Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53

41
табиғи  жағдайлардың  жинақталуы.  Географиялық  әдебиеттерде  бұл  ұғым 
көбінесе  географиялық  қабықтың  адамды  және  оның  шаруашылық  қыз-
метін  қоршап  тұрған  бөлігіне  тиісті  қолданылады.
Географиялық  орта    –  қоғамды  қоршап  тұрған  табиғи  жағдай;  әле-
уметтік  өндірістің  нақты  табиғи  кезеңінде  табиғаттың  қоғаммен  өзара 
ықпалдастықта  болатын  бір  бөлігі.  Географиялық  орта  қоғам  дамуының 
тұрақты  және  қажетті  шарттарының  бірі,  ол  еңбек  бөлінісіне  және  ша-
руашылық  тармақтарының  орналасуына  белсенді  әсер  етеді.  Өз  кезегінде 
қоғам  да  географиялық  ортаға  ықпал  жасайды.  Қоғам  дамыған  сайын  гео-
графиялық  ортаның  шеңбері  өзгеріп,  ұлғая  береді.
Техногенді  орта  –  халықты  қоршап  тұрған  ортаның  бір  бөлігі,  онда 
адамның  қолымен  жасалған  нысандар,  денелер  мен  заттар  түсініледі. 
Қоғам  дамыған  сайын  техногенді  орта  да  жетіле  береді.
Қоршаған  орта  –  халықты  қоршап  тұрған  табиғи  және  техногенді  ор-
таны  қамтитын  өмір  сүру  және  еңбек  ету  жағдайы.
Қоғам  мен  табиғат  ортасындағы  әсер  мен  қарым-қатынастар  мекен  мен 
заманда  өзгеріп,  түрленіп  отырады.  Адамның  қызметі  мақсатқа  дұрыс 
бағытталған  болса,  табиғатты  ұқыпты  пайдалану  сол  орынның,  аумақ  пен 
өлкенің  гүлденуіне  әкеледі.  Ал  кері  әсер  орынсыз  жағдайлардың  туында-
уына  себеп  болады.  Адамзат  тарихында  оның  табиғатпен  қарым-қатынасы 
әрқашан  өзгеріп,  күрделеніп  отырған. 
Қоғамның  табиғатқа  әсерінің  артуы  мен  табиғатқа  қарым-қатынасының 
өзгеруін  бес  кезеңге  бөлуге  болады:
1.    Алғашқы  қауымдық  кезең  –  қоғамның  геожүйелердің  табиғи  қал-
пын  бұзбайтын  өмір  салты.  Ол  адамзат  пайда  болғаннан  басталған.  Бұл 
кезеңнің ерекшеліктері:  алғашында дайын табиғат өнімдерін теріп жеумен 
күнелту;  тас  құралдар  жасау  ашылып,  аңшылықпен  және  балықшылықпен 
шұғылдану;  оттың  табылуы;  алғашқы  үй  жануары,  яғни  ит  қолға  үйретіл-
ген;  адам  табиғатқа  толық  тәуелді  болып,  табиғаттың  бір  бөлігі  ретінде 
тіршілік  еткен;  табиғатты  өзіне  сәйкестендірмеген;  геожүйелер  толығымен 
қайта  қалпына  келу  мүмкіндігіне  ие  болған  және  т.б.  Алғашқы  адамды 
климаты  қолайлы,  биологиялық  ресурстары  бай  (ірі  жануарлар,  жеміс-жи-
дектер)  орындар  көбірек  қызықтырған.  Бұл  кезеңде  адам  табиғатты  өз-
гертпеген,  қайта  оған  бейімделген.  Адамның  шаруашылық  қызметі  өте 
қарапайым  болып,  табиғи  ортаның  өзгеруіне  себеп  бола  алмаған.  Ол  ке-
зеңде  жазу  болмағандықтан,  жемісті  өсімдіктерді  сақтау  және  мөлшерімен 
теру,  жануарларды  мөлшерімен  аулау  ережелері  ауызша  орнатылған.


42
2. Ауыл шаруашылығы төңкерісі кезеңі – қоғамның шағын аумақтар-
дағы  геожүйелердің  азын-аулақ  бұзылуына  себеп  болатын  өмір  салты.  Бұ-
дан  6-8  мың  жылдай  бұрын  басталған.  Бұл  кезеңде  адам  аңшылық  пен 
балықшылықтан  егіншілікке  өткен.  Табиғи  ландшафттардың  әлсіз  өзгеруі 
орын  алған.  Бұл  кезеңнің  ерекшеліктері:  неолит  дәуірінде  “Ауыл  шару-
ашылығы төңкерісі” нәтижесінде егіншілікпен және мал шаруашылығымен 
шұғылдану  басталған;  адамның  табиғатқа  ықпал  жасауы  және  оны  өзгер-
ту  мүмкіндігі  туралы  көзқарас  пайда  болған.  Еңбек  құралдарының  жетіле 
түсуі  нәтижесінде  адам  табиғатпен  тепе-теңдікті  бұзуға  кіріскен,  кейбір 
жануарлар  мен  өсімдіктер  мөлшер  жағынан  азайған;  шаруашылық  салала-
рының  алғашқы  көріністері  пайда  болып,  дамыған;  халық  отырықты  өмір 
сүре  бастаған  және  алғашқы  қалалар  пайда  болған.  Халық  көп  шоғыр-
ланған  бұндай  жерлерде  фация  немесе  аңғар  шеңберінде  экологиялық 
тепе-теңдік  бұзылып,  түрлі  экологиялық  ділгірліктердің  қалыптасуына 
соқтырған.  Мәліметтерге  қарағанда,  Өзбекстан  аумағында  б.э.б.  ІІ  ғасырда 
алғашқы  арықтар,  ал  біздің  заманымыздың  ІV–VІ  ғасырларында  каналдар 
құрылған.  ІХ–ХІІІ  ғасырларда  суарудың  түрлі  әдістері  және  ірі  гидротех-
никалық  құрылыстар  салынып,  сол  кезең  ішінде  барлығы  3,5  –  3,8  млн 
гектар  жер  суарылған.
Бұл  кезеңде  адамның  табиғатқа  ықпалы  күшейе  түскен,  қолөнершілік 
дамыған,  шаруашылықта  табиғи  ресурстар  кең  қолданылған.  Егіншілік 
пен  мал  шаруашылығы  одан  әрі  дамыған,  алайда  олардың  дені  қол  күші-
не  негізделгендіктен,  экологиялық  тепе-теңдікке  әсер  ете  қоймаған.  Де-
мек,  бұл  кезеңде  адамның  табиғатқа  әсері  негізінен  ауыл  шаруашылығын 
дамыту  мақсатында  болған.  Бұл  кезең  басқалармен  салыстырғанда  едәуір 
ұзаққа  созылған,  табиғатқа  әлсіз,  бірақ  кейбір  табиғат  компоненттеріне 
анағұрлым  күшті  ықпал  жасалған  (4-кесте).  Қоршаған  ортаны  қорғауға 
және  табиғи  ресурстарды  ұқыпты  пайдалануға  бағытталған  заңдар  жазба 
түрде  орнатылып,  қатаң  сақталған,  билік  иелері  түрлі  кезеңдерде  әр  түрлі 
экологиялық  заңдар  мен  жарлықтар  шығарған. 
3.  Өнеркәсіп  төңкерісі  кезеңі  –  қоғамның  өз  материалдық  және  ру-
хани  сұранымдарын  қанағаттандыру  үшін  табиғатты  аяусыз  пайдаланған 
өмір  салты.  Бұл  кезең  ХVІІІ  ғасырдан  бастау  алған,  негізгі  ерекшелік-
тері:  1784  жылы  бу  машинасының  ойлап  табылуына  байланысты  “өнер-
кәсіп  төңкерісі”,  ХХ  ғасырдың  орта  шеніндегі  “Жасыл  төңкеріс”,  яғни 
ауыл  шаруашылығында  шұғыл  бұрылыс  жүзеге  асырылды  және  бұл 
“төңкерістер”  бертін  келе  геожүйелерде  экологиялық  дағдарыс  туғыз-


43
ды;  адам  ең  басты  “геологиялық  күшке”  айналды;  аймақтық  шеңбердегі 
геоэкологиялық  ділгірліктер  пайда  болды;  табиғи  ортаға  әсер  ету  кү-
шейді  (4-кесте).  Қоғамның  табиғатқа  ықпалы  арта  түсті.  Табиғи  ланд-
шафттар  жедел  қарқынмен  өзгере  бастады.  Ұлы  географиялық  ашулар 
себепті  өзге  континенттерді  де  игеру  басталды.  Өнеркәсіп  дамыған  са-
йын  қоғамның  табиғатқа  әсері  де  күшейе  түсті.  Қоғамның  сұранысын 
қанағаттандыру,  тұрмыстық  деңгейін  арттыру,  күн  сайын  еселене  түскен 
әскери  шығындарды  жабу  мақсатымен  табиғаттың  байлықтары  оның 
қойнауынан  ешқандай  аяусыз,  шала-шұрпы  “жұлып  алынды”.  Бұл  кезең 
көптеген  мемлекеттерде  қазір  де  жүріп  жатыр.
4.    Ғылым  мен  техника  төңкерісі  кезеңі  –  қоғамның  табиғи  ресурстар-
ды  ұқыпты  пайдалану  және  бар  табиғи  ортаны  сақтап  қалу  дәрежесін-
дегі  өмір  салты.  Бұл  кезең  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  басталды. 
Бұл  кезеңде:  экологиялық  білім,  сана,  мәдениет  қалыптасып,  дамыды; 
экологиялық  ұйымдар  құрыла  бастады;  халықтың  саны  жылдам  өсті 
және  адам  ғылыммен  “қаруланды”,  яғни  “ғылыми-техникалық  төңкеріс” 
жүзеге  асырылды;  ғарышты  игеру  басталды;  Менделеевтің  периодтық 
жүйесіндегі  барлық  элементтер  пайдаланылды  және  табиғатқа  “жат”  жа-
санды  қосылыстар  пайда  болды;  табиғат  заңдарын  әлеуметтік  заңдарға 
сәйкестендіруге  әрекет  жасалды;  геоэкологиялық  жағдайы  дағдарысқа 
душар  болған  аумақтар  мен  жаһандық  геоэкологиялық  проблемалар 
туындады;  табиғат  компоненттерінің  барлығына  күшті  ықпал  көрсетілді. 
Сонымен  қатар  бұл  кезеңде  суды,  топырақты,  өсімдіктер  мен  жануарлар-
ды  қорғауға  да  айрықша  назар  аударылды,  мамандандырылған  экологи-
ялық  заңдар  қабылданды.  Əсіресе  Өзбекстан  тәуелсіздікке  ие  болған  соң 
бұл  заңдар  халықаралық  стандарттарға  сәйкестендіріліп,  экологиялық 
заңдылық  білім  беру  жүйесінде  оқытыла  бастады.  “Қоршаған  ортаны 
қорғау  және  экология  мемлекеттік  комитеті”  құрылды,  мемлекетті  эко-
логиялық  басқару  және  бақылау  жүзеге  асты.  Демек,  ең  қысқа  уақытқа 
созылған  бұл  кезең  геожүйелердің  аса  күшті  өзгеруімен  ерекшеленіп 
тұрады.  Ғылым  мен  техниканың  жоғары  дәрежеде  дамуына  байланысты 
табиғи  ресурстар  өте  үлкен  көлемде  игеріле  бастады.  Ірі  аумақтар  ауыл 
шаруашылығы  мақсаттарына  игерілді,  алып  зауыттар  салынды,  шөлдер, 
солтүстік  өлкелер,  таулар,  Дүниежүзілік  мұхит  игерілді  және  экологи-
ялық  тепе-теңдік  бұзыла  бастады.  Түрлі  пішін  мен  шеңбердегі  геоэко-
логиялық  ділгірліктердің  қалыптасуы  және  табиғи  апаттардың  күшеюі 
қоғамдағы  заңдарды  табиғат  заңдарымен  үйлестіруді  талап  етуде.


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау