Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет44/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53

125
барлық  мемлекеттері)  тармақтары  маңызды  рөл  атқарады.  Өнеркәсіп 
өнімдерін  өндіру  бойынша  Қытай,  Жапония  және  Корея  Республика-
сы  әлемдегі  жетекші  мемлекеттердің  қатарында  тұрады.  Əсіресе  бұл 
мемлекеттердің  қара  металлургия,  кемежасау,  автомобильжасау,  элек-
троника  мен  электротехника  және  химия  өнеркәсіптеріндегі  үлестері 
қомақты.
Шығыс  Азия  мемлекеттері  экономикасында  ауыл  шаруашылығының 
маңызы  зор.  Монғолия  мен  Жапонияның  ауыл  шаруашылығында  мал 
шаруашылығының,  ал  өзге  мемлекеттерде  егіншіліктің  үлесі  жоғары. 
Егіншілік  тармақтары  арасында  дәнді  дақылдар  (бидай,  салы,  жүгері), 
техникалық  егіндер  (мақта,  темекі,  шай,  картоп,  соя)  өсіру  және  бағбан-
шылық  жақсы  дамыған.  Мал  шаруашылығында  мүйізді  ірі  қара,  шошқа, 
құс  шаруашылықтары  және  балықшылық  елеулі  орын  иелейді.  Монғо-
лияда  қой  мен  ешкі,  жылқы,  түйе  және  бұғы  өсіру  тармақтары  дамыған. 
Көлік  саласында  құрлық  көлігінің  маңызы  ерекше.  Ал  теңіз  бойына  ор-
наласқан  елдерде  су  көлігі  де  ойдағыдай  дамыған. 
Оңтүстік-шығыс  Азия  мемлекеттері.  Оңтүстік-шығыс  Азия  субай-
мағы  құрамына  Үндіқытай  түбегі,  Малай  архипелагының  аралдары, 
Жаңа  Гвинеяның  батыс  бөлігі  енеді.  Оның  жер  көлемі  4,5  млн  шаршы 
км,  жалпы  құрлық  көлемінің  3%-ын  иелейді.  Халқының  саны  630  млн 
адамға  жуық,  яғни  бұл  субаймақта  дүние  жүзі  халқының  8,5%-дан  аста-
мы  жасайды.  Географиялық  орналасуы  тұрғысынан  Вьетнам,  Камбоджа, 
Лаос,  Мьянма,  Таиланд  және  Малайзия  –  түбек  мемлекеттер,  ал  Бруней, 
Индонезия,  Сингапур,  Филиппин  және  Шығыс  Тимор  –  арал  мемлекет-
тер.  Бұл  аймақта  жерінің  үлкендігі,  халқының  саны,  әлеуметтік-экономи-
калық  даму  деңгейі  бойынша  бір-бірінен  елеулі  айырмасы  бар  11  мемле-
кет  бар.  Олардың  арасынан  Лаос  құрлық  ішкерісіне  орналасқан  мемле-
кет  болғандықтан,  теңізге  тікелей  шыға  алмайды. 
Мемлекеттердің  4-інде  монархиялық  басқару  қалыптасқан.  Əкімшілік- 
аумақтық  түзілісі  бойынша  Малайзия  мен  Мьянма  федеративтік  мемле-
кеттер  болып  саналады. 
Үнді  және  Тынық  мұхиттардың  арасына  орналасқандығы;  аймақ  мем-
лекеттерінің  экономикалық  дамуында  екі  ірі  өркениеттің  –  Қытай  мен 
Үндістанның  ықпалы  күшті  екендігі;  ұлы  географиялық  ашулар  кезеңін-
де  дамуды  бастаған  халықаралық  сауда  және  теңіз  жолдары  үстіне  ор-
наласқандығы  аймақтың  географиялық  орнының  өзіндік  ерекшеліктері 
болып  табылады.


126
Субаймақтың  жер  бедерінде  таулы  және  ойпатты  аумақтар  салмағы 
тең  деуге  болады.  Аймақта  ірі  ойпаттар  жоқтың  қасы.  Негізінен  субэк-
ваторлық  және  экваторлық  климат  белдеулеріне  орналасқандықтан,  кли-
маттық  ерекшеліктер  бұл  жерде  мәңгі  жасыл  орман  алқаптарының  қа-
лыптасуына  себеп  болған.  Аймақтың  42%-ын  ормандар  алып  жатыр.  Су 
ресурстарымен  жақсы  қамтамасыз  етілген.  Меконг,  Иравади,  Чао-Прая, 
Хонгха  өзендері  ең  басты  тұщы  су  көздері  болып  табылады.  Аймақтың 
ірі  өзендері  негізінен  түбек  мемлекеттердің  аумағынан  ағып  өтеді.
Дүние  жүзі  мұхитының  биологиялық  ресурстары  да  бұл  мемлекет-
тердің  экономикасында  елеулі  рөл  атқарады.  Оларды  жергілікті  халық 
барынша  кең  пайдаланады.  Малай  архипелагының  кейбір  аралдарында 
табиғи  дүр  (інжу)  өндіріледі.
  Аймақтың  табиғи  ресурстары  арасында  минерал  ресурстар  маңыз-
ды  экономикалық  рөл  атқарады.  Мьянма  аумағынан  сонау  Индонезияға 
дейін  созылатын  қалайы-вольфрам  белбеуінің  арқасында  барлық  тү-
бек  мемлекеттері  мен  Индонезия  аумағынан  көлемді  мөлшерде  қалайы 
рудалары  қазып  алынады.  Субаймақ  қалайының  жалпы  қоры  бойын-
ша  әлемде  бірінші  орында  тұр.  Оңтүстік-шығыс  Азия  сурьма  қорла-
ры  бойынша  континентте  бірінші  орынды,  ал  дүние  жүзінде  екінші 
орынды  иелейді.  Бұдан  тыс  субаймақта  мұнай  (Индонезия,  Малайзия, 
Бруней),  таскөмір  (Вьетнам,  Индонезия),  уран  рудалары  (Индонезия, 
Филиппин),  алтын  (Мьянма,  Вьетнам,  Филиппин),  вольфрам  (Мьянма, 
Таиланд),  боксит  (Индонезия,  Филиппин,  Малайзия)  секілді  минерал 
ресурстар  да  өндіріледі.
Оңтүстік-шығыс  Азияның  дерлік  барша  мемлекеттерінде  халықтың 
табиғи  өсімі  жоғары.  Бұған  бірінші  кезекте    ұлттық,  діни  себепшарт-
тар  үлкен  әсерін  тигізеді.  Индонезия,  Филиппин,  Вьетнам  аймақтағы  ең 
халқы  көп  мемлекеттер  болып  саналады.  Оңтүстік-шығыс  Азия  аумағын-
да  200-ден  астам  ұлттар  мен  ұлыстар  жасайды.  Олардың  арасында  ма-
лайлықтар,  лаолар,  тайлықтар,  вьетнамдықтар,  семангтар,  бирмалықтар, 
филиппиндіктер,  явалықтар,  қытайлар  салмақты  орын  иелейді.
Индонезияда,  Малайзия  мен  Брунейде  ислам  дініне  табынушылар  ба-
сым.  Таиланд,  Лаос,  Камбоджа,  Мьянма  және  Вьетнам  сияқты  елдерде  – 
буддизм,  Сингапурда  конфуций  діні  кең  тараған.  Кейбір  мемлекеттерде 
(Филиппин,  Шығыс  Тимор)  католиктердің  үлес  салмағы  үлкен.
Субаймақта  халықтың  орташа  тығыздығы  1  шаршы  км  жерге  140 
адамнан  тура  келеді.  Шағын  аумақты  мемлекеттерде  бұл  көрсеткіш 


127
25-сурет.  Оңтүстік-шығыс  Азияның 
заманалық  қалаларының  бірі     
анағұрлым  жоғары  (мысалы,  Сингапур-
де  тығыздық  1  шаршы  км  жерге  8000 
адамнан  асады). 
Аймақтың  урбанизациялану  дәре-
жесі  50%-дың  айналасында.  Индус-
трияланған  аудандарда  бұл  көрсеткіш 
әжептәуір  жоғары  (Сингапурда  100%), 
ал  ауыл  шаруашылығы  экономикасын-
да  елеулі  салмағы  бар  елдерде  төмен 
(Шығыс  Тиморда  30%  айналасында). 
Джакарта,  Бангкок,  Манила  қалалары 
бұл  аймақтың  ең  ірі  қалалары  болып 
табылады  (25-сурет).
Аймақ  мемлекеттерінің  тарихи  дамуында  Қытай  мен  Үндістанның 
ықпалы  үлкен  болса  да,  бұл  мемлекеттердің  басым  көпшілігі  өздерінің 
әлеуметтік-экономикалық  даму  жолының  жапон  моделін  таңдап  алған. 
Соның  нәтижесінде  Оңтүстік-шығыс  Азия  елдері  арасында  Сингапур, 
Таиланд,  Малайзия  тәрізді  жаңа  өнеркәсіптенген  мемлекеттер  (соңғы 
жылдарда  әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштерінде  ұнамды  өзгеріс-
тер  байқалған  даму  үстіндегі  мемлекеттер  тобы)  саны  көбейіп  келеді.
Сонымен  қатар  бұл  жерде  Бруней  секілді  мұнай  экспортымен  шұғылда-
натын,  Шығыс  Тимор,  Лаос  сияқты  экономикасы  нашар  дамыған  мемле-
кеттер  де  бар.
Субаймақта  тау-кен  (аймақтың  барлық  мемлекеттерінде  деуге  бола-
ды),  отын-энергетика  (Индонезия,  Малайзия,  Бруней  және  т.б.),  түсті 
металлургия  (Индонезия,  Малайзия,  Таиланд,  Вьетнам  және  т.б.),  ма-
шинажасау  (Индонезия,  Сингапур,  Малайзия  және  т.б.),  химия  (Ин-
донезия,  Малайзия,  Сингапур,  Вьетнам  және  т.б.),  жеңіл  және  тамақ 
(аймақтың  барлық  мемлекеттерінде  дерлік)  өнеркәсіптері  тармақтары 
жақсы  дамыған.
Ауыл  шаруашылығында  егіншілік  үстем  сала  болғандықтан,  негізі-
нен  күріш  (салы)  егіні  көп  өсіріледі.  Бұдан  тыс  аймақ  мемлекеттерінде 
түрлі  дәмдеуіштер,  шай,  кофе,  копра,  гевея  (табиғи  каучук  алу  үшін) 
сияқтылар  да  өндіріледі.  Бұнда  балық  шаруашылығы  жақсы  дамыған. 
Географиялық  орын  ерекшеліктеріне  орай,  Оңтүстік-шығыс  Азия  мем-
лекеттері  үшін  су  және  автомобиль  көліктері  басты  көлік  түрлеріне 
жатады.


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау