Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет18/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53

50
Антропогендік әсер, антропогендік ландшафт, антропогендік ландшафтардың түрлері, 
мәдени ландшафтар, бұзылған жерлер, геотехжүйелер. 
1.  Адам табиғатқа неліктен әсерін тигізеді?
2.  Антропогендік ландшафтардың қандай түрлерін білесің?
3.  Мәдени ландшафтардың ерекшеліктері қандай болуы керек?
4. Өзің жасайтын жердегі геотехжүйелерді сипаттап, дәптеріңе жаз.
§ 12. ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Халық  санының  тез  көбеюіне  және  ғылым-техника  дамуының  жедел-
деуіне  байланысты  қоғамның  табиғатқа  ықпалы  барған  сайын  күшейіп 
келеді.  Бұл  ықпал  әрі  ұнамды,  әрі  кері  салдарларға  соқтырып  отыр.  Сол 
себепті  табиғатты  қорғау,  адам  үшін  қолайлы  экологиялық  ортаны  сақтау 
және  табиғи  ресурстарды  ұқыпты  пайдалану  –  ең  өзекті  мәселелердің  бірі 
болып  қалды.
Табиғатты  қорғау  дегенде,  табиғатты  адамның  мүдделері  үшін  сақтап, 
саналы  түрде  өзгертуге,  оның  өнімділігін  сақтап  қалуға  және  ресурстар-
ды  ұқыпты  пайдалануға  бағытталған  барлық  шараларды  түсінеміз.  Бұл 
шаралар  мемлекет  пен  беймемлекеттік  ұйымдар  тарапынан  жүзеге  асы-
рылады.
Табиғатты  қорғаудың  ең  негізгі  мәселелері  –  қоршаған  ортаның  ласта-
нуының  алдын  алу,  барлық  түрдегі  табиғи  ресурстарды:  су,  жер,  климат, 
өсімдік,  жануарлар  ресурстарын  және  қазба  байлықтарды  ұқыпты,  ысы-
рапсыз  пайдалану.
Табиғатты  қорғаудың  екі  түрлі  жолы  бар.  Біріншісі,  айрықша  қорғала-
тын  аумақтарды  белгілеп,  ол  жерлердегі  табиғи  ландшафтар  мен  құнды 
табиғат  ескерткіштерін  сақтап  қалу,  кейбір  түрлердегі  өсімдіктер  мен  жа-
нуарларды  қорғап,  көбейту  шараларын  жүзеге  асыру.  Екіншісі,  кең  ауқым-
ды  жол  болғандықтан,  табиғатты  шаруашылық  мақсаттарына  пайдалану 
үдерісінен  қорғауды  қамтиды.
Айрықша  қорғалатын  аумақтар  –  табиғатты  қорғау,  сауықтыру,  ре-
креация,  тарихи-мәдени  мақсаттарға  бөлінген  жерлер  мен  су  (акватория) 
алаңдары  болып  табылады.  Оларға  ұлттық  бақтар,  қорықтар,  биосфера 
резерваттары,  тапсырыс  бөлмелері  енеді.
Ұлттық  бақ  –  айрықша  қорғауға  алынатын  аумақтардың    ең  ірі 
пішіні,  ол  ғылыми,  мәдени,  эстетикалық  немесе  тарихи  мәні  бар  табиғат 


51
кешендерін,  құнды  табиғат  нысандарын,  ғажайып  көріністі  ландшафтарды 
сақтау  үшін  ұйымдастырылады  және  табиғатты  қорғаудың  арнайы  тәртібі 
бойынша  сақталады.  Ұлттық  бақтар  шет  елдерде  аумақтарды  қорғаудың 
негізгі  формасы  болып  саналады.  “Ұлттық”  сөзі  сол  аумақтың  жеке  мен-
шік  емес,  бүкіл  бір  ұлтқа  тиесілі  екенін  білдіреді  және  қорғау  шараларын 
мемлекеттің  өзі  жүзеге  асырады.  Ұлттық  бақтың  аумағы  пайдалану  және 
қорғау  тәртібі  әр  түрлі  болатын  алаңдарға  –  зоналарға  (қорық,  тапсырыс 
бөлмесі,  табиғат  ескерткіштері,  демалыс  зонасы  және  т.б.)  бөлінеді.  Та-
биғи  бақтарды  ұйымдастыру  кезінде  бақтың  жер  алаңы,  табиғи  жағдайы 
(жер  бедері,  өсімдік  жамылғысы)  есепке  алынуға  тиіс.  Ал  бұл  бақтың 
табиғи  ландшафтарын  ұзақ  сақтауға  мүмкіндік  туғызады.  Өзбекстанда  3 
ұлттық  бақ  бар.  Олар:  Өгем–Шатқал,  Замин  ұлттық  табиғат  бақтары  және 
Дөрмен  табиғат  бағы.
Қорық  –  кез  келген  шаруашылық  қызметке  тыйым  салынған,  табиғат 
компоненттері  мен  ландшафтар  заң  негізінде  қатаң  қорғалатын  орын.
Қорықтар  табиғатты  қорғаудың  ең  тиімді  формаларының  бірі  болып 
саналады.  Айрықша  қорғауға  алынған  аумақтар  арасында  қорықтардың 
маңызы  орасан  зор.  Олардың  негізгі  міндеті  –  табиғаты  өзгермеген  не-
месе  аз  өзгерген  аумақтар  мен  құнды  ландшафтарды  қоғамның  мүдделері 
үшін  сақтаудан  тұрады.  Қорық  аумағында  шаруашылық  қызмет  жүргізу, 
тіпті  пішен  дайындау,  аң  аулау,  балық  аулау,  саңырауқұлақ  теру  мүмкін 
емес.  Олардың  айналасы  аз  пайдаланылатын,  қорғалатын  зона  болуы  ке-
рек.  Аумақтағы  табиғи  жағдай  өзгеріссіз  сақталады.  Қорық  аумағы  түрлі 
жануарлар  мен  өсімдіктерді,  ауланатын  жануарлардың  мөлшері  мен  гене-
тикалық қорын сақтауға арналған. Олар адамның қолымен игеріліп жатқан 
және  өзгеріске  ұшыраған  көршілес  аумақтар  үшін  үлгі  болып  қызмет 
етеді.  Бұндай  үлгілер  адамның  шаруашылық  қызметінің  біз  үшін  қолайлы 
яки  қолайсыз  екенін  салыстыруға,  табиғатты  іс  жүзінде  пайдалануға  қай-
сы  әдістің  тиімді  екенін  бақылауға  мүмкіндік  береді.  Ол  табиғат  кешен-
дері  ортасындағы  тығыз  байланыстылықты  зерттеп,  табиғи  байлықтарды 
өнімді  пайдалану  жолдарын  қарастыру  үшін  қажет.  Қорықтар  ғылыми  ме-
кемелер  болып  саналады.  Біздің  елімізде  8  қорық  қызмет  көрсетіп  келеді.
Биосфера  резерваты  (лат.  резерво  –  сақтаймын)  –  биологиялық  алу-
ан  түрлілікті  сақтауды  және  бір  мезгілде  аймақтың  тұрақты  экономика-
лық  дамуын  қамтамасыз  ету  мақсатымен  табиғи  және  мәдени  ландшафтар 
қорғалатын  орын.  Биосфера  резерваты  концепциясы  ЮНЕСКО  тарапынан 
“Адам  және  биосфера”  бағдарламасы  шеңберінде  жасалған.  Ең  алғашқы 


52
биосфера  аумақтары    1976  жылы  ұйымдастырылды.  Бүгінгі  таңда  биосфе-
ра  резерваттарының  саны  411,  олар  97  мемлекетке  тиесілі.  Халықаралық 
өлшемдерге  қарағанда,  биосфера  резерваттарының  аумағы  үш  зонаға  бөлі-
неді:  қорғалатын  зона,  буфер  зона  және  аралық  зона.  Біздің  республика-
мызда  Төменгі  Əмудария  биосфера  резерваты  ұйымдастырылған. 
Тапсырыс  орны  –  кейбір  табиғи  нысандар  мен  ландшафтарды  сақтап 
қалу,  қайталап  көбейту  және  қалпына  келтіру  мақсаттарына  арналған  қорға-
латын  табиғи  аумақ  яки  су  айдыны.  Олардың  аумағында  кейбір  табиғи  ре-
сурстарды  пайдалануға,  табиғатқа  айтарлықтай  әсер  етпейтін  шаруашылық 
қызметке  рұқсат  беріледі.  Қорықтардан  айырмашылығы  сол,  тапсырыс 
орындарының  алқаптары  жер  қорынан  бөлінбейді.  Тапсырыс  орындары 
тұрақты  немесе  уақытша  болады.  Уақытша  тапсырыс  орындары  көбіне-
се  аң  шаруашылықтарында  ауланатын  жануарлар  мен  құстардың  санын 
тіктеу  мен  көбейту  мақсатында  белгілі  бір  мерзімге  ұйымдастырылады. 
Қорғалатын  түрлердің  орташа  саны  тіктелген  соң,  шектеулер  тоқтатылады 
да,  тапсырыс  орны  қайта  аң  аулайтын  орынға  айналады.  Соңғы  жылдарда 
ботаникалық,  зоологиялық,  геологиялық,  ихтиологиялық,  орнитологиялық 
және  басқа  түрлердегі  тапсырыс  орындары  ұйымдастырылып  келеді.
Табиғат  ескерткіштері  –  жанды  және  жансыз  табиғат  жаратқан  құн-
ды,  назар  аударуға  лайықты  нысандар:  үңгірлер,  сарқырамалар,  ғажай-
ып  пішінді  жартастар  (5-сурет),  орлар,  гейзерлер,  бұлақтар,  жер  бедерінің 
таңғаларлық  пішіндері,  геологиялық  ашық  орындар,  ұзақ  жасаған  алып 
ағаштар  және  басқалар.  Табиғат  ескерткіштерінің  ұлттық  бақ,  қорық  және 
тапсырыс  орындары  сияқтылардан  ерекшелігі  сол,  олар  негізінен  қорғауға 
алынған  кейбір  құнды  табиғи  немесе  антропогендік  нысандар  болып  та-
былады.  Табиғат  ескерткіштерінің  дараланып  тұратын  шаруашылық  маңы-
зы  болмауы  мүмкін,  дегенмен  оларды  ғылыми,  эстетикалық,  рекреациялық, 
саяхат,  туризм,  демалыс  және  тәрбиелік 
мақсаттарға  пайдалану  әбден  мүмкін. 
Сондықтан  да  оларды  қорғау  қажет.
Табиғат  ескерткіштері  жалпы  ерек-
шеліктеріне  орай  геологиялық-геоморфо-
логиялық,  ботаникалық,  палеонтологи-
ялық,  астрономиялық  және  ландшафт 
ескерткіштері  болып  бөлінеді.
Табиғатты  қорғау  және  табиғи  ресурс-
тарды  пайдалану  күрделі  шаралар  жүй-
5-сурет.  «Қырыққыз»  табиғат 
ескерткiшi.


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау