Сабақтың тақырыбы: Бұранда қосылыстардың түрлерімен таныстыру



жүктеу 392,02 Kb.
Дата03.02.2022
өлшемі392,02 Kb.
#35261
түріСабақ
branda-osylystardy-trlermen-tanystyru


Cабақ жоспары

Күні:

Пәні: «Автокөліктерді жөндеу,пайдалану және техникалық қызмет көрсету»мамандығының өндірістік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Бұранда қосылыстардың түрлерімен таныстыру.

Сабақтың мақсаты: Бұранданың атқаратын қызметі,түрлері туралы түсінік беру.

1.Білімділік: Студенттерге жөндеу жұмыстарын, жолдарын,атқаратын қызметі,құрылысы,сапасын анықтауды үйрету.

2.Дамытушылық: Логикалық ойлау,бақылау,қабылдау,ақыл-ес,зейін,ой-өріс және басқа танымдық процесстерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Студенттерді адамгершілікке,жауапкершілікке,тәрбиелеу,өз ойын ашық айтуға,топпен бірлесе жұмыс істеуге,өзгенің көзқарасына сыйластықпен қарауға үйрету.

Сабақ типі: ашық сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,топпен жұмыс,суретпен жұмыс,постер қорғау.

Сабақ түрі: практикалық.

Жабдықталуы: бұранда қосылыстары,алты қырлы бұрандалы болт,шайбалы гайка,жай болт,(рулевой рейка,қозғалтқыш бастиегі,турбиналы үргіш)тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: слайд,плакаттар,карточка,

Пән аралық байланыс: Автомобильдерді жөндеу,материалтану,орыс тілі.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Студенттерді екі топқа бөлу: «Слесарь», «Механик».



II.Үй тапсырмасын карточкаларда берілген сұрақтар арқылы сұрау,бағалау:

1. Подшипниктің негізгі типтері?

2. Майлау тәртібіне байланысты сырғанау подшипниктері қалай бөлінеді?

3. Подшипниктер қандай материалдан жасалады?

4. Подшипник құрылысы?

5. Сеператор қандай қызмет атқарады?

6. Домалау подшипниктерінің түрлері қандай?

7. Домалау подшипниктері қатарсанына қалай ажыралады?

8. Пластмассалы роликтің артықшылығы неде?

III. Жаңа сабақ:

1.Слайд көрсету.

2. «Бұранда қосылыстардың түрлерімен таныстыру ».

Екі топқа тапсырма.

1-топ: Рулевой рейка: Айналмалы бөлщектегі бұранда қосылыстардың атқаратын қызметін түсіндіру.

2-топ:Қозғалтқыш бастиегі: Алты қырлы бұранда қосылыстардың атқаратын қызметін түсіндіру.







Бұрандабөлшектерді бірін-бірімен қосып біріктіру, қосындыны нығыздау немесе бөлшектердің бір-біріне қатысты қозғалысын қамтамасыз ету үшін арналған, айналыс денелері бетінде бұранда сызығы бойында бі

рінен кейін бірі орналасқан шоқылар мен ойымдар.

Бұранданың адымы - бұрандама өсінің бір жағындағы өстік жазықтықта жатқан таяудағы бұрандама пішінінің аттас, бүйір жағындағы орта нүктелерінің арасындағы, бұрандама өсіне параллельді сызық бойындағы аралық.

Бұрандалы қосылыстар. Олар ең көп таралған ажыратылатын қосылыстардың түрі. Оны болттар, винттар, шпилькалар, гайкалар мен бұрандысы бар басқа да бөлшектер құрайды. Бұрандалы қосылыстың негізгі элементі ретінде бұранда болады, ол бөлшектің бетінде винттік сызық бойынша орларды ою немесе орау арқылы алынады.

Егер, цилиндрдің бүйір бетіне тікбұрышты иілгіш үшбұрышты цилиндрдің табаны мен үшбұрыштың катеті беттесетіндей етіп орасақ, онда иілгіш үшбұрыштың гипотинузасы бұранда сызығын сызады. Мұндағы, πd – катет, α – бұранда сызығының көтерілу бұрышы, Ph – бұранда сызығының қадамы.

Егер жазық фигураны (үшбұрыш, трапеция және т.б.) винттік сызық бойымен сырыққа орасақ, онда бұл сәйкес профильді бұрама болып табылады

Қосылыстар.Қосу бөлшектерінің түрлері,ерекшеліктері.Машинаның бөлшектері мен тораптары бірімен-бірі әртүрлі тәсілмен қосылады.Сол тәсілдердің барлығын ажырамайтын қосылыс және ажырамалы қосылыс деп екі түрге бөлуге болады.

Бұрандалы қосылыстар деп,болттың винттің,шпильканың гайканың бекіту бөлшектерінің көмегімен қосылатын ажырамалы қосылыстарды айтамыз.



IV. Тапсырма: Топтық жұмыс (постермен жұмыс)

«Бұранда қосылыстардың түрлері мен таныстыру» тақырыбында берілген мәліметтерден постер жасау.

Бағалау критерилері:

а) мазмұны

б) баяндауы

в) топ мүшелерінің қатысуы
V.Қорытынды бөлім:

Рефлексия: Бүгінгі сабақта не білдім? Не білгім келеді?

Үйге тапсырма: «Бұранда қосылыстардың түрлері мен таныстыру» тақырыбына реферат дайындау.
жүктеу 392,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау