Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет23/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   116

65 
 
Сыртқы  құрылғыларды  қосу  тəсілдері.  Сыртқы  құрылғыларды 
қосудың негізгі үш тəсілі бар. 
Бірінші  тəсіл  (ең  қарапайым)  –  аналық  тақшаның  сыртқы 
қосылғыштары  арқылы.  Соңғы  уақытқа  дейін  реттелген  жəне 
қатарласқан  порттардың  қосылғыштары  болды,  қазір  олардың 
орнына  берілгендерді  үлкен  жылдамдықпен  жіберу  мүмкіндігі  бар 
жəне  жұмыс  істеп  тұрған  (қосылып  тұрған)  компьютерге  қосылу 
мүмкіндігімен  USB-қосылғыштары  жиі  қолданылады.  USB-2.0 
бақылаушылары  теориялық  жағынан  алғанда,  берілгендерді  480 
Мбит/с (60 Мбайт/с) жылдамдықпен жіберуге қабілетті. 
Екінші тəсіл – аналық тақшаның қосқышына (слотқа) орнатылған 
арнайы  құрастырылған  кеңейту  тақшасының  көмегімен.  Бұл  тəсіл 
біршама  əмбебап.  Ол  берілгендерді  үлкен  жылдамдықпен  жіберуді 
қамтамасыз  етеді,  бірақ,  əрбір  құрылғыға  тəн  арнайы  кеңейту 
тақшасын жобалауды талап етеді. 
Үшінші тəсіл тікелей қосылумен байланысты емес, берілгендерді 
тасымалдау  үшін  қандай  да  бір  құрылғыны  (мысалы,  флеш  -  жады) 
қолданады.  Ол  сандық  фотоаппараттар  мен  бейнекамераларда  жиі 
қолданылады. 
Оның 
көмегімен 
берілгендерді 
өңдеудің 
технологиялық  циклынан  компьютерді  алып  тастауға  болады. 
Мысалы,  сандық  фотоаппараттағы  фотоларды  осындай  функциясы 
бар принтерде басып – шығару кезінде. 
Іс  жүзінде,  қарастырылған  жағдайлардың  бəрінде  компьютерге 
сыртқы  құрылғыны  тек  аппараттық  қосу  жеткіліксіз.  Олардың  сəтті 
бірлескен  жұмысы  үшін  құрылғының  драйвері  деп  аталатын 
келісілген бағдарлама қажет. Драйвердің жұмыс істеуі компьютердің 
операциялық  жүйесіне  тəуелді.  Сол  бір  құрылғыға  арнап,  əр  түрлі 
операциялық жүйелерде, əдетте, əр түрлі драйверлер жазылады. 
 
3.10. 
Компьютермен  жұмыс  барысында 
эргономиканың талаптары 
 
Компьютермен  жұмыс  бірнеше  сағатқа  созылуы  мүмкін, 
сондықтан,  компьютерді  қолданушыға  денсаулығын  сақтау  үшін 
бірнеше қарапайым ережені ұстанған дұрыс (3.3 сурет). 
1.  Компьютермен  жұмыс  кезінде  бүкіреймей  түзу  отырыңыз. 
Биіктігі  реттелетін  кресло  дұрыс  болады.  Креслоның  арқасы  сіздің 
беліңізден жоғары жон арқаңызды тіреп жəне сіздің жұмыс кезіндегі 
қозғалысыңызға  кедергі  болмайтындай  қисайтылғандығына  көз 
жеткізіңіз. 
2. 
Иықтарыңыз  еркін  бос,  қолдарыңыз  –  тік  бұрыш  боп, 
шынтақтан бүгілген болу керек. Иықтарыңызды еркін босатып жəне 
алақандарыңызды  пернетақтаға  қойып,  компьютерге  отырғанда,  қан 
айналымы бұзылмау үшін, қолыңыз шамамен 90° бұрышқа бүгілген 
болуы  тиіс.  Егер  шынтақ  қойғыштары  болса,  олардың  тым  биік 


66 
 
 
 
 
Сур. 3.3. Компьютермен 
жұмыс барысында 
эргономиканың талаптары 
болмауын 
қадағалаңыз, 
олай 
болмаған 
жағдайда, 
сізге 
иықтарыңызды 
көтеруге 
жəне 
мойныңызды  ыңғайсыз  ұстауға 
тура келеді. 
3.  Басты 
түзу  ұстап  жəне 
шамалы  ғана  төмен  еңкейту  керек. 
Сізге  басыңызды  бұра  бермеу  
үшін,  монитор  мен  сіз  басып 
отырған  немесе  оқып  отырған 
мəтін  жазылған  қағазды  ыңғайлы 
қойған  дұрыс,  себебі  мойын,  иық 
жəне 
арқаның 
бұлшықеттерін 
талдырады. 
4. Экранға  дейінгі  қашықтық. 
Монитор  көзден  ең  кемі  70  см 
қашықтықта 
орналасуы 
тиіс. 
Экраннан  түскен  жарықтар  көзді 
ауыртады, 
сондықтан, 
үстел 
лампасын          дұрыс         орнатуға 
тырысыңыз. Көзіңіздің көруін сақтау үшін əр 15 минут сайын 
алыстау тұрған басқа затқа көзіңізді бұрыңыз. 
5. Сіз  ұзақ  отырғанда  аяғыңыздың  бұлшықеттерінің  қан 
айналымы  бұзылуы  мүмкін.  Сондықтан  сіз  жұмсақ  отырғышы  бар 
креслоны  пайдаланыңыз,  аяғыңызды  тік  бұрышпен  тізеден  бүгіп 
отырыңыз. 
 
Компьютермен жұмыс барысында туындайтын мәселелер 
 
Қолданушылар  тарапынан  ең  көп  қойылатын  сұрақтарға 
мамандардың жауабын келтіреміз. 
Сұрақ  1.  Процессордың  қуаты  мегагерцтермен  берілетін 
сипаттамасына  байланысты,  ол  компьютердің  жұмыс  өнімділігімен 
қалай байланысты болады? 
Жауап. Мегагерцтермен процессордың тактілік жиілігі өлшенеді; 
ол процессордың қандай жылдамдықпен жұмыс істейтінін көрсетеді. 
Дегенмен,  компьютердің  өнімділігінің  тəуелділігіне  қатысты  бұл 
жалғыз  параметр  емес.  Мысалы,  жедел  есте  сақтау  құрылғысы 
(ЖЕСҚ)  жəне  кэш  -  жадының  көлемі  неғұрлым  үлкен    болса,  
жүйенің  тез  əрекет  етуі  соғұрлым  жоғары  болады.  Басқа  сөзбен 
айтқанда,  компьютер  таңдағанда,  онда  орнатылған  процессордың 
жұмыс жиілігін ғана ескермеңіз. 
Сұрақ 2. Компьютерге орнатылған жады көлемі, сонымен қатар, 
қатқыл   дискінің   сиымдылығын,    əдетте,   мегабайтпен   көрсетеді. 


67 
 
Мұның қандай айырмашылығы бар? 
Жауап.  Кез  келген  компьютерде  жадының  екі  түрі  жедел  жады 
(ЖЕСҚ)  жəне  тұрақты  жады  (бұл  қатқыл  диск)  болады.  Компьютер 
жедел  жадысында  дəл  қазір  орындалып  жатқан  бағдарламаларды 
жəне өзі қолданатын берілгендерді уақытша сақтайды. Оның көлемі 
неғұрлым  көп  болса,  компьютер  бір  мезетте  орындайтын 
бағдарламалар  күрделі  жəне  олардың  саны  соғұрлым  көп  болады. 
Берілгендер  тұрақты  түрде  сақталып  тұратын  қатқыл  дискіден 
бағдарламаның  жедел  жадысына  жүктеледі.  Сіз  компьютеріңізге 
орната  алатын  жəне  онда  тұрақты  түрде  сақталатын  ақпараттың 
көлемі  бағдарламаның  жалпы  саны  бүгінде  гигабайтпен  өлшенетін 
қатқыл дискінің сиымдылығына байланысты, 
Сұрақ 3. Мен аналық тақшаны ауыстырғым келеді. Осыдан кейін 
операциялық  жүйені  қайта  орнату  қажет  пе,  əлде,  бұрынғыша 
қалдыруға бола ма? 
Жауап.  Өкінішке  орай  операциялық  жүйеге  мұндай  ауыстыру 
қалай əсер  ететіні белгісіз. Туындауы мүмкін мəселенің бірі, жүктеу 
жүргізілетін құрылғыны жүйенің дұрыс анықтамауы. 
Бұған  жол  бермеу  үшін,  жаңа  аналық  тақшаны  орнату  алдында, 
IDE  –  бақылаушысына  стандартты  драйверді  таңдап  алу  керек. 
Әдетте,  аналық  тақшаны  ауыстыру  компьютердің  басқа  да  өте 
маңызды  компоненттерін  ауыстырумен  бірге  жүргізілетіндіктен, 
маңызды  берілгендерді  сақтау  ұсынылады  жəне  алда  болуы  мүмкін 
мəселелерді  болдырмау  үшін  операциялық  жүйені  толық  қайта 
орнату қажет. 
Сұрақ 4. Мен Интернет желісіне қосылғым келеді. Ол үшін маған 
не қажет? 
Жауап.  Сізге  неғұрлым  жоғары  жылдамдықты  модем  қажет 
болады. Бүгінде ең тез модемдер 56 Кбит/с. жылдамдығымен жұмыс 
істей  алады.  Шындығында  жылдамдық  осынша  жоғары  болады  деп 
сенбеңіз.  Егер  компьютерде  Web-браузер  болмаса,  оны  тегін  алуға 
болады.  Бірақ,  Интернетке  шығу  үшін  сізге  жергілікті  Интернет 
қызметінің  провайдерімен  қызмет  көрсету  туралы  келісім  –  шартқа 
отыру керек. 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1.  Компьютерлік технологиялардың негізгі құрамын атаңыз. 
2.  Компьютер қандай элементтерден тұрады? 
3.  Компьютердің архитектурасын қалай түсінесіз? 
4.  Жадының жəне процессордың қызметін атаңыз. 
5.  Компьютер қосқыштарының түрлерін атаңыз. 
6.  Компьютерді қандай параметрлерімен сипаттауға болады? 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау