128
Шығыс Азия мемлекеттері, тоталитарлық жүйе, депопуляция, Оңтүстік-шығыс Азия
мемлекеттері, Үндіқытай түбегі, жаңа өнеркәсіптенген мемлекеттер.
1. Шығыс Азия мемлекеттерінің экономикасында басты орын иелейтін ауыр өнеркәсіп
тармақтарын сипатта.
2. Дәптеріңе Шығыс Азияның 10 млн-нан астам халқы бар мегақалаларының аттарын
олар орналасқан мемлекеттермен қоса жаз.
3. Сәйкестерін тап:
1) Вьетнам; 2) Малайзия; 3) Лаос;
4) Таиланд; 5) Мьянма;
А) Бангкок; Ə) Ханой; Б) Куала-Лумпур; В) Вьентян; Д) Янгон.
§ 30. ОРТАЛЫҚ
А
АЗИЯ
А
МЕМЛЕКЕТТЕРІ
Орталық Азия саяси-географиялық субаймағы Еуразия материгінің іш-
керісіне орналасқан. 1991 жылдан бері тәуелсіз мемлекеттер ретінде да-
мып келе жатқан 5 бұрынғы одақтас республика – Қазақстан, Қырғыз-
стан,Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан осы аймақты құрайды.
Аталмыш мемлекеттердің экономикалық-географиялық орнының ерекшелі-
гі бәріне ортақ – олардың бірде-біреуінде Дүниежүзілік мұхитқа шығу
мүмкіндігі жоқ, яғни бесеуі де ішкі континенттік мемлекеттер болып сана-
лады. Соның ішінде Қазақстан Республикасы – әлемдегі осындай геогра-
фиялық орналасуы бар 44 мемлекеттің арасындағы жер алаңы бойынша
ең ірісі. Субаймақтың ортаңғы бөлігіне орналасқан Өзбекстан Республи-
касының өзіне тән ерекшелігі сол, оған көрші мемлекеттердің ешқайсысы
теңізге тұтасып жатқан жоқ. Бұндай географиялық ерекшелік дүние жүзі
бойынша, Өзбекстанды қоспағанда, тек Батыс Еуропадағы “ергежейлі”
мемлекеттердің бірі – Лихтенштейн князьдығына ғана тән. Ал көлемі үл-
кен мемлекеттердің бірде-біреуінің географиялық орналасуы бұндай емес.
Қазақстан және Түркіменстан Республикалары Каспий теңізіне тұта-
сып жатыр, бұл жағдай екі мемлекеттің де экономикалық-географиялық
орнына, көліктік-географиялық мүмкіндіктеріне және табиғи-ресурстық
әлеуетіне ұнамды әсерін тигізеді. Ал көліктік-географиялық жағдайла-
ры едәуір күрделілеу Тяньшань және Памир таулары аумағына орын
тепкен Қырғызстан және Тәжікстан Республикаларының экономикалық-
гео графиялық орны субаймақтағы өзге мемлекеттердің орналасуымен
салыстыр ғанда анағұрлым қолайсыз болып саналады.
Орталық Азия субаймағы экономикалық-географиялық орнының қо-
лайлы жағы оның транзиттілігінен, яғни Еуропа мен Азияның түрлі
129
26-сурет. Орталық Азия мемлекеттерінің субаймақтағы жалпы аумағы (сол
жақта – мың км және % есебімен) және халқының саны бойынша (оң жақта –
мың адам және % есебімен, 1.01.2017 жылғы көрсеткіш бойынша) үлестері.
бөліктерінің құрлықтағы көлік жүйелерін бір-бірімен тұтастыра алатын
мүмкіндіктерінен көрініс табады. Бұл жағдай тарихта Ұлы Жібек жо-
лының қазіргі Орталық Азия мемлекеттері аумағынан өткендігімен си-
патталады. Бүгінгі таңда да субаймақ мемлекеттері экономикалық-гео-
графиялық мүмкіндіктерінің осы тұрғыдан бағалануы өте орынды. Ор-
талық Азияның геосаяси орнының өзіне тән жақтары бар, ол аймақтың
Еуразиядағы негізгі геосаяси күш орталықтары – Қытаймен, Ресеймен,
Иранмен шектескендігі, осынау тікелей көршілерінен тыс, АҚШ, Еуропа
Одағы, Түркия, Сауд Арабиясы, Үндістан және Пакистан сынды геосая-
си “ойыншылардың” сыртқы мүдделері тоқайласқан аумақта орналасқан-
дығымен сипатталады. Сонымен қатар әскери қақтығыс-жанжалдары тау-
сылмай жатқан Ауғанстанмен шекараластығы және басқа да нақты және
жорамал әскери-саяси қайшылықтар зоналарына жақын орналасқандығы
Орталық Азия геосаяси орнының кері жақтарын белгілейді.
Орталық Азия мемлекеттерінің жалпы жер көлемі 4 млн шаршы км-ге,
ал жалпы халқының саны 2017 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бо йынша
70,5 млн адамға тең. Субаймақ мемлекеттері ортасында аумақтарының
үлкен-кішілігі және халық саны тұрғысынан елеулі айырмашылықтар
бар (26-сурет). Орталық Азия мемлекеттерінің аумақтық және демо-
графиялық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтарға қалыптасқан
табиғи жағдай мен ресурстарының ерекшеліктері айтарлықтай әсерін
тигізеді. Орталық Азия мемлекеттері Еуразия және Үнді-Австралия ли-
тосфералық плиталарының шекарасын бойлап өткен Альпі-Гималай қат-
парлы аймағына таяу орналасқан. Сол себепті аймақтың оңтүстік-шығыс
және орталық бөліктері сейсмикалық тұрғыдан қауіпті болып саналады.
130
27-сурет. Түркіменстан (сол жақта) мен Тәжікстан (оң жақта) аумақтарының ға-
рыштан түсірілген фотосуреттері.
Күшті жер сілкінулер әсіресе Тәжікстан мен Қырғызстан аумақтарына
тән қасиет. Аймақтың батыс және солтүстік бөліктері негізінен платфор-
малы тектоникалық түзілісті. Жер бетінің бедеріне орай субаймақтың
оңтүстік-шығысында орналасқан Тәжікстан мен Қырғызстан аумағы та-
улы, ал Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстан аумақтарын негізінен
ойпатты жазықтар алып жатыр (27-сурет). Алайда бұл үш мемлекеттің
аумақтарында да биік тау жоталары бар, олар жалпы жер көлемінің 10-
20%-ын иелейді.
Орталық Азия мемлекеттері минерал ресурстарға өте бай. Мұнай
қорлары бойынша Қазақстан мен Түркіменстан, табиғи газ қорлары бо-
йынша Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстан өзгелерден ерекшеленіп
тұрады, ал таскөмірге Қазақстан, қоңыр көмірге Өзбекстан бай болып
саналады. Мұнай мен газ қорлары негізінен Каспиймаңы ойпатында, Қа-
рақұм және Қызылқұм шөлдерінде, Үстірт қыраты мен тау аралықта-
рындағы ойыстарда, ал таскөмірдің ең үлкен қорлары Қазақстанның
аласа тауларындағы Қарағанды және Екібастұз көмір бассейндерінде
орналасқан. Қазақстан темір, марганец және хром секілді қара металл
рудаларына бай. Ал түсті металдардың, әсіресе қымбат бағалы және
сирек кездесетін металдардың ірі кендері Түркіменстаннан басқа ел-
дердің бәрінде бар. Атап айтатын болсақ, Өзбекстан – алтын, уран, кад-
мий, мыс, молибден; Қазақстан – уран, вольфрам, молибден, қорғасын,
мырыш; Қырғызстан – алтын, сынап, сурьма; Тәжікстан күміс, уран
қорлары бойынша өзге мемлекеттерден жеке-дара ерекшеленіп тұрады.
Бұдан тыс Түркіменстанда, Өзбекстан мен Қазақстанда сан қилы мине-
рал тұздардың үлкен қорлары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |