Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет41/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53

116
алаңы  ірі  аралдар  негізінен  аймақтың  оңтүстік-батыс  бөлігіне  орналасқан 
болса,  қалған  шағын  және  ұсақ  аралдар  Тынық  мұхит  акваториясындағы 
ауқымды  алапқа  шашырай  орналасқан.  Тынық  мұхит  акваториясының    1/3 
бөлігін  Океания  аралдары  құрайды.
Негізінен  экваторлық,  субэкваторлық,  тропиктік,  субтропиктік  және 
қоңыржай  белдеулер  аумағына  орналасқан.  Жауын-шашын  мөлшері  1500-
4000  мм-ді,  орташа  температурасы  +24ºС,  +28ºС-ді  құрайды.  Ірі  таулы 
аралдарда  қызыл,  тау-латерит,  тау-шөптесін,  ашық  қоңыр,  қоңыр  топырақ 
түрлері  кең  тараған.  Ал  атолдарда  құнарсыз,  ылғалды  өз  бойында  сақтай 
алмайтын  нашар  топырақтар  бар.  Өңір  су  ресурстарымен  жақсы  қамтама-
сыз  етілген.  Сепик  (1126  км),  Флай  (1050  км),  Уаикато  (425  км)  –  Океа-
нияның  ең  ірі  өзендері  болып  табылады.  Аралдарда  минерал  ресурстардан 
никель  (Жаңа  Каледония),  мұнай  мен  газ  (Папуа,  Жаңа  Гвинея,  Жаңа  Зе-
ландия),  мыс  (Папуа,  Жаңа  Гвинея),  алтын  (Папуа,  Жаңа  Гвинея,  Фиджи), 
фосфат  (Науру),  ал  теңіз  аумағындағы  экономикалық  зоналарда  темір-мар-
ганец  қоспалары,  кобальт  өндіріледі.
Океания  аралдары  мемлекеттерінің  негізгі  бөлігі  халқының  саны  аз  ел-
дер  болып  саналады.  Халқы  негізінен  австралоид  нәсіліне  тән  полинез, 
меланез,  микронез  және  папуастардан  құралған.  Ұлттық  құрамында  түрлі 
тайпалар  мен  рулар  өкілдерінің  салмақ  үлестері  жоғары.  Олар  папуас  және 
австронез  тайпаларына  тиесілі.  Бірақ  жергілікті  тілдер  қолданыста  мүлдем 
жоқ  деуге  болады.  Мұнда  негізінен  ағылшын  және  француз  тілдері  пайда-
ланылады.  Христиан  дініне  табынатындардың  үлес  салмағы  айтарлықтай 
жоғары,  бұдан  тыс  тайпаларда  дәстүрлі  діндерге  табынушылар  да  бар.
Табиғи  ресурстарға  кедейлігі,  араларалық  байланыстың  қиындығы,  мине-
рал  ресурстар  мөлшерінің  шектелгендігі,  негізгі  эскспортқа  жарамды  өнім-
дердің өндірістік үдерісі халықаралық монополиялардың қол астына шоғыр-
ланғандығы  Океания  мемлекеттері  экономикасының  дамуына  өз  әсерін 
тигізіп  отыр.  Халықтың  негізгі  қызмет  түрі  ауыл  шаруашылығы  болып 
қалған.  Онда  экспортқа  шығарылатын  монодақылдар  өндіру  (кокос  пальма-
сы,  қант  қамысы,  ананас,  банан,  кофе,  какао)  басты  орын  иелейді.  Океания 
мемлекеттері  дүние  жүзі  бойынша  копра  (кептірілген  кокос)  экспортының  
10%-ын,  ананас    өнімінің  90%-ын  береді.  Мал  шаруашылығы  негізінен  ірі 
аралдар  аумағында  ғана  дамыған.  Шаруа  малының  саны  бойынша  аймақ 
мемлекеттері  арасында  Жаңа  Зеландия  көш  бастауда  (21-сурет). 
Теңіз  биологиялық  ресурстарына  бай  бұл  аймақтың  мемлекеттерінде 
ауыл  шаруашылығының  балықшылық  саласы  жылдан-жылға  дамып  келеді. 


117
Өнеркәсібінде  негізінен  эскпортқа  жарамды  ауыл  шаруашылық  өнімдерін 
алғашқы  қайта  өңдеу,  орманшылық  және  тау-кен  кәсіпорындары  жұмыс 
жүргізуде.  Табиғи  рекреациялық  ресурстардың  ықпалымен  мұнда  халықа-
ралық  туризм  дами  бастады.  Əсіресе  Фиджи,  Соломон  аралдары  туристер 
ең  көп  баратын  аумақтарға  айналды.
Океания  мемлекеттері  арасында  Жаңа  Зеландия  әлеуметтік-экономика-
лық  даму  дәрежесі  бойынша  алдыңғы  орында  тұрады.  Даму  ерекшелік-
теріне  қарап  “көшірілген  капитализм”  мемлекеті  атанған  бұл  ел  екі  ірі 
арал  (Солтүстік  және  Оңтүстік  аралдар)  мен  700-ден  астам  шағын  арал-
дардан  құралған.  Аумағының  75%-ы  теңіз  деңгейінен  2000  м  биіктікте  ор-
наласқан  бұл  мемлекеттің  аумағында  минерал  ресурстардан  алтын,  күміс, 
табиғи  мұнай,  көмір,  түрлі  түсті  металдар  кездеседі.  Су  ресурстарымен 
жеткілікті  қамтамасыз  етілген  бұл  елде  40-тан  астам  өзен,  3280  көл  бар. 
Экономикасының  дамуында  бұл  өңірде  кең  тараған  қою  қоңыр,  сарғыш 
қоңыр,  тау  типті  топырақтар  айрықша  маңызды.  Мұндағы  орман  аумақта-
ры  2  млн  гектарға  жуықтайды.  Сонымен  қатар  табиғи  рекреациялық  ре-
сурс  мүмкіндіктері  де  жоғары.  Экономикасы  индустриялық  типте  дамыған 
Жаңа  Зеландия  өнеркәсібінде  тау-кен,  металлургия,  отын-энергетика  және 
азық-түлік  тармақтары  маңызды  орын  иелейді.  Мал  шаруашылығында  сүт 
өндіру  мен  қой  шаруашылығы,  ал  диқаншылық  саласында  бағбаншылық 
пен  жүзімшілік  ауыл  шаруашылығының  басты  тармақтары  болып  сана-
лады.  Көлік  сласында  құрлық  көлігі  мен  теңіз  көлігінің  маңызы  ерекше. 
Окленд  (Жаңа  Зеландияның  бірден-бір  миллионер  қаласы),  Гамильтон, 
Веллингтон  қалаларын  мемлекеттің  ең  ірі  экономикалық  орталықтары  деп 
қарауға  болады.
Океания  мемлекеттерінің  әлеуметтік-экономикалық  дамуына  қол  жеткі-
зу  проблемасынан  тыс,  мұнда  халық  арасында  жұмыссыздық  дәрежесінің 
Ананас  егілген  алқаптар.                          Жаңа  Зеландия  жайылымдары.                   
21-сурет.  Океанияның  негізгі  ауыл  шаруашылық  өнімдері


118
жоғарылығы,  мемлекеттердің  аймақ  аумағындағы  аралдарға  билік  жүргізу 
бойынша  өзара  келіспеушілігі  сияқты  көкейтесті  ділгірліктер  де  жеткілікті.
Океания, Меланезия, Полинезия мен Микронезия, атолдар, австралоид шағын нәсілі, 
копра, монодақыл егіндері, индустриалдық тип, өзара келіспеушілік.
1. Океания мемлекеттерінің географиялық орнына қандай баға бересің?
2.  Океания мемлекеттері бір-бірінен қандай жақтарымен ерекшеленеді?
3.  Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыр.

Мемлекеттер
Алаңы, мың
шаршы км
2
Халқы,
млн адам
Басқару
пішіні
Маманданған
тармақтары
1
    Жаңа Зеландия  
2
Микронезия Құрама Штаттары
3
Тонго
4
Науру
5
Кирибати
ІХ ТАРАУ. АЗИЯ СУБАЙМАҚТАРЫ
§ 28. ОҢТҮСТІК-БАТЫС ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК АЗИЯ
МЕМЛЕКЕТТЕРІ
Азия  әлемдегі  ең  ірі  континент  болып  саналады,  оның  алаңы  43,4 
млн  шаршы  км  (дүние  жүзі  құрлығының  29,2%-ы),  халқының  саны  4,4 
млрд  адамға  жуық  (дүние  жүзі  халқының  59,5%-ын  құрайды).  Бүгінгі 
Азияның  саяси  картасында  47  тәуелсіз  мемлекет  бар.  Бұл  мемлекет-
тердің  13-і  монархиялық  басқаруға,  7-і  федеративтік  әкімшілік-аумақтық 
құрылысқа  негізделген.  Континент  аумағы  5  субаймаққа  –  Оңтүстік-ба-
тыс,  Оңтүстік,  Шығыс,  Оңтүстік-шығыс  және  Орталық  Азияға  бөлінеді 
(22-сурет).  Бұл  субаймақтарды  мәдени-тарихи  аймақтар  ретінде  де  қарас-
тыруға  болады.  Оларды  жіктеуде  тарихи,  этникалық,  діни  себепшарттар-
мен  қатар,  табиғи  белгілері  де  ескерілген. 


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау