Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет45/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65

 
Құралдар  панелінде  бір  белгі  астында  бірнеше  құралдар  жасырылуы 
мүмкін.  Бұл  құрал  батырмасының  төменгі  оң  жақ  бұрышында  кішігірім 
үшбұрышпен  белгіленеді  және  құрал  батырмасын  шерткенде  ашылады. 
Басқа құралды таңдаған кезде құралдар панелінде батырма түрі өзгереді.  
—  Movie  (Орын  ауыстыру).  Суреттің  белгіленген  бөлігін 
немесе  қабатын  жылжыту  үшін  қажетті  нысанды  тышқан  батырмасын 
баса  отырып,  жылжыту  керек.  Шын  мәнісінде,  жылжыту  құралы  – 
суреттің  белгіліленген  аймақтарын  жылжыту  және  көбейтудің  жалғыз 
құралы.  Басқа  құралдың  белсенді  жағдайында,  таңдалған  фрагменттер 
  батырмасын  басып  тұрып  жылжытылады,    жылжыту 
құралын уақытша қолдануға мүмкіндік береді.   
Растрлы  суреттерді  өзгерту  кезіндегі  негізгі  қиындық  –  компьютер 
үшін  суреттің  барлық  пиксельдері  абсолютті  бірдей  және  дербес, 
компьютер тұтас нысандарды «көрмейді». Сондықтан, егер қандай да бір 
түрлендіру  пиксельдерге  қатысты  қолданылса,  оларды  белгілеу  қажет. 
Бұл мақсатта бірнеше арнайы белгілеу құралдары бар.  
— Rectangular marquee (Тіктөртбұрышты аймақ).  Берілген 
құрал  суреттің  тіктөртбұрыш  аймағын  белгілеу  үшін  жүгіртпелі  штрих 
сызықтары  түріндегі  тіктөртбұрыш  контурды  жылжытуға  мүмкіндік 
береді.  
Белгілеу  аймағын  кеңейту  үшін    батырмасын  басып, 
жылжытады,  ал  белгілеу  аймағынан  жою  үшін    батырмасын  баса 
отырып, жылжыту қажет.  
Шаршыны  белгілеу  үшін,  белгілеу  кезінде      батырмасын  басу 
қажет.  Осыған  ұқсас,  сопақ  және  дөңгелек  (Elliptical  marquee  (Сопақ 
аймақ)  құралының  көмегімен)  аймақтарды,  сондай-ақ,  ені  бір  пиксель 
вертикаль және көлденең жолақтарды белгілеуге болады.  
Берілген командалар басқа да аймақты белгілеу құралдарына, сондай-
ақ, Lasso (Лассо) және Magic wand (Сиқырлы таяқша) жатады.  
  —  Polygonal  lasso  (Көпбұрышты  лассо).Суреттің  әртүрлі 
бөліктерінде шерту арқылы тік кесінділерден тұратын контурды түзіледі. 
Әрбір  шерту  көпбұрыштың  жаңа  бұрышын  құрады.  Контур  оның 
алғашқы нүктесінде тұйықталады.  
  —  Magic  wand  (Сиқырлы  таяқша).  Сиқырлы  таяқшамен 
суретті шерту бір түсті пиксельдердің тұтас аймағын белгілейді. Мұндай 
аймақтардың  барлығын  белгілеу  үшін    батырмасын  басулы 
күйінде суреттің белгіленген аймағын басу қажет.  
—  Crop  (Кадрлеу).  Берілген  құрал  суреттің  бөлігін 
тікбұрышты  контурмен  шектеуге  арналған  жылжымалы  жақтау  болып 
табылады.  
117 


Жақтау  бұрыштарындағы  шаршы  маркерлердің  орнын  ауыстыра 
отырып,  оны  редактрлеуге  болады.  Сонымен  қатар,  жақтауды 
айналдыруға да болады. Кадрлеулі аяқтау үшін,  батырмасын басу 
қажет,  бұл  кезде  жақтауға  енбей  қалған  аймақтар,  жойылып  кетеді, 
немесе операцияны болдырмау үшін  басу қажет.  
—  Slice  (Тілім).  Бұл  құрал  (сондай-ақ,  Slice  select  (Тілімді 
таңдау)  веб-парақшаларға  арналған  суреттер  үшін  қолданылады. 
Суреттер тікбұрышты аймақтарға бөлінеді, олардың әрқайсысына әртүрлі 
эффекттер қолдануға болады, мысалы, сілтемелер, анимациялар және т.б. 
Бұл  құралдың  көмегімен  слайс  ретінде  қолданылатын  сурет  аймағы 
анықталады.  
Егер  Slice  (Тілім)  құралын  қолдану  кезінде    батырмасын  
басқанда ол Slice select (Тілімді таңдау) құралына ауысады.  
 — Heaking бrush (Қалпына келтіру қылқаламы). Бұл құрал 
фактурасын сақтай отырып, суреттің қажет емес бөліктерін алып тастауға 
мүмкіндік береді. 
—  Бrush  (Қылқалам).  Бұл  PhotoShop  негізгі  сурет  салу 
құралы.  Қылқаламның көптеген  реттемелері  бар, оның қалыңдығы  және 
қылқалам  ұштарының  көмескілік  қанықтығынанқылқалам  түріне  дейін 
таңдауға болады. PhotoShop стандартты қылқалам жиынтығы бар, оларды 
қалауыңыз бойынша толықтыруға болады. Екі нүктені тік сызықпен қосу 
үшін басын көрсетіп,  басып, сызықтың соңында тышқанды шерту 
керек.  Егер  тік  немесе  көлденең  сызық  жүргізу  қажет  болса,    
батырмасын  басулы  күйінде  ұстау  керек.  Pencil  (Қарындаш)  құралы 
жұмыс жасайды, бірақ оның көмескі ұштары жоқ.  
—  Clone  stamp  (Штамп).  Бұл  құрал  суреттің  бір  бөлігін 
екіншісіне  көшіреді.  Ол  үшін  қосарлауға  қажетті  сурет  бөлігіне 
операциясын  орындау 
қажет,  одан  кейін  таңдалған  аймақты  суреттің  басқа  бөлігіне  қосарлау 
үшін жылжытады. 
— History бrush (Алдыңғы күй қылқаламы). Бұл қылқалам 
осы  суреттің  «тарихы»  туралы  ақпарат  негізінде  кез  келген  алдыңғы 
күйге  түрлендіруге  көмектеседі.  Түрлендіруге  қажетті  күйге  өту  үшін 
History  (Тарих)  палитрасында  алғашқы  бағанды  шерту  жеткілікті.  Бұл 
артқа оралу әрекетіне ұқсайды, бірақ тиімдірек болып табылады.  
—  Eraser  (Өшіргіш).Өшіргішті  қозғалту  фон  түсіне  боялуға 
немесе суреттің белсенді қабатын өшіріп, оның астыңғы қабатының  
    118 


 
пайда болуына әкеледі. Егер  батырмасын қолданса, кәдімгі өшіргіш  
«сиқырлы  өшіргішке»  ауысады,  ол  суретті  соңғы  сақталған  күйіне 
қалпына келтіреді.  
 — Paint бucket (Құю).Бұл құралмен шерту арқылы таңдалған 
аймақ  біртұтас  түспен  немесе  алдын-ала  таңдалған  өрнекпен 
толтырылады.  Gradient  (Градиент)  құралы  таңдалған  градиентпен 
біртұтас аймақты толтырады.  
—  Бlur  (Шаймалау).Бұл  құралды  сурет  бойынша  қозғалту 
айқындылығын  жоғалта  отырып,  қанықтылығын  төмендетеді.  Осы 
әрекетті      батырмасымен  орындау  суреттің  таңдалған  аймағында 
айқындылығы мен қанықтығын жоғарылатады.  
—  Dodge  (Ашықтандыру).Бұл  құралды  жылжыту  сурет 
пиксельдерін  ашығырақ  (жарықтау)  жасайды.  Операцияны   
батырмасымен орындау сурет пиксельдерін керісінше, қараңғылау етеді.  
—  Path  selection  (Контурды  белгілеу).Контурды  толығымен 
белгілеу  үшін  оның  кез  келген  бөлігін  шерту  қажет.  Егер  кішігірім 
контурлардан  тұратын    контурды  шертсе,  негізгі  контурдың  ағымдағы 
кішігірім  контуры  белгіленеді.  Белгіленген  контурды  басқа  контурмен 
толықтыру  үшін  құралды қолдану  кезінде  басу  керек. Бұл  құрал 
мәтінмен жұмыс жасау кезінде белсенді қолданылады.  
— Horizontal type (Көлденең мәтін). PhotoShop-та бұл құрал 
суретке  тікелей  мәтін  қосу  үшін  қолданылады.  Мәтінді  пернетақтадан 
енгізуге  немесе  кез  келген  мәтін  редакторынан  немесе  веб-парақшадан 
көшіріп  енгізуге  болады.  Параметрлер  панелінің  көмегімен  мәтіннің 
бағытын  (көлденең  немесе  тік),  гарнитурасын,  кегльді  және  басқа 
параметрлерді  өзгертуге болады.  
—  Pen  (Қалам).Сурет  терезесінде  қаламды  шерту  және 
қозғалту 
арқылы 
нүктелер 
қойылады. 
PhotoShop 
Illustrator  
бағдарламасындағы  контурға  ұқсас  кездейсоқ  контурды  сызып  өтеді, 
контурды  белгіленген  аймақтың  шекарасына  түрлендіруге,  түспен 
толтыруға немесе пішін ретінде қолдануға, сондай ақ, векторлы графика 
редакторына экспорттауға мүмкіндік береді. 
— Rectangle (Тіктөртбұрыш).PhotoShop фигураларын салуға 
арналған векторлық құралдардың бірі. Бұл құралдың көмегімен алдыңғы 
фон  түсімен  боялған  тіктөртбұрыш  салынады.  Ол  үшін  қажет  жерге 
тышқан меңзерін әкеліп, жылжыту керек. Тіктөрбұрыш салынады (< Shift 
>— шаршы батырмасын басып тұрып). Rounded Rectangle  
119 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау