140
§ 32. ӨЗБЕКСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУЫ
Тәуелсіздік жылдарында Өзбекстан Республикасы әлеуметтік-экономика-
лық даму бойынша қомақты жетістіктерге жетті. Тіпті 2008-2009 жылдарда
орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында да Өз-
бекстан ұлттық экономикасының өсу қарқыны бойынша дүние жүзі мемле-
кеттерінің алдыңғы қатарынан көрінді. 2010 жылдан бері Өзбекстан ЖІӨ -нің
жылдық өсу қарқынын 8 пайыздан төмен түсірген жоқ. Əлемдік қауымдас-
тықтың сарапшылары мойындаған осынау ұнамды нәтижелердің астарын-
да республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының үлкен әлеуеті және
елімізде нарықтық экономикаға өтудің “өзбек моделі” негізінде сатылы түрде
жүзеге асырылып келе жатқан анық мақсатты реформалар жатыр.
Өзбекстан Республикасы Орталық Азия шеңберінде транзиттік мүмкін-
діктері қолайлы экономикалық-географиялық орынға ие болғандықтан, су-
баймақ мемлекеттерінің өзара интеграциялануында аса маңызды рөл атқа-
рады. Сонымен қатар республикада көп тармақты ұлттық экономиканың
қалыптасуы мен дамуына қажетті үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын табиғи
байлықтар жеткілікті. Ең алдымен елдің минерал ресурстық әлеуеті айрық-
ша назар аударуға тұрарлықтай. Өзбекстан аумағында барлығы 120-ға жуық
түрдегі пайдалы қазбалардың 2700 кені табылған. Атап айтқанда, Өзбекстан
дүние жүзі мемлекеттері ортасында алтын қорлары бойынша 4-орында,
уран қорлары бойынша 7-орында, молибден бойынша 8-орында және мыс
бойынша 10-орында тұрады. Отын-энергетика ресурстары арасында табиғи
газдың маңыздылығы ең жоғары екендігі белгілі, оның қорлары бойынша
Өзбекстан әлемде 14-орынды иелейді. Руда емес қазба байлықтар бойынша
еліміз калий тұздары мен фосфорит өндіруден де әлемде жетекші орындар-
дың бірін иелеп отыр. Түрлі пайдалы қазбалардың ірі кендеріне негізінен
Науаи, Ташкент, Қашқадария, Бұхара облыстары мен Қарақалпақстан бай
болып саналады. Бұдан шығар қорытынды сол, минерал ресурстардың қо-
мақты қорлары елімізде түсті металлургияны, отын, химия және құрылыс
материалдары өрнеркәсібін дамытуға үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Елімізде ауыл шаруашылығын өркендетуге қажетті қолайлы жағдайлар
мен агроклимат ресурстары мол. Вегетация кезеңінің ұзақтығы, ыстық және
шуақты күндердің көптігі себепті Өзбекстанда мақташылық, бағбаншылық,
жүзімшілік, көкөніс пен бақшалық дақылдар өсіру сияқты диқаншылықтың
142
28-сурет. Өзбекстандағы
жаңа өнер-
кәсіп кәсіпорны –
Диқанабад калий
зауыты
өскені қуанышты болды. 1995 жылы ЖІӨ-нің 17,1 пайызы өнеркәсіпке тура
келсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 26 пайызға көтерілді. Ауыл шаруашылығы-
ның ұлттық экономикадағы үлесі сәйкесінше 28,1 пайыздан 17,6 пайызға
төмендеді. Өнеркәсіптің тармақ құрамы да едәуір өзгерді. Республика өнер-
кәсібінде электр энергетикасы, отын, химия, түсті металлургия, машинажа-
сау және басқа ауыр өнеркәсіп салаларының орны мен маңызы жоғарылап,
тәуелсіздіктен бұрынғы кезеңдегі республиканың мамандануы белгілеген
жеңіл өнеркәсіптің үлес салмағы 3 есеге дерлік азайды. Өзбекстанда 2000
жылдың басынан бері өнеркәсіп өндірісінің көлемі тұрақты өсіп келеді, ал
қайта өңдеу тармақтарының өсу қарқыны өндіру өнеркәсібіне қарағанда
бірнеше есе жоғары. 2016 жылдың қорытындылары бойынша республика
өнеркәсібі құрамында 20 пайызға жетер-жетпес үлеспен машинажасау өнім-
дері жетекші орынға шықты.
Соңғы жылдарда Өзбекстанда автомобильжасау, микроэлектроника
өнеркәсібі, калийлі тыңайтқыштар мен сода өндіру, фармацевтика, қант
өнеркәсібі және басқа өндіріс тармақтары дүниеге келді. Мұнай және
газ-химия тармақтарында өте ірі кәсіпорындар іске қосылды. 2010 жылдан
кейінгі кезеңде Топалаң ГЭС-і, Үстірт газ-химия кешені, Хандиза тау-кен
металлургия комбинаты, Диқанабад калий зауыты, Хорезм автомобиль за-
уыты, Зафарабад цемент зауыты және басқа маңызды өндіріс нысандары
салынды (28-сурет). Бүгінгі таңда Өзбекстанда берік өнеркәсіп өндірісі әле-
уеті жасақталды. Республика ТМД мемлекеттері және дүние жүзі шеңберін-
де алтын, уран, табиғи газ, кадмий, молибден, сульфат қышқылы, азотты
тыңайтқыштар, кездеме маталар, жеңіл автомобильдер және басқа өнім-
дер өндіру бойынша алдыңғы қатардан
көрініп келеді.
Өзбекстан өнеркәсібінің аумақтық
құрамында да өзгерістер орын алды.
Мысалы, 1980 жылдардың соңында
Ташкент қаласы мен облысына респуб-
ликадағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 50
пайызы тура келсе, қазір бұл аумақтың
көрсеткіштері 30 пайыздың айналасын-
да. Өз кезегінде бірқатар жаңа кәсіпо-
рындардың құрылып, іске қосылуы
есебінен Əндіжан, Қашқадария, Науаи,