Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған


•  OLE  технологиясы,  бір  қосымшаның  құжатын  екінші  қосымшаның құжатына енгізіп, оны редактрлеуге мүмкіндік береді;  •



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет27/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116

77 
 
•  OLE  технологиясы,  бір  қосымшаның  құжатын  екінші 
қосымшаның құжатына енгізіп, оны редактрлеуге мүмкіндік береді; 
•  файлдарды конвертациялау –бұл пакеттің басқа қосымшасында 
құжат оқылуы үшін, белгіленген форматағы файлға ақпарат жазу. 
• жалпы қабықшаларды қолдана отырып, берілгендермен тікелей 
алмасу. Берілгендермен алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін 
бір  қосымшадағы  файлдан  берілгендерді  «кесіп  алу»  əдісін 
қолданып, оларды басқа қосымшадағы файлға «желімдеу». 
Тар 
мамандандырылған 
бағдарламалар 
тар 
шеңбердегі 
міндеттерді  шешуге  қолданылады.  Аудармашы  –  бағдарламалары, 
сөздік  –  бағдарламалары  жəне  құжаттарды  сканерлеуге  арналған 
бағдарламалар біршама танымал . 
Аудармашы  –  бағдарламалар  бір  табиғи  тілден  екіншісіне 
ақпаратты аударуға арналған (PROMT, Stylus, Сократ). 
Сөздік – бағдарламалары қарапайым сөздіктердің кейбір ыңғайлы 
қосымша  мүмкіндіктері  бар  электрондық  нұсқалары  болып 
табылады(Lingvo, Мультилекс). 
Сканерлеуге  арналған  бағдарламалар  құжаттардың  басылған 
көшірмелерін  автоматты  түрде  электрондық  түрге  ауыстыруға 
мүмкіндік береді (FineReader).. 
Арнайы  тағайындалған  бағдарламалар.  Арнайы  тағайындалған 
бағдарламалар  қашықтықтан  оқыту  жəне  тестілеу,  математикалық 
пакеттер  (MathCAD),  іс  –  əрекетті  эксперттік  бағалау  (GAMMA, 
EXPERT),  ақпараттық  гипермəтіндік  жүйелерді  (электронлық 
энциклопедиялар)  жəне  басқаларды  қолдану  мүмкіндіктері  сияқты 
арнайы міндеттерді шешуге арналады. 
Кəсіби 
деңгейдегі 
бағдарламалар. 
Кəсіби 
деңгейдегі 
бағдарламаларды маманның кəсіби іс – əрекетінің міндеттерін шешу 
үшін  қолданады.  Бағдарламаның  бұл  түріне  ұйымның  қаржылық  - 
шаруашылық  іс  –  əрекетін  саралау  бағдарламалары,  бухгалтерлік 
есеп  жəне  банк  жұмысын  автоматтандыру  бағдарламалары,  өнімді 
өндіру  технологияларын  қамтамасыз  ету  бағдарламалары  жəне 
басқалар жатады. 
Қызықты мәлімет 
Қолданбалы  бағдарламалау  адам  өмірінің  ерекше  салаларын 
қамтиды. Takara  ойыншықтарын  шығаратын  жапондық  өндірушілер 
мысық 
мияулауының 
аудармашысын 
шығарды. 
Құрылғы 
микрофоннан  жəне  үлкен  монохромдық  дисплейден  тұрады. 
Сигналды өңдегеннен кейін интерпретация беріледі (мысалы «менің 
тамақ ішкім келеді» немесе «менің құлағымның артын сипашы»). 
 
Компьютердің бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысы 
барысында туындайтын сұрақтар. 


78 
 
Қолданушылардың ең көп қойылатын сұрақтарына мамандардың 
жауаптарын келтіреміз. 
Сұрақ  1.  Берілген  өнімнің,  компьютерге  сəйкес  келетінін  қалай 
тексеруге болады? 
Жауап.  Ең  қарапайым  тəсіл  –  бұл  бағдарламалық  өнімнің 
орамасын  мұқият  оқу.  Аталған  өнім  сіздің  дербес  компьютеріңізде 
орнатылған  операциялық  жүйенің  басқаруымен  жұмыс  істей 
алатындығы орама сыртында көрсетілуі тиіс. 
Сонымен  қатар,  орама  сыртында  жүйеге  қойылатын  минималды 
талаптар  (оперативті  жады  құрылғысының  көлемі,  қатқыл  дискідегі 
бос  орын,  дыбыстық  тақшаның  типі,  қажетті  қосымша  құрылғылар 
жəне т.б.) да көрсетіледі. 
Сұрақ  2.  Ұялы  телефондарға  арналған  WAP-сайттарды 
қарапайым компьютерлерде қарауға бола ма? 
Жауап.  Wireless  Application  Protocol  (WAP)  –  бұл  ұялы 
телефондардан  Интернет  ресурстарына  сымсыз  қолжетімділіктің 
хаттамасы.  WAP-сайттардың  беттері,  барлық  браузерлер    білетін 
жəне  түсінетін  HTML  тілі  түрінде  емес,  өзінің  ерекше  -  WML 
(Wireless Markup Language) XML (extensible Markup Language) тіліне 
негізделген. HTML тіліне ұқсас бұл тілді Nokia, Motorola, Phone.com 
жəне  Ericsson  компаниялары  құрған  Wap  Forum  консорциумы 
арнайы  құрастырған.  Бұл  тіл  екі  түсті  графикаға,  жадының  шағын 
көлеміне,  экрандардың  кішкентай  типтеріне,  яғни,    ұялы 
телефондарға  бейімделген.  Кəдімгі  браузерлер  (Internet  Explorer, 
Netscape)  бұл  тілді  түсінбейді,  сондықтан  да,  компьютерде  WAP- 
сайтты  қарап  шығу  үшін  WAP-браузер  деп  аталатын  арнайы 
бағдарлама  қажет,  мысалы,  Klondike  WAP  browser,  Win  WAP, 
M3Gate.  Сонымен  қатар,  WML  қарапайым  Opera  HTML-браузерін 
түсінеді. 
 
Бақылау сұрақтары 
1.  Бағдарламалық қамтамасыз ету деп нені түсінеміз? 
2.  Базалық  бағдарламалық  қамтамасыз  етуге  қандай  бағдарламалық 
құралдар жатады? 
3.  Бірміндетті операциялық жүйенің көпміндетті операциялық жүйеден 
айырмашылығы неде? 
4.  Қолданбалы  бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  негізгі  топтарының 
функциялары мен бағыттары қандай? 
5.  Әмбебап түріне қандай қолданбалы бағдарламалар жатады? 
6. Қандай қолданбалы бағдарламалар проблемалық – бағытталған түрге 
жатады? 


79 
 

Т а р а у 
WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 
 
Қолданушыға  арналған  дербес  компьютерлердің  екі  түрі  бар:  бірі  - 
Windows  операциялық  жүйесінің  басқарауымен,  басқалары  Mac  OS 
басқаруымен жұмыс істейді. Соңғы кездері Windows жүйелері  біршама 
жетілдірілген,  дегенмен,  олар  əлі  де  Macintosh  компьютерлеріне 
орнатудың,  қолданудың  жəне  жаңартылудың  қарапайымдылығымен 
қалып келеді. Сонымен қатар, Windows-компьютерлері біршама өнімді. 
Егер  сізге  қолданудағы  компьютердің  ыңғайлылығы  жəне 
жаңартудың  қарапайымдылығы  маңызды  болса,  онда  Mac  OS  жүйесін 
сатып  алыңыз,  ал  егер  өнімділігі  маңызды  болса,  онда    Windows 
жүйесіне  тоқталыңыз.  Macintosh  компьютерлеріне  қарағанда,  Windows 
компьютерлері 
үшін, 
қосымша 
құрылғыларды 
таңдау 
жəне 
бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндігі мол. 
Ағымдағы 
уақытта 
IBM-бірлескен 
компьютерлері 
кең 
танымалдылыққа ие болды, сондықтан, біз осы компьютерлердің түріне 
арналған  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  қарастырамыз.  Әуелі 
операциялық жүйелерді қарастырайық. 
IBM-бірлескен дербес компьютерлері үшін операциялық жүйелердің 
бірнеше  түрлі  нұсқалары  құрастырылған,  олардың  ішінде  кең 
таралғандары  Microsoft  компаниясының  Windows  ОЖ-нің  күні  бүгінге 
дейін  Windows-тың  бірнеше  нұсқалары  құрастырылған:  Windows: 
Windows  9.x  (Windows  95,  Windows  98  жəне  Windows  Me),  Windows 
2000,  Windows  ХР,  Windows  7,  Windows  8.  Windows  ХР  операциялық 
жүйесінің соңғы нұсқасы біршама ыңғайлы жəне үлкен мүмкіндіктерге 
ие, сондықтан, Windows операциялық жүйелерінің мүмкіндіктерін оның 
мысалдары негізінде қарастырамыз. 
Қызықты мәлімет 
Microsoft  фирмасы  Longhorn  деп  аталатын  операциялық  жүйенің 
жаңа нұсқасын құрастыру үстінде. Бағдарламаның ресми шығуы жақын 
жылдарға 
жоспарланған. 
Longhorn 
ОЖ-мен 
үлкен 
үміттерді 
байланыстырады.  Билл  Гейтс  Жаңа  ОЖ  Microsoft    компаниясының 
соңғы  10  жылда  жасаған  Windows  ОЖ-нің  ірі  релизі  болады  деп 
жариялады. 
2007 Microsoft фирмасы Windows Vista ОЖ-н таныстырды. 
 
5.1. 
Дербес компьютерде жұмыс істеудің басы 
Операциялық  жүйені  қосу.  Windows  операциялық  жүйесі  өзінің 
құрамдас бөліктерінің бəрін, сонымен қатар, оның басқаруымен жұмыс 
істейтін бағдарламаларды біркелкі интерфейспен қамтамасыз етеді. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау