шахмат ойыны
•  енгізу- шахмат фигурасын қозғау; 
•  өңдеу-компьютер арқылы үздік жауап қайтаруды анықтау; 
•  шығару-компьютердің жүрісі. 
 
2.3. 
Ақпаратты өңдеудің технологиялық шешімдері 
 
Ақпаратты  өңдеудің  негізгі  технологиялары  жəне  компьютерді 
қолдану  салалары  функционалды  жəне  мақсатты  бағытталған 
бағдарламалық  пакеттермен  жабылады.  Функционалды  пакет 
жиынтығының  орнына  өзіне  қажетті  керектерді  жинақтаған 
кіріктірілген пакет жиі қолданылуы мүмкін. 
Қызықты мәлімет 
Ақпараттық  технологиялар  адам  өмірінің  іс-əрекетінің  мейлінше 
түрлі  салаларына  енгізілуде.  Молекулярлы  биология  институтында 
қауіпті  аурулардың  экспресс-диагностикасын  өткізуге  мүмкіндік 
беретін  технология  жасап  шығарылды.  Биочиптар  небəрі  бірнеше 
сағатта  шешек,  оба,  сібір  жарасы  жəне  туберкулез,  лейкоздың 
асқынбаған  түрін,  онкологиялық  ауруларды,  тіпті  ЖИТС-ын  да 
анықтайды. 
Соншалық  кең  таралған  жəне  жиі  қолданылатын  компьютерлік 
бағдарламалар не істей білуі керек? 
Мәтінді  өңдеу.  Хаттардың,  анықтамалардың,  сипаттамалардың 
жəне  басқа  да  мəтіндік  құжаттардың  біріктіріліп  дайындалған пакет 
түрі  -  мəтіндік  өңдеудің  негізгі  құралы  қызметін  атқаруы  тиіс. 
Бағдарламаның бұл түрі мəтіндік процессор деп аталады. Олар келесі 
операцияларды  орындайды:  мəтінді  құру  жəне  форматтау,  мəтіндік 
фрагменттерді  өзгерту,  сөйлемдер  мен  параграфтардың  орналасу 
ретін, мəтінді əр бетке автоматты бөлу жəне т.б.. 
Мəтіндік 
процессорлар 
редакторлық 
жұмыста 
кеңінен 
қолданылады.  Олар  шрифтерді  жəне  басу  стилін  өзгерту,  мəтінді 
бірнеше  бағандарға  орналастыру,  терезе  техникасы,  (соның  ішінде 
суреті  жəне  графикасы  бар  терезезелерді  қолдану)  сияқты  қосымша 
мүмкіндіктерге  ие  болуы  тиіс,  сонымен  қатар,  жаңа  полиграфиялық 
ресурстарға қолжетімді болу керек (фотожинақ, лазерлік басу). 
Аппаратура    құрамына    қосымша    талаптар    қоятын, көптілді 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау