Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет35/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53

98
лы  жағдай  туғызады.  Дегенмен  Еуропаның  басқа  аймақтарымен  салыс-
тырғанда  су  ресурстарымен  қамсыздандырылу  деңгейі  төмендеу,  сол  се-
бепті  кей  аумақтарда  су  тапшылығы  байқалады.
Оңтүстік  Еуропадағы  демографиялық  жағдайға  халықтың  табиғи  және 
миграциялық  көбеюінің  төмен  көрсеткіштері  тән.  Олардың  арасында 
әсіресе  халқы  азайып  бара  жатқан  Испания,  Португалия  және  Греция 
мемлекеттері  жеке-дара  ерекшеленіп  тұрады.  Дамып  келе  жатқан  мемле-
кеттерден,  соның  ішінде  Солтүстік  Африкадан  көптеген  мигранттардың 
көшіп  келуімен  қатар,  бұл  жерден  Батыс  Еуропа  мемлекеттеріне  қарай 
эмиграциялық  ағымның  белсенділігі  субаймақтың  миграция  қалдығын 
едәуір  төмендетеді,  ал  жоғарыда  тілге  алынған  мемлекеттерде  кері  көр-
сеткіштерге  түсіріп  отыр.  Оңтүстік  Еуропаның  жер  бедері  негізінен 
таулардан  құралғандықтан,  халқының  орналасуы  біркелкі  емес,  басым 
көпшілігі  құрлықбойы  ойпаттары  мен  өзен  аңғарларына  орналасқан.  Бұл 
өңірде  урбанизация  деңгейі  Солтүстік  және  Батыс  Еуропа  мемлекеттері-
не  қарағанда  біраз  төмендеу  болғанымен,  60  пайыздан  асады. 
Еуропаның  Жерорта  теңізі  жағалауы  мемлекеттерінің  әлеуметтік-эко-
номикалық  көрсеткіштері  Солтүстік  және  Батыс  Еуропа  елдеріндегіден 
анағұрлым  төмен.  Əсіресе  Греция,  Испания  және  Португалия  экономи-
касындағы  дағдарысты  жағдай  Еуропа  Одағы  шеңберінде  айқын  байқа-
лады.  Италия  “үлкен  жетілік”  тобының  мүшесі  болғанымен,  мемлекеттің 
түрлі  аумақтарындағы  әлеуметтік-экономикалық  даму  деңгейі  әр  түрлі. 
Солтүстік  Италия  Еуропадағы  ең  күшті  дамыған  экономикалық  аудан-
дардың  бірі  болса,  Оңтүстік  Италия,  керісінше,  Еуроодақтың  ең  артта 
қалған  аудандарының  бірі  болып  саналады.
Оңтүстік  Еуропа  мемлекеттері  халықаралық  еңбек  бөлінісінде  субтро-
пикалық  диқаншылық  (жүзім,  цитрус  жемістері,  жаңғақ,  зәйтүн  және  т.б.) 
пен  туризмге  маманданған  (13-сурет). 
Бұл  субаймақ  әлемге  теңіз  туризмінің 
ең  ірі  ауданы  ретінде  танылған.  Өнер-
кәсіп  тармақтары  арасынан  ең  дамыған 
түрлері  –  жеңіл  (тоқыма,  тігін,  былғары- 
аяқкиім)  және  азық-түлік  (май,  консерві, 
шарап)  өнеркәсіптері.  Италия  мен  Испа-
ния  әлемге  машинажасау  өнеркәсібінің, 
әсіресе  автомобильжасау  өнеркәсібінің 
дамығандығымен  әйгілі. 
Шығыс Еуропа мемлекеттері.  Бұл  су-
баймаққа  құрлықта  орналасқан  бұрынғы 
13-cурет.  Венеция  –  Италия-
ның  ең  көрікті  қалаларының  бірі


99
Одақтас  республикалар  (Ресей  Федерациясы,  Украина,  Беларусь,  Молдо-
ва)  мен  бұрынғы  социалистік  елдер  (Польша,  Чехия,  Словакия,  Венгрия, 
Румыния,  Болгария,  Словения,  Сербия,  Хорватия,  Босния  мен  Герцего-
вина,  Черногория,  Македония  және  Албания)  енеді.  Бұл  мемлекеттердің 
маңызды  ортақ  ерекшеліктерінің  бірі  –  олардың  өтпелі  экономика  мем-
лекеттері  блогына  жататындығы.  Жеті  мемлекеттің  –  Беларусь,  Чехия, 
Словакия,  Венгрия,  Молдова,  Сербия,  Македония  –  теңізге  шығу  мүм-
кіндіктері  жоқ.  Болгария,  Албания,  Македония,  Сербия,  Босния  мен 
Герцеговина,  Хорватия  және  Черногория  мемлекеттері  Балкан  түбегінде 
орналасқандықтан,  Балкан  мемлекеттері  деп  аталады. 
Өткен  ғасырдың  соңына  қарай  Нығыс  Еуропаның  саяси  картасында 
елеулі  өзгерістер  орын  алды.  Кеңес  Одағы  ыдырап,  Ресей,  Украина,  Бе-
ларусь  және  Молдова  мемлекеттері  құрылды.  Югославия  Социалистік 
Федеративтік  республикасының  бөлшектенуіне  байланысты  Словения, 
Хорватия,  Босния  мен  Герцеговина,  Македония,  Черногория,  Сербия 
тақылеттес  мемлекеттер  өз  тәуелсіздіктерін  жариялады.  Чехия  және 
Словакия  республикалары  Чехословакия  мемлекетінен  бөлініп  шықты. 
Əлемдік  қауымдастық  толығымен  мойындаған  соңғы  саяси-географи-
ялық  өзгеріс  2006  жылғы  Сербия  мен  Черногория  федерациясының 
ыдырауы  болды.  Бұның  маңыздылығы  сол,  Балкан  түбегіндегі  кейбір 
мемлекеттердің  тәуелсіздікке  ие  болу  үдерісі  бейбіт  жолмен  өтпей,  әске-
ри  қақтығыстарды,  ұлтаралық  және  дінаралық  соғыстарды  туындатты. 
Бұндай  соғыстардың  ең  қиян-кескілері  1992-1995  жылдары  Босния,  Гер-
цеговина  және  Хорватия  мемлекеттерінде  болды.  Бұрынғы  Югославия 
аумағында,  соның  ішінде  Сербия  мен  Македония  жерлерінде  геосаяси 
жағдай  осы  күнге  дейін  толық  тұрақтанған  жоқ.  Шығыс  Еуропа  субай-
мағының  тағы  бір  ерекшелігі  –  бұл  өңірде  бірде-бір  монархиялық  мем-
лекет  жоқ.  Ресей,  Босния  мен  Герцеговина  ғана  аумақтық-мемлекеттік 
құрылысы  тұрғысынан  федерациялық,  ал  басқа  мемлекеттер  унитарлық 
болып  саналады.
Субаймақтың  аумағы  негізінен  көлемді  Шығыс  Еуропа  ойпатынан 
құралғанымен,  мұнда  ірі  тау  тізбектері  де  кездеседі.  Таулар  Чехия,  Сло-
вакия,  Румыния,  Албания  және  бұрынғы  Югославия  мемлекеттері  ау-
мағының    едәуір  бөлігін  алып  жатыр.  Пайдалы  қазбалардан  мұнай  мен 
табиғи  газ  (Ресей,  Румыния),  тас  көмір  мен  қоңыр  көмір  (Украина,  Ре-
сей,  Польша,  Чехия,  Словакия,  Сербия),  темір  рудалары  (Ресей,  Украи-
на,  Польша),  түсті  металдар  (Албания,  Сербия,  Босния  мен  Герцегови-
на,  Румыния),  калий  тұздары  (Беларусь,  Ресей),  торф  (Беларусь,  Ресей) 
қорларын  жеке-дара  атап  көрсетуге  болады.  Шығыс  Еуропаның  таулы 


100
мемлекеттері  гидроэнергия  ресурстарына  да 
бай,  олар  тиімді  пайдаланылып  жатыр.  Сол 
себепті  Словакия,  Босния  мен  Герцегови-
на,  Румыния  және  Албания  мемлекеттерінің 
энергетика  балансында  ГЭС-тердің  үлесі  ай-
тарлықтай  жоғары. 
Халық  өзен  аңғарларына,  теңіз  бойлары-
на,  ірі  өнеркәсіпті  аудандарға  өте  тығыз  қо-
ныстанған.  Урбанизация  деңгейі,  Молдова, 
Босния  мен  Герцеговина,  Словения  елдерін  қоспағанда,  50  па йыздан 
жоғары,  кейбір  мемлекеттерде  70  пайыздан  да  асады.  Десек  те,  орта 
есеппен  алғанда,  басқа  субаймақтармен  салыстырғанда  Шығыс  Еуро-
паның  қалалану  деңгейі  аздап  төмендеу.  Ең  ірі  қала  агломерациялары 
Мәскеу,  Санкт-Петербург,  Прага,  Киев,  Будапешт  түбінде,  Украинадағы 
Донецк,  Днепрбойы,  Польшадағы  Силезия  өнеркәсіпті  ауданында,  Ресей 
мен  Болгарияның  Қара  теңіз  жағалауларында  қалыптасқан.
Соңғы  жылдарда  Шығыс  Еуропа  мемлекеттерінде  дағдарысты  демо-
графиялық  жағдай  қалыптасып,  туылу  өлім  деңгейінен  де  төмендеп  кет-
ті.  Сондықтан  Шығыс  Еуропадағы  мемлекеттердің  басым  көпшілігінде 
халық  саны  шұғыл  азайып  барады.  Халықтың  ұлттық  құрамында  славян-
дар  көш  бастап  келеді.  Славян  халықтары  тобына  орыстар,  украиндар, 
белорустар,  поляктар,  болгарлар,  сербтер,  хорваттар,  чехтар,  словактар, 
босниялықтар,  словендер,  македондар,  черногорлар  жатады. 
Шығыс  Еуропа  мемлекеттерінің  әлеуметтік-экономикалық  дәрежесі 
бәрінде  бірдей  емес.  Бұл  аймақтың  барлық  мемлекеттері  өтпелі  эконо-
микадағы  елдер  болып  саналғанымен,  Словения,  Чехия,  Венгрия,  Сло-
вакия,  Хорватия,  Польша  секілді  мемлекеттердің  басты  экономикалық 
көрсеткіштері  Еуропадағы  дамыған  елдер  сатысына  жақын,  бірақ  Ал-
бания,  Македония  және  Молдова  елдерінің  көрсеткіштері  едәуір  төмен 
болғандықтан,  енді  дамып  келе  жатқан  мемлекеттер  қатарына  қосылады. 
Шығыс  Еуропа  мемлекеттерінің  халықаралық  мамандануы  негізінен 
көп  тармақты  өнеркәсіп,  соның  ішінде  отын-энергетика  (Ресей,  Польша, 
Чехия,  Румыния),  қара  металлургия  (Ресей,  Украина,  Польша,  Сербия, 
Черногория),  түсті  металлургия  (Сербия,  Черногория,  Албания),  химия 
(Ресей,  Беларусь,  Украина,  Польша),  машина  жасау  (Ресей,  Украина,  Бе-
ларусь,  Польша,  Чехия,  Словакия,  Венгрия,  Словения),  жеңіл  өнеркәсіп 
(Ресей,  Польша,  Чехия),  азық-түлік  (Чехия,  Украина,  Болгария,  Сербия, 
Румыния,  Македония,  Молдова)  өндірістерімен  белгіленеді.  Кейбір  мем-
лекеттер  диқаншылық  және  мал  шаруашылығы  өнімдерінің  экспортымен 
14-сурет.  Будапешт  –  Вен-
грияның  астанасы. 


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау