Механикалық ӛңдеуші ӛндірістегі ИӚЖ
Заманауи ӛнеркәсіп машинажасаудағы барлық бұйымдардың 75
% -ы аз топты ӛндіріс жағдайында 3 тен 50 дейін топтамалармен 4-5 мың типті тізім бойынша барлық бұйымдардың ӛңделуі. Бұндай ӛңдеу барысындағы бұйымдар құны жаппай ӛндіріс жағдайында балама бұйымдар ӛңделуінің құнынан 10-30 есе артады. Алайда ӛндіріс нысанының жылдам ауыстырылуының ӛсуі және тұтынушының ӛнімнің алуан түрлілігін талап етуі топтамалы ӛндіріс саласын кеңейтеді.
Түрлі елдердегі ИӚЖ енгізілуінің талдауы олар қолданылатын ӛнеркәсіп салаларының кеңейтілген ортасын кӛрсетеді. ИӚЖ-нің шамамен 40 % автокӛлік ӛнеркәсібіне енгізілген, 30 %-дай — аспаптар құрастыру және жалпы кӛлік жасауда, 20 %-дай — станок жасауда, 10 %-дай — аэроғарыштық және қорғаныс ӛнеркәсібінде енгізілген.
Автокӛлік ӛнеркәсібінде ИӚЖ ӛндірісте қозғалтқыштар, жүріс бӛлігі агрегаттары мен басқару механизмін, артқы белдеме, сонымен қатар, шанақ және жалпы қозғалтқышты жинауда барлық бұйымдар шығаруда қолданылады. Басқа да автокӛлік ұйымдары ИӚЖ-н ве- лосипед бұйымдарын, сонымен қатар, жер қазушы кӛліктер ӛндірісінде қолданады. ИӚЖ-де ӛңделуге арналған ең кӛп тарағандары болып трансмиссия (қозғалтқыш механизмінің энергиясын білдекке беруге арналған тетік жиынтығы) және беріліс қорапшасы табылады. Басқа да станок жасаушы ұйымдар жоғары біріктірілген ИӚЖ-н олармен шығарылатын станоктар топтамасы, роботтар және станок жасаудың басқа да барлық бұйымдарын ӛңдеуді кешенді кӛзқараста жүзеге асырған.
ИӚЖ-де станок жасаудың кӛптеген жағдайында бүйір жақтаулар, бағаналар, үстелдер, күймелер, жылжымалар ӛңделсе, кей жағдайда
жылдамдық қорапшасы және айналдырық ӛңделеді. ИӚЖ аспап жасауда және жалпы машина жасауда фотокамера, тігін машиналарының жабынын, турбина жабындарын, тау-кен құрылғыларын, сорғыш жабындарын және т.б. ӛңдеуде қолданылады.
ИӚЖ сонымен қатар, тасымалдаушы машина жасау, электр техникалық ӛнеркәсіпте енгізе бастаған. Негізінен (90 %) икемді ӛндіріс ірі кәсіпорындар (2 мың жұмысшыдан аса) ӛндірістері үшін енгізілген, қалған 10% орта кәсіпорында енгізілген.
Ӛңделетін бұйымның түрі, пішіні, қолданылу мақсаты, ӛлшемі, салмағы немесе материалына қарай ИӚЖ шектеулер болмайды. Барлық жасалған жүйелердің 75 % жабынды бұйымдар, ал қалғандары — айналмалы дене типіндегі бұйымдар үшін енгізілген. Кӛптеген жүйелер 200 ден 1000 мм дейінгі ӛлшемдегі бұйымдарды ӛңдеуге арналған. Бұйымның станоктағы ӛңделу айналымының уақыты орташа 40 минут деп алғанда бірнеше минуттан 180 минутқа
дейінгі аралықта ауытқиды.
Шығарылатын ӛнім кӛлемі тұрғысынан әдетте машинажасауда ӛндірісті жекелеген, топтап және жаппай деп бӛледі. Жекелеген ӛндіріске ірі кӛлемді бұйымдардың 10 данадан шығарылатын тобын (ұшақтар, үлкен турбиналар, сорғыштар жән т.б.) және қарапайым бұйымдар үшін 300 данадан шығарылатын ӛндіріс түрі; топтап шығару ӛндірісіне — сәйкесінше 10 нан 300 данаға дейін шығарылатын (теңіз бұйымдары, ірі кӛлемді электр моторлары, ӛнеркәсіп тракторлары және т.б.) және 300-15000 данадан шығарылатын ӛндірісті айтады; жаппай ӛндірісте — сәйкесінше 200 данадан жоғары (ірі бұйымдар) жән 10000 данадан жоғары (автокӛліктер, бекіткіш бұйымдар, тоңазытқыш, тұрмыстық заттар және т.б.) шығарылатын ӛндірісті айтады.
Қолжетімді ИӚЖ талдауы кӛрсеткендей, оларда бұйымдар 3 тен
500 данаға дейін ӛңделеді. Алайда бӛлек ИӚЖ-де бұйымдарды бірнеше мыңдаған топтарда шығарады.
Автоматты желі қолданумен қатаң автоматтандырылу туралы шешім қабылдау үшін бұйым ӛндірісінің кӛлемі жеткіліксіз болғанда және ӛнімнің күтілетін ӛмір сүруіне деген автоматты желілер жасаудағы шығындар ақталмаған жағдайда ИӚЖ қолдану дұрыс.
Сурет 14.2. Топтап шығару кӛлемі және ӛндіріс құнына байланысты метал кескіш құрылғыны қолдану саласының диаграммасы:
суретте әмбебап станоктармен салыстырғандағы ИӚЖ қолдану саласын кӛрсететін А...Д диаграммасы келтірілген, ӚО — дәстүрлі ӛндіріс: А — әмбебап; Б — мамандандырылған; В — арнайы станоктар; Г — автоматты желілер; Д — СББ станоктар; ОЦ — ӛңдеуші орталықтар; ИӚЖ: жоғары шегі — біріктірілмеген ӛндіріс, тӛменгі — мамандандырылған автоматтатты толықтай біріктірілген ӛндіріс, СББ станоктар және топтап шығару кӛлемі және ӛндіріс құнына байланысты ӚО.
Бір уақытта ӛңделетін түрлі типтегі бұйымдр санына және жылдық ӛнім шығару кӛлеміне байланысты ИӚЖ келесі салаларды қолданылады:
Мамандандырылған ӛндіріс жылдық ӛнім шығару 1500 нан 15 000 данаға дейін және 8 ден 10 түрлі бұйымға дейін шығаратын ӛндіріс; агрегаттық бастиекті арнайы ОӚ қайта үйлестірілетн және жоғарыӛнімділікті ИАҚ қолданылады, бӛлек ӚО арасында қатаң тасымалдау байланысы болуы мүмкін. Арнайы ОӚ қайта үйлестірілетн және жоғарыӛнімділікті ИАҚ ӛнімділігін арттыру үшін жоғары ӛнімділікті станоктармен реттілікті түрде кезекпен қосарлана жұмыс істеуші бірнеше станоктар қолданылуы мүмкін. Бұндай ИАҚ, ережеге сай, модульдік-бӛліктік құрастырылымға ие және оңай қайта жинақталады.
Автоматтық желіге қарағанда бұндай ИӚЖ жасалатын қаржы салымдары жоғары болып келеді, бұйымның бюірнеше реттілікті модификациясы және варияциясы барысында оның ӛмір сүру уақытын арттыру нәтижесінде ол тиімді болып табылады. Бұндай ИАҚ және ИАЖ модификациялаулар жаңа ӛнімге қатысты жеңіл жүргізіледі;
шығарылатын ӛнім түрі 6 дан 100 дейін бола тұра, жылдық шығарылым 50 ден 2000 бұйымға дейін жасалатын кӛпноменклатуралық ӛндіріс; бұл салада, ережеге сай, бірнеше жекелеген ӚО және басқа технологиялық мақсаттағы жекелеген станоктардан құралған ИАБ-дың бірнеше түрлері қолданылады. Олардың жоғары құндарына және орташа икемділік деңгейіне қарамастан, бұндай ИАБ ӛнім шығару кӛлемінің ӛзгеруіне жоғары қабілеттілікті қамтамасыз етіп және жоғары ӛнімділікке ие болады;
шығарылатын ӛнім түрі 10 нан 800 дейін бола тұра, жылдық шығарылым 20 дан 500 бұйымға дейін жасалатын кӛпноменклатуралық ӛндіріс; ережеге сай, екі-үш жекелеген ӚО немесе ТӚО құралған немесе олардың жинақтарынан құралған ИАЖ қолданылады. Бұйымдар бір қондырғанда бір станокта ӛңделе отырып толығымен ӛңдеуден ӛтеді. Бұндай аумақатрдың бір станокқа шаққандағы құны жоғары болып табылады, алайда олардың икемділігі аз ИӚЖ ӛнімділігі барысымен салыстырғанда жоғары болып келеді;
шығарылатын ӛнім түрі 1 ден 25 дейін бола тұра, жылдық шығарылым 200 ден кез-келген кӛлемге дейін жасалатын жекелеген және тәжірибелі-сынамалы ӛндіріс. Бұндай ӛндірісте бӛлек ИАЖ қолданылулары мүмкін, бірақ кӛбінесе ИӚМ және СББ станоктары қолданылады. ИӚМ бір станокқа шаққанда аз қаржы салымын талап етеді, ӛндірістік тапсырыс және орындау кестесінің ӛзгерісі тұрғысынан жоғары икемділікке ие, алайда шығару кӛлемін арттыруға қабілеттілігі аз және жоғарыда аталған жүйелерге қарағанда ӛнімділігі тӛмен.
Достарыңызбен бөлісу: |