264
11.23.-сурет.
Диаграмма құралдар панелі
Бөлек бетте диаграмманы тез құру үшін, келесі тəсілді қолдануға
болады. Категориялардың жəне қатарлардың атауларын қоса,
қажетті берілгендерді белгілеңіз, одан соң [F11] пернесін басыңыз.
Егер, жасалған белгілеудің негізінде, берілгендердің графикалық
көрінісінің бірегей тəсілі анықталған болса, онда диаграмма
автоматты түрде құрылады; ал егер, бірегей болмаса, онда
«
Диаграмма шебері» автоматты түрде жүктеледі.
Диаграмманың құру немесе өзгерту үрдісін жеделдетуге 11.23-
суретінде бейнеленген,
Диаграмма құралдар панелі де көмектеседі,
Диаграмма аймағы белгіленген болғанда ғана, бұл панель экранда
болады.
Диаграмма типін өзгерту үшін,
Диаграмма панеліндегі арнайы
батырмаға шерту жеткілікті жəне ашылған тізімнен диаграмманың
қажетті түрін таңдап алуға болады. Мысалы, графикті гистограммаға
ауыстыруға болады. Бұл ретте, əр кезде диаграмманы жаңартып
отыру қажет емес, себебі, Excel бастапқы берілгендердің бүкіл
өзгерістерін автоматты түрде есепке алып отырады жəне оларды
бірден диаграммада көрсетеді.
Диаграммамен жұмыс барысында «
Диаграмма шебері» сұхбат
терезесінде орнатылатын, тек параметрлер мен опцияларды өзгертіп
қана қоймай,
Формат мəзірінің командасының көмегімен
диаграмманың параметрлері мен элементтерін өзгертуге болады.
Мысалы, диаграмманың легенда жазбаларын жəне түстердің
баптауларын өзгертуге немесе берілген диапазоннан графикалық
көрсетілімге сандық көрсеткіштерді қосуға болады.
11.7.
Кесте ұяшықтарының абсолютті адрестелуі
Электрондық
кестелердің
артықшылықтарының
бірі
формулаларды көшіру мүмкіндігі болып табылады, есептеулерді
мейлінше тездетеді. Мұндай көшіру барысында ұяшықтардың
адрестерімен не болады? Ұяшықтар адрестері өзгереді. Формуланы
баған бойымен төменге көшіргенде, жолдың нөмірі автоматты түрде
өзгереді. Сəйкесінше, жол бойымен көшірілгенде бағанның аты
автоматты түрде өзгереді. Ендеше, ұяшық адресі салыстырмалы
адрестелуге ие болады. Неменеге қатысты? Өзінің орналасу орнына
қатысты.
Бағанның нөмірінен жəне жолдың нөмірінен (мысалы, С15)
тұратын, жоғарыда айтылған ұяшықтың
адрестелуі - ұяшықтың
265
салыстырмалы адрестелуі болып табылады.
Жан – жақты кесте құру үшін, кейбір ұяшықтардың адрестері көшіру
барысында өзінің мəнін өзгертпеуі талап етіледі. Дəл осындай
тапсырмаларды жүзеге асыру үшін, Excel бағдарламасында ұяшықты
адрестеудің басқа түрі - абсолютті түрі қарастырылған.
Егер, сілтеме бір ұяшыққа жасалса, формулаларда ұяшықтардың
абсолютті адрестелу түрі, көшіру барысында адресті өзгеруден сақтау
үшін қолданылады. Абсолютті адрестелу (сілтеме) көшіру барысында
өзгермеуі тиіс ұяшық адресінің бір бөлігінің алдында «$» символы
қойылады жəне ол бөлік өзгермейді.
Ұяшықтардың абсолюттік адрестелуі соншалықты маңызды жəне
жиі қолданылады, сондықтан Excel бағадрламасында оны қою үшін
арнайы перне бөлген – F4.
Сонымен, шешілетін тапсырмаларға бойланысты бір ұяшықтың өзі
адрестелудің абсолютті немесе салыстырмалы түріне ие бола алады.
Ұяшықтардың абсолютті адрестелуін қолдана отырып, кестедегі
есептеулерді əмбебап етуге болады. Әдетте, абсолютті адресті тұрақты
мəндер орналасқан ұяшықтарға қолданады. Біздің мысалымызда сыйақы
пайызының мəні тұрақты болып табылады.
Бір бөлек ұяшықты белгілеп алып(С15), оған сыйақының пайыздық
мəнін орналастырайық. Бұл пайыз көрсеткіштері өзгеру барысында тек
бір ұяшыққа өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді, ал бұл ұяшыққа
сілтеме жасайтын барлық формулалар қайта есептеледі.
Сонымен, кестені ашамыз да, негізгі кестенің астынан С15 ұяшығын
белгілейміз, оған сйыақы пайызының мəнін енгіземіз (11.24- сурет)
Санның пайыздық форматын қою. Бізге санды пайыздық
форматта енгізу керектігіне назар аударыңыз.
Excel бағдарламасында
11.24 – сурет. Ұяшықтардың абсолютті адрестелуімен формуланы енгізу