124
Осы əдіснама бойынша жүйелік талдау технологиясы негізінде ол үшін
ақпараттық жүйе құрылатын компанияның қызметіне кешендік көзқарас
жатыр.
Талдау үшін түрлі модельдер тегін пайдалану ұсынылады :
«Стратегия», «Бизнес-үдерістер», «Ұйымдық құрылым», «Қаржы»,
«Персонал», «Маркетинг».
Ақпараттық жүйелерді талдау жəне синтездеу мақсатында «Бизнес-
үдерістер» жəне «Ұйымдық құрылым» модельдері қолданылады. Осы
текке 2.49. кестеде қысқаша сипатталған тоғыз модель кіреді.
Әр модель
диаграмма түрінде рəсімделеді. Диаграммалар үшін арнайы нотациялар
пайдаланылады.
2.50 кестеде Betec (©) диаграммаларында пайдаланылатын шартты
белгілер келтірілген.
Bitec © əдіснамасы бойынша диаграммаларды жасаған кезде түрлі
модельдерде жекелеген объектілер жəне олардың шартты белгілері
пайдаланылуы мүмкін.
«Бизнес-бағыттар» диаграммасы иерархиялық құрылымға ие. Осы
құрылымның түпкі элементі бағынысты элементтері арқылы ашылатын
ұйымның бизнес-бағыты болып табылады.
2.49 кесте
Betec (©) модельдері
Модель
Мақсаты
Бизнес-
Ұйымның бизнес-бағыттары жəне олардың
өзара
бағыттар
байланыстары. Өзара байланыстар иерархия
түрінде
көрсетіледі
Бизнес-үдерістер
бизнес-үдерістерді иерархиялық үлестіру
Үдерістің ортасы
Бизнес-үдеріс айналасындағы объектілердің
сипаттамасы. бизнес-үдерістің кірістері мен
шығыстары
Ақпараттық
Ақпараттық ағымдардың сипаттамасы мен
ағым
сыныптамасы
Материалдық
Материалдық ағымдардың
сипаттамасы мен
ағым
сыныптамасы
Ұйымдық
Компания бөлімшелерінің жəне олардың өзара
құрылым
байланыстарының сипаттамасы
Ақпараттық
Ақпараттық жүйелердің жəне
ақпараттық
жүйе
бағдарламалық қамсыздандырудың құрылымы
DFD үдерістер
Жоғарғы деңгейдің бизнес-үдерістерді DFD
WFD үдерістер
Төменгі деңгейдің бизнес-үдерістерді WFD
əдіснамасы бойынша сипаттау
127
қолдау
үшін
қолданылатын
бағдарламалық
қамсыздандырудың
модульдерін көрсетеді. Қалған элементтер осы модульдердің мағынасын
ашады. Модель объектілерінің шартты белгісі № 8.
Bitес © үдерісінің DFD моделі диаграммада мынадай объектілерді
пайдалануды көздейді:
•
құжаттарды, шартты белгісі № 4;
•
материалдық
ағымдарды, № 3;
•
бағдарламалық қамсыздандыру модулінің, № 8;
•
бөлімшенің, № 7.
Диаграммада жұмыстар ағымын белгілейді жəне осы жұмыспен
байланысты объектілерді көрсетеді. Жұмысты белгілеу үшін № 2 шартты
белгі қолданылады. Ақпараттық объектілердің қозғалыс тəртібі
бағытталған нұсқарлармен көрсетіледі.
Бизнес-үдерістерді орындаудың технологиялықүдерісін орындауды
Bitес ©WFD-диаграммасы көмегімен көрсетеді.
Диаграммада мынадай объектілер пайдаланылады:
•
қызмет, жұмыс, шартты белгісі № 5;
•
жұмыспен байланысты материалдық ағым, № 3;
•
құжаттар, № 4;
•
жұмысты орындаушылардың лауазымдары, № 6;
•
жұмысты орындауды қолдауға арналған қажетті бағдарламалық
қамсыздандыру, № 8.
Жұмыстардың балама реттілігіне ауысуды көрсетуге № 9 арналған.
Бір жұмыстан екіншіге ауысу бағытталған нұсқарлармен бейнеленеді.
Бақылау сұрақтары
1.
Ақпараттық жүйенің жалпыланған моделінің мəні неде?
2.
Жобалаудың
объектілік-бағдарланған
технологиясының
мəні
қандай?
3.
Ақпараттық жүйелерді канондық жобалау үдерісі қандай кезеңдерді
қамтиды?
4.
Үлгілі техникалық тапсырма жəне үлгілі жобалық шешімдер ретінде
не түсініледі? Оларға сипаттама беріңіз.
5.
Ақпараттық жүйенің өмір циклі дегені не жəне ақпараттық
жүйелерді əзірлеген кезде өмір циклінің қандай негізгі сатыларын есепке
алу қажет?
6.
Ақпараттық жүйелердің өмір циклінің үдерісін аттестаттау дегені
нені білдіреді?
7.
Ақпараттық жүйелердің өмір циклінің қандай негізгі модельдерін сіз
білесіз? Олардың қықсаша сипаттамасын беріңіз.
8.
Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар RUPхалықаралық
ерекшелігі бойынша қалай сыныпталады?
9.
Талаптардың жолын тарту үдерісі қалай іске асырылады?
10.
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың CASE-технологиясы дегені
не? Жобалаудың CASE-жүйесінің жалпы құрылымын сипаттаңыз.