72
1. Мониторинг ұғымының мәні мен негізгі мақсаты неден тұрады?
2. Өзбекстанда мониторингті жүзеге асыруды қайсы ұйым басқарады?
3. Географиялық және экологиялық сараптамалардың өзара айырмасы мен ұқсастығы
неде?
4. Өзіңнің тұрғылықты мекеніңдегі топырақты, су мен ауаны ластайтын кәсіпорын-
дардың тізімін жаса.
V ТАРАУ. ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ХАЛҚЫ
§ 17. ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ХАЛҚЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАЛЫҚ
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ
ХІХ ғасырға дейін әлем халқының саны баяу өсіп, 1820 жылға қарай
1 миллиард адамға жетті. Бұл үдеріс халықтың табиғи өсуінің төменді-
гімен белгіленді, өйткені өткен тарихи кезеңдерде туылу да, өлім көр-
сеткіштері де жоғары, ал олардың арасындағы айырма өте аз еді. Деген-
мен 1 миллиардтан 2 миллиардқа дейін көбею үшін адамзатқа едәуір аз
уақыт, яғни 107 жыл жеткілікті болды (1820–1927 жылдардың арасы).
Одан кейінгі жылдарда дүние жүзі халқының саны одан да жылдамырақ
өсті. 1960 жылға қарай дүние жүзінің халқы 3 миллиард адамға жет-
ті. Бұл көрсеткіш 1975 жылға қарай 4 миллиардқа, 1987 жылы 5 мил-
лиардқа, 1999 жылы 6 миллиардқа, ал 2011 жылы 7 миллиардқа тең
болды. 2017 жылдың басында дүние жүзі халқының саны 7,5 миллиард
адамның айналасында еді, бұл өсу әлі жүріп жатыр.
Демек, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әлем халқы саны-
ның көбеюі шұғыл жылдамдады. Бұл үдеріс ғылымда демографиялық
жарылыс деп аталады. Бұндай құбылыстың себебі – әлеуметтік-эконо-
микалық және ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде халықтың тұр-
мыстық дәрежесінің кемелденуі, өмір сүру жағдайының жақсаруы және
денсаулық сақтау жүйесінің дамуы арқасында адамдардың орташа өмір
сүру ұзақтығы өсіп, өлім дәрежесінің төмендеуі болып отыр. Алғашында
демографиялық жарылыс ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың бірінші
жартысында Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада орын алған болса,
73
ХХ ғасырдың екінші жартысында Азия, Африка, Латын Америкасы мен
Океаниядағы дамыған мемлекеттер халқы санының жоғары қарқынмен
өсуінен көрінді.
Даму үстіндегі мемлекеттердің халқы жоғары қарқынмен өсіп келе
жатқан сол кездерде Еуропа мемлекеттері мен Жапонияда халықтың
табиғи көбеюі күрт төмендеді. Тіпті кей жағдайларда туылу өлімнен
де төмен деңгейге түсіп, халықтың табиғи азаю үдерісі (депопуляция)
орын алды.
Демографиялық жарылыстан кейінгі туылудың төмендеп кету
үдерісінің себептерін демографиялық өту теориясының көмегімен си-
паттауға болады. Бұл теорияға орай қоғамда халықтың қайта қалыпта-
суы 4 сатыдан өтіп өзгеріп отырады (7-сурет). Алғашқы 1-сатыда туылу
мен өлім өте жоғары болып, арасындағы айырма, яғни халықтың табиғи
көбеюі ең төмен дәрежеде сақталады. Бұндай демографиялық жағдай
“дәстүрлі тоқырау” деп аталады. Кейінгі 2-саты барысында өлім дәре-
жесі шұғыл азайып, жоғарыда сипатталған демографиялық жарылыс құ-
былысы орын алады. Демографиялық өтудің 3-сатысында өлімнің азаю
үдерісі өз шегіне жетіп, туылу дәрежесінің азаюы басталады. Туылудың
төмендеп кетуі халықтың өмір сүру салтының өзгергендігі (қалалану,
өнеркәсіптену, еңбек өнімділігінің кемелденуі, медицинаның дамуы, әй-
елдердің қоғамдағы орнының өзгеруі және т.б.) нәтижесінде туындай-
ды. Ал соңғы 4-сатыда туылу және өлім көрсеткіштері едәуір төмен бо-
лып, ең төмен деңгейдегі табиғи көбею байқалады, сөйтіп, “заманалық
тұрақтылық” деп аталатын демографиялық жағдай пайда болады. Кейде
демографиялық өту үдерісі бұндай жағдаймен шектеліп қалмастан, де-
популяция сатысына да өтіп кетеді.
Əлемдегі түрлі мемлекеттер демо-
графиялық өтудің әр қилы кезеңдерін
бастан өткізуде. Батыс Еуропа мемле-
кеттері, Жапония, Канада, Австралия,
Жаңа Зеландия секілді дамыған мемле-
кеттер 4-сатыны иелеп, туылудың және
табиғи көбеюдің төмендігімен ерекше-
леніп тұр. Азияда Оңтүстік және Сол-
түстік Корея, Сингапур, Таиланд және
халқының саны жағынан әлем көшін
7-сурет. Демографиялық өту
сатылары
74
бастап келе жатқан Қытай да демографиялық өтудің қорытынды сатысы-
на енді. Латын Америкасы мен Океанияның кейбір дамып келе жатқан
мемлекеттерінде де осыған ұқсас демографиялық жағдай байқалады. Ал
туылу мен табиғи көбеюдің ең төмен көрсеткіштері Венгрия, Болгария,
Сербия, Румыния, Латвия, Литва және Украина тақылеттес Еуропаның
өту экономикасындағы мемлекеттеріне тән. Бұл елдерде бірнеше жылдан
бері халықтың табиғи азаюы жүріп жатыр.
Даму үстіндегі мемлекеттердің басым көпшілігі демографиялық өту-
дің 3-сатысын бастан өткеруде, оларда туылу көрсеткіштері бірте-бірте
төмендеп барады. Демографиялық өту үдерісінің ең төмен қарқыны Аф-
рика елдеріне тән. Əсіресе Батыс, Орталық және Шығыс Африка мемле-
кеттерінде туылудың және халықтың табиғи көбеюінің жоғары дәрежесі
сақталып отыр. Атап айтқанда, 2016 жылдың қорытындылары бойынша
дүниедегі халықтың табиғи көбею қарқыны бойынша жетекшілік етіп
келе жатқан 10 мемлекеттің ішінен 9-ы Африка материгінде орналасқан.
Алғашқы бестіктен де тек Африка мемлекеттері (Малави, Уганда, Бу-
рунди, Нигер және Мали) орын алған.
Демек, дүниенің ең дамыған мемлекеттері және өту экономикасын-
дағы көптеген елдер демографиялық өтуді аяқтап қойғанымен, Африка-
ның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ең нашар дамыған мемлекеттері
2-сатыдан 3-сатыға өту қарсаңында тұр. Сондықтан қазіргі жағдайда
дүние жүзінің халқы негізінен дамып келе жатқан және ең артта қалған
мемлекеттер есебінен көбейіп барады. Қазіргі кезеңде әлем халқы жыл
сайын орта есеппен 70-80 млн адамға көбейсе, бұл көбеюдің 97%-ы
Африканың, Азия мен Латын Америкасының даму үстіндегі мемлекет-
теріне тура келеді (8-кесте). Дамыған және даму үстіндегі мемлекет-
тердің демографиялық жағдайындағы айырмашылықтар әлеуметтік-эко-
номикалық даму деңгейі, қалалану, тұрғындардың тұрмыс салты мен
дәстүрлі құндылықтарының сақталу дәрежесі сынды себепшарттарға
байланысты.
Табиғи көбеюдің жоғары қарқынының сақталуы немесе өте төмен
дәрежеге түсіп кетуі мемлекеттің экономикасы үшін түрлі ділгірлік-
терді туғызады. Дамып келе жатқан мемлекеттерде бұндай ділгірліктер
жұмыссыздық, білім мен денсаулық сақтау салаларындағы кемшіліктер
болса, дамыған мемлекеттерде олар еңбек ресурстарының жетіспеушілі-
гі, зейнетақы және салық жүйелерінің тұрақсыздығынан білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |