Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет32/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53

90
содырлыққа (экстремизм) қарсы бірігіп әрекет жасау, қару-жарақ, есірткі зат-
тар мен заңсыз миграцияға қарсы күрес, экономикалық мәселелер бойынша 
өзара ынтымақтастықты дамыту сияқтылар ұйымның негізгі мақсаты болып 
табылады. Бүгінгі таңда ұйым құрамында әлемдегі құдіретті мемлекеттердің 
үшеуі – Ресейдің, Қытай мен Үндістанның бірігіп жұмыс жүргізуі оның әлем-
дегі беделін арттыра түсуде.
Геосаяси жағдай, социалистік жүйе, капиталистік жүйе, буфер мемлекет, тынышсыз 
аймақ, геосасия мекен, геосаяси қызығу, экономикалық интеграция.
1.  АҚШ-тың әлемдік экономикада иелеген орнына баға бер. Оның саяси, әлеуметтік 
және экономикалық өмірдегі беделінің артуына қандай себепшарттар әсер етуде?
2.  Өзбекстан қандай интеграциялық бірлестіктер құрамында жұмыс жүргізіп келеді?
3.  Дәптеріңе әлемдік экономикада үлкен маңызы бар интеграциялық бірлестіктердің 
аттарын жаз. 
§ 22. АДАМЗАТТЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Өнеркәсіп  пен  ғылым-техниканың  төңкерісі  заманында  адамзаттың 
әлеу меттік-экономикалық  дамуы  түбегейлі  өзгеріп  барады.  Бұл  өзгеріс-
тердің  нәтижесінде  бірқатар  көкейтесті,  ықпалдылық  дәрежесі  әлемдік 
қауымдастықты  қамтитын,  адамзаттың    келешектегі  әлеуметтік  дамуын 
белгілеп  беретін  проблемалар  пайда  болды.  Бұл  проблемалар  адамзаттың 
жаһандық  проблемалары  деп  аталады  және  олардың  шешімін  табу  жо-
лында  барлық  мемлекеттердің  күш-құдіретін,  мүмкіндік-әрекеттерін  со-
ларды  шешуге  бағыттау  мақсатқа  сай  келеді.
Жаһандық  проблемалардың  пайда  болуы  және  оларды  шешудің  қиын-
дап  кету  себептері  мыналар:  дүние  жүзі  халқы  санының  қысқа  уақыт 
ішінде  бірнеше  есе  көбеюі,  өнеркәсіптің  және  оның  тармақтарының    же-
дел  қарқынмен  дамуы,  адамның  шаруашылық  қызметінің  әсерінен  табиғи 
ортадағы  тепе-теңдіктің  бұзылуы,  әлемдік  шаруашылықтың  халықаралық 
экономикалық  байланыстардың  нығаюы  есебінен  бірыңғай  жаһандық 
жүйе  ретінде  қалыптасуы,  ғылыми-техникалық  төңкеріс  пен  заманалық 
ақпарат-коммуникация  технологияларының  кері  салдарлары,  мемлекеттер 
мен  саяси  күштер  ортасында  қайшылықтардың  күшеюі  тағысын  тағылар. 
Негізгі  жаһандық  проблемалар  қатарына  мыналар  енгізіледі:    бейбіт-
шілікті  сақтау  және  әлемдік  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  проблемасы; 
экологиялық  проблема;  дамып  келе  жатқан  мемлекеттердің  әлеуметтік- 


91
экономикалық  мешеулігі  мен  кедейлігі  проблемасы;  демографиялық  проб-
лема  (даму  үстіндегі  мемлекеттер  халқының    жедел  қарқынмен  өсуі,  ал 
дамыған  мемлекеттердегі  демографиялық  тоқырау);  азық-түлік  пробле-
масы;  энергетика  проблемасы;  шикізат  ресурстары  проблемасы;  Дүни-
ежүзілік  мұхитты  ұқыпты  пайдалану  проблемасы;  ұлтаралық  және  дінара-
лық  қарым-қатынастар  проблемасы;  жүрек-қантамыр,  онкологиялық  ауру-
лар  мен  АИТС-ке  қарсы  күрес  проблемасы.  Бұлардан  тыс  тағы  бірқатар 
проблемалар  кейбір  әдебиеттерде  жаһандық  проблемалар  қатарына  ен-
гізілген.  Мысалы,  төтенше  жағдайларға  қарсы  күрес  және  олардың  алдын 
алу  проблемасы;  ғарышты  игеру  және  кеңістік  экологиясы  проблемасы 
немесе  рухани  құндылықтар  дағдарысы  проблемасы.
Адамзаттың  жаһандық  проблемалары  өзара  тығыз  байланысты,  бір 
проблема  өзгелерінің  шешілуін  қиындата  түсуде.  Сондықтан  нақты  бір 
проблеманы  басқа  проблемаларға  назар  аудармастан  шешудің  еш  мүм-
кіндігі  жоқ.  Мысалы,  даму  үстіндегі  мемлекеттердегі  демографиялық 
және  азық-түлік  проблемалары  ортасында  белгілі  бір  байланыстылық 
бар,  өйткені  халық  санының  жоғары  қарқынмен  көбеюі  азық-түлік 
өнімдерінің  жетіспеушілігіне  және  ашаршылыққа  соқтырады.  Энерге-
тикалық  және  экологиялық  проблемалар  да  бір-бірімен  тікелей  байла-
нысты  болып  саналады,  себебі  энергия  көздерін  іздестіру  және  оларды 
өндіріске  енгізу  қоршаған  ортаның  сапасына  да  белгілі  бір  мөлшерде 
кері  әсерін  тигізеді.
Жаһандық  проблемалардың  ішінде  бейбітшілікті  сақтау  мен  қару-
сыздану  проблемасы  маңыздылығы  жағынан  ең  әмбебап  проблема  бо-
лып  табылады,  егер  бұл  проблема  ұнамды  шешілмесе,  Жер  бетіндегі 
тіршілік  пен  өркениеттің  болашағы  туралы  сөз  қозғаудың  өзі  қажет-
сіз.  Кейбір  мәліметтерге  қарағанда,  адамзат  тарихында  жалпы  саны 
14  мыңнан  астам  соғыс  болған,  бұндай  әскери  қақтығыстар  мен  қай-
шылықтар  ғаламшарымыздың    түрлі  аумақтарында  әлі  де  жүріп  жатыр. 
Дегенмен  бұл  проблема  жаһандық  деңгейде  ұзын  саны  70  миллионнан 
астам  адамды  құрбан  еткен  екі  дүниежүзілік  соғыс  болған  ХХ  ғасырда 
өте-мөте  шиеленісіп  кетті.
Ал  соғыстан  кейінгі  кезеңде  капиталистік  елдер  мен  социалистік  елдер, 
әсіресе  АҚШ  пен  Одақ  ортасындағы  өткір  қарама-қайшылықтар  жағда-
йында  “жанталаса  қарулану”  бәйгесі  кең  өріс  алды. 
Бүгінде  АҚШ,  Ресей  Федерациясы,  Ұлыбритания,  Франция,  Қытай,  Үн-
дістан  және  Пакистан  әлемдік  қоғамдастық  ресми  түрде  мойындаған  ядро-


92
лық  қару  мемлекеттері  болып  саналады.  Сондай-ақ  ресми  ядролық  статус 
алмаған  КХДР  да  бұндай  жойқын  қаруға  ие  болғанын  баршамыз  білеміз. 
Қазір  дүниенің  шартарабында  әр  түрлі  соғыстар  мен  қарулы  қақтығыс-
тар  жүріп  жатыр.  Əскери  қимылдар  мен  азамат  соғыстары  себебінен  кей-
бір  мемлекеттер  гуманитарлық  апат  жағдайында  тұр.  Бұған  мысал  ретінде 
Сирия,  Ирак,  Ливия,  Сомали,  Ауғанстан,  Оңтүстік  Судан  елдерін  және 
басқа  мемлекеттерді  атап  өтуге  болады. 
Сонымен  қатар  баяу  даму  үстіндегі  мемлекеттердің  əлеуметтік-эко-
номикалық  мешеулігі  мен  кедейлігі  де  маңызды  проблемалар  қатарына  жа-
тады.  Қазіргі  таңда  дүние  жүзінде  1,2  миллиардтай  адам  ашаршылықты 
бастан  өткізу  үстінде.  1,7  миллиардтан  астам  халықтың  орташа  өмір  сүру 
ұзақтығы  60  жасқа  да  жетпейді,  1,5  миллиард  адамның  медициналық 
қыз метті  пайдалану  мүмкіндігі  жоқ,  1  миллиардтан  астам  адам  өте  кедей 
өмір  сүруде,  200  миллионнан  астам  бала  мектеп  қабырғасын  әлі  көрме-
ген,  дүние  жүзі  бойынша  800  миллионнан  астам  адам  мүлде  сауатсыз, 
яғни  жазуды  да,  оқуды  да  білмейді.  Ең  ауыр  әлеуметтік-экономикалық 
жағдай  БҰҰ  тарапынан  ең  нашар  дамыған  (артта  қалған)  мемлекеттер  то-
бына  енгізілген  мемлекеттерде  байқалып  отыр.  Бұл  тізім  алғаш  рет  1971 
жылы  жасалып,  оған  24  мемлекет  енгізілген  болатын.  2014  жылғы  жағдай 
бойынша  оған  48  мемлекет  тіркелген  (10-сурет).
10-сурет.  БҰҰ-ның  ең  нашар  дамыған  мемлекеттер    тізіміне  енгізілген 
(көк  түстегі)  және  соңғы  жылдарда  бұл  тізімнен  шығып  кеткен  (жасыл  түстегі) 
мемлекеттер.


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау