Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет52/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

149
нәтижесінде  проблеманың  негізгі  ерекшеліктері,  көлемі,  даму  кезеңдері, 
бағыттары,  себептері,  себепшарттары,  салдарлары  және  басқалар  аян  бо-
лады.  Геоэкологиялық  проблемаларды  зерттеуде  негізінен  аумақтық,  ге-
ожүйелі  және  экологиялық  қағидаттар  қолданылады.
Аумақтық  қағидатты  қолдану  проблеманың  көлемін  анықтауға,  оның 
даму  шекараларын,  таралу  ортасын  айыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  қағи-
дат  аумақтың  біртұтастығын,  оның  басқа  аумақтармен  байланысын,  өзара 
тәуелділігі  мен  ықпалдастығын  білуге  септігін  тигізеді. 
Геожүйелі  қағидат  геоэкологиялық  проблеманы  зерттеуге  географи-
ялық  негіз  қалайды.  Өйткені  ол  аумақтың  түзілісі  жайында  ақпарат  беру-
мен  қатар,  оның  қандай  табиғи  ерекшеліктері  мен  ресурстары  бар  екені 
туралы  мәліметтер  алуға  жол  ашады.  Аталмыш  қағидат  геожүйелер  шека-
раларының  орналасуы,  олардың  қатынасы,  бір-бірімен  салыстырғанда  ала-
са-биіктігі,  құрамдық-динамикалық  жағдайы  жөнінде  ақпарат  береді.  Бұл 
қағидат  проблеманың  көптеген  ерекшеліктерін  дұрыс  бағалауға,  келешек-
те  болатын  өзгерістерді  алдын-ала  болжауға,  барлық  түрлердегі  карталар-
ды  жасауға  негіз  болады. 
Экологиялық  қағидаттың  қолданылуы    тірі  ағзалардың,  соның  ішінде 
адамның  қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынасын,  әсерлесуін  және  бай-
ланыста  болуын  ескереді.  Экологиялық  проблеманың  қисынды  мағынасы 
да,  түптеп  келгенде,  тірі  ағза  мен  жансыз  табиғат  ортасындағы  өзара  бай-
ланыс  пен  қарым-қатынастың  бұзылуынан  тұрады.  Бұл  қарым-қатынастың 
шиеленісуі  нақты  геожүйеде  байқалып,  аумақтық  ерекшеліктерге  ие  бола-
ды.  Сондықтан  да  аталмыш  проблеманы  геоэкологиялық  проблема  ретінде 
зерттеу  қажет.
Геоэкологиялық  проблеманы  жою  дегенде,  ең  алдымен,  бастапқы  та-
биғи  тепе-теңдікті  қалпына  келтіруді  түсіну  керек.  Табиғи  тепе-теңдікті 
(экологиялық  тепе-теңдікті)  қайта  тіктеу  –  табиғи  компоненттер  мен  ге-
ожүйелер  арасындағы  өзара  қарым-қатынасты,  байланыстылықты  және 
іс-әрекетті  алғашқы  қалпына  жақындату,  бірақ  оны  ешқашан  да  негізгі 
қалпына  келтіре  алмайсың.  Бұзылған  табиғи  тепе-теңдікті  қайта  тіктеу 
шараларында  тұрғындардың  өмір  сүру  жағдайы  мен  денсаулығын  да  әу-
елгі  қалпына  келтіру  керек.  Мысалы,  Арал  және  Аралмаңы  бір-бірімен 
тығыз  байланысты  аймақтық  геоэкологиялық  проблема  болғандықтан, 
олардың  шешімі  өзара  байланысты  кешенді  шараларды  қатар  қолданғанда 
ғана  табылады.  Бұнда,  ең  бірінші  кезекте,  сырттан  келетін  судың  таза  әрі 
мөлшерінің  көп  болуына  қол  жеткізген  жөн.  Өйткені  проблеманы  жедел-


150
дететін  күш  –  құрғақ  климат  жағдайындағы  шөлейттену  құбылысы  болып 
табылады.
Өңірлік,  яғни  жергілікті  проблемалар  –  ең  қарапайым,  шешілуі  онша-
лықты  қиын  емес  проблемалар.  Оларды  шешу  кезінде,  ең  алдымен,  гео-
экологиялық  ділгірлігі  бар  аумақтың  табиғи  географиялық  жағдайы  мен 
табиғи  заңдылықтарын  жан-жақты  зерттеу  қажет.  Əрбір  геожүйенің  ерек-
шеліктеріне  сай  келетін  шаруашылық  тармақтары  мен  табиғатты  ұқып-
ты  пайдалану  шараларын  қолдану  арқылы  бұндай  проблемалардың  алды 
алынады.  Мысалы,  жер  алқаптарын  суармалы  егіншілік  мақсатына  пайда-
ланғанда,  алдымен  әрбір  геожүйенің  ерекшелігін  зерттеп,  содан  соң  ғана 
сай  келетін  егін  түрлерін  егу,  суару  әдістері  мен  мөлшерлерін  және  агро-
техника  талаптарын  қолдану,  яғни  табиғатпен  жақсы  қарым-қатынас  жа-
сап,  оның  заңдылықтарын  бұзбау  –  күтілген  нәтижелерге  қол  жеткізудің 
басты  кепілі  болады.
Геоэкологиялық поблема, жаһандық геоэкологиялық проблемалар, аймақтық геоэколо-
гиялық проблемалар, өңірлік геоэкологиялық проблемалар. 
1. Геоэкологиялық проблема деп нені айтады?
2. Геоэкологиялық проблемалардың қандай түрлерін білесің?
3. Өзің жасайтын  мекендегі жергілікті геоэкологиялық проблемаларды және оларды 
жою жолдарын сипаттап жаз.  
§ 34. ҚАЙТАЛАУ САБАҒЫ
Оқулық  пен  карталар  негізінде  өз  біліміңді  сынап  көр  және  бағала.  Ал-
дымен барлық тақырыптардағы тірек ұғымдар мен терминдерді, сұрақтарға 
берген жауаптарыңды және тапсырмалар бойынша орындаған жұмыстарды 
еске түсіріп, тағы бір рет қайтала. 
Өз бетіңмен әрбір тақырып бойынша тест сұрақтарын дайындап, шеш. Бұл 
арқылы қорытынды тест сұрақтарына және жазба жұмыстарға дайындық жа-
сайсың. 
Практикалық тапсырмалар бойынша орындаған жұмыстарыңды да қайта 
қарап шық. Бұл Саған практикалық тапсырмаларға қатысты жазба жұмыстар-
ды оңай орындауға, географиялық мәселелерді қиналмай шешуге, сонымен 
қатар жазусыз карталармен мүдірмей жұмыс істеуге көмектеседі.
Жалпы  алғанда,  қайталау  арқылы  жыл  барысында  алған  білімдеріңді 
нығайтып, кейбір түсінбей қалған жерлеріңді меңгеріп аласың.    


151
ҰҒЫМДАР МЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ
АЭС – энергия өндіру үшін ядролық құрылғыларды пайдаланатын тармақ.
Халықтың  қайта  құрылуы  –  қоғамның  үздіксіздігін  қамтамасыз  ететін 
негізгі үдеріс, табиғи, миграциялық және әлеуметтік іс-қимылдардың жиын-
тығы ретінде көрініс табады.
Халыққа  қызмет  көрсету  тармақтары  –  жеке  қызметтер  ұсыну  және 
өндіру мақсатында қалыптастырылған қызмет түрлері мен шаруашылық тар-
мақтарының шоғыры.
Батометр (грекше батос – тереңдік, метрео – өлшеймін)судың химиялық 
құрамы мен температурасын анықтау мақсатында  су алаптарының түрлі те-
реңдігінен үлгі алатын аспап.
Батпақтық – артықша ылғалдылық жағдайында тұрақты яки уақытша су-
ланып жататын, ылғалсүйгіш өсімдіктер мен торф қабаты (30 см және одан 
жоғары) жапқан жерлер.
Мал  шаруашылығы  –  ауыл  шаруашылығының  мал  басын  көбейтумен 
шұғылданатын тармағы.
Мемлекет  –  үкіметтің  басшылығымен  қоғамды  ұйымдастыру  мәселе-
лерін шешу, оның сыртқы қарым-қатынастарын белгілеу өкілеттігі бар билік 
құрылымы.
Диқаншылық – ауыл шаруашылығының егін егіп, өнім өндірумен шұғыл-
данатын маңызды тармағы.
Тұрақты миграция – тұрғындардың бірер аумаққа тұрақты түрде көшіп 
кетуі.
Экологиялық сараптау – адам қызметінің географиялық ортаның биоло-
гиялық (өсімдіктер, жануарлар әлемі және микроағзалар) бөлігіне әсерін баға-
лау.
Экологиялық мониторинг – табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, қор-
шаған ортаны қорғау мақсатымен белгілі бір аумақтың табиғи жағдайын бақы-
лау және басқару жүйесі.
Эндемик (грекше эндемос – жергілікті, тұрғылықты) – өсімдіктер мен 
жануарлардың  оншалықты  кең  таралмаған,  шағын,  шектеулі  ортада  өмір 
сүретін түр, тұқым, туыс және басқа таксономиялық бірліктері.
Фация – тау жыныстарының литологиялық құрамы бірдей, бедер түзілісі, 
ылғалдануы бірдей, микроклиматы, топырақтары, өсімдіктер және жануарлар 
дүниесі бірдей, яғни оны туындататын компоненттерге тән белгілерінің бір-
дейлігімен сипатталатын ең қарапайым әрі ең шағын геожүйе.


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау