Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет42/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53

119
22-сурет.  Азия  субаймақтары
Оңтүстік-батыс  Азия.  Аймақта  халқының  саны  бойынша  Түркия, 
Иран,  Ауғанстан,  Ирак,  Сауд  Арабиясы  мемлекеттері  алдыңғы  қатарда 
тұрады.  Жалпы  халықтың  60%-ы  ауылдық  жерлерде  жасайды. 
Субаймақта  негізінен  мұнай  (Парсы  шығанағы  мемлекеттері,  Түркия, 
Əзербайжан,  Армения),  машинажасау  (Түркия,  Иран,  Грузия,  Əзербай-
жан,  Армения),  металлургия  (Түркия,  Иран,  БАƏ)  және  химия  өнеркәсібі 
(Иран,  Түркия,  Əзербайжан)  дамып  келеді.  Жеңіл  және  тамақ  өнеркәсібі 
Оңтүстік-батыс  Азияның  барлық  мемлекеттерінде  жақсы  дамыған.
Ауыл  шаруашылығының  жетекші  тармағы  диқаншылық  болып  сана-
лады.  Негізінен  суармалы  диқаншылық  жақсы  дамыған,  тұтынуға  қажет-
ті  бидай,  жүгері,  арпа  өсіріледі.  Жерорта  теңізі  жағалауындағы  мемле-


120
кеттерде  көкөніс,  жеміс-жидек,  жүзім  шаруашылығы  кең  етек  жайған, 
сонымен  қатар  бұл  аймақ  зәйтүн  өндіру  бойынша  әлемде  жетекші  орын-
дарда  тұрады.  Түркияда  мақта,  темекі,  цитрус  жемістері,  дәнді  дақыл-
дар,  Иранда  –  құрма,  цитрус  жемістері,  қант  қызылшасы,  мақта,  Иракта, 
Сирия  мен  Израильде  –  мақта,  темекі  және  құрма  өсіру  жақсы  дамыған. 
Мал  шаруашылығы  бойынша  Түркия  –  ангор  ешкілерін  бағуға,    Ара-
бия  түбегінің  мемлекеттері  –  түйешілікке,  Иран  мен  Ауғанстан  қаракөл-
шілікке  маманданған.  Қызмет  көрсету  салалары  арасында  көлік  пен  ту-
ризмнің  үлес  салмағы  үлкен. 
Оңтүстік  Азия  мемлекеттері.  Оңтүстік  Азия  субаймағының  жалпы 
алаңы  4,5  млн  шаршы  км-ді  құрайды.  Аймақта  2  млрд-қа  жуық  халық 
жасайды.  Бұл  субаймақтың  құрамына  Үндістан  түбегі,  Үнді-Ганг  ойпа-
ты,  Шри-Ланка,  Малдив,  Андаман,  Никобар  және  Лаккадив  аралдары 
енеді.  Оның  аумағында  7  мемлекет  орналасқан.  Аймақ  мемлекеттері  ара-
сында  монархиялық  мемлекеттік  құрылысқа  негізделген  жалғыз  Бутан 
Корольдігі  мен  6  республика  бар.  Əкімшілік-аумақтық  түзілісі  бойынша 
Үндістан  мен  Пакистан  –  федеративтік,  ал  қалғандары  унитарлық  мем-
лекеттер  болып  саналады.
Оңтүстік  Азияның  әлемдік  шеңберде  иелейтін  орны  төмендегідей: 
бұл  субаймақ  Жер  шары  құрлық  алаңының  3,1%-ын  иелейді;  дүние  жүзі 
халқының  25,4%-ы  осы  аймақтың  халқынан  құралады;  әлемдік  ЖІӨ-нің 
9%-дан  астамы  осы  субаймақтың  еншісіне  тиеді. 
Дүние  жүзі  мұхитына  тікелей  шығу  мүмкіндігінің  барлығы,  Үнді  мұ-
хиты  алабы  құрлықбойы  аумақтарының  қақ  ортасына  орналасқандығы, 
оның  аумағында  ежелгі  тарихи  орталықтардың  барлығы  –  аймақтың  ге-
ографиялық  орнының  өзіне  тән  ерекшеліктері  болып  табылады. 
Оңтүстік  Азияны  солтүстігінде  Гималай  тау  жоталары  мен  Қарақұрым 
қоршап  тұрады,  солтүстік-шығыста  ол  қалың  орман  жамылған  Ас-
сам-Бирма  тауларымен,  ал  солтүстік-батыста  Гиндукуш  және  Иран  тау-
ларымен  шектеседі.  Аймақ  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  әлемдегі  ең 
биік  тау  –  Гималайдан    экваторда  орналасқан  Малдив  аралдарына  қарай 
төмендей  береді  (23-сурет).
Аталмыш  аймаққа  муссон  типті  климат  тән,  ол  бүкіл  жыл  бойы  ауа 
райының  шұғыл  өзгеруімен  ерекшеленеді.  Бұл  жерден  нақты  сипаттағы 
екі  климаттық  маусымды  (ылғалды  жаз  және  құрғақ  қыс  маусымдары) 
айқын  көруге  болады.  Аймақтың  экономикалық  дамуында  табиғи  ресурс-
тар,  әсіресе  минерал  ресурстар  айрықша  рөл  атқарады.  Бұнда  отын- 


121
23-сурет.  Оңтүстік  Азия  субаймағы  мемлекеттерінің  жер  бедері  түзілісіндегі 
айырмашылықтар
энергетика  ресурстарынан  бастап  (көмір,  табиғи  газ,  құрамында  радио-
активті  торий  бар  монацитті  құмдар)  сирек  кездесетін  құнды  металдар 
мен  асыл  тастар  (алтын,  бриллиант,  алмаз)  бар.  Субаймақ  қара  металл 
рудалары  (темір,  марганец,  хром)  қоры  бойынша  әлемде  алдыңғы  қатар-
дан  орын  алады.  Соңғы  жылдарда  аймақтың  теңіз  қайраңы  зонасында 
мұнай  мен  газ  қазып  алу  дамып  келеді.
Су  ресурстарымен  анағұрлым  жақсы  қамтамасыз  етілген  Үнді,  Ганг, 
Брахмапутра  бұл  өңірдің  ең  ірі  өзендері  болып  табылады.  Субаймақта 
құнарлылығы  жоғары  аллювиалды  топырақтар,  қара  топырақтық  ерек-
шелігі  басымдау  сазды  топырақ  –  регурлар  кең  тараған.  Оңтүстік  Ази-
яның  барлық  мемлекеттерінде  ұлттық,  діни,  әлеуметтік-экономикалық 
даму  себепшарттарына  байланысты  халықтың  табиғи  өсу  қарқыны 
әжептәуір  жоғары. 
Оңтүстік  Азияда  33  этносқа  жататын  1  млн-нан  астам  адам  жасайды, 
бұл  аймақ  халқының  98%-ын  құрайды.  Негізінен  индуизм  (Үндістан,  Не-
пал),  ислам  (Пакистан,  Бангладеш,  Малдив),  буддизм  (Бутан,  Шри-Лан-
ка)  діндері  кең  тараған.
Оңтүстік  Азия  ежелгі  суармалы  егіншілік  орталықтарының  бірі  ретінде 
әлем  халқының  ең  тығыз  орналасқан  ареалдарының  бірі  болып  саналады. 
Бұл  жерде  халықтың  орташа  тығыздығы  бір  шаршы  км-ге  355  адамнан 
тура  келеді,  яғни  орташа  әлемдік  көрсеткіштен  6,7  есе  артық.  Ойпатты  ау-
мақтарда,  ірі  өзен  аңғарларында  (әсіресе  Ганг  өзені  бойында)  және  теңіз 
жағалауы  аумақтарында  халықтың  жоғары  тығыздығы  тіркелген.  Оңтүстік 
Азия  –  әлемдегі  ең  төмен  урбанизацияланған  аймақтардың  бірі  (46%).  Бұл 
жағдай  аймақ  мемлекеттерінің  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  төмен-
дігінен  орын  алған.  Сонымен  қатар  аймақтың  көптеген  мемлекеттерінде 
жалған  урбанизация  үдерісі  де  жедел  қарқынмен  дамып  барады.


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау