Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет6/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116

1

 
қатысты ақпаратты кері түрлендіру үрдісі декодтау деп аталады. 
Ақпаратты  кодтаудың  тарихи  негіздері.  Адамдар,  əдетте,  бір  – 
бірімен  айтылған  немесе  жазылған  сөздердің  көмегімен  қарым    – 
қатынас  жасайды.  Барлық  қатысушылар  бір  –  біріне  жақын  тұрғанда,  
бұл жүйе жақсы жұмыс жасайды (естілу немесе көріну аумағында). Ал 
егер  біз  алыстағы  адаммен  байланыс  орнатқымыз  келсе  ше?  Ерте 
заманнан  XIX  ғасырға  дейін  бұл  мақсатқа  ауызша  жəне  жазбаша 
хабарламаларды жеткізетін курьерлер пайдаланылды. Көбінесе, өте баяу 
болғанымен  жəне  кей  кездерде  хабарлама  немесе  курьер  адресатқа 
жетпей  қалған  жағдайлар  болса  да,  мұндай  байланыс  жаман  жұмыс 
атқарған жоқ. 
Уақыт  өтіп  жатты,  технологиялар  дамыды,  адамдар  əр  түрлі 
коммуникациялық  тəсілдер  ойлап  тапты.  Индустрияландыру  дəуіріне 
дейін  алыс  қашықтықтарға  хабар  жіберу  үшін  маяктар  тəрізді 
құралдарды  пайдаланды.  Солтүстік  Америка  үндістері  түтін 
сигналдарын,  əскерлерде  хабар  жіберуге  тулар  мен  айналарды 
қолданған.  Қашықтық  алыстаған  сайын  хабар  жіберуге  ерекше 
механизмдер ойлап табылды. 
Техникалық  революция  бір  сым  арқылы  өте    үлкен  қашықтықтарға 
тез  арада  хабар  жеткізуге  мүмкіндік  беретін  электр  жүйесі  жəне 
телеграфтың кең таралуымен бірге дамыды. Енді сымның басқа шетінде 
тұрған адамды көру немесе оған аралық – пошташы жіберу қажет емес 
болды.  Телеграфтар мен түтін сигналдарының ортақ жалпы сипаты  бар 
– оларға адам тілін формаға түрлендіру үшін механизм немесе телеграф 
аппараты жібере алатын белгілі бір код  қажет. Қабылдайтын жақта бұл 
кодты  қайтадан  адам  тіліне  түрлендіру  қажет.  Ерте  коммуникациялық 
құралдарда  қалыптасқан  екі  идея  қазіргі  компьютерлердің  негізі  болып 
табылады. 
1) 
Сандық  (digital)  яғни  дискретті,  екі  күйге  негізделген  код 
(қосылған – ажыратылған немесе 0 жəне 1); 
2) 
Арнайы  машиналық  тіл  (əдетте  сандық), машинамен  өңдеу  үшін 
қолданылады. 
Телеграф  жəне  бірінші  радиостанциялар  хабар  тарату  үшін  арнайы 
код  -  Сэмюэла  Ф.  Б.  Морзенің  атымен  аталған  Морзе  əліппесін 
қолданды.  Онда  алфавиттің  əрбір  əрпімен  нүктелер  комбинациялары 
салыстырылады  (қысқа  импульстер)  жəне  тире  (ұзын  импульстер). 
Импульстер  сымдар  арқылы  белгілі  бір  ретпен  беріледі.  Оператор 
қабылдаушы  құрылғыда  оларды  қайтадан  əріптер  мен  сөздерге 
аударады.  Әдетте  оператор  код  бойынша  анықтама  қолданады,  бірақ 
тəжірибелі  операторлар  кодты  жақсы  білетіндігі  соншалықты,  əрбір 
символды жатқа шеше алады. 
Қазіргі  компьютерлер  ертедегі  телеграфқа  ұқсайды,  себебі  олар  да 
арнайы кодты қолданып ақпаратты сым арқылы сандық түрде жібереді. 
Бірақ телеграфтың негізгі міндеті – ақпаратты алыс қашықтыққа жіберу 
болса,    компьютер    өз    ішінде    ақпарат    алмасады.    Мұнымен қоса 


18 
 
компьютер басқа код тілін жəне телеграф сияқты бір сымды емес, 
бірнеше сымдарды қолданады. 
Берілгендерді  екілік  кодпен  кодтау.  Қазіргі  тілде  телеграфты 
сандық  реттік  байланыс  құрылғысы  деп  атауға  болады.  Байланыс  
сандық  болып  табылады,  себебі  онда  дискреттік  код  қолданылады 
(қосылған  -  ажыратылған);  реттелген,  себебі  тіл    элементтері    (нүкте 
жəне  тире)  бірінен  кейін  бірі  ретімен  жіберіледі.  Егер  біз,  алфавиттің 
əрбір əрпі сегіз элемент (0 немесе 1) комбинациясынан құрылған арнайы 
код  құрастырып  жəне  оларды  бірінен  кейін  бірін  жіберсек,  онда  біз 
сандық  реттелген  құрылғы  құрастырамыз.  Жалғыз  сым  жағдайында 
мұндай  тəсіл  тым  баяу  болғанымен,  жақсы  жұмыс  жасайды  (бізге  бір 
əріпті жіберу үшін кезекпен сегіз ақпарат бірлігін жіберуге тура келеді). 
Ал  егер  бізде  жалғыз  сым  емес,  сегіз  сым  болса?  Мұндай  жағдайда  біз 
барлық  сегіз  элементтерді  бірден  немесе  қатарлас  жібере  алар  едік. 
Берілгендер компьютерде дəл осылай жіберіледі. 
Кодтау  ақпаратты  жоғалтпай  жəне  жоғалтып  та  жүргізілуі  мүмкін. 
Әр түрлі ақпараттың – үздіксіз ақпараттың дискреттік түрге (аналогты – 
сандық түрлену АСТ) жəне дискретті ақпараттың үздіксіз түрге (сандық 
– аналогтық түрлену САТ) түрленуі ақпаратты жоғалтумен ғана мүмкін. 
Кодтауға ақпаратты сығуды (архивтеу) да жатқызуға болады. Сығу – 
бұл ақпараттың артық тұстарын алып тастау, мысалы, олардан тұрақты 
биттерді алып тастау жолымен  кодты жеңілдету арқылы. 
Кодтаудың  басқа  түрі  -  криптографияда  кең  қолданылатын  артық 
ақпаратты  енгізу  болып  табылады.  Мұндай  кодтаудың  мысалына 
электрондық сертификат, сандық қолтаңба жəне шифрлауды жатқызуға 
болады. 
1.4. 
Ақпаратты өлшеу
 
 
Санау  жүйесі.  Адамдар  сандарды  жазу  үшін  əр  түрлі  санау 
жүйелерін  қолданады.  Сандар  қай  ережемен  жазылатынын  жəне 
олардың  үстінен  арифметикалық  амалдар  қалай  орындалатынын 
санау жүйесі көрсетеді. 
Әдетте  біз  сандарды  жазуда  10  цифр  (0,1...,9)  көмегімен 
жазылатын ондық санау жүйесін қолданамыз. Сағаттардағы уақытты 
санау  үшін  он  екілік  санау  жүйесі,  ал  минут  пен  секундтарда  – 
алпыстық санау жүйесі қолданылады. 
Ондық  санау  жүйелері  де,  екілік  санау  жүйелері  де  позициялық 
санау  жүйесіне  жатады,  яғни  цифрдың  мəні  сан  жазбасында 
орналасуына  тəуелді.  Цифр  орны  мен  санның  жазбасы  разряд,  ал 
сандағы  цифр  саны  –  сан  разряды  деп  аталады.  Разрядтар    оңнан 
солға  дейін  нөмірленеді;  əр  разрядқа  санау  жүйесі  негізінің  деңгейі 
сəйкес келеді. 
Компьютерде  сандарды  жазу  үшін  екілік  санау  жүйесі 
қолданылады,  яғни  кез  келген  сан   екі   санның   үйлесімі   түрінде 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау