Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет35/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116

102 
 

Т а р а у 
ФАЙЛДЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕР МЕН АРХИВАТОРЛАР 
 
Файлдармен  жəне  бумалармен  түрлі  операциялар  (көшіру,  орын 
ауыстыру,  өшіру,  атын ауыстыру  жəне  басқалар)  жүргізу  үшін,  арнайы 
қосымшалар – файлдық менеджерлер қолданылады. 
Дербес  компьютерлерге  арналған  қызметтік  бағдарламалардың 
ішінен  əдетте  бағдарлама  -  қабықшаларын  бөліп  қарастырады.  Олар 
операциялық  жүйенің  қабықшасына  қарағанда,  компьютермен  қарым  – 
қатынас  (интерфейс)  жасауда,  біршама  ыңғайлы  жəне  көрнекі  тəсілді 
қамтамасыз етеді. Бұлай болмаған жағдайда оларды қолданудың қажеті 
жоқ. Осылайша, MS-DOS үшін көп жылдар бойы Symantec фирмасының 
Norton Commander  бағдарлама – қабықшасы өте кең танымал болды. 
Файлдарды ұзақ уақыт сақтау немесе компьютерлік желілер арқылы 
жіберілуі  үшін,  файлдар  арнайы  файлдық  менеджерлер  жəне  арнайы 
қосымшалар – архиваторлардың көмегімен архивтеледі (сығылады). 
Файлдарды  сығу  деңгейімен,  орындау  жылдамдығымен  жəне  басқа 
параметрлермен ерекшеленетін файлдарды архивтеудің əр түрлі əдістері 
(ZIP,  RAR,  ARJ  жəне  т.б.)  бар.  Бəрінен  де  мəтіндік  жəне  графикалық 
файлдар жақсы сығылады, ал архивтік файлдар мүлдем сығылмайды. 
 
6.1.   Файлдық менеджерлермен жұмыс 
Microsoft  операциялық  жүйелерінің  стандартты  құралдарын 
алмастыратын файлдық қабықшалар қашан да қолданушылар арасында 
танымал  болатын.  Windows  9x  үшін,  мұндай  бағдарламалардың 
көпшілігі   екі   негізгі   түрдің   біреуіне   жатады:   біріншісі стандартты 
«Жолсілтеуіш» 
(«Проводник»), 
бағдарламасының 
жақсартылған 
нұсқаларын  біріктіреді,  екіншісі  DOS  жүйесіне  арналып    құрылған 
Norton Commander қабықшасының тəсілін жалғастырады. 
Windows  –  та  «Жолсілтеуіш»  терезе  интерфейсін  жəне  тышқан 
көмегімен  жүргізілетін  жұмыс  технологиясын  жүзеге  асыратын 
стандартты файлдық менеджер болып табылады. Файлдарды көрсететін 
екі  панель  қолданатын,  Norton  Commander  файлдық  менеджері  кең 
танымал. 
DISCo  фирмасы  құрастырған  DISCo  Commander  (DC)  файлдық 
менеджері  файлдарды  көшіруге  жəне  орындарын  ауыстыруға  (соның 
ішінде,  сүйрелеу  көмегімен),  каталогтарды  салыстыруға,  обьектілер 
тізімін  сүзуге,  қолданушы  мəзірін  жəне  файлдық  типтерімен 
бағдарламалар  бірлестігін  құруға,  обьектілерді  аты  бойынша  немесе 
мазмұны бойынша іздеуге мүмкіндік береді. 
Кейбір,  қазіргі  файлдық  менеджерлер  мысалы,  бұрын  Windows 
Commander  деген  атпен  белгілі  болған  Total  Commander  терезе 
интерфейсін,   файлдардың    панельдік   бейнеленуін    қолданады  жəне 


103 
 
тышқанның көмегімен жүргізілетін жұмыс технологиясын қолдайды. 
Сонымен  қатар,  қолданушылар  арасында  WinNavigator  v.1.96  и  Far 
файлдық менеджерлер кең танымалдыққа ие. 
Кейбір файлдық менеджерлердің жұмысын қарастырайық. 
«Жолсілтеуіш»  бағдарламасымен  жұмыс.  Қолданушы  жəне 
Windows  ОЖ-нің  өзара  əрекеттесуінде  «Жолсілтеуіш»  бағдарламасы 
маңызды  рөл  атқарады.  Оның  көмегімен  қолданушы  өзінің 
компьютерінде орналасқан обьектілер туралы толық ақпарат ала алады, 
кез  келген  бумада  (MS-DOS  терминдерінде  каталог)  немесе  дискіде 
сақталғандарды  көрсету,  көшіру  немесе  өшіру  операцияларын 
орындауға,  керекті  бағдарламаға  немесе  жүйенің  құрылғысына  өтуге 
(принтерге, модемге жəне т.б.) жəне т.б. болады. 
Жолсілтеуіш  бағдарламасы  Windows  –тың  стандартты  файлдық 
менеджері болып табылады. Ол барлық негізгі файлдық  операцияларды 
–  белгілеу,  атын  өзгерту,  орын  ауыстыру,  көшіру  жəне  каталогтарды 
өшіру, сонымен қатар, бірнеше дискілерде кез келген файлдарды толық 
мəтіндік іздеумен файлдарды кеңейтілген іздеуді жүзеге асырады. 
Жолсілтеуіш терезесін ашу үшін, Бастау батырмасын басыңыз жəне 
Барлық 
бағдарламалар/Стандартты/Жолсілтеуіш 
командаларын 
таңдаңыз.  Бастау  батырмасына  тышқанның  оң  жақ  батырмасын 
шертумен  шығарылатын,  Бастау  батырмасының  анама  мəзірінен 
Жолсілтеуіш терезесін ашуға болады. 
Windows Жолсілтеуіші компьютерде файлдардың, бумалардың жəне 
дискілердің  иерархиялақ  құрылымын  көрсетеді  (6.1  –  сурет).  Сонымен 
қатар, онда қосылған желілік дискілер көрсетіледі. 
Жолсілтеуіш  терезесі  екі  бөлікке  бөлінген:  сол  жағында  жүйе 
обьектілерінің  құрылымы  (бумалардың,  құрылғылардың,  басқару 
панелінің),  ал  оң  жағында  белгіленген  обьектінің  ішкі  құраушылары 
көрсетіледі. 
Жолсілтеуіш 
терезесінде 
барлық 
 
обьектілер 
пикторгаммалар  түрінде  көрсетіледі,  əр  обьектіге  өз  пиктограммасы 
сəйкес  келеді.  Жолсілтеуіш  терезесінде  обьектілерді  бейнелеу  
форматын қолданушы өз таңдауымен өзгерте алады: бұл белгілер, тізім 
болуы  мүмкін.  Таңдау  Жолсілтеуіш  мəзірінде  Көрініс  командасымен 
іске асырылады. 
Буманы  ашу  үшін  (жалпы  кез  келген  обьектінің  ),  оның  белгісіне 
тышқанмен екі шерту қажет немесе [Enter] пернесін басу керек. Осы іс – 
əрекеттер,  бірақ  бағдарламалық  файл  үшін  (.EXE,  .COM,  .BAT 
кеңейткіштері  бар)  оны  орындауға  жүктейді,  ал  басқа  файлдар  үшін 
(мысалы,  Excel  кестесі  үшін),  онымен  байланысқан  қосымшаны 
жүктейді. 
Көрініс/Жауаңарту  командасы  немесе  [F5]  пернесін  басу  буманың 
ішкі  сақталғандарын  оқып  шығады.  Бұл  дискжетекпен  жұмыс  кезінде, 
жаңа  дискетаны  салып,  оның  мазмұнын  ашқыңыз  келсе,  сізге  қажет 
болады.  Көрініс/Белгілерді  реттеу  мəзірі  көмегімен  обьектілерді  əр 
түрлі көрсеткіштер бойынша сұрыптауға болады. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау