Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет30/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53

84
тыс  күштер сәйкестігі, саяси мекен, шекара, геосаяси қызығу дейтін геоса-
яси ұғымдар да бар. 
Геосаясат көзқарасы тұрғысынан алғанда, адамзат тарихы алуан түрлі 
геосаяси кезеңдер тізбегінен тұрады. Əлемнің геосаяси жүйесінің қалып-
тасуында  Вестфал,  Вена,  Версаль,  Потсдам  және  Беловеж  кезеңдерінің 
маңызы зор. 1948 жылы Отызжылдық соғыстың аяқталуына байланысты 
қол қойылған Вестфал келісімі  Еуропадағы Испания, Португалия, Голлан-
дия, кейінірек Англия, Швеция және Франция тақылеттес орталықтанған 
күшті мемлекеттердің әлемдік саяси алаңда үстемдік жүргізу үшін өзара 
қырқысуға кірісуіне себеп болған. Бұл кезең ХІХ ғасырдың бас кезіне де-
йін созылған.
1814 жылдың қыркүйегі мен 1815 жылдың маусымы арасында француз 
төңкерісінің  орын  алуы  және  Наполеон  армиясының  жеңіліске  ұшырауы-
на байланысты  Еуропада туындаған саяси жағдай Вена конгресінде талқы-
ланған және бұл үдеріс жаңа кезеңнің – Вена геосаяси кезеңінің басталуы-
на  себеп  болған.  Ресей,  Австро-Венгрия,  Британия,  Германия,  Франция 
мемлекеттері  мен  Осман  империясы  саяси  беделінің  артуы  және  олардың 
арасында әлемді бөліп алуға ұмтылған саяси бәсекелестіктің күшеюі; ХІХ 
ғасырдың  соңына  қарай  АҚШ  пен  Германияның  экономикалық  тұрғыдан 
жедел  қарқынмен  дамуы;  Германия,  Австро-Венгрия  және  Италия  мемле-
кеттерінің  саяси  тұрғыдан  бірігуі  нәтижесінде  Үштік  одақтың  құрылуы; 
ал  Франция,  Англия  және  Ресей  елдерінің  Антанта  одағына  бірігуі;  осы 
екі  одақтың  ортасында  туындаған  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстың  Үштік 
одақтың жеңілуімен аяқталуы – бұл кезеңнің маңызды геосаяси оқиғалары 
болып табылады.
1919  жылғы  28  маусымда  Францияның  Версаль  қаласында  Бірінші  дү-
ниежүзілік  соғыстың  аяқталуына  байланысты  келісімге  қол  қойылуымен 
геосаясатта  Версаль  кезеңі  басталды.  Келісімге  орай  Францияның  конти-
ненттік, ал Англияның теңіздік құдіретті империяларға айналуы; Германия, 
Австро-Венгрия, Ресей және Түрік империяларының дағдарысқа ұшырауы; 
1917 жылғы қазан айынан бастап әлемде тұңғыш рет социалистік жүйеге ие 
болған республикалар одағының пайда болуы; дүние жүзі мемлекеттері ор-
тасында АҚШ-тың саяси және экономикалық беделінің күшеюі; 1939 жылы 
Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  басталуы  –  бұл  кезеңге  тән  негізгі  тарихи 
болмыс болып саналады.
1945 жылы Германияның Потсдам қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс-
тың аяқталуына байланысты Постдам келісіміне қол қойылуымен төртінші 


85
геосаяси  кезең  басталды.  Əлемде  биополярлық  (екі  полюсті)  жағдайдың 
пайда  болуы:  бұрынғы  Одақ  пен  оның  жақтаушыларының  континенттік, 
АҚШ пен оны жақтаушылардың теңіздік құдіретті державаларға айналуы; 
екі құдіретті блок ортасында салқын ядролық соғыс қаупінің туындауы бұл 
кезеңдегі негізгі саяси үдеріс болды.
1991 жылы 8 желтоқсанда Беларусьтегі Беловеж Нуы қорығында  КСРО 
мемлекетінің ресми тарауына байланысты Беловеж келісіміне қол қойылуы 
бүгінгі таңдағы ең соңғы геосаяси кезеңді бастап берді. Одақтың орнында 
12  тәуелсіз  мемлекеттің  пайда  болуы  және  олардың  ТМД  құрамына  бірі-
гуі;  бүкіл  әлемде  социалистік  жүйенің  күйреуі;  Еуропаның  бірқатар  мем-
лекеттерінде (ГФР, Югославия, Чехословакия) орын алған саяси өзгерістер; 
НАТО әскери блогы беделінің күшеюі сияқтылар бұл кезеңге тән негізгі са-
яси өзгерістер қатарына жатады. Жоғарыда айтылғанындай, бұл кезең әлі 
аяқталған жоқ. Бұдан шығатын қорытынды сол, Беловеж кезеңіне тән бірқа-
тар саяси өзгерістер әлі де болуы ықтимал.
Геосаясат, геосаяси көзқарастар, өркениеттік көзқарас, әскери-стратегиялық көзқарас, 
географиялық детерминизм, геосаяси категориялар, мекен үстінен бақылау, геосаяси 
алаң, геосаяси кезеңдер, Вестфал, Вена, Версаль, Потсдам және Беловеж кезеңдері.
1.  Геосаясат пәні қайсы жақтарымен өзге географиялық пәндерден ерекшеленіп тұра-
ды?
2.    Рудольф  Челленнің  “Геосаясат  –  болмыстағы  мемлекеттерді  географиялық  ағза 
ретінде зерттейтін ғылым” деген пікірін қалай түсіндіресің?
 3. Тақырыптағы мәліметтерді пайдаланып, Беловеж кезеңінде әлемнің түрлі аймақта-
рында орын алған саяси өзгерістерді төмендегі кестеде бейнеле.

Аймақтар
Негізгі геосаяси болмыстар
§ 21. ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙ.
МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ
Əлемнің саяси сахнасынан континенттік мемлекеттердің күш-құдіретін паш 
етіп тұратын Бұрынғы Одақтың ыдырауы көптеген саяси өзгерістердің туында-
уына себеп болды. Ұзақ уақыт бойы екі полюсті, яғни биполярлы  болған әлем-
де қысқа мерзімнің ішінде бірқатар геосаяси орталықтар қалыптасты.
Баршаға белгілі, Еуропа әлемнің аймақтары ортасында ең көп түрлі саяси 
үдерістер мен өзгерістерді бастан кешірген аймақ болып саналады. Потсдам 


86
келісімі соғыстан кейінгі кезеңдерде  Батыс Еуропаның АҚШ, Ұлыбритания 
және  Франция  секілді  мемлекеттерінің  көмегімен  саяси  тұрғыдан  кемелде-
нуіне, капиталистік қарым-қатынастарға негізделген экономиканың дамуына 
себеп болды. Ал Шығыс Еуропа елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық 
дамуы Бұрынғы Одақ мемлекетінің ықпалымен жүзеге асқан және бұл ортада 
социалистік жүйе негізгі идеологияға айналған.
Соғыс  зардаптары  жойылған  соң,  бұл  субаймақтың  негізгі  мемлекеттері 
ынтымақтаса отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу, шығыс 
мемлекеттерінде  қалыптасқан  социалистік  жүйенің  батыс  аумақтарға  тара-
луының алдын алу мақсатымен бертін келе әлемдегі ең мықты интеграциялық 
бірлестіктердің бірі ретінде танылған Еуропа Одағына бірікті. Шығыс Еуропа 
аумағында социалистік жүйе күйреген соң, ондағы мемлекеттерді өз геосаяси 
бақылауында ұстау мақсатымен 2004-2013 жылдар аралығында субаймақтың 
11 мемлекеті Еуропа Одағы құрамына енгізілді. 
Еуропа мемлекеттерінің экономикасында 2008 жылы орын алған қаржы- 
лық-экономикалық дағдарыстың кері салдары әлі де сезіліп тұрған кезде Аф-
рика мен Таяу Шығыс елдерінде болып жатқан түрлі саяси келеңсіздіктер се-
бепті бұл аумаққа үлкен мөлшерде мигранттардың кіріп келуі бірқатар саяси, 
әлеуметтік, экономикалық проблемалардың туындауына түрткі болды. Түрлі 
әлеуметтік топтарға жататын мигранттармен бірге Еуропаға сан қилы идея-
лар, мәдениеттер мен салт-дәстүрлер де кіріп келе бастады. Ал бұл өз кезе-
гінде мигранттар мен байырғы халық ортасында сан алуан қайшылықтарды 
туындатып отыр.
1776 жылы Англияның Америкадағы 13 отары өз тәуелсіздігін жариялады. 
Негізінен  қазіргі  АҚШ  аумағының  солтүстік-шығыс  және  шығыс  бөліктерін 
иелеген 13 штат соңғы кездерде өз аумақтарын кеңейту мақсатымен бұл ара-
дағы түрлі елдерге тиесілі жер бөліктерін сатып алған болса (мысалы, Франци-
ядан Луизиананы, Ресейдан Алясканы), оңтүстік және орталық штаттардың үл-
кен бөлігін соғыс жүргізу жолымен Испания, Мексика секілді мемлекеттерден 
тартып алды. ХІХ ғасырдың соңынан бастап, әуелі меридиан бағытында бүкіл 
Америка құрлығын, сосын Еуропа, Азия, Африка және Австралия мен Океа-
ния аумақтарын бақылауды бірте-бірте өз қолдарына алды. Бүгінгі таңда АҚШ 
өзінің басты қарсыласы деп санайтын Ресей, Қытай, Германия, Иран және ис-
лам  дініне  табынатын  Араб  мемлекеттері  төңірегінде  өз  геосаяси  тірек  нүк-
телерін қалыптастырып, олардың жағалау аумақтарына шығу мүмкіндіктерін 
лажы барынша шектеуге тырысып бағуда. Осы арқылы бір полюсті әлемді қа-
лыптастырып, бүкіл дүние жүзіне билік жүргізуге ұмтылып келеді.


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау