Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет43/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53

122
Оңтүстік  Азияда  экономикасының  даму  деңгейіне  орай,  Азияның 
басқа  субаймақтарына  қарағанда  төмен  көрсеткіштер  тіркелген.  Бутан 
мен  Непал  –  аграрлы,  Малдив  –  аграрлы-индустриалды,  Бангладеш,  Па-
кистан,  Үндістан  және  Шри-Ланка  –  индустриалды-аграрлы  мемлекеттер 
болып  саналады.  Оңтүстік  Азия  мемлекеттері  әлемдік  экономикада  не-
гізінен  тау-кен  (Үндістан,  Непал,  Бутан),  қара  және  түсті  металлургия 
(Пакистан,  Үндістан,  Шри-Ланка),  химия  (Үндістан,  Пакистан),  жеңіл 
және  тамақ  өнеркәсіп  түрлері  бойынша  (барлық  мемлекеттерде)  да-
мығандығымен  ерекшеленеді. 
Ауыл  шаруашылық  өнімдерін  өндіруде  егіншілік  саласы  үстем  тұра-
ды.    Оңтүстік  Азия  дүние  жүзінде  дәнді  дақылдар  (әсіресе  күріш)  өн-
діретін  ірі  аймақ  ретінде  танылған.  Бұдан  тыс  аймақта  жут  (Үндістан, 
Бангладеш),  табиғи  каучук,  кокос  (Шри-Ланка),  қант  қамысы,  мақта, 
жержаңғақ  та  өсіріледі.  Үндістан  мен  Шри-Ланка  әлемдік  шай  өнімінің 
40%-ын  өндіріп,  оны  экспорттау  бойынша  жетекші  орындарды  иелеп 
келеді.  Сонымен  қатар  субаймақ  сан  түрлі  дәмдеуіштер  өндіру  бойын-
ша  да  дүние  жүзінде  көш  басынан  көрінуде.  Мал  шаруашылығында  ірі 
қара,  қой  мен  ешкі,  балық  өсіру  салалары  жақсы  дамыған.  Сондай-ақ 
аймақ  мемлекеттерінде  қызмет  көрсету  тармақтары,  туризм,  медицина, 
көлік  салалары  елеулі  рөл  атқарады.
Азия субаймақтары, Оңтүстік-батыс Азия мемлекеттері, Парсы шығанағы мемлекет-
тері,  Суэц  каналы,  Кавказ  мемлекеттері,  Үндістан  түбегі,  регур  топырақтар.
1.  Оңтүстік-батыс Азия мемлекеттері әлемдік шаруашылықта қандай салаларға ма-
манданғандығымен  ерекшеленеді? 
2.  Оңтүстік-батыс Азия мемлекеттері арасынан құрлық ішкерісінде орналасқан ел-
дерді  картадан  көрсет.
3.    Картаны  пайдаланып,  төмендегі  кестені  толтыр:
Табиғи-географиялық
орын көріністері
Оңтүстік-батыс және Оңтүстік
Азия мемлекеттері
Теңіздік шекаралары бар мемлекеттер
Құрлық ішкерісіне орналасқан мемлекеттер
Арал мемлекеттер
Түбек мемлекеттер
Архипелаг мемлекеттер


123
§  29.  ШЫҒЫС  ЖӘНЕ  ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС  АЗИЯ
МЕМЛЕКЕТТЕРІ
Шығыс  Азия  мемлекеттері.  Азияның  шығыс  бөлігіне  орын  теп-
кен  аумақтар  Шығыс  Азия  субаймағы  болып  саналады.  Солтүстік,  ба-
тыс,  оңтүстік  бөліктері  арқылы  аймақтың  құрлықтағы  шекаралары  өтсе, 
шығысы  Жапон,  Сары,  Шығыс  Қытай,  Оңтүстік  Қытай  теңіздерінің 
шынжырымен  оралған.  Оның  жалпы  алаңы  11,8  млн  шаршы  км,  халқы-
ның  саны  1,5  млрд-тан  асады.  Бұл  аймақ  Жер  шары  құрлығының  8%-ға 
жуығын  алып  жатыр;  дүние  жүзі  халқының    22,2%-ын  қамтиды;  әлемдік 
ЖІӨ-нің    ¼  бөлігінен  артығы  осы  аймақтың  үлесіне  тура  келеді.  Субай-
мақтың  аумағында  5  тәуелсіз  мемлекет  бар.
Шығыс Азия субаймағы Азияның жер алаңы тұрғысынан ең ірісі болып 
саналады.  Оның  мемлекеттері  арасында  Қытай  жер  алаңының  үлкендігі 
жағынан  әлемде  үшінші  орынды,  ал  халқының  саны  тұрғысынан  бірінші 
орынды  иелейді.  Субаймақ  мемлекеттерінің  өзіне  тән  тағы  бір  ерекшелігі, 
әрбір  мемлекет  өзінің  саясаты,  даму  жағдайы  бойынша  бір-біріне  мүлде 
ұқсамайды.  Бұл  жерде  нарықтық  экономика  талаптарын  өз  бойына  да-
рытқан  социалистік  экономика  негізінде  дамып  келе  жатқан  Қытай  Халық 
Республикасы,  әлемдегі  ең  әскериленген,  жабық  саясат  жүргізетін,  тотали-
тарлық  жүйе  үстемдік  ететін  Корея  Халық  Демократиялық  Республикасы 
(КХДР),  аймақтағы  бірден-бір  монархиялық  әрі  дүниедегі  экономикалық 
тұрғыдан  ең  дамыған  мемлекеттердің  бірі  –  постиндустриалдық  Жапония, 
жаңа  өнеркәсіптенген  ел  –  Корея  Республикасы  және  онымен  қатар  эко-
номикасы  нашар  дамыған  Монғолия  орналасқан.
Тікелей  Тынық  мұхитқа  шығатын  мүмкіндігі  бар  (Монғолиядан  басқа) 
бұл  субаймақтың  ежелгі  өркениет  ошақтарының  бірі  екендігі  географиялық 
орнының  ұнамды  жағы  болып  саналса,  батыс  және  оңтүстік  бөліктерінің 
биік  таулардан  тұратындығы,  негізгі  бөлігі  Тынық  мұхит  жағалауының 
сейсмикалық  зонасында  орналасқандығы  кері  жағы  ретінде  сипатталады.
Шығыс  Азия  мемлекеттері  жер  бедерінің  ерекшеліктері  тұрғысынан 
бір-біріне  ұқсайды.  Барлық  мемлекеттерде  таулы  аумақтар  көлемді  алаң-
ды  алып  жатыр.  Сонымен  қатар  мұнда  Гоби,  Такла-Макан  секілді  шөл-
дер  де  бар.  Тау  етегі,  өзен  аңғарлары,  теңіз  бойы  аумақтары  бұл  ай-
мақтың  негізгі  ойпатты  жазықтарын  құрайды  (24-сурет). 
Шығыс  Азия  мемлекеттері  негізінен  қоңыржай,  субтропиктік  және 
субэкваторлық  аймақтарға  орналасқан.  Бұл  мемлекеттердің  экономика-


124
          Такла-Макан  шөлі.       
 
Жапония.     
 
        Тибет  таулары.
24-сурет.  Шығыс  Азия  мемлекеттерінің  табиғат  көріністері
сында  олардың  аумақтарындағы  табиғи  ресурстардың  маңызы  зор.  Ми-
нерал  ресурстардың  түрлі  көріністері  Жапониядан  басқа  барлық  мемле-
кеттерге  тән  болса,  Жапония  мен  Корея  түбегінің  мемлекеттері  су  ре-
сурстарына  байлығымен  ерекшеленіп  тұрады.  Бұдан  тыс  жер  (Қытай), 
орман  (Корея  түбегінің  мемлекеттері),  рекреация  (Жапония,  Қытай,  Ко-
рея  Республикасы)  ресурстарының  да  елеулі  экономикалық  маңызы  бар. 
Субаймақ  халқының  саны  мен  оның  тығыздық  деңгейі  жоғары  ау-
мақтардың  бірі  болып  саналады.  Əлеуметтік-экономикалық  прогресс 
себепшарты  Жапония  мен  Корея  Республикасы  халықтарының  табиғи 
көбею  дәрежесіне  кері  әсерін  тигізіп  отыр.  Бұл  елдерде  туылу  дәреже-
сінің  төмендігі  себепті  халық  арасында  егде  адамдар  мен  қарттардың 
үлес  салмағы  артып  барады.  Қытайда  халық  санының  баяу  өсуіне  бұл 
елде  соңғы  жылдарға  дейін  жүргізіліп  келген  халық  санын  қысқартуға 
бағытталған  демографиялық  саясат  себеп  болып  келеді.  Аймақ  мемле-
кеттері  арасында  КХДР  мен  Монғолияда  табиғи  көбею  үдерісі  жүріп 
жатыр.  Бүгінгі  таңда  субаймақтағы  халықтың  орташа  тығыздығы  1 
шаршы  км-ге  136  адамнан  тура  келеді.  Жалпы  алғанда,  халық  тығыз-
дығының  көрсеткіштері  Корея  Республикасында  өте  жоғары  (1  шаршы 
км-ге  510  адам),  ал  Монғолияда  өте  төмен  (1  шаршы  км-ге  2  адам).
Субаймақта  орташа  урбанизация  дәрежесі  58%  болғанымен,  оның 
мемлекеттері  арасында  әр  түрлі:  экономикасы  дамыған  Жапония  (93%) 
мен  Корея  Республикасында  (82%)  жоғары,  ал  КХДР-да  төмен  (60%) 
көрсеткіштер  байқалады.  Өнеркәсібі  бойынша  тау-кен  (Қытай,  Монғо-
лия,  КХДР),  отын-энергетика  (Қытай,  Корея  Республикасы,  Жапония), 
қара  және  түсті  металлургия  (Қытай,  Жапония,  Корея  Республикасы), 
химия (Қытай, Жапония, Корея Республикасы, КХДР), орман және ағаш 
өңдеу  (Қытай,  Корея  Республикасы),  жеңіл  және  тамақ  (субаймақтың 


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау