Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет27/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53

75
                                                                                                    8-кесте
Əлемнің  жəне  ірі  аймақтардың  демографиялық  көрсеткіштері
  (2016  жыл)

Аумақтар
Туылу (әр
1000 адамға)
Өлім (әр
1000 адамға)
Халықтың табиғи
өсімі
Әр 1000
адамға
%
1
  Дүние жүзі
20
8
12
1,2
2
  Дамыған мемлекетттер
11
10
1
0,1
3
  Даму үстіндегі мемлекеттер
22
7
15
1,5
4
  Еуропа
11
11
0
0
5
  Азия
18
7
11
1,1

  Африка
36
10
26
2,6
7
Солтүстік  Америка  (АҚШ  пен 
Канада)
12
8
4
0,4
8
  Латын Америкасы
17
6
11
1,1
9
  Австралия мен Океания
17
7
10
1,0
Кейбір  мемлекеттер  демографиялық  жағдайды  өзгерту  мақсатымен 
материалдық,  әкімшілік  және  насихат  шараларын  қарастырады.  Мемле-
кет  тарапынан  белгіленіп,  жүзеге  асырылатын  бұндай  шаралар  жүйесі 
демографиялық  саясат  деп  аталады.  Демографиялық  саясат  негізінен  екі 
түрлі  –  мемлекет  халқының  табиғи  өсуін  азайтуға  бағытталған  немесе 
оны  көтеру  мақсатын  көздейтін  саясат  болады.  Бірінші  бағыттағы  демо-
графиялық  саясат  тәжірибелері  Қытай,  Үндістан,  Пакистан,  Бангладеш, 
Иран  және  басқа  даму  үстіндегі  мемлекеттерде  бар  болса,  екіншісі  Еу-
ропа  мемлекеттерінде  жүзеге  асырылып  жатыр.
Халықтың саны, туылу, өлім, халықтың табиғи өсуі, демографиялық жарылыс, демо-
графиялық өту, демографиялық жағдай, демографиялық саясат.
1.  Демографиялық жарылыс ұғымы нені аңғартады және оның себебі неде?
2.  Дамыған және дамып келе жатқан мемлекеттердегі демографиялық жағдай несімен 
ерекшеленеді?
3.  Түрлі мақсаттарға бағытталған демографиялық саясат туралы өз пікіріңді білдір.


76
§ 18. УРБАНИЗАЦИЯ ҮДЕРІСІНІҢ ЖАҺАНДЫҚ
ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ЖАҚТАРЫ
Урбанизация  (лат.  урб  –  қала)  –  қалалар  мен  қала  халқының  өсуі,  қа-
лалық  тұрмыс  салтының  кеңінен  таралу  үдерісі  болып  табылады.  Қалалар 
өте  ерте  замандарда  пайда  болған,  олар  ауыл-қыстақтармен  қосылып,  елді 
мекендердің  екі  түрінің  бірін  құрайды.  Тарихи  тұрғыдан  қалалар  әлеуметтік 
еңбек  бөлінісі  нәтижесінде  пайда  болып,  дамыған.  Ерте  замандарда  қалалар 
қолөнершілік,  сауда,  әкімшілік  басқару,  қорғаныс  істері,  діни  ғибадатханалар 
мен  зиярат  орындары  негізінде  қалыптасқан.  Тарихтан  белгілі  болғанын-
дай,  осыдан  бірнеше  мың  жылдай  бұрын  Жер  бетінде  Фива,  Бабыл  (Ва-
вилон),  Ур,  Афина,  Рим,  Искандария,  Карфаген,  Мохенжо-Даро,  Самарқант 
(Мароканд)  секілді  ірі  қалалар  болған.  Бірақ  шынайы  қалалану  үдерісі  қызу 
қарқын  алған  мезгіл  тек  ХІХ  ғасырда,  алдымен  Еуропада,  сосын  Солтүстік 
Америкада  басталды.  Бұл  құбылыс    Батыс  мемлекеттерінде  сол  заманда 
орын  алған  өренкәсіп  төңкерісінің  нәтижесі  болды.  Ал  әлемнің  даму  үстін-
дегі  мемлекеттерінде  урбанизация  үдерістері  ХХ  ғасырдың  орта  шенін-
де  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  салалардағы  ұнамды  өзгерістердің 
арқасында  басталды  және  бүгінгі  таңда  жоғары  қарқынмен  жүріп  жатыр.
Соңғы  200  жылдың  ішінде  дүние  жүзінің  халқы  санында  қала  халқы-
ның  саны  тұрақты  өсіп  отырды.  1800  жылы  адамзаттың  шамамен  3%-ы 
қалаларда  тұрған  болса,  1900  жылға  қарай  бұл  көрсеткіш  14%-ға  дейін 
көтерілді.  Арада  жарты  ғасыр  өткен  соң,  анығырағы  1950  жылы  әлемдік 
урбанизация  дәрежесі  29%-ды  құрады,  1990  жылы  бұл  көрсеткіш  45%-
ға,  2001  жылы  47%-ға  жетті.  2010  жылға  қарай  қала  тұрғындарының  дү-
ние  жүзі  халқының  құрамындағы  үлесі  50%-дан  асты,  ал  бүгінгі  таңда  ол 
54%-ды  құрап  отыр.
Урбанизациялану  үдерісі  3  негізгі  кезеңнен  өтіп  дамиды.
І.  Қалыптасып  келе  жатқан  урбанизация  кезеңінде  қала  тұрғындары-
ның  үлесі  50%-дан  төмен  болады,  жаңа  қалалар  пайда  болады,  кейбір 
ауылдық  жерлер  қалалық  мекендер  қатарына  өтіп  кетеді.  Əсіресе  ірі  қа-
лалар  жылдам  өсе  бастайды.  Бұндай  ірі  қалалар  басқаларға  қарағанда  ай-
тарлықтай  алға  басады.  Ең  ірі  қалалардың  өсуі  кей  жағдайларда  “жалған” 
урбанизация  түрінде,  яғни  қала  шеттеріндегі  ауылды  жерлерден  көшіп 
келген  төмен  табысты  тұрғындар  тұратын  үйлердің  тығыздануы  көрінісін-
де  байқалады.  Бүгінгі  таңда  Азия  мен  Африкадағы  бірқатар  даму  үстінде-
гі  мемлекеттер  урбанизацияның  осы  кезеңін  бастан  өткізіп  отыр.


77
ІІ.  Дамыған  урбанизация  кезеңі  “миллионер”  қалалардың  жоғары 
қарқынмен  өсуімен  және  ірі  қалалардың  айналасында  агломерациялардың 
пайда  болуымен  сипатталады.  Қалалықтардың  саны  жалпы  халық  үлесінің 
50%-ынан  асып  кетеді,  жаңа  қалалар  пайда  болмайды,  бар  қалалар,  әсіре-
се  ірілері  жедел  дамиды,  қалалық  мекендер  жүйесі  қалыптасады.  Урбани-
зацияның  бұл  кезеңі  Шығыс  Еуропа,  ТМД,  Латын  Америкасы,  Солтүстік 
Африка,  Оңтүстік-батыс  Азия,  Океания  мемлекеттерінің  көпшілігіне  тән.
ІІІ.  Жетілген  урбанизация  кезеңі    Еуропаның  ең  дамыған  мемлекет-
терінде,  АҚШ,  Канада,  Австралия,  Жапония,  Израиль  сияқты  елдерде 
байқалып  отыр.  Бұл  кезеңде  тұрғындар  ірі  қалалардың  орталықтарынан 
бірте-бірте  қала  төңірегіне  көше  бастайды,  алайда  қалада  жұмыс  істеуді, 
оқуды,  түрлі  қызметтермен  айналысуды  тоқтатпайды.  Соның  нәтижесінде 
қала орталықтары негізінен кәсіпкерліктің, банк-қаржы секторының, басқа-
ру  салаларының  даму  мекеніне  айналады  да,  халық  жасайтын  массивтер 
орталықтан  алыстай  береді.  Бұндай  әлеуметтік-географиялық  үдеріс  субур-
банизация  деп  аталады.  Көлік  пен  байланыстың  заманалық  технологияла-
ры  дамыған  сайын  урбанизацияның  бұл  кезеңінде  қала  экономикасының 
тармақтары  мен  қалалық  тұрмыс  салты  ауылдық  жерлерге  де  кең  тарала-
ды,  соның  нәтижесінде  қала  мен  ауылдағы  өмір  сүру  жағдайы  бір-біріне 
жақындай  түседі,  яғни  ауылдық  жерлер  ресми  түрде  өзінің  ауыл  қалыбын 
сақтап  тұрғанымен,  түптеп  келгенде,  қаладан  айырмасы  қалмайды.  Қала 
мен  ауыл  арасындағы  әлеуметтік-экономикалық  айырма  мен  шекаралар-
дың  жойылу  үдерісі  рурбанизация  деген  терминмен  жүргізіледі.
                                                                                                                              
9-кесте
Дүние жүзіндегі жəне ірі аймақтардағы урбанизация дəрежесі (2016 ж.)

Аумақтар
Урбанизация,%
1
         Дүние жүзі 
54
2
         Дамыған мемлекеттер
78
3
Дамып келе жатқан мемлекеттер
49
4
Еуропа
74
5
Азия
48
6
Африка
41
7
Солтүстік Америка (АҚШ пен Канада)
81
8
Латын Америкасы
80
9
Австралия және Океания
70


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау