Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет48/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

137
дірген:  “Өзбекстанның  аумақтық  мекен  ерекшеліктері,  оның  географиялық 
орны  біздің  ішкі  және  сыртқы  саясатымызды  таңдап,  жүзеге  асыруымыз-
да  айрықша  маңызды.  Өзбекстан  бүгінде  көрші  мемлекеттер  –  Қазақстан, 
Қырғызстан,  Тәжікстан,  Түркіменстан  және  Ауғанстан  ортасында  бай-
ланыстыратын  буын  міндетін  өтейді.  Бұлардың  барлығы  республиканың 
әлемдік  экономикаға  интеграциялануын  жеделдетіп,  шетел  инвестицияла-
рын  тартуды  күшейтеді,  Өзбекстанды  мемлекеттер  ортасындағы  пайдалы 
ынтымақтастықтың,  тауарлар  мен  капитал  транзитінің  өзіне  тән  аймақтық 
орталығына  айналдырады”.
Өзбекстанның  бұндай  қолайлы  экономикалық-әлеуметтік  мүмкіндік-
тері  көршілері  жағынан  халқы  тығыз  қоныстанған  шектес  (контактілі) 
аумақтарда  (Ферғана  аңғары,  Зарафшан,  Төменгі  Əмудария  аймақтары, 
Сұрхандария  облысы)  бүгінгі  таңда  түрлі  салаға  маманданған  көптеген 
республикааралық  аумақтық  өндірістік  кешендер,  бірлескен  кәсіпорындар-
дан  бастап  еркін  экономикалық  аумақтар  ұйымдастыруға  дейінгі  жарқын 
істерге  жол  ашады.  Орталық  Азия  субаймағында  орналасқан  трансшекара-
лық  өзендер  мен  жолдар  проблемаларының  шешілуі  республиканың  мик-
рогеографиялық  орнының  қолайлылығын  арттыра  түседі.
Жақын  төңірегінде  орналасқан  мемлекеттермен  (Ресей  Федерациясы, 
Ауғанстан,  Иран,  Кавказ  республикалары)  салыстырғанда,  Өзбекстанның 
мезоэкономикалық  географиялық  орны  (жақын  аймақтармен  салыстырған-
да  иелеген  орны)  орташа  қолайлылықтарға  иелігімен  сипатталады.  Ме-
зоэкономикалық  географиялық  орынның  бұлайша  бағалануының  себебі 
сол,  Өзбекстан,  бір  жағынан,  Кавказ  республикаларымен,  әсіресе  Ресей 
Федерациясымен,  негізінен,  заманалық  көлік  құралдары  арқылы  тиімді 
байланысқан  әрі  бұл  мемлекеттермен  дәстүрлі  көп  жақты  қарым-қатынас-
тарды  дамытып  келеді.  Дүние  жүзі  мемлекеттері  ортасында  экспорт-им-
порт  байланыстарының  көлемі  бойынша  Ресейдің  бірінші  орында  тұрған-
дығы  –  осының  жарқын  айғағы.  Екінші  жағынан,  оңтүстікте  орналасқан 
және  Өзбекстанның  мезоэкономикалық  географиялық  орны  тобына  енетін 
Ауғанстан  және  Иран  мемлекеттері  бүкіл  өткен  тарихымыз  барысында 
бізбен  жан-жақты  әлеуметтік  байланыста  болып  келгенімен,  қазіргі  кезең-
де  бұл  байланыстарды  одан  әрі  дамытуға  орын  алған  техникалық  және 
саяси  қиыншылықтар  кедергі  болып  тұр.
Мемлекетаралық  экономикалық  және  әлеуметтік  байланыстардың  одан 
да  тиімді  нәтижелер  беруі  үшін  әлемдегі  шалғай  орналасқан  өзге  мем-
лекеттермен  де  қарым-қатынас  орнату,  былайша  айтқанда,  макрокеңдік-


138
тер  талап  етіледі.  Алайда  дүние  жүзі  мемлекеттерімен  экономикалық  қа-
рым-қатынастар  орнату  ісінде  материктің  ішкерісіндегі  мемлекеттер  теңіз 
бойындағыларға  қарағанда  анағұрлым  көбірек  қолайсыздықтарға  душар 
болады.  Өзбекстан  өзіне  жақынырақ  теңіздерге  шығу  үшін  кемінде  екі 
мемлекеттің  аумағынан  өтуге  тура  келетін  әлемдегі  санаулы  мемлекет-
тердің  қатарында  болғандықтан,  оның  макроэкономикалық  географиялық 
орны  (дүние  жүзі  мемлекеттерімен  салыстырғанда  иелейтін  орны)  да  қо-
лайсыздау.  Тәуелсіздік  жылдарында  түрлі  бағыттар  бойынша  Өзбекстанды 
дүниежүзілік  мұхитпен  байланыстыратын  халықаралық  жол  жобаларына 
белсене  қатысу  бұл  қолайсыздықты  біршама  жеңілдетеді.
Өзбекстан  Республикасының  саяси  географиялық  орны  классик  геоса-
ясаткерлер  айқындап  берген  Еуразияның  ішкі  континенттік  бөлігі,  яғни 
Хартлэнд  (ағыл.  Хеартланд  –  “дүниенің  жүрегі”)  пен  Еуразияның  теңізге 
жақын  оңтүстік-батыс  аймағы    Римлэндтің  (Римланд  –  “ішкі  жарты  ай”) 
өзара шектескен тұсында орналасқандығымен сипатталады. Ал бұл жағдай 
әлемге  билік  жүргізуді  жоспарлап  отырған  көптеген  мемлекеттердің  біздің 
республикамызға  қызығуын  оятты.
Бұдан  тыс  Өзбекстанның  қолайлы  көліктік  географиялық  орны  мемле-
кетіміздің  стратегиялық  ресурстарға  –  мұнай,  газ,  алтын,  уран  және  басқа 
көптеген жерасты және жерүсті байлықтарына иелігі, қолайлы табиғи кли-
маттық  жағдайы,  адамзаттың  дамуы  мен  өркениетіндегі  салмақты  үлесі, 
қомақты  демографиялық  әлеуетке  ие  болуы  бұл  елдің  өзіне  тән  геосаяси 
мүмкіндіктері  молдығын  көрсетіп  отыр. 
Сонымен  қатар  республиканың  саяси  географиялық  орнына  кері  әсерін 
тигізетін  себепшарттар  да  бар.  Халықаралық  лаңкестік  пен  діни  содырлық 
қаупі,  мемлекет  аумағын  наркотрафик  жолы  ретінде  пайдалануға  ұрыну, 
жаһандық  деңгейдегі  экологиялық  ділгірліктер,  қилы  мемлекеттер  орта-
сындағы  геосаяси  бәсекелестік,  Ауғанстандағы  тұрақсыз  саяси  жағдай 
сияқтылар  Өзбекстанның  аталмыш  географиялық  орын  көрінісіне  кері 
ықпалын  тигізетін  себепшарттар  болып  саналады.  Республика  басшылығы 
осы  кері  себепшарттарды  жою  мақсатымен  ауқымды  шараларды  жүзеге 
асыруда.
Мемлекеттің  бірінші  Президенті  И.А.Каримов  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы-
ның  жиналыстарында  жасаған  баяндамаларында  әлемдік  қауымдастықтың 
назарын  бірінші  кезекте  Ауғанстан  мен  Арал  проблемаларына  аударуға 
шақырған  болатын.  Еліміздің  Ауғанстан  проблемасын  шешу  бойынша 
“6+2”  тобындағы  қызметі  көрші  мемлекетте  бейбітшілік  орнатуға,  оның 


139
әлеуметтік-экономикалық  дамуына  көмектесуге  бағытталған.  БҰҰ  басшы-
ларының  елімізге  сапары  кезінде  Арал  теңізі  проблемаларына  назар  ау-
дарғандықтары  нәтижесінде  ол  халықаралық  экологиялық  проблемалар 
қатарынан  орын  алды.  Осының  арқасында  бұл  проблемаға  көптеген  мем-
лекеттердің  назарын  аударуға  қол  жеткізілді.
Орталық  Азия  мемлекеттері  ортасындағы  трансшекаралық  өзендер,  Өз-
бекстан  мен  Қырғызстан  ортасындағы  эксклав  (тиіеті  мемлекет  аумағының 
негізгі  бөлігінен  басқа  мемлекеттің  аумағы  арқылы  бөлініп  қалған  жер-
лер)  жерлер  мен  кейбір  шекаралық  аумақтар,  Тәжікстанмен  мемлекеттік 
шекарада  әлі  аяқталмаған  делимитация  (шекара  сызығын  анықтап,  нығай-
ту)  істері  бойынша  туындаған  проблемалар  –  алғашқы  кезекте  шешілуге 
тиісті  маңызды  геосаяси  проблемалар  болып  саналады.
Аумағы ядролық қарулардан тыс, бейтараптық саясатты қолдайтын мем-
лекетке  айналуды  мақсат  еткен  Өзбекстан  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 
проблемаларды  шешу,  экономикалық  дамуға  қол  жеткізу  үшін  бірқатар 
мемлекеттермен  жақын  ынтымақтастықты  қолға  алды.  Таяу  көршілерінен 
тыс  Ресей  Федерациясымен,  Қытаймен  тығыз  қарым-қатынастар  орнатқан 
Өзбекстан  ШЫҰ,  ТМД  секілді  ұйымдардың  қызметіне  тұрақты  қатысушы 
болып  табылады.
Өзбекстанның географиялық орны, микроэкономикалық-географиялық орын, мезо-
экономикалық географиялық орын, макроэкономикалық географиялық орын, саяси 
географиялық орын, Хеартланд, Римланд, 6+2 тобы, трансшекаралық өзен, делими-
тация.
1.  Өзбекстан тәуелсіздікке ие болған соң бірінші кезекте қайсы салалар бойынша ре-
формалар жасады?
2.  Соңғы жылдарда Арал проблемасын шешу бойынша қандай шаралар жүзеге асы-
рылып келеді?
3.    Өзбекстанның  экономикалық  географиялық  орнының  ерекшеліктерін  талдап, 
төмендегі кестені толтыр:
Экономикалық
географиялық орын (ЭГО)
көрсеткіштері
ЭГО-ға әсер ететін ұнамды
себепшарттар
ЭГО-ға әсер ететін ұнамсыз
себепшарттар
Микро ЭГО
Мезо ЭГО
Макро ЭГО


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау