131
•
құ
жаттар тізбесі;
•
құжаттардың мазмұны;
•
оларды рəсімдеу тəртібі;
•
құжаттарды жасау үшін деректерді жинау əдістері;
•
лауазымдық тұлғалардың функционалдық жəне құрылымдық
бағынысы;
•
құжаттарды есепке алу жəне бақылау тəртібі.
Корпоративтік ақпараттық жүйелер.
Осындайжүйе ұйымның
негізгі
функцияларының
орындалуын
қолдайды.
Ол
бағдарламалық қамсыздандырудың жекелеген модульдерін қамтиды
жəне əр осындай модлуь белгілі бір бөлімшенің немесе бөлімшелер
тобының
қызметін
автоматтандырған
кезде
пайдаланылады.
Құрылымдық жағынан корпоративтік ақпараттық жүйе кəсіпорынның
ұйымдастырушылық иерархиясына сай болады.
Транзакцияларды өңдеу жүйелері. Транзакция ақпараттық жүйеде
өтетін жəне деректерді өзгертуге бағытталған үдеріс болып табылады.
транзакцияларды орындау екі қалыппен сипатталады: транзакцияны
ашу; транзакцияны тіркеу.
Өз кезегінде транзакцияны тіркеу оны қабылдауын немесе «кері
шегіндіруді» білдіреді. Транзакция қабылданған жағдайда өзгерістер
жүйенің деректер қорында тіркеледі. «Кері шегіндіру» деректер
қорында жүргізілген барлық əрекеттерді тоқтатуға əкеп соғады, жəне ол
транзакцияны ашу сəтіндегі қалпына қайтарылуы тиіс.
Транзакцияларды қадағалайтын ақпараттық жүйелер OLTP (On-
Line Transaktion Prосеssing) жүйелердің атауын алған. Осындай
жүйелер трназакцияларды нақты уақыт өлшемінде жүргізеді.
Транзакциялар ойдағыдай орындалуы үшін жүйе транзакцияларды іске
асыру шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
Транзакция мынадай негізгі қасиеттерге ие:
•
атомарлық. Транзакция деректерді қорда өңдеуге арналған
бірыңғай операция ретінде орындалады. Жалпы түрде транзакция
деректерді өзгертуге бағытталған сұрау салуулар немесе операторлар
пакеті болап табылуы мүмкін. Осындац пакет біртұтас орындалады;
•
келісушілік. Транзакцияны орындау деректердің бүтіндігін
бұзуға əкеп соқпауы тиіс. Мысалы, егер Т
1
кестесі Т
2
кестесімен
«біреуі көбіне» қатынасымен байланыстырылған болса, онда
Т
2
кестесіне олар үшін Т
1
кестесінде болжамды кілтпен тиісті жазбасы
жоқ сыртқы кілті бар жазбаларды қосуға болмайды;
•
оқшауланғандық.Көппайдаланушылық жүйелерде деректерді
өзгерту үдерісінде қақтығыстар болмауын қамтамасыз етеді.
Осы жүйеелерде деректер қоры мен кестелерді бірнеше пайдаланушы
өзара
бөледі.
Осындай
қолжетімділік
жағдайында
деректер
келісушілігінің маңызы зор. Бір транзакция белгілі бір кестенің немесе
кестелердің жазбасына қолжетімділікті алған кезде, ол аяқталғанша
басқа транзакциялар осы жазбаларға қолжетімділікті ала алмайды;