Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет44/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65

7 ТАРАУ 
 
КОМПЬЮТЕРЛІК ДИЗАЙНГЕ АРНАЛҒАН 
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАЛАР 
 
 
 
 
 
 7.1  
 
РАСТРЛЫҚ СУРЕТТЕР РЕДАКТОРЫ
 
 
Растрлық графика редакторларының көптеген түрлері белгілі. Мұндай 
бағдарламалрдың  негізгі  ерекшеліктерін  ең  танымал  редакторAdobe 
PhotoShop  мысалы  негізінде  қарастырамыз.  Бұл  бағдарлама  суреттерді 
нөлден  жасауға,  сондай  ақ,  дайын   сандық  суреттерді  өндеуге  мүмкіндік 
береді,  суреттерді  баспаға  және  жоғары  сапалы  шығаруға  дәлдеу,  өндеу, 
дайындауға 
арналған 
барлық 
құралдармен 
қамтамасыз 
етеді. 
Бағдарламаның  кең  қолданылатын  салаларының  біріне  веб-дизайн  және 
электронды  жарияланымдар  жатады.  PhotoShop  –  өз  сыныбында  ең 
қуатты және қызмет аясы кең бағдарлама. Сондай-ақ, PhotoShop RGB-ден 
CMYK  түсті  кеңістігіне  өту  алгоритмі  сәтті  іске  асырылған,  сондықтан, 
растрлы  суреттерді  баспаға  дайындау  үшін  Adobe  PhotoShop 
бағдарламасын қолдану ұсынылады.  
Adobe  PhotoShop  бағдарламасының  жұмыс  ерекшеліктерін  меңгеру 
үшін  көптеген  арнайы  әдебиеттер  бар,  сондықтан,  бағдарламаның  ең 
негізгі қызметтерін қысқаша қарасытырамыз.  
PhotoShop  жұмыс  үстелі  7.1-суретте  келтірілген.  PhotoShop  жұмыс 
үстелінің  көптеген  элементтері  Windows  немесе  Mac  OS  X 
қолданушыларына  таныс  болуы  мүмкін.  Мәзір  жолы  командаларға  қол 
жеткізуге мүмкіндік береді, сурет терезесін тышқан көмегімен қозғалтуға 
болады,  айналдыру  жолағы  қазіргі  мезетте  терезе  шекарасынан  тыс 
суреттің    бөліктерін  экранға  шығару  мүмкіндігін  береді.  Дағдылы 
элементтермен қатар, жұмыс үстелінің таныс емес элементтері бар.  
Сурет  терезесі.  PhotoShop  компьютердің  оперативтік  жадысы  жеткенше 
бір  уақытта  бірнеше  суретті  ашуға  болады.  Әр  сурет  жеке  терезеде 
ашылады.    Суреттер  барлығы  көрінетін  масштабта  ашылады.  Суреттерді 
жете  қарап  шығару  үшін  үлкейтуге,  немесе,  керісінше,  кішірейтуге 
болады.  Сурет  терезесінің  атауында  сурет  атауы,  көрсетілген  сурет 
өлшемі (пайызбен), түс режимі көрсетіледі. 100% масштаб, экранның бір 
пикселі  суреттің  баспа  таңбаның  нақты  өлшемін  емес,  бір  пикселіне 
сәйкес келетінін білдіреді. 
 
 
 
 
 
 
     114 


 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 7.1-сурет. Adobe PhotoShop бағдарламасының жұмыс терезесі 
 
 
 
 
 
 
 
7.1-Сурет. Аdobe Photoshop жұмыс терезесі 
 
Құралдар  панелі.  Бұл  панель  әртүрлі  құралдардың  белгілері  бар 
батырмалардан  тұрады.  Олар  панельдің  жоғарғы  бөлігінен  белгілеу 
құралдарынан бастап топтарға бөлінген. Соңғы нұсқаларда құралдар саны 
көбейді,  сондықтан,  экранды  толтырып  тастамау  мақсатында  кейбір 
батырмалардың  астында  бірнеше  құрал  жасырылады.    Егер  батырманың 
төменгі сол жақ бұрышында кішкентай үшбұрыш бар болса, оған тышқан 
меңзерін  жақындатып, қалқыма мәзір шықпағанша сол жақ батырмасын 
басу  қажет  (7.2-сурет).  Тышқанды  басып,  қажетті  құрал  таңдалады 
(немесе  батырмаларды  немесе  олардың  пернетақтадағы  тіркесін  басу 
арқылы),  суретті  шерту  немесе  сурет  ішіндегі  аймақты  белгілеу  арқылы 
қолданылады.  Панельдің  төменгі  бөлігінде  төрт  басқару  элементі 
орналасқан:  түсті  блок  құралдары  –  сурет  салу  және  түс  өзгерту  үшін 
қолданылады;  пішіндер  блогының  құралдары  –  тез  пішіндер  құру 
режиміне  кіріп,  шығуға  мүмкіндік  береді;  сурет  терзесімен  жұмыс 
жасауға  арналған  құралдар  – бейнелену  режимін өзгертуге  арналған;  түс 
таңдау батырмалары.  
 
 
 
 
 
 
 
 
115 
Параметрлер панелі  Сурет атауы Мәзір жолағы 
Құралдар панелі
 
 
 
Түстерді басқару 
 
Пішінді басқару 
Масштаб             Ақпараттық өріс         Сурет терезесі            Палитралар 


  
7.2-сурет.Adobe 
PhotoShop 
құралдар панелі 
Қалқымалы палитралар. 
Қалқымалы 
палитралар 
санына  құралдар  панелі  және 
құралдар параметрлері панелі 
кірмейді. 
Қалқымалы 
палитралар  терезе  өлшеміне 
байланысты  емес,  оларды 
топтауға, 
бағдарлама 
терезесінде 
қозғалтуға, 
экранға қолданушыға  қажетті 
палитраларды 
шығаруға 
немесе  жасыруға  (Window 
(Терезе) 
мәзірі 
тізімінде 
қажетті 
палитраға 
қарсы 
қанат  белгісін  қою  немесе 
алып  тастау  қажет)  болады.  
Әрбір 
палитра 
суретпен 
жұмыс  жасау  кезінде  белгілі 
міндеттерді 
орындауға 
мүмкіндік береді.  
Біріктіру  панелі.  Панель 
құралдар  параметрі  панелінің 
оң  жақ  бөлігінде  орналасады, 
қалқымалы палитраларды біріктіру панелі болып табылады. Бұл панельге 
барлық палитралар үнсіз келісім бойынша қосылады.  
Құжат  көлемі.  Сурет  көлеміне  келсек,  ақпараттық  өрісте  қиғаш 
сызықпен бөлінген екі сан көрсетіледі. Сандаурдың екеуі де бір суреттің 
жадыдағы алатын орнын көрсетеді, бірақ олар әртүрлі есептеледі. Бірінші 
жағдайда  негізгі  суреттің    жадыда  қосымша  қабатсыз,  пішінсіз,  мәтінсіз 
және  т.б.    алатын  көлемі  көрсетілген  (пиксельмен  өлшенетін  сурет 
биіктігін  оның  ұзындығы  мен  еніне  көбейту  бір  пиксельдің  жадыда 
алатын  көлем  мәнін  береді).  Екінші  сан  барлық  аталған  ерекшеліктерді 
ескеріп,  суреттің  шынайы  өлшемін  есептейді.  Бұл  алынатын  файлдың 
өлшемі туралы мәліметке ие болуға, көрінетін және көрінбейтін сөздердің 
қабаттасытырылуы  файл  өлшемін  өзгертуге  әкелетінін,  бағдарламаның 
баяу жұмыс жасауына әкелетінін көруге мүмкіндік береді.  
PhotoShop  құралдар  панелі.  PhotoShop  барлық  нұсқаларында 
құралдар  панелі  (7.2-сурет)  басқа  да  басқару  құралдарымен  қатар 
толықтырылып,  өзгертілді,  бірақ  құралдар  тобы  өзгерусіз  қалды. 
Бағдарлама  нұсқаларының  бірімен  танысып,  басқа  жаңа  немесе  ескі 
нұсқаларымен  жұмыс  жасауда  қиындық  тумайды.    PhotoShop 
өндірушілері 
бағдарлама 
қолданушыларының 
қалауын 
ескеріп, 
бағдарламаның келесі нұсқалары ыңғайлы және интуитвиті түсінікті бола 
түседі.  
 
      116 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау