131
Орталық Азия мемлекеттері климатының жалпы ерекшеліктері қоңыр-
жай және субтропиктік климат типтерінің топтасуынан, шұғыл конти-
ненттігі мен құрғақтығынан өз көрінісін тапқан. Сол себепті Орталық
Азия мемлекеттерінің аумағы негізінен шөл, шөлейт және дала табиғат
зоналарынан тұрады.
Орталық Азия жағдайында ауыл шаруашылығының дамуына шешуші
ықпал көрсететін себепшарт – су ресурстары болып табылады, ол су-
баймақ аумағы бойынша біркелкі бөлінбеген. Субаймақтағы ірі өзендер
– Əмудария, Сырдария, Зарафшан, Іле, Ертіс және басқалар трансшека-
ралық (екі және одан да көп мемлекеттер аумағынан ағып өтетін) өзен-
дер болғандықтан, Тяньшань, Жоңғар Алатауы және Памир тауларынан,
яғни Тәжікстан, Қырғызстан және Қытай аумақтарынан бастау алады.
Сондықтан да Тәжікстан мен Қырғызстан су және гидооэнергетика ре-
сурстарына бай, ал Қазақстан мен Өзбекстанның, әсіресе Түркіменстан-
ның көп аумақтарында судың тапшылығы жоғары.
Орталық Азия мемлекеттерінің халқы су және жер ресурстары се-
бепшарттарына (гидрографиялық тармақтар мен жер бедері) байланысты
біркелкі орналаспаған. Олар негізінен суармалы егіншілік жақсы дамыған
өзен аңғарлары мен атырауларына, тау аралығындағы ойпаттарға шоғыр-
ланған. Бұндай жерлердің дені Өзбекстанда болғандықтан, біздің респуб-
ликамыз халқының саны жағынан субаймақта бірінші орында тұрады.
Тұрғындарының орналасу тығыздығының көрсеткіштері бойынша Орталық
Азияда 2017 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге қарағанда, Өзбекстан
(71,5 адам/шаршы км) мен Тәжікстан (61,3 адам/шаршы км) жетекші орын-
да, ал Қазақстан (6,6 адам/шаршы км) ең соңғы орында тұрады. Дүние жүзі
мемлекеттері арасында да Қазақстан халқы өте сирек орналасқан елдер қа-
тарына енеді (халқының орташа тығыздығы бойынша әлемде 184-орын).
Орталық Азия мемлекеттерінің демографиялық жағдайына туылу мен
халықтың табиғи өсуінің едәуір жоғары көрсеткіштері тән. Айтылған көр-
сеткіштер субаймақ бойынша Тәжікстан мен Қырғызстанда ең жоғары,
Қазақстан мен Түркіменстанда ең төмен, ал Өзбекстанда орта деңгейде.
Сонымен қатар бес республикада да миграцияның кері сальдосы байқалып
отыр (11-кесте). Урбанизация дәрежесі Қазақстанда 53%-ға, Өзбекстан-
да 51%-ға, Түркіменстанда 50%-ға, Қырғызстанда 36%-ға, ал Тәжікстан-
да 26%-ға тең. Осыдан-ақ көрініп тұрғанындай, ең жоғары және ең төмен
көрсеткіштер арасындағы айырма 2 есеге тең. Орталық Азияда 2 “милли-
онер” қала бар: Ташкент (2,4 млн адам) пен Алматы (1,7 млн адам).
132
11-кесте
Орталық Азия мемлекеттерінің кейбір демографиялық көрсеткіштері
(2016 ж.)
№ Мемлекеттер
Туылу
(әр 1000
адамға)
Өлім
(әр 1000
адамға)
Табиғи өсім
Миграция
сальдосы
(әр 1000
адамға)
Жалпы көбею
Əр 1000
адамға
%
Əр 1000
адамға
%
1
Қазақстан
23
8
15
1,5
-1
14
1,4
2
Қырғызстан
28
6
22
2,2
-1
21
2,1
3
Тәжікстан
31
6
25
2,5
-3
22
2,2
4
Түркіменстан
21
8
13
1,3
-1
12
1,2
5
Өзбекстан
23
5
18
1,8
-1
17
1,7
Ал Астана, Бішкек, Душанбе, Ашхабад, Шымкент, Наманган, Самарқант
қалалары субаймақтағы ең ірі (халқының саны 500 мың адамнан астам) қала-
лар қатарына жатады.
Жергілікті халықтар арасынан өзбектер, қазақтар, қырғыздар, түркімен-
дер және қарақалпақтар алтай тілдері семьясының түркі тобына жататын
болса, тәжіктер мен Памирдегі олармен туыстас шағын халықтар (шуғнан-
дар, вахандар, ишкашимдер және басқ.) үнді-еуропа тілдер семьясының
иран тобына жатады. Тілге алынған ұлттардың өкілдері тек ұлттық респуб-
ликаларда ғана емес, көршілес мемлекеттер аумағында да кең тараған. Мы-
салы, өзбектер Өзбекстанға көрші Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан
республикаларында сан жағынан екінші, ал Қазақстанда үшінші ұлт болып
саналады. Өз кезегінде Өзбекстанда да тәжік, қазақ, қырғыз ұлттарының
өкілдері салмақты орын иелейді.
Орталық Азия мемлекеттері, БҰҰ қабылдаған дүние жүзі мемлекеттерінің
сипаттамасы тұрғысынан алғанда, өтпелі экономикадағы мемлекеттер қата-
рына тиесілі. Орталық Азия мемлекеттерінің ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) көлемі
2016 жылдың қорытындылары бойынша Халықаралық валюта қорының
(ХВҚ) мәліметтеріне орай 800 млрд АҚШ долларына тең. Бес мемлекеттің
ішінде ЖІӨ бойынша бірінші орында Қазақстан, екінші орында Өзбекстан,
үшінші орында Түркіменстан, төртінші Тәжістан және бесінші орында Қыр-
ғызстан тұрады. Субаймақ бойынша жалпы өндіріс көлемінің 56,4%-ы Қа-
133
зақстанға, 25,8%-ы Өзбекстанға тура келсе, Түркіменстан, Тәжікстан және
Қырғызстан үлестері сәйкесінше 11,8%, 3,3% және 2,7%-ға тең.
Субаймақ мемлекеттері әлеуметтік-экономикалық жағдайының жалпы
ерекшеліктері олардың таяу жылдарға дейін бірыңғай саяси және экономи-
калық ортада дамығандығынан, экономикалары негізінен минерал шикізат-
тар мен жер-су ресурстарына байланысты болғандығынан туындайды. Ол
өнеркәсіпті дамыту, оның жаңа кәсіпорындарын, тармақтары мен аумақтық
орталықтарын ұйымдастыруға ұмтылу, ауыл шаруашылығы мамандануының
ұқсастығы, сыртқы экономикалық байланыстардың ортақ бағыттар бойын-
ша, яғни Қытай, Ресей, Корея Республикасы, Түркия және Еуропа мемле-
кеттерімен жүзеге асырылуынан көрініс тауып отыр. Бірақ Орталық Азия
мемлекеттерінің әрқайсысының шаруашылығында өзіне ғана тән жақтары да
бар. Қазақстанда, Түркіменстан мен Өзбекстанда өнеркәсіп өндірісі экономи-
калық маңызы тұрғысынан ауыл шаруашылық тармақтарына қарағанда біраз
үстемдеу болғандықтан, бұл үш республика индустриалды-аграрлы мем-
лекеттер болып саналады. Ал Тәжікстан мен Қырғызстанның экономикасы
аграрлы-индустриалды бағыт бойынша дамып келеді.
Отын-энергетика кешені Қазақстанда, Түркіменстан мен Өзбекстанда өте
жақсы дамыған. Қазақстан мұнай қорлары, оны өндіру мен экспорттау көлемі
жағынан субаймақта жетекшілік етіп, жылына 100 млн тоннадан астам мұнай
өндіреді және оның көлемді бөлігін эскпортқа шығарады. Ал Түркіменстан-
ның экономикасы мен ұлттық байлығының негізі газ өнеркәсібі болып табы-
лады. Бұл мемлекет табиғи газ қорлары бойынша әлемде 4-ші, ТМД-да 2-ші,
Орталық Азияда 1-ші орында тұрады. Дүние жүзінде қоры тұрғысынан екінші
болып саналатын Галқиниш газ кені Түркіменстанда орын тепкен. Қазақстан-
да, Өзбекстан мен Түркіменстанда электр энергиясы негізінен ЖЭС-терде өн-
діріледі. Отын қорлары жұтаңдау Тәжікстан мен Қырғызстанда электр энер-
гиясының 90%-дан астамы ГЭС-терде өндіріледі.
Қара металлургия Орталық Азия мемлекеттері ішінде Қазақстанда өте
жақсы дамыған. Елде бұл тармақтың басты кәсіпорындары темір рудасының
ірі кендері негізінде Қарағанды (Теміртау қ.) және Қостанай (Рудный қ.) об-
лыстарында орналасқан. Түсті металлургия Түркіменстаннан тыс барлық Ор-
талық Азия мемлекеттерінің экономикасы мен сыртқы саудасында маңызды
рөл атқарады. Соның ішінде Тәжікстан үшін Тұрсынзада қаласында жұмыс
істеп тұрған алюминий зауыты, ал Қырғызстан үшін Ыстықкөл облысындағы
Құмтар алтын зауыты аса көлемді қаржылық табыс келтіретін экономикалық
нысандар болып саналады. Өзбекстан алтын, уран және мыс; Қырғызстан – ал-
Достарыңызбен бөлісу: |