Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет48/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65

Overlay  (Қабаттастырып  салу),  Soft  light  (Жұмсақ  жарық),  Hard 
light (Қатаң жарық), Vivid light (Жанды жарық), Linear light, Pin light,  
Hardmix — әр пиксельдің қосынды түсі бастапқы және жаңа түстерді 
белгілі біртүрлендіруден кейін алынады. Нәтижесін әдетте болжау қиын.  
Difference  (Айырмашылық),  Exclusion  (Ерекшелік)  —  атаулары 
айтып тұрғандай, әр пиксельдің жаңа түсі ескі және жаңа түстер мәнінің 
айырмашылығы ретінде әр канал үшін есептеледі.  
Hue  (Түс  реңкі),  Saturation  (Қанықтылық),  Color  (Түс)  —реңкті 
өзгертпестен, тек түсті құрамасын  өзгертуге мүмкіндік береді.  
Luminosity — фонның немесе төменгі қабаттың барлық пиксельдерін 
жарықтандырады.  
   
7.2
    
ВЕКТОРЛЫҚ СУРЕТ РЕДАКТОРЛАРЫ 
 Векторлық  сурет  редакторлары  ішінде  CorelDRAW  және  Adobe 
Illustrator  әйгілі  көшбасшылар  болып  табылады.  Олардың  негізгі 
ерекшеліктерін қарастырайық. 
CorelDRAW  –  алғашқы  векторлық  графика  редакторларының  бірі. 
Безье  қисықтарын  редактрлеу  қолайлы  құралдарының  қолдануы 
арқасында ол қазірге дейін лайықты танымалдылыққа ие. Өкінішке орай, 
жинақтама баспа  макеттерін  дайындауға  арналмаған  және PostScript  тілі 
барлық  эффекттерді  қолдамайды.  Осыған  орай,  баспа  ісінде  бұл 
жинақтама  шектеулі  қолданыста,  ол  арқылы,  мысалы,  фирмалық 
белгілерді, логотиптерді жасауға, веторлық суреттерді дайындауға, дайын 
суреттерді басқа редактрлерде беттеу үшін қолдануға болады. Кез келген 
жағдайда Corel интерактивті құралдарын, дайын текстуралық бояуларды, 
екітүсті  бояуларды  және  т.с.с.  қолданудан  бас  тартқан  жөн.  Қазір 
CorelDRAW  графикалық  бағдарламалардың  толық  жинақтамасымен 
өндіріледі, соңғы нұсқасы CorelDRAW Graphics Suite X5 деп аталады. 
Corel  компаниясы    CorelDRAW  Graphics  Suite  X5  жинақтамасын  үш 
негізгі  топқа  арнап  өндіреді:  графиканы  құруға  және  редактрлеуге, 
мәтінмен  жұмыс  жасауға,  суреттерді  өңдеуге  көп  уақыт  жұмсайтын 
жарнама  және  баспа  ісі  саласындағы  кәсіби  дизайнерлерге;  маркетингті 
баспа және веб-материалдарын дайындауға кей жағдайда өз күштерімен, 
үй  жағдайында  жүгінетін  бизнес-қолданушыларға;  үй  жағдайында  және 
оқыту 
аудиторияларында 
жұмыс 
жасайтын 
студенттер 
мен 
оқытушыларға  арналған.    CorelDRAW  Graphics  Suite  X5  құрамына 
шартты түрде келесі негізгі бағдарламалар кіреді:  
• 
CorelDRAW  X5  —  векторлық  және  растралық  графиканы 
қолданумен  графикалық  дизайн,  парақша  макеттерін  иллюстрациялау 
және құруға арналған бағдарлама;   
• 
Corel  Photo-Paint  X5  —  растралық  суреттерді  өндеуге  арналған 
графикалық редактор;  
• 
Pixmantec  RawShooter  essentials  —  raw-файлдармен  жұмыс 
жасауға арналған құрал;  
• 
Corel  CAPTURE  X5  —  қолданылуы  қарапайым  утлита, 
батырманы  бір  рет  басу  арқылы  компьютер  экранынан  суретті  кармап 
алуға мүмкіндік береді. Кез келген аймақты қармап алуға болады – жеке 
объекттің белгілі элементінен толық жұмыс үстеліне дейін;  
   124 


 
 
 
 
• 
CorelDRAW  Handbook  анықтамалығы  —  кәсіби  мамандардың 
кеңестері мен ұсыныстары, дайын жұмыстардың мысалдары келтірілген; 
• 
Corel  Power  TRACE  X5  —  растралық  суреттерді  векторлық 
суреттерге түрлендіру құралы;  
• 
Corel  CONNECT  —  жинақтама  бағдарламаларынан  локальді 
компьютерде  немесе  локальді  желіден  іздеуге  мүмкіндік  беретін  толық 
экранды браузер;  
Бұл жинақтамаға қосымша 10 мың жоғары сапалы суреттер (клип-арт) 
және сандық суреттер;  OpenType  1000 аса қаріп түрлері, Windows Glyph 
List  4  (WGL4)  белгілер  жинағы;  дайын  шаблондар;  қағаз  және 
интерактивті түрде қолданушы нұсқаулығы;  lynda. Com сайтынан оқыту 
видео  материалдары;  Digital  Content  Guideсандық  анықтамалығы  және   
Quick  Reference  Card  қысқаша  нұсқаулығы  бар.  Соңғы  нұсқасы  Corel 
R.A.V.E.  12  атауымен  белгілі  анимация  бағдарламасы  жетіспеушілікке 
ұшырады.  
CorelDRAW  Graphics  Suite  бағдарламалар  жинақтамасының  соңғы 
нұсқалары Mac OS X басқарылатын компьютерлер үшін шығарылмайды, 
ал Mac арнап шығарылған соңғы CorelDRAW 11 нұсқасы тек  Power PC 
процессорлы компьютерлерінде жұмыс жасады.  
 
 
 
7.3-сурет. CorelDRAW бағдарламасының жұмыс терезесі  
 
CorelDRAW  жұмыс  үстелі.  CorelDRAW  бағдарламасының  жұмыс 
терезесі (7.3-сурет) басқа графикалық редакторлардың терезесінен қатты 
ерекшеленбейді. Егер бұл режим бұдан бұрын өгертілмеген болса,    125 
 
 
 


CorelDRAW іске қосқанда бағдарламаның бастапқы диалогтік терезесі  
пайда  болады.  Режимнен  бас  тарту  үшін    Show  this  Welcome  Screen  at 
startup  (Іске  қосу  кезінде  осы  терезені  ашу)  жалаушасын  алып  тастау 
қажет. Жұмысты  бастау  үшінжаңа  құжатты  аша  отырып,  сәйкес  суретте 
(Құру)  тышқанмен  шерту  арқылы  New  Graphic  (Құру)  таңдау  қажет. 
Бастапқы  диалогтік  терезе  жабылады,  иллюстрациямен  жұмысты 
бастауға болады. Бағдарлама реттемелеріне назар аударайық. Егер жұмыс 
терезесі толық экранды қамтымаса, бағдарламаның атауында орналасқан 
Толық  экранды  шығару  батырмасын  басу  қажет.  Жұмыс  терезесі 
толықэкранды  қамтығанда  CorelDRAW  жұмыс  жасау  қолайлы  бола 
түседі.  
CorelDRAW  жұмыс  үстелі  (сурет  терезесі)  жұмыс  бағдарын 
анықтайтын  А4  жұмыс  парақшасынан  тұрады  (үнсіз  келісім  бойынша). 
Жұмыс  парақшасын  көлденең  немесе  тік  орналастыруға,  оның 
стандартты немесе еркін өлшемін орнатуға болады.  
Жаңа  құжат  құру.  CorelDRAW  бағдарламасын  іске  қосқаннан  кейін 
үнсіз  келісім  бойынша  құжат  терезесі  ашылады.  Егер  бағдарлама 
CorelDRAW  файл  белгісін  шерту  арқылы  ашылмаса,  бұл  жаңа  құжат 
болады.  Егер  жұмыс  процесінде  тағы  бір  жаңа  құжат  құру  қажет  болса,   
File  (Файл)  мәзірінде  New  (Жаңа  құжат)  командасын  тағдау  немесе 
стандартты құрал панелінің сол жағында орналасқан New (Жаңа құжат) 
батырмасын  басу  қажет.  Нәтижесінде  CorelDRAW  таза  баспа 
парақшасымен жаңа құжат терезесін ашады.  
Егер  құралдар  панелінде  қандай  да  бір  батырманы  іздеумен 
қиындықтар туындаса, тышқан меңзерін жылжыта отырып, әр батырмада 
бірнеше  секундқа  тоқтау  қажет.  Батырманың  жанында  оның  атауы 
көрсетілген қалқымалы ақпарат пайда болады.  
Парақша  параметрлерін  және  оның  өлшем  бірлігін  өзгерту.  Жаңа 
құжат  құрылғаннан  кейін  баспа  парақшасының  үнсіздік  бойынша 
қабылданған  өлшемдерін  өзгерту  қажет.  Бұл  операция  7.4-суретте 
келтірілген параметрлер панелі элементтерінің көмегімен орындалады.  
 
 
7.4-сурет. CorelDRAW редакторында парақша параметрлерін және 
өлшем бірліктерін өзгерту 
Басылатын беттердің  өлшемі параметрлер  панелінің  сол  жақ  шетінде 
орналасқан  ашылатын  тізімінде  Paper  Type/Size  (Қағаз  түрі/форматы) 
таңдап алынады.  Құжаттың баспа беті иллюстрация басып шығарылатын 
қағаз  форматына  сәйкес  келуі  міндетті  емес.  Оның  өлшемі  қағаздың 
өлшемінен үлкен болмағаны жеткілікті. Егер басылатын бет өлшемі қағаз 
бетінен  кіші  болса,  иллюстрацияның  жан-жағында  бос  орындар  пайда 
болады.  
 
 
 
        126 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау