Overlay (Қабаттастырып салу), Soft light (Жұмсақ жарық), Hard
light (Қатаң жарық), Vivid light (Жанды жарық), Linear light, Pin light,
Hardmix — әр пиксельдің қосынды түсі бастапқы және жаңа түстерді
белгілі біртүрлендіруден кейін алынады. Нәтижесін әдетте болжау қиын.
Difference (Айырмашылық), Exclusion (Ерекшелік) — атаулары
айтып тұрғандай, әр пиксельдің жаңа түсі ескі және жаңа түстер мәнінің
айырмашылығы ретінде әр канал үшін есептеледі.
Hue (Түс реңкі), Saturation (Қанықтылық), Color (Түс) —реңкті
өзгертпестен, тек түсті құрамасын өзгертуге мүмкіндік береді.
Luminosity — фонның немесе төменгі қабаттың барлық пиксельдерін
жарықтандырады.
7.2
ВЕКТОРЛЫҚ СУРЕТ РЕДАКТОРЛАРЫ
Векторлық сурет редакторлары ішінде CorelDRAW және Adobe
Illustrator әйгілі көшбасшылар болып табылады. Олардың негізгі
ерекшеліктерін қарастырайық.
CorelDRAW – алғашқы векторлық графика редакторларының бірі.
Безье қисықтарын редактрлеу қолайлы құралдарының қолдануы
арқасында ол қазірге дейін лайықты танымалдылыққа ие. Өкінішке орай,
жинақтама баспа макеттерін дайындауға арналмаған және PostScript тілі
барлық эффекттерді қолдамайды. Осыған орай, баспа ісінде бұл
жинақтама шектеулі қолданыста, ол арқылы, мысалы, фирмалық
белгілерді,
логотиптерді жасауға,
веторлық суреттерді дайындауға, дайын
суреттерді басқа редактрлерде беттеу үшін қолдануға болады. Кез келген
жағдайда Corel интерактивті құралдарын, дайын текстуралық бояуларды,
екітүсті бояуларды және т.с.с. қолданудан бас тартқан жөн. Қазір
CorelDRAW графикалық бағдарламалардың толық жинақтамасымен
өндіріледі, соңғы нұсқасы CorelDRAW Graphics Suite X5 деп аталады.
Corel компаниясы CorelDRAW Graphics Suite X5 жинақтамасын үш
негізгі топқа арнап өндіреді: графиканы құруға және редактрлеуге,
мәтінмен жұмыс жасауға, суреттерді өңдеуге көп уақыт жұмсайтын
жарнама және баспа ісі саласындағы кәсіби дизайнерлерге; маркетингті
баспа және веб-материалдарын дайындауға кей жағдайда өз күштерімен,
үй жағдайында жүгінетін бизнес-қолданушыларға; үй жағдайында және
оқыту
аудиторияларында
жұмыс
жасайтын
студенттер
мен
оқытушыларға арналған. CorelDRAW Graphics Suite X5 құрамына
шартты түрде келесі негізгі бағдарламалар кіреді:
•
CorelDRAW X5 — векторлық және растралық графиканы
қолданумен графикалық дизайн, парақша макеттерін иллюстрациялау
және құруға
арналған бағдарлама;
•
Corel Photo-Paint X5 — растралық суреттерді өндеуге арналған
графикалық
редактор;
•
Pixmantec RawShooter essentials — raw-файлдармен жұмыс
жасауға
арналған құрал;
•
Corel CAPTURE X5 — қолданылуы қарапайым утлита,
батырманы бір рет басу арқылы компьютер экранынан суретті кармап
алуға мүмкіндік береді. Кез келген аймақты қармап алуға болады – жеке
объекттің белгілі элементінен толық жұмыс үстеліне дейін;
124
•
CorelDRAW Handbook анықтамалығы — кәсіби мамандардың
кеңестері мен
ұсыныстары, дайын жұмыстардың мысалдары келтірілген;
•
Corel Power TRACE X5 — растралық суреттерді векторлық
суреттерге түрлендіру құралы;
•
Corel CONNECT — жинақтама бағдарламаларынан локальді
компьютерде немесе локальді желіден іздеуге мүмкіндік беретін толық
экранды браузер;
Бұл жинақтамаға қосымша 10 мың жоғары сапалы суреттер (клип-арт)
және сандық суреттер; OpenType 1000 аса қаріп түрлері, Windows Glyph
List 4 (WGL4) белгілер жинағы; дайын шаблондар; қағаз және
интерактивті түрде қолданушы нұсқаулығы; lynda. Com сайтынан оқыту
видео материалдары;
Digital Content Guideсандық анықтамалығы және
Quick Reference Card қысқаша нұсқаулығы бар. Соңғы нұсқасы Corel
R.A.V.E. 12 атауымен белгілі анимация бағдарламасы жетіспеушілікке
ұшырады.
CorelDRAW Graphics Suite бағдарламалар жинақтамасының соңғы
нұсқалары Mac OS X басқарылатын компьютерлер үшін шығарылмайды,
ал Mac арнап шығарылған соңғы CorelDRAW 11 нұсқасы тек Power PC
процессорлы компьютерлерінде жұмыс жасады.
7.3-сурет. CorelDRAW бағдарламасының жұмыс
терезесі
CorelDRAW жұмыс үстелі. CorelDRAW бағдарламасының жұмыс
терезесі (7.3-сурет) басқа графикалық редакторлардың терезесінен қатты
ерекшеленбейді. Егер бұл режим бұдан бұрын өгертілмеген болса, 125
CorelDRAW іске қосқанда бағдарламаның бастапқы диалогтік терезесі
пайда болады. Режимнен бас тарту үшін
Show this Welcome Screen at
startup (Іске қосу кезінде осы терезені ашу) жалаушасын алып тастау
қажет. Жұмысты бастау үшінжаңа құжатты аша отырып, сәйкес суретте
(Құру) тышқанмен шерту арқылы
New Graphic (Құру) таңдау қажет.
Бастапқы диалогтік терезе жабылады, иллюстрациямен жұмысты
бастауға болады. Бағдарлама реттемелеріне назар аударайық. Егер жұмыс
терезесі толық экранды қамтымаса, бағдарламаның атауында орналасқан
Толық экранды шығару батырмасын басу қажет. Жұмыс терезесі
толықэкранды қамтығанда CorelDRAW жұмыс жасау қолайлы бола
түседі.
CorelDRAW жұмыс үстелі (сурет терезесі) жұмыс бағдарын
анықтайтын А4 жұмыс парақшасынан тұрады (үнсіз келісім бойынша).
Жұмыс парақшасын көлденең немесе тік орналастыруға, оның
стандартты немесе еркін өлшемін орнатуға болады.
Жаңа құжат құру. CorelDRAW бағдарламасын іске қосқаннан кейін
үнсіз келісім бойынша құжат терезесі ашылады. Егер бағдарлама
CorelDRAW файл белгісін шерту арқылы ашылмаса, бұл жаңа құжат
болады. Егер жұмыс процесінде тағы бір жаңа құжат құру қажет болса,
File (Файл) мәзірінде
New (Жаңа құжат) командасын тағдау немесе
стандартты құрал панелінің сол жағында орналасқан
New (Жаңа құжат)
батырмасын басу қажет. Нәтижесінде CorelDRAW таза баспа
парақшасымен жаңа құжат терезесін ашады.
Егер құралдар панелінде қандай да бір батырманы іздеумен
қиындықтар туындаса, тышқан меңзерін жылжыта отырып, әр батырмада
бірнеше секундқа тоқтау қажет. Батырманың жанында оның атауы
көрсетілген қалқымалы ақпарат пайда болады.
Парақша параметрлерін және оның өлшем бірлігін өзгерту. Жаңа
құжат құрылғаннан кейін баспа парақшасының үнсіздік бойынша
қабылданған өлшемдерін өзгерту қажет. Бұл операция 7.4-суретте
келтірілген параметрлер панелі элементтерінің көмегімен орындалады.
7.4-сурет. CorelDRAW редакторында
парақша параметрлерін және
өлшем бірліктерін
өзгерту
Басылатын беттердің өлшемі параметрлер панелінің сол жақ шетінде
орналасқан ашылатын тізімінде
Paper Type/Size (Қағаз түрі/форматы)
таңдап алынады. Құжаттың баспа беті иллюстрация басып шығарылатын
қағаз форматына сәйкес келуі міндетті емес. Оның өлшемі қағаздың
өлшемінен үлкен болмағаны жеткілікті. Егер басылатын бет өлшемі қағаз
бетінен кіші болса, иллюстрацияның жан-жағында бос орындар пайда
болады.
126