Негізгі сызықтан ауытқу. Жолдың барлық белгілері негізгі сызық
(бaseline) бойынша түзеледі. Негізгі сызық – параметрлері әр белгі үшін
қаріптік файлда сақталатын шартты сызық. Бұл беттеу бағдарламасында
немесе графикалық редакторда белгіленген белгіні негізгі сызықтан
вертикаль бойынша қандай да бір қашықтыққа ауытқу мүмкіндігін
береді. Вертикаль ауытқу мен белгінің өлшемін өзгерту әртүрлі
индекстерді жеңіл форматтауға мүмкіндік береді (мысалы, жоғарғы
индекстер – дәреже көрсеткіші, төменгі индекстер – химиялық формула
индекстері), сонымен қатар, бұл қызметті көркемдік мақсатта қолдануға
болады (акциденттік енгізуде және ®, © және ™ белгілерін орнатқанда).
Негізгі сызықты жылжыту үшін бір немесе бірнеше белгіні белгілеу
қажет, ары қарай Character (Белгі) палитрасының Бaseline Shift (Негізгі
сызықтан ауытқу) өрісіне ауытқу мәнін енгізеді. Бұл мәнді тізімнен
таңдауға, сандық батырмалар көмегімен енгізуге, сондай ақ, бағдарша
батырмаларының көмегімен кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Оң
мәндер белгілерді жоғарыға, теріс мәндер төменге жылжытады. Өзгеріс
аралығы -1296-дан +1296 пунктке дейін болады.
Егер осы сәтте палитра Бaseline Shift (Негізгі сызықтан ауытқу)
өрісін көрсетпесе, оны палитраның Show Options (Қосымша нұсқалар)
командасының көмегімен шақырту қажет.
Белгілерді горизонталь және вертикаль бойынша масштабтау.
Белгілердің арақатынасы (белгі енінің оның биіктігіне қатынасы) қаріп
дизайнерінің ұзақ және көп еңбекті талап ететін жұмыс нітижесі болып
табылады және өздігінше көркемдік-эстетикалық құндылыққа ие. Жақсы
қаріптің кез келген көрінерлік өзгерісі көлденең және тік штрихтардың
қалыңдық балансын бұзады, дөңес элементтерді деформациялайды,
жасырын оптикалық өтелуін анықтайды және т.б. Осыған орай, барлық
дерлік графикалық бағдарламалар ұсынатын қаріпті пропорционалды
емес масштабтауды (көлденең немесе тік созу немесе қысу) байыппен
және тек ерекше қажет жағдайда ғана қолдану қажет. Пропорционал емес
масштабтау үшін бір немесе бірнеше белгіні белгілеп, Character (Белгі)
палитрасының Horizontal Scale (Белгілер ені) немесе Vertical Scale
(Белгілердің вертикаль масштабы) өрісінде сәйкес мәндірді анықтау
қажет. Мәнін тізімнен таңдауға, сандық батырмалар көмегімен енгізуге,
сондай ақ, бағдарша батырмаларының көмегімен кішірейтуге немесе
үлкейтуге болады. Мүмкін мәндердің аралығы – 1-10000%.
Егер берілген сәтте палитра Horizontal Scale (Белгілер ені) немесе
Vertical Scale (Белгілердің вертикаль масштабы) өрісін көрсетпесе,
оны палитраның Show Options (Қосымша нұсқалар) командасының
көмегімен шақырту қажет.
Бастапқы пропорцияда қаріп мәні 100%. Егер қаріп пропорционалды
емес масштабталған болса, Character (Белгі) палитрасында бұл өзгеріс
көрсетіледі, бұл оған 100% мәнін орнатып, бастапқы арақатынасты
қайтаруға мүмкіндік береді.
151
Қаріптің сыртқы безендірілуі. Метрикалық параметрлермен (өлшем,
орналасуы және т.б.) қатар, қаріптің сыртқы безендірілуі (қалыңдығы,
жиектеу түсі, түспен немесе әсемдік бояу және т.с.с.) мүмкін. Бұл
қатынаста қаріп объектісі кәдімгі веторлық объекттен ерекшеленбейді
дерлік, градиенттік боялар ерекше жағдайға жатқызылады, оларды
қаріпті безендіру үшін қолдануға болмайды. Қаріппен жұмыс жасау
кезінде тақырып мәтінін ерекшелеу қажет, кез келген объект сияқты оның
жиектелу және боялу параметрлерін өзгертуге болады және сонымен
қатар, блоктық (абзацтық) мәтінді де ерекшелеу қажет, оның қаріп
жиектелуі мен боялуы параметрлерін өзгертумен қатар, «контейнер» –
мәтін енгізілетін кез келген еркін пішінді объект немесе бойымен мәтін
бағытталатын контурды жиектеуге және бояуға болады.
Мәтіннің тағы да бір ерекшелігі – блоктарды (фреймдерді),
фрагменттерді немесе мәтіннің жеке белгілерін белгілеу әдістері. Мәтін
блокын (фреймін) толығымен белгілеу және оны безндіру үшін Selection
(Белгілеу) құралы қолданылады. Мәтін жиектемесін («контейнерді»)
немесе қаріп бағдарланатын контурды белгілеу үшін Adobe Illustrator
Direct Selection (Бөлшектеп белгілеу) немесе Group Selection (Топпен
белгілеу) құралы қолданылады. Жеке белгілерді, сөздерді және
абзацтерді белгілеу үшін Type (Мәтін) тобының сәйкес құралын қолдану
қажет.
Блоктық мәтінді (мәтіндік фреймді) түрлендіру. Блоктық мәтінді
(мәтіндік фреймді) таңдау кезінде Selection (Белгілеу) құралының
көмегімен оны түрлендіру (айналдыру, масштабтау, жылжыту)
мүмкіндігі бар, бұл кезде мәтін және мәтіндік жиектеме бірдей
түрлендірілуге ұшырайды. Direct Selection (Бөлшектеп белгілеу) немесе
Group Selection (Топпен белгілеу) құралдарының көмегімен (Adobe
Illustrator-да) жиектемені таңдау кезінде оның түрлендірілуі мәтіннің
жаңа (түрленген) мәтіндік жиектеме шекарасында қайта беттелуіне
әкеледі. Егер мәтіндік блок жиектемесі басқа жиектемелермен
байланысқан болса, бұл жағдайда ол жеке түрлендірілуі мүмкін.
Жеке жаңа қаріптерді жасап шығару. Ынтызарлық туындаса,
қаріптерді өз бетіңізбен жасауға болады. Бұл мақсатта арнайы
бағдарламалар болады. Олардың ішінде ең әйгілісі FontLab
1
саналады.
Ол қаріпті нөлден жасауға және түрлендіруге қажеттінің барлығын
қамтиды: необходимое как для созданияшрифтов с нуля, так и для их
модификации: Glyph Editor — белгілерді жасау ортасы; TrueType & Type
1 Hinting — қолдан реттелетін және автоматты хинтирлеу; VectorPaint
Tools — векторлық объекттермен жұмыс жасауға арналған құралдар;
FontAudit Technology — құрылатын белгілердің контурларымен
туындайтын мәселелерді автоматты анықтау және жоюға арналған
бірегей технология; Font Metrics and Kerning —метрикалар мен
кернингтердің автоматты қызметтері бар кәсіби редактор; Transformations
152
Достарыңызбен бөлісу: |