Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет25/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   116

71 
 
ұйымдастыруда,  аралық  қызмет  атқаратын  жəне  компьютерлік 
ресурстарды  тарату  мен  қолдануды  басқаратын,  компьютердің  барлық 
аппараттық  құралдарының  жұмысына  жетекшілік  ететін,  өзара 
байланысқан бағдарламалардың жүйелік кешені. Операциялық жүйелер 
жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің (БҚЕ) басты элементі болып 
табылады.  Дербес  компьютердің  жұмыс  сапасы  жəне  қолданушы 
жұмысының ыңғайлылығы операциялық жүйелерге  байланысты. 
Қазіргі кезде ОЖ-дің көптеген түрі құрастырылған. Ең танымалдары 
келесілер: MS DOS, Windows, Linux (Еуропада таралған), UNIX (АҚШ- 
да  таралған).  Ресейде  басқа  жүйелерден  тек  интерфейсімен  ғана  емес, 
сонымен қатар, жалпы жұмыс концепциясымен ерекшеленетін Windows 
операциялық  жүйесі  кең  таралған:  Windows-тың  негізіне  обьектіге  – 
бағытталған  тəсіл  жəне  экранда  əрбір  бағдарламаға  берілгендермен 
барлық операциялар жүргізілетін, тік бұрышты аймақ (терезе) берілетін 
терезелік технология салынған. 
Қазіргі кезде Windows ОЖ-нің келесі нұсқалары танымал: Windows 
95, 98, 2000, ME, ХР, Vista, Windows 7, Windows 8. Әрбір жаңа  нұсқа 
алдындағыларды толықтырады жəне олардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. 
Аппараттық құралдар жəне файлдық жүйені  басқарумен  қатар, 
операциялық жүйелердің негізгі қызметіне берілгендерді енгізу – 
шығару, 
командаларды 
өңдеу, 
қолданушының 
интерфейсін 
ұйымдастыру жəне басқалары жатады. 
Алғашқы  компьютерлерді  басқару  пернетақтадан  командаларды 
қолмен  теру  жолымен  жүзеге  асырылған.  Бұл  үшін  қолданушыға 
командаларды жазу ережесін (форматты) ғана емес, жұмыс істейтін сол 
обьектілердің  орналасқан  орнын  да  (файлдық  жол)  еске  сақтау  қажет  
еді. 
Диалогтық қабықшалар (файлдық менеджерлер) – бұл қолданушыға 
ыңғайлы 
интерфейс 
құратын 
бағдарламалар 
кешені. 
Олар 
қолданушының  жұмысын  жеңілдету  үшін  жасалған.  Файлдық 
менеджерлер  қолданушы  мен  компьютердің  арасындағы  диалогты 
жүзеге  асыруды  жеңілдетеді,  операциялық  жүйелердің  обьектілерімен 
(файлдармен  жəне  каталогтармен)  базалық  операцияларды  орындауды 
көрнекі жəне қарапайым етеді. 
Сыртқы  түрімен  диалогтық  қабықшалар  мəтіндік  (мысалы,  Norton 
Commander жəне графикалық (Windows 3.1) болып бөлінеді. 
Қазіргі  операциялық  жүйелер  қолданушының  компьютермен  өзара 
əрекеттесуін  графикалық  интерфейс  есебінен  жеңілдетті,  бірақ  бұған 
қарамастан,  диалогтық  қабықшалар  əлі  де  жеткілікті  түрде  кеңінен 
қолданылады жəне кең танымал. 
Қазіргі  уақытта  белгілі  қабықшалардың  бірі  –  90-шы  жылдардағы 
танымал Norton Commander бағдарламасының жетілдірілген аналогтары 
Windows Commander жəне Total Commander 
Драйверлер  –  бұл  қолданбалы  бағдарламалар  мен  операциялық 
жүйелердің   сыртқы   құрылғылармен   өзара   əрекеттесуін  қамтамасыз 


72 
 
ететін  бағдарламалар.  Пернетақта,  тышқан,  монитор,  принтер,  сканер 
жəне  т.б.  (mouse.com,  keyb.sys,  display.sys)  сияқты  сыртқы 
құрылғылардан түсетін ақпаратты өңдеуге драйверлер жауапты. 
Утилиттер  (қызметтік  бағдарламалар)  –  қосымша  қызметті 
қамтамасыз  ететін,  көмекші  ретінде  тағайындалған  бағдарламалар 
(дикеттерді  форматтау,  қате  өшірілген  файлдарды  қалыпқа  келтіру, 
дискідегі  дефрагменттеу  жəне  басқалары).  Бұл  топ  бағдарламаларын 
шартты  түрде  архиваторларға,  антивирустық  бағдарламаларға  жəне 
дискілерге қызмет көрсету бағдарламаларына бөледі. 
Архиваторлар  (жинақтаушы  бағдарламалар)  тасымалдауыштарда 
ақпаратқа  орын  босату  үшін  арнайы  сығу  əдісін  қолдану  көмегімен 
ақпаратты тығыз орналастыру (RAR, ZIP). 
Антивирустық 
бағдарламалар 
– 
компьютердің 
компьютер 
вирустарымен  зақымданудың  алдын  алуға  арналған,  ал  вирустарды 
жұқтырған жағдайда зақымдалудың салдарын жоюға арналады (DrWeb, 
Касперскидің антивирусы). 
Дискілерге  қызмет  көрсету  бағдарламалары  дискілік  ақпаратты 
жүйелік  өңдеуге  жауапты.  Дискілерге  қызмет  көрсетудің  негізгі 
бағдарламалары 4.1 кестесінде келтірілген. 
Бағдарламалау  жүйелері.  Қолданушы  бағдарламалау  жүйелерінің 
көмегімен  компьютерді  басқару  үшін,  бағдарламаларды  өз  бетінше 
құрастыруға мүмкіндігі бар. 
Бағдарламалау  жүйесі  –  бұл  құруды,  түрлендіруді  жəне 
бағдарламалау  тілінің  бірінде  компьютерлік  бағдарламалардағы 
қателіктердің  алдын  алуын  қамтамасыз  ететін  инструменталды  – 
бағдарламалық құралдар кешені. 
 
4.1 кестесі Дискілерге қызмет көрсететін негізгі бағдарламалардың 
тағайындалуы 
Дискілерге қызмет көрсету 
бағдарламаларының атауы 
Бағдарламаның тағайындалуы 
Резервтеу бағдарламалары 
Тасымалдауыштарда орналасқан 
ақпаратты көшіру 
Диагностикалау 
бағдарламалары 
Компьютер конфигурациясын жəне 
жұмысқа қабілеттілігін тексеру 
Оңтайландыру бағдарламалары  Тасымалдауыштарда берілгендерді 
ықшамдап орналастыру 
Динамикалық сығу 
бағдарламалары 
Ақпаратты сығылған күйде сақтау үшін 
жалған дискілер құру 
Қолжетімділікті шектеу 
бағдарламалары 
Берілгендерді рұқсат етілмеген 
қолжетімділіктен қорғау 


73 
 
Бағдарламалау жүйесінің құрамына бағдарламалау тілі жəне арнайы 
бағдарламалық қызмет көрсету құралдары кіреді. 
 
4.3. 
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету 
Қолданушы 
компьютермен 
жұмыс 
істегенде 
қолданбалы 
бағдарламалық  қамтамасыз  етумен  уақытының  көбін  өткізеді. 
Қолданбалы 
бағдарламалық 
қамтамасыз 
ету 
– 
қолданушы 
бағдарламалау жүйелерін қолданбай - ақ, өзінің ақпараттық мəселелерін 
шешетін бағдарламалар жиынтығы. 
Қолданбалы  бағдарламалық  қамтамасыз  ету    төмендегідей 
бағдарлама түрлеріне бөлінеді: 
• 
жалпы бағыттағы бағдарламалар; 
• 
арнайы бағыттағы бағдарламалар; 
• 
кəсіптік деңгей бағдарламалары; 
Жалпы 
бағыттағы 
бағдарламалар. 
Жалпы 
бағыттағы 
бағдарламаларды  игеру  үшін,  информатикамен  байланысты  арнайы 
білім  қажет  етілмейді,  сондықтан,  оларды  қолданушылардың  көпшілігі 
қолданады.  Бағдарламалардың  бұл  түрі  əр  түрлі  редакторлармен, 
электрондық  кестелермен,  мəліметтер  қорымен  жұмыс  жасайтын 
бағдарламаларымен, 
анимациялық 
графика 
пакеттерімен, 
коммуникативтік бағдарламалармен, кіріктірілген пакеттермен жəне тар 
бағыттағы бағдарламалармен ұсынылған (4.1 - сурет). 
Мəтіндік редактор – бұл символдық ақпаратпен жұмыс жасайтын 
бағдарлама. Функционалдық мүмкіндіктерімен жəне олармен жұмыс 
істеу  күрделілігімен  ерекшеленетін  көптеген  мəтіндік  редакторлар 
белгілі.  Тағайындалуы  бойынша  бағдарламалар  мəтіндерінің 
редакторы,  құжаттар  редакторы,  баспа  жүйелері  жəне  арнайы 
мамандандырылған редакторлар болып бөлінеді. 
Бағдарламалар мəтіндерінің редакторы белгілі бір  бағдарламалау 
тілінің  (Turbo  Basic,  Turbo  Pascal)  бағдарлама    мəтіндерін    басуға 
жəне  редактрлеуге  бағытталған.  Бұл  бағдарламалар  шағын 
операциялар  санын  орындайды:  бағдарламаны  жол  бойымен  жазу, 
бағдарламаның мəтінін сақтау жəне оқу жəне т.б. 
Құжаттар 
редакторы 
құжат 
құрылымды 
мəтіндермен: 
тараулармен,  беттермен,  өрістермен,  абзацтармен  (Word,  Word 
Perfect,  Лексикон)  жұмыс  жасауға  арналған.  Бұл  редакторлар  
мəтіндік  құжаттарды  құруға,  редакторлеуге  жəне  форматтауға 
мүмкіндік  береді,  сонымен  қатар,  шрифттермен  жұмыс  жасауды, 
жоғарғы жəне төменгі колонтитулдарды енгізуді, графикамен жұмыс 
жасауды  жəне  басқа  да  операцияларды  қамтамасыз  етеді.  Мұндай 
бағдарламалардың көбінің ішіне енгізілген грамматикалық қателерді 
табатын  «түзетушілері»  бар  жəне  бір  мəтіндік  редактор  ортасынан 
екінші  редакторлық  ортаға  ауыстыруда  мəтіндік  құжаттардың 
үйлесімділігін қайта кодтаушылары бар. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау