Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



жүктеу 4,15 Mb.
Pdf просмотр
бет24/50
Дата15.11.2018
өлшемі4,15 Mb.
#20297
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50

72 
 
сақталатын рəсімнің арнайы типі    
Деректер 
қорының 
əкімшісі 
«Рөлдер» 
механизмі 
арқылы 
пайдаланушыларды    құрып,  оларға  белгілі  бір  қолжетімдік  құқықтарын 
тағайындай алады.        
Аспаптық  CASE-құралдары.  Builder сыныбы. Осы типтегіаспаптық 
құралдар  ақпараттық  жүйелердің  бағдарламалық  қамсыздандыруын 
əзірлеуге  арналған  IDE-құралдар  (Integrated  Dеvеlорmеnt  Envirоnmеnt) 
болып табылады. Осы құралдардың мынадай ерекшеліктері бар: 
а)  олар  компиляциядан  кейін  нақты  операциялық  жүйеде    қосымша 
ретінде пайдаланылатын бағдарламалық өнімді əзірлеуге мүмкіндік береді; 
б)  осындай  аспаптық  құрал  көмегімен  əзірленген  ақпараттық  жүйе 
ДҚБЖ  ядросына  белгілі  бір    бағдарламалық  қол  жеткізу  технологиясы 
көмегімен құрылады; 
в)  бағдарламалық қамсыздандыруды əзірлеу визуалды жəне объектілік 
бағдарламалау технологиясы көмегімен жүргізіледі; 
г)  əзірлеу  жүйесінің  құрамына  бағдарламалық  қамсыздандыруды 
тестілеген  кезде  семантикалық  қателерді  айқындауға  мүмкіндік  беретін 
ретке келтіру механизмдері кіреді; 
д)  нысандарды–  белгілі  типтегі  бағдарламалардың  терезелерін  құруға 
арналған шеберлер бар; 
е)  əзірлеушіге  белгілі  бір  форматтағы  деректер  қорына  жылдам  қол 
жеткізуге арналған сервис ұсынылады. 
Мысал  ретінде  MS  УЕ
Ш
1  Basiс  6.0  (VB)  визуалды  бағдарламалау 
жүйесін 
қарастырамыз. 
Осы 
жүйедегі 
ақпараттық 
жүйелердің 
бағдарламалық 
қамсыздандыруын 
əзірлеу 
компиляциядан 
кейін 
пайдаланушыға  Windоws  32х  арналған  бағдарлама  түрінде  беріле  алатын 
жобаны құру жолымен жүргізіледі.   
Осы  жүйенің  негізгі  парадигмасы  ақпараттық  жүйенің  интерфейсін 
əзірлеудің  объектілік  технологиясы  болып  табылады.  Әзірлеушіге  оның 
даналары  əзірленетін  бағдарламалау  жүйесінің  интерфейсін  құратын 
сыныптар  жинағы  ұсынылады.  Осындай  негізгі  объекті  нысан  болып 
табылады,  оның  анасы  –  бағдарламаның  терезесі  əзірлеушіге  нысаннан 
басқа пəрмендік батырмалар, жалаушалар, мəтіндік жолдар, белгілер жəне 
т.б.  сияқты  сұхбаттасу  объектілерінің  даналарын  пайдалануға  мүмкіндік 
береді.  Аталған  объектілердің  даналарын  алу  үшін  визуалдық  технология 
пайдаланылады. Дизайнер    режимінде əзірлеуші: 
 
нысанның данасын алады; 
 
нысанға сұхбаттасу элементтерінің даналарын орналастырады; 
 
даналардың қасиеттеріне мағыналарды белгілейді. 
Құрылатын ақпараттық жүйенің бағдарламалық қамсыздандыруы жоба 
болып  табылады.  Жобаның  құрамына  типі  олардың  кеңейтілуімен 
айқындалатын файлдар кіреді: 


73 
 
VBP  —  жобаның  басты  файлы,  оны  əзірлеу  ортасына  жүктеу  үшін 
пайдаланылады. 
FRM  —  оларда  жоба  нысандарының  сипаттамалары  жəне  оқиғалық 
рəсімдердің кодтары  сақталатын файлдар; 
BAS  —  бағдарламалық  кодтың  модульдерін  сақтайтын  файлдар. 
Модульдер барлық жоба үшін жаһандық рəсімдерді, айнымалы шамаларды 
жəне константаларды сақтау үшін қолданылады  ; 
CLS  —  жобада  пайдаланылатын  сыныптардың  кодтарын  қамтитын 
файлдар. 
Бағдарламаның  интерфейсін  əзірлегеннен  кейін  құрылатын  жүйенің 
интерфейсі  аймағында  болған  оқиғаларды  бағдарламалау  орындалады. 
Оқиға — бұл бағдарламамен өзара əрекеттесу үдерісінде пайдаланушымен 
орындалған  əрекет.  Оқиғаларды  бағдарламалау    оқиғалық  рəсімдер 
механизмі  арқылы  жүзеге  асырылады.    Жалпы  осындай  рəсімнің 
құрылымы мынадай: 
d Sub name_Event(p) 
'Операторлар 
End Sub 
Мұнда  name — интерфейс элементінің сəйкестендіргіші;  d — рəсімге 
қолжетімділікті  сипатағыш.  Болжамды  мағыналары:  private  —  жергілікті 
қолжетімділік,  public  —  жаһандық  қолжетімділік;  Event  —  оқиғаның 
атауы; р — рəсімнің нысандық өлшемдерінің тізімі, болмауы мүмкін. 
VB  оқиғалар    белгілі  бір  түрде  сыныпталған  жəне  олардың  жүйелік 
атаулары бар. Мысалы: Click — тінтуірді шерту, KeyPress —  пернені басу 
жəне т.б. 
Қажет   болған жағдайда  əзірлеуші бағдарламаның жұмыс алгоритміне 
сүйене  отырып,  жобада  бағдарламалық  кодтың  модльдерін  жəне 
сыныптарды құрады. 
Оқиғаларды, модульдерді жəне сыныптарды  бағдарламалау барысында   
VB    əзірлеушіге  бағдарламалық  кодтың  арнайы  редаткорын  ұсынады. 
Редактор оқиғалық рəсімнің «қаңқасын» автоматты түрде қалыптастырып, 
бағдарламалық кодты жазу үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік береді.   
Бағдарламалық  кодты  енгізген  кезде  Enter  пернесін  басқаннан  кейін 
енгізілген оператордың синтаксисі тексеріледі, егер оператор дұрыс болса, 
жол пішімделінеді. Қате болған жағдайда, қатенің сипаттамасы  
көрсетілген  терезе  шығады,  бұл  ретте,  егер  осы  терезе  арқылы 
анықтамалық жүйеге  жүгінсе, қатенің  сипаты  туралы  қосымша  ақпаратты 
алуға  болады.        2.9-суретте  Click  пəрменді  батырмасы  үшін  оқиғалық 
рəсімді жазу үдерісі көрсетілген.   
Бағдарламаны  əзірлеу  үдерісінде  əзірлеуші  бағдарламалау  жүйесінің 
ретке келтіру құралдарын пайдалана алады: 


74 
 
 
Immediate — осы терезеде енгізілген кез келген тіл операторы бірден 
VB түсіндірушісімен орындалады; 
 
Watches  —  бағдарлама  тоқтатылған  кезде  айнымалы  шамалардың 
мағынасын  бақылауға  арналған  қадағаланатын  сөйлемдерді  құруға 
мүмкіндік береді; 
 
Нысан объектілерінің тізімі               Қолжетімді оқиғалар тізбесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.9-сурет. Оқиғалық рəсім коды редакторының терезесі 
 
Quick  Watch 
—  бағдарламаның  жұмысы  тоқтатылған  кезде  олар 
үшін  қадағаланатын  сөйлем  берілмеген  айнымалы  шамалардың 
мағыналарын тексеруге мүмкіндік береді; 
 
Call  Stack
—  рəсімдерді  шақырту  стегінің  мониторингін 
орындауға мүмкіндік береді; 
 
Locals
— ағымдағы айнымалы көзге көрінетін аймағынан айнымалы 
шаманың  мағынасын  қадағалауға  неесе  белгілі  бір  рəсімнің  жергілікті 
айнымалы шамаларының мағыналарын көруге мүмкіндік береді.   
Айнымалы  шамалардың  ағымдағы  мағыналарын  бақылай  отырып, 
бағдарламалардың  операторларын  қадамдық  орындау  үдерісі  жол  тарту 
деп аталады.    Бағдарламаны ретке келтіру үдерісінде екі негізгі режимді 
беруге болады:Stер Into) рəсімдеріне кіретін операторларды жол тартумен, 
жəне Stер Ovеr)   рəсімінде операторларды жол тартусызшақыртқан кезде. 
Dеbug  жүйелік  объект  көмегімен    Immеdiаtе  терезесіне  Print  əдісімен 
бақылау ақпаратын енгізу орындалады: 
Debug.Print енгізу тізімі [;] 
Мысалы: 
Debug.Print "орындалған қадамдар = 
";counter 


жүктеу 4,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау