96
бойынша көш басынан көрініп, көп жақтарымен дамыған мемлекеттерге
жақындай түскен.
Халықаралық еңбек бөлінісінде Солтүстік Еуропа мемлекеттері орман
және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, электр энергиясын көп талап ететін
түсті металлургия энеркәсібі, көп тармақты машинажасау (кемежасау,
автомобильжасау, электроника мен электротехника және басқалар), ба-
лықшылық, ет-сүт шаруашылығы өнімдерін өндіру, теңіз көлігі және
туристік қызмет көрсету салаларында жоғары белсенділік көрсетуде.
Сонымен қатар Солтүстік Еуропа мемлекеттерінде тарихи-мәдени және
экологиялық туризм де жақсы дамыған. Əсіресе Рождество мейрамы (25
желтоқсан) қарсаңында Финляндияға миллиондаған туристер келеді, өйт-
кені мұнда Санта-Клаустың (біздіңше Аяз атаның) “ресми мекенжайы”
орналасқан. Ал Латвияның атағы теңіз туризмінің (Рига, Юрмала) да-
муымен шыққан.
Батыс Еуропа мемлекеттері. Еуропаның бұл субаймағына құр-
лықтағы ең үлкен экономикалық деңгейі бар үш мемлекет – Германия,
Франция және Ұлыбритания орын тепкен. Сонымен қатар Австрия,
Швейцария, Бельгия, Нидерландия, Ирландия және “ергежейлі” мемле-
кеттерге жататын Лихтенштейн, Люксембург және Монако секілді мем-
лекеттер де осында. Альпі тауларына орналасқан Австрия, Швейцария
және Лихтенштейн Альпі мемлекеттері тобын құрайды. Ал Бельгия,
Нидерландия және Люксембург мемлекеттерімен салыстырғанда олардың
ортасындағы экономикалық интеграция үдерістері өте жоғары деңгейде
болғандықтан, “Бенилюкс елдері” дейтін жалпы атау да қолданылады.
Субаймақ мемлекеттерінің климат жағдайы қоңыржай, ал Франция-
ның оңтүстігінің климаты субтропикалық. Пайдалы қазбалардан Сол-
түстік теңіз акваториясындағы мұнай-газ (Нидерландия, Ұлыбритания),
қоңыр және таскөмір (Германия, Франция, Бельгия, Ұлыбритания),
темір рудалары (Франция, Германия, Люксембург, Бельгия) және калий
тұздары (Германия) кендері назар аударуға тұрады. Альпі мемлекеттері
гидроэнергетика ресурстарына да бай.
Батыс Еуропа мемлекеттерінде туылу мен табиғи өсу көрсеткіштері
өте төмен, ал Германияда көп жылдардан бері депопуляция үдерісі
жүріп жатыр. Бірақ сыртқы миграция балансы жоғары оң көрсеткіштерге
ие болғандықтан, субаймақ мемлекеттерінде халық санының өсуі жүріп
жатыр. Батыс Еуропа құрлық субаймақтары ішіндегі ең халқы тығыз
орналасқан аумақ болып саналады. Урбанизация көрсеткіштері Лихтен-
штейннен тыс барлық мемлекеттерде аса жоғары, Ұлыбританияда, Бель-
гияда, Нидерландия мен Люксембургте 90 пайыздан асады, ал Монакода
97
100 пайызға тең. Еуропа мен бүкіл дүние жүзінде ықпалдылық дәрежесі
күшті Лондон, Париж, Берлин, Гамбург, Брюссель, Амстердам, Цюрих
және басқа ірі қалалардың нақ Батыс Еуропада орналасқандығы да бұл
субаймақтың өзіне тән ерекшелігі болып отыр.
Батыс Еуропа мемлекеттерінің барлығы да дамыған мемлекеттер қа-
тарына жатады, олар дүние жүзі шаруашылығының аумақтық құрылы-
мында аса маңызды орын иелейді. Əлемдік экономикада Батыс Еуропа
мемлекеттері көп тармақты машина жасау және химия өнеркәісібі, ин-
тенсивті мал шаруашылығы мен диқаншылық, банк-қаржы және туризм
салаларының халықаралық мәні бар деңгейде дамығандығымен айрықша
көзге түседі.
Оңтүстік Еуропа мемлекеттері. Оңтүстік Еуропаның саяси карта-
сында Испания, Португалия, Италия, Греция секілді ірі мемлекеттер
мен Андорра, Сан-Марино, Мальта және Ватикан рәуіштес “ергежей-
лі” мемлекеттер бар. Бұл елдер экономикалық-географиялық орны мен
шаруашылық дамуы жағынан көп жылдық тарихы барысында Жерорта
теңізімен тығыз байланысты болғандықтан, Еуропаның Жерорта теңізі
жағалауы мемлекеттері деп те аталады. Бұл аймақ Еуропа өркениеті
мен мәдениетінің шын мәніндегі бесігі болып саналады, өйткені бұл
құрлықтағы ең ежелгі мемлекеттер – Греция мен Рим нақ осы Жерорта
теңізінің жағалауларында гүлденіп, дамыған.
Мальта – Жерорта теңізінің аралдарында орналасқан шағын мемлекет,
ал субаймақтың өзге мемлекеттері географиялық көзқарас тұрғысынан
алғанда, түбек мемлекеттеріне жатады. Андорра, Сан-Марино, Ватикан
мемлекеттері түбекте орналасқанымен, теңізге шығу мүмкіндіктері жоқ.
Сан-Марино мен Ватикан – анклав мемлекеттер, олар тек бір мемле-
кетпен, яғни Италиямен ғана шекаралас болғандықтан, толығымен сол
елдің қоршауында қалған. Оңтүстік Еуропа елдері арасынан Испания
мен Андорра басқару пішіні жағынан конституциялық монархияға жа-
тады, Ватикан – Еуропадағы бірден-бір абсолют теократиялық монархия
(мемлекет басшысы – Рим католик шіркеуінің жетекшісі болып табыла-
тын Рим Папасы), ал өзгелері – республикалар.
Оңтүстік Еуропа мемлекеттері Жерорта теңізі геосинклинальдық ай-
мағында орналасқандықтан, сейсмикалық тұрғыдан белсенді аумаққа жа-
тады. Ежелден әлемге әйгілі Этна, Везувий, Стромболи жанартаулары
да Еуропаның нақ осы бөлігіне орын тепкен. Пайдалы қазбалардан түсті
металл рудалары және минерал тұздар қорлары бар. Жерората теңізі
типіндегі субтропикалық климат (жазы ыстық, аздап құрғақтау, ал қысы
жылы әрі жаңбырлы) ауыл шаруашылығы мен туризм үшін өте қолай-
Достарыңызбен бөлісу: |