Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет37/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53

104
ропалықтардың  ұрпақтары  (креолдар),  қара 
тәнділер,  америкалық  үндістер,  метистер, 
мулаттар  және  самболар  секілді  аралас 
нәсіл  өкілдері  өмір  сүреді.  Латын  Аме-
рикасының  байырғы  халқы  –  монголоид 
нәсіліне  тән  америкалық  үндістер.
Латын  Америкасы  мемлекеттерінің  көп-
шілігінде  мемлекеттік  тіл  ретінде  испан  тілі 
қабылданған  (16-сурет).  Аумағының  үлкендігі 
мен  халқының  саны  бойынша  аймақта  бірін-
ші  орында  тұратын  Бразилияда  мемлекеттік 
тіл  мен  қолданыстағы  тіл  –  португал  тілі. 
Гаитиде,  Гвианада  және  кейбір  арал-мемле-
кеттерде  мемлекеттік  тіл  –  француз  тілі,  Ал 
Орталық  Америкадағы  Белиз  бен  Вест-Ин-
дияның  бірқатар  мемлекеттерінде  бұл  функ-
цияны  ағылшын  тілі  атқарады.  Сондай-ақ 
Оңтүстік  Америкадағы  Суринам  мен  Кариб  теңізіндегі  кейбір  елдерде  ни-
дерланд  (голланд)  тілі  кең  қолданылады.  Латын  Америкасында  Рим  католик 
шіркеуінің  өкілдері  басым,  бұл  аймақ  католиктердің  саны  бойынша  әлемде 
бірінші  орында  тұрады.  Ағылшынданған  мемлекеттерде  протестанттық,  ал 
“Гвиана  үшбұрышы”  елдерінде  индуизм  мен  ислам  діні  кең  тараған.
Латын  Америкасы  мемлекеттерінің  халқы  негізінен  екі  аумаққа  –  Атлант 
мұхиты  мен  Кариб  теңізінің  жағалау  ойпаттарына  және  Кордильера-Анд 
тауларының  ішкі  аудандарына  шоғырланған.  Халықтың  бұлайша  орналасуы 
табиғи  жағдайға,  әсіресе  климаттық  қолайлылығына  сәйкес  түрде  табиғи 
қалыптасқан.  Мексика,  Перу,  Колумбия,  Эквадор  елдері  халықтарының 
дені  жоғары  биіктіктегі  таулы  аудандарда  жасайды.  Бұл  салада  өзіне  тән 
“географиялық  рекорд”  жасаған  халықтың  тең  жартысынан  астамы  3300-
3800  метр  абсолют  биіктіктегі  Алтиплано  қыратына  орын  тепкен  Боливия 
мемлекетіне  тиесілі.  Оның  астанасы  Ла-Пас  қаласы  –  әлемдегі  ең  биік  жер 
бедерінде  орналасқан  бірден-бір  “миллионер”  қала.  Бразилия,  Уругвай,  Ар-
гентина,  Венесуэла  елдерінде  және  арал-мемлекеттерде  халық  негізінен  мұ-
хиттар  мен  теңіздерге  тұтасқан  ойпаттарға  шоғырланған.
Латын  Америкасы  елдерінің  халықаралық  мамандануы,  ең  алдымен, 
отын,  тау-кен,  металлургия  өнеркәсіптері  мен  көп  тармақты  ауыл  шару-
ашылығына  байланысты.  Бүгінгі  таңда  кейбір  мемлекеттер  үшін  машина 
15-сурет.  Латын  Америкасы  ел-
дерінің  мемлекеттік  тілдері


105
жасау  да  маңызды  өндіріс  саласына  айналды.  Отын  өнеркәсібінде  негіз-
гі  экспорттық  өнімдер  мұнай  және  мұнайды  қайта  өңдеу  өнеркәсібіне 
тиесілі  болып  отыр.  Экономиканың  бұл  саласы  ең  алдымен  Венесуэла 
мен  Мексикада  жоғары  деңгейде  дамыған.  Сондай-ақ  Эквадор,  Боливия 
елдерінде  де  мұнай-газ  өнеркәісібі  дамып  келеді.  Соңғы  жылдарда  Ла-
тын  Америкасы  елдерінің  жалпы  экспорты  құрамында  мұнай  мен  мұнай 
өнімдерінің  үлесі  20  пайыздан  асты.  Бұл  мемлекеттерге  әлемдік  отын 
экспорты  жалпы  көлемінің  8  пайызға  жуығы  тура  келеді. 
Аймақ  мемлекеттерінде  тау-кен  және  металлургия  өнеркәсібі  де  жақ-
сы  дамыған.  Бразилия  темір  рудасын  қазып  алу  және  эскпорттау  бо-
йынша  әлемде  жетекші  орындардың  бірінде  тұрады.  Бұдан  тыс  Бразилия 
марганец,  алюминий,  мыс  және  уран  рудаларын  қазып  алуға  да  маман-
данған.  Өте  ірі  ГЭС-тердің  құрылуы  есебінен  Бразилиядағы  металлургия 
кәсіпорындары  арзан  электр  энергиясымен  қамтамасыз  етіліп,  өндірістің 
бұл  тармағы  барған  сайын  дамып  келеді.  Латын  Америкасы  металлур-
гия  өнеркәсібі  өнімдерінің  жалпы  экспортының  ең  үлкен  бөлігін  мыс 
құрайды.  Бұл  металды  қазып  алу  және  қорыту  өнеркәсібі  әсіресе  Чили 
мен  Перу  үшін  үлкен  экономикалық  рөл  ойнайды.  Боливияда  қалайы, 
сурьма,  күміс  және  басқа  түрлі  құнды  металдарды  қазып  алу  өнеркәсібі 
жақсы  дамыған,  бұл  көп  ретте    мемлекеттің  халықаралық  мамандануын 
белгілеп  отыр.  Ал  Куба  никель  мен  кобальт  өндіру  бойынша  әлемдегі 
жетекші  орындардың  бірінде  тұрады.
Машина  жасау  өнеркәсібі  негізінен  Бразилияда,  Мексика  мен  Аргентина-
да  жақсы  дамыған,  олар  әлемдік  шеңберде  автомобиль  жасау,  электроника 
және  электротехника  салаларына  маманданған.  Бұл  мемлекетер  үшін  жеңіл 
автомобильдер  ең  басты  экспорттық  өнімге  айналған.  Латын  Америкасының 
ең  ірі  мемлекеттерінде  машина  жасаудың  ойдағыдай  дамуы  үшін  металлур-
гия  базасының  жақсы  дамығандығы,  арзан  және  білікті  жұмысшы  күші,  ірі 
ішкі  базардың  қалыптасуы,  өзге  дамыған  елдердің,  ең  алдымен,  АҚШ-тың 
ірі  корпорацияларымен  ынтымақтастық  маңызды  болып  саналады.
Ауыл  шаруашылығы  да  Латын  Америкасы  мемлекеттерінің  халықа-
ралық  мамандануын  белгілейтін  сала  болып  табылады.  Қант  қамысы, 
кофе,  банан,  какао,  соя  және  мақта  өндіру  Латын  Америкасы  елдері 
ауыл  шаруашылығының  экспортқа  бағытталған  аса  маңызды  тармақта-
ры  болып  табылады.  Қант  қамысы  көбінесе  Вест-Индия  аралдары  мен 
Оңтүстік  Американың  солтүстік  аумақтарында  ыстық  әрі  маусымдық 
климат  жағдайында  өндіріледі.  Əсіресе  Бразилия  мен  Кубаның  эконо-


106
микасы  үшін  қант  қамысын  өндіріп, 
экспорттау  айрықша  маңызды.  Бұл 
екі  мемлекет  қант  экспорты  бойынша 
әлемде  жетекші  орындарда  тұрады.
Кофе  экспорты  бойынша  әлемде 
Бразилияның  теңдесі  жоқ.  Бұл  елдің 
таулы  қыраттарының  оңтүстік-шығыс 
бөктерлерінде 
кофе 
плантацияла-
ры  көлемді  алқаптарды  алып  жатыр 
(16-сурет).  Мексика  шығанағы  мен  Ка-
риб  теңізіне  қарама-қарсы  орналасқан  Мексикада,  Орталық  Америка  ел-
дері  мен  Колумбияның  тау  етегі  (500-1500  м)    аудандарында  да  кофе 
өсіруге  маманданған  ірі  ауыл  шаруашылығы  аудандары  қалыптасқан. 
Бұл  жерде  өндірілетін  “арабика”  сұрыпты  кофе  әлемдегі  ең  сапалы  әрі 
қымбат  өнім  болып  саналады.
Банан  Латын  Америкасына  Азиядан  әкелінген  болса  да,  өткен  ғасыр-
дың  бас  кезінде  Орталық  Америка  мемлекеттерінде  ең  басты  ауыл  ша-
руашылық  егініне  айналды.  Қазіргі  кезде  Бразилия,  Эквадор,  Коста-Рика, 
Мексика,  Колумбия  –  әлемдегі  ең  көп  банан  өндіретін  елдер  болып  сана-
лады.  Ал  Эквадор  мен  Коста-Рика  банан  экспорттаудың  көшін  бастауда. 
Банан  плантациялары  көбірек  Тынық  мұхит  жағалауларына  орын  тепкен.
Соя  өндіру  және  экспорттау  бойынша  Латын  Америкасы  мемлекет-
терінің  арасында  Бразилия,  Парагвай  мен  Аргентина  көш  басында  тұрады, 
какао  Бразилияда,  Эквадор  мен  Доминикан  Республикасында,  ал  мақта 
Бразилияда,  Парагвайда,  Мексика  мен  Аргентинада  көп  экспортталады.
Латын Америкасының тағы бір ірі ауыл шаруашылығы ауданы – Арген-
тинадағы  Пампа  деп  аталатын  ойпатты  алқаптар.  Аргентина  Пампасының 
жер  бедері  тегіс,  климаты  ыстық  әрі  ылғалды  субтропикалық,  құнарлы 
қара  топырақты  болғандықтан,  бұл  аумақ  егіншілік  пен  ет  шаруашылығы 
үшін  өте-мөте  қолайлы.  Осы  аудандағы  фермерлік  шаруашылықтардың 
есебінен  Аргентина  бидай,  жүгері  және  ет  эскпорты  бойынша  әлемде  же-
текші  орындардың  бірін  иелеп  тұр.
Халықаралық  теңіз  көлігі  жүйесінде  ерекше  орын  алатын  Панама  кана-
лы  екі  материктің,  яғни  Солтүстік  және  Оңтүстік  Америкада  орналасқан 
Панама  мемлекетінің  аумағынан  өтеді.  Бұл  канал  Атлант  өзені  алабына 
тиісті  Кариб  теңізі  мен  Тынық  мұхитты  жалғастырып  тұратын  ең  тиімді 
теңіз  жолдарының  бірі  болып  саналады.  Өз  кезегінде  Панама  мемлекеті 
16-сурет.  Бразилиядағы  кофе  планта-
циялары


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау